Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған сценарий
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған сценарий

библиотека
материалов


С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты.






Тақырыбы: " Отты күндер ер есінде,
Жеңіс күні ел есінде"

hello_html_mc951140.jpg




Дайындаған: 6 "ә" сынып жетекшісі Абдрахманова Эльмира.




2014-2015 оқу жылы


Бекітемін
Мектеп директоры: С. Омаш




Тәрбие сағатының тақырыбы: "Отты күндер ер есінде, Жеңіс күні ел есінде".


Мақсаты: Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте – бірте алыстап барады. Бірақ адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Кештің құрал-жабдықтары: Ордабасы ауданы және Бадам елді мекенінің жалғыз соғыс ардагері Мұратов Калмен ата туралы слайд, баннер, Батырлар және батыр қыздар туралы кітаптар көрмесі. "Батыр туса – ел ырысы,Жаңбыр жауса жер ырысы". "Жүк ауырын нар көтереді,Ел ауырын ер көтереді.", "Отан үшін отқа түс – күймейсің","Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады"," Ердің көркі – елімен,Отан көркі – жерімен", "Еліңді сүйсең – ерлік істейсің","Жолдас қадірін жорықта білесің, Дос қадірін соғыста білесің".

Негізгі бөлім:

Мейрамбек: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, және оқушылар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл!
Биыл 70-ші рет Ұлы Жеңістің қуанышын тойлағалы отырмыз және бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан үшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашан да ұмытылуға тиісті емес.

Гүлназ: 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар - ошарсыз кетті.Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28 - ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған.
Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды.
Ұлы Отан соғысында 1418 күн ішінде 20 миллион адам қаза болған, әр күн сайын 14 мың солдат, 1 сағат сайын 600 мың адам, әр минут сайын 10 адам көз жұмған.

Мейрамбек: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен күн -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Қаптап көкке абырой мен бақ құсым, Тыныштықпен ата бер менің ақ таңым. Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді.
Гүлназ: Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына біздер тізе бүгіп, бас иеміз. Міне, біз сол тамаша Жеңістің 70 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды.
Мейрамбек: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Гүлназ: Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және өзіміздің жерлестеріміз де бар, оның ішінде Бейсен Оңтаев, Қарсыбай Спатаев.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған
1 минуттық үнсіздік
.

Мейрамбек:
Отты күндер ер есінде бар, жаным
Арпалысқан отты жандар ер жанын
Көкірегі нұрға толы ақ жүрек
Ардагерлерге мың тағзым- деп бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдан ерлерінің жалғасы, қазіргі сіз бен біз мәңгілік ерліктің, өшпес ерліктің рухын өлтірмей, ерлер есімін санамыздан өшірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп келеміз. Олай болса, құрметті біздің көрермеңдер, қазір сіздермен Ұлы Отан соғысының ардагері, Калмен атамен бірге Ұлы Отан соғысында өздерінің жанын берген, еліне өз еңбектерімен еліміздің өсіп -өнуіне жанын-қанын берген аталарымыздың аруақтарына гүл шоғын қоюға рұқсат етіңіздер. Әуен: МАРШ.

Гүлназ: Көрініс.1941-1945 жыл аралығындағы оқиғалардан үзінді.
Мектепте қоштасу кеші өтіп жатқан кез.
Би алаңында жай әуен ойнап тұрады.Бал-бұл жанған жастар билеп қалып жүрген еді.

(Левитанның соғыс туралы сөзі айтылады: 22 июня, в 4 часа утра, без объявления войны гитлеровская Германия вероломно нарушила границы Союза Советских Социалистических Республик.
Жастар бағанның түбінде соғыс туралы қаралы хабарды есітіп тұрады.
Видеоролик: В. Лебедева - Кумача әні «Священная война»:
Вставай страна огромная,
Вставай на смертный бой,
С фашистской силой темною,
С проклятою ордой!

Би. "Синий платочек"
Сахнада ақ көйлек киген қыздар соғысқа атанатын жігіттерді шығарып салып қыздар тұрады.Олар жылап,құшақтап тұрады.Жігіттер қатарға тұрып, сахнаны айналып кетеді.

Ән. Анаш Төле би

Корініс "Ана туралы баллада"
Әннің артында көрініс: Баласын соғысқа шығарып салып жатқан ана, қолдарына кетпен ұстаған аналар, тігін тігіп отырған ана, хат күткен аналар, почтальон қыз келіп хат таратады. Ішінен хабар жоқ ана жылайды. соғыс өткіземіз сол жерде соғыстағы бала жараланады, мед сестра оны носилкамен әкетеді де, бетін ақ матамен жабады. Почтальён қыз анаға қара қағаз үшбұрыш хат әкеледі. Аналар жылап жоқтайды.

Мейрамбек: Ұлы Отан соғысындағы партизандар қозғалысы туралы, олардың ерлік қимылдары туралы тебіренбей айту мүмкін емес. Өйткені, қайталанбас тамаша ерліктері мен көрген ауыр азап, асқан қиындықтарын, таңғажайып табандылық көрсеткендердің ішінде қазақстандық жерлестеріміздің партизан қозғалысына, неміс басқыншылары басып алған жерлердегі қаһармандық күрестерінің алар орны ерекше.

Гүлназ: Олар Белоруссия ормандары ма, орыстың кең даласы ма, қай жерде соғысса да, өздерінің туған Қазақстанын, бүкіл елді, халқының жүрегіне ең ыстық, ең қымбат нәрселердің бәрін қорғайтынын айқын білді. Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов. Балалар, партизан-жазушы Қасым Қайсеновтың “Жас партизандар”, “Илько Витряк”, “Жау тылындағы бала” тағы басқа кітаптарымен таныс боларсыңдар. Бұл оқырмандар ықыласына бөленіп, орыс, украин тілдеріне аударылған. (Айтылмай кеткен аманат: жаудың оғынан қаза тапқан партизандарға арналады)

Азат:“Түн қатады партизан” Ж.Саин
Абыржымай ақырын
Теңселеді қара орман,
Мұздай темір құрсанып
Түн қатады партизан.
Түн қатады партизан,
Қар құшады, мұз жайлап,
Қалтырамас біреуі
Көр қылсаң да ойбайлап.
Қатал қайсар жүрегі 
Қайтпас боран кәрінен,
Қымбат елдің намысы
Партизанға бәрінен.
... Күбірлеп сонда сөйледі ол,
Қолымды қатты бір қысып;
Жас жаны сая тапқандай
Құтыдан жұтым суды ішіп:
-Анам бар ед алпыста,
Аппақ шашын күн сүйген,
Асыл еді жүрегі,
Айнымаған бір күйден,
Бесігіме телміріп.
Ай батқанша қараған.
Ақ уілдір бөбегін
Асқарлы шыңға санаған.
Айбарлы туың, ақ балаң
Алысқа кетті дегейсің,
Ажалменен айқасқан,
Шабыста кетті дегейсің.
Жауар күндей күркіреп,
Жауға төнді дегейсің.
Адам жегіш жендетті,
жаншып өлді дегейсің.

Он фашисті бір өзі
Қанға малды дегейсің.
Қайырылуға тынысы
Жетпей қалды дегейсің.
Ана сенің атыңды,
Ақтап өлді дегейсің,
Жүрегінде иманды,
Сақтап өлді дегейсің! 

Би "Смуглянка"
Палжан: Жамбылдың батасы:

Жүз жасаған жүректен

Уа, қарағым балалар!

Ер бол демей, не дейін.

Ереуілді майданда

Үстем болсын мерейің.

Жауды қырып, айдауға,

Талмай көмек берейін.

Дүбір қосып айғайға,

Қызыл тілді жебейін.

Сендерге өлең айтқанға,

Еш шаршадым демейін.

Қан майдан боп жатқанда,

Қарлығар ма көмейім!

Жүз жасаған жүректен

Жырларымды төгейін.

Көктеменің күніндей

Жауды жеңіп, күлімдеп.

Күлгеніңді көрейін.

«Қаһарманым! Күнім!» деп

Беттеріңнен өбейін.

Ән: "Соғыстан қайтқан солдаттар" орындайтын Б.Түзелбек.

Би "Катюша"

Левитанның жеңіс туралы дауысы.
Әшірқожа:
Сүйінші!
Сүйінші,халқым,сүйінші
Сүйіншіге – сүйінші !
Шаттан,ата-анамыз,
Шаттан,аға – баламыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен.

-Жас ер бала сүйіншілек шауып келеді де, қиналып жұмыс жасап жүрген ауыл адамдарына Жеңістің біз жақта екенін жылап көрісіп жеткізеді.

Видеоролик " Жеңіс Күні".

Аружан:
Сүйінші, халқам, сүйінші!
Белінді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете,
Жасалған той мереке!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Көрдік, сіздерді жайдық құшақ,
Елестетіп жанын қиған құрбандарға.
Қарсы аламыз үлгі тұтып,
Майдан көрген, бізге өмір берген аталарды.

Арай:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.

Оқ астында зулаған,

Туған жермен бір болып,

Жау алдында тұр олар 28 мың болып,

28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.

Дәурен:

Қырғын соғыс, қан жылатқан заман - ай
Халқым сиреп, талай қыршын қиылды - ай,
Жан түршігер ауыртпалық көрсек те
Бар тілегім, ұрпағым болсын аман - ай - деп, қазіргі біздің амандығымыз үшін отқа кеуделерін тосқан ардагерлеріміз жайлы айта кетуді жөн көрдік.
Видеоролик " Ордабасы ауданы мен Бадам ауылының соғыс ардагерлері" «Отан үшін от кешкендер» (ауыл ардагерлері туралы мәлімет.)

Гулназ:
Иә, кім де болса өз Отанын қорғауға қашанда дайын. Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!

Гүлдана: (Т.Молдағалиев «Жеңіс күні»)
Кездестірмей қойғаның ауыр болды.
Менде шықтым көшеге қарап елге,

Есікбай қарт ер салды қарагерге.
Жеңіс! Жеңіс! Анамның көз жасы ұйып,
Тамып түсіп жаттың сен қара жерге.
Састырды ғой сол төрт жыл сабырлыны,
Сарғайды ғой, ананың сағым мұңы.
Келмейтінін әкемнің біліп анам,
Зар жылаған екен-ау сол бір күні...
Қуанышқа кетті бір толып менен,
Желік басқа бүгінгі, көрік бөтен.
Тойға бардым мен мәз боп өз әкемді
Көрмеймін деп мен ойлап көріп пе екем.

Қандай ауыр болсаң да Жеңіс едің,
Аялайды арманың мені сенің.
Аямайды кәмпитті, береді аға,
Бәрін билеп ап кетті тегі сенім.
Бір жыр қалсын сонау бір ауыр кезден,
Әдет өзге ол кезде, ғұрып өзге.
Баққа сендік келетін көп кешікпей,
Бәрімізге қарайтын жылы көзбен.
Шуақты күн, мөлдір көл, мөлдір дала,
Шын бақыттың келгенін сендірді аға.
Жеңіс күнін тойлады біздің ауыл,
Өз әкесін ойлады әрбір бала.
Уақыт өзі бағасын берер кейін,
Құс боп ұшуға-дағы өлең бейім.
Жеңіс күні келгенде сол Жеңіспен
Әкем бірге келердей елеңдеймін...

Ұлбосын: Ардагерлерге арнау

Көріспей 70 жыл сағынысып,

Аңсаған кездесуді алып-ұшып.

Майдангерлер жүздесіп отыр міне,

Бақыттың бұлағынан қанып ішіп,

Естеріне түскенде қанды жылдар,

Жүректі тоқтатардай суық хабар,

Қандыкөйлек достарын ойлағанда,

Көз жасы майдангердің ытқып шығар.

Ал бүгін қуанышты күн емес пе?

Майдангерлер жеңісі – шың емес пе.

Бейбіт күннің жалауын желбіреткен,

Ерлікті бола ма екен елемеске ?!

Диас:

Опат болды орда бұзар ерлерім,
Қаза тапты қайратты жас беренім.
Ел көңілін үрей бұлтты тұлшалап,
Сұм соғысты қарғап жатыр ел жетім.
Өтсе – дағы содан бері 70 жыл
Өжет ердің рухы әлі тірі жүр.
Ескерткіші майдангерге тұрғызған.
Сый-саяпат ұрпағынңың жыры бұл.
Оралмады қыршын боздақ,қанша адам.
Жолын тосып үй іштері аңсаған.
Боздақтарды еске алып жыл сайын
9 май – Жеңіс күнін қарсы алам!

Жанар:

Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер азайып барасыңдар. 

Қастерлейді халқымыз қаһарманын,

Жүр есінде сан жарық, сапарларың.

Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,

Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың. 

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,

Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.

«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,

Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар. 

Болат:

Жасқанбаған жауынан жарақты ер,

Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.

Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,

Жүздеріңе сендердің қарап білер. 

Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,

Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Майдангерлер азайып барасыңдар.

Изатулла:

Борыштармын ерлігі ғой соларды ң

Жеңіс үні дүрсілдетіп жүректі,

Қуаныштан қатайтасың білекті.

«О ,халқым, құтты болсын мерекең!»

Деп сіздерге арнап тұрмын тілекті.
Көзді ашып- жұмғанша өтті уақыт,
70 жыл болды ғой, міне, бақыт.
Үлкен-кіші, балалар, ардагерлер,
Бәрінде де ашық көңіл,асқан шаттық..

Бағым жанып Тәуелсіздік ғасырда,

Мойындады бүкіл әлем қасымда

Борыштармын жемісі ғой бейбіт күн

Салтанат:

Батырлардың құрбан болған жасында

Атты ,міне, азаттықтың ақ таңы,

Тарихымен байланысып жатқаны

Елім үшін шайқасқан ерлерімнің, 
Ар намысы, кеудеге от жаққаны.

Тәуелсіздік туын қолға алғалы,

24 жыл күткен бағы жанғалы,

Елбасымыз-Нұрсұлтандай Елбасы,

Келер күнге нықтап ізін салғалы.

Бексултан:

Ерлік пен Жеңіс,

Майдангерлер еңбегі.

Елі үшін, жері үшін,

Шайқасты олар, терледі.

Жеңіс не үшін қымбат?

Қиындықпен келгені.

Бейбітшілік сыйлап бізге,

Майданда жауды жеңгені...

Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ
Қолындағы таяғын... 

Ә.Аружан: Ғафу Қайырбеков "Жеңіс солдаты"

Соққанда жылына бір Жеңіс күні 

Жаныңың жазылғандай кеңістігі,

Қарт солдат өз полкінің туын ұстап,

Білдірмей жалғыз аяқ кемістігін.

Алаңға шығушы еді таңғы шақта,

Полктас бауырларын сан құшақтап.

Сүйісіп, амандасып болғаннан соң,

Қасқайып тұрушы еді алғы сапта.

Соңынан тізілетін жауынгерлер,

Отанның әр тұсынан келген ерлер,

Жарқырап өңірінде ордендері,

Бір кезде алып берген елге бедел.

Бір кезде алып берген елге Жеңіс,

Сабаздар бірте-бірте келмей тегіс,

Жыл санап сирек тартып бара жатты,

Сарқылып сабасынан бейне теңіз.

Бекарыс:

Әлия, Мәншүк - қос жұлдыз,

Соғысқа олар аттанған.

Көп ерлердің ішінде,

Нағыз батыр атанған.

«Жеңіс үшін – жан пида»

Деді батыр ағалар.

«Ер есімі – ел есінде»

Ерлікті ұрпақ бағалар.

«Рахмет!» - дейік бас иіп,

Ардагерді ардақтап,

Жеңісті бізге сыйлаған

Майдангерде жыр жаттап.

Әшірқожа: Қазақ даласы небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.
Ақерке:

Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары

Айдана:

Жеңем деген ел сөзін!
Тұрды ажалдан жоғары
Өмір, адам жұлдызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Жеңіс туы қырмызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Отан, ұрпақ болашақ.
Тұрды ажалдан жоғары
Өмір нұры жарқырап.
Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті.

Еңлік:
Жеңіс күні ардагерлер әперген,

Желбіретіп қызыл туды көтерген.

Туған елін жау қолында қалдырмай,

Ерлікпенен ел парызын өтеген.

Он сегізде соғыс атты от кешкен,

Жараланып жас денесін оқ тескен,

Аталарым, ардагерлер,  болшы аман,

Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.

Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,

Арамызда ардақ болып жүріңдерші!

Құрметтейік жеңісті мамырдағы,

Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

Ардагер аталарға мың алғыс!

О.Ақмерей:

Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.

Келешек ұрпағының бақыты үшін,

Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.

Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аяласын көңілі жақсы үмітпен.

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Алтынай:

Жатқанда отан жері отқа жанып,

Тұрғанда туысқандар жауда қалып,

Жеңбесек , жойқын қайрат шығармасақ,

Жігіттің неге жүрміз атын алып?

Жеңеміз! Жеңіс - совет адамы аты.

Біздерміз азат етер адамзаты.

Сенемін қазағыма, ер халқыма,

Қандай күшбұл дүниеден одан артты?!

Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …

Ш.Аружан:

Алтын тулар желмен ойнап

Қуанышты ұлғайтамыз

Жеңіс күнін жылда тойлап

Жеңіс әнін жылда айтамыз.

Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген,

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген

Қуантады ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күні құтты болсын ,

Батырлардың ұрпақтары!
Арай:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

Гүлназ: Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

Мейрамбек: Осымен сіздерге арнаған «Отты күндер ер есінде, Жеңіс күні ел есінде» атты кешіміз аяқталды. Қонаққа келген ата-әжелерімізге рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!
Гулназ:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Мейрамбек: Ән : «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» орындайтын Мәден Еңлік, хор.























D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3292.JPG



D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3298.JPG



Ардақты да аяулы ардагерлеріміз.

D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3299.JPG


Әнұран айтылуда.

D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3306.JPG




D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3312.JPG



D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3319.JPG



D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3329.JPG




D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3336.JPG


D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3338.JPG





D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3339.JPG






D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3340.JPG







D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3341.JPG






D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3342.JPG







D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3343.JPG





D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3344.JPG




D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3345.JPG




D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3346.JPG




D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3348.JPG




D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3349.JPG




D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3350.JPG



D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3352.JPG




D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3353.JPG



D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3354.JPG




D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3356.JPG


D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3359.JPG




D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3362.JPG


D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3365.JPG




D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3366.JPG

D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3369.JPG




D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3380.JPG


D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3383.JPG




D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3378.JPG


D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3386.JPG



D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3387.JPG



D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3391.JPG



D:\Эля курс 1 денгей\1алдагы 2015 кантар\көшбасшы жұмысы 2015\коучинг сурет\тарбие сагаттарым\меним ашык сабактарым\9-мамыр\9-мамыр сурет\IMG_3392.JPG



























































абаев

Дәл бүгін сол солдаттай ұққан жан жоқ

Жалғанда жалғыздықтың не екендігін!


Ленинградтық өренім

Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
……………
Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.

Сап-сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім…

***

Әбу Сәрсенбаев

Солдат Шинелі

Советтер Одағының Батыры Қадыран Туғанбаевқа

Ворошиловград, 1943

 ***

Қасым Аманжолов

Ұлы Отан соғысы туралы жыр

Міне, менің алдымда жатыр Еділ,

Ер орыстың ежелден бесігі бұл.

Рухындай аруақты ата-бабалардың

Ойшыл бұлттар аспанда шомылып жүр.

Саратов, Тамбов, Москва- байтақ елім

Киінген қызыл әскер сұр шинелін.

Қайнап аққан болаттай келеді ерлер,

Қорғасынға түйіп ап кекті зілін.

Жау сұрқия, тобыры жендеттердің,

Ажал досы, қырсығы көк пен жердің.

Оның қанды қолынан, қанжарынан,

О, бауырым, аз қырғын болды дер кім!

Апат боп өліктерді басып-таптап,

Қасқыр боп, өрт боп дұшпан келді қаптап.

Атаға да балаға сайлап бұғау,

Жыландай жанды жерден болды шақпақ.

Ұлы ұран тау қырандай саңқылдады,

Дабысын ұлан-байтақ ел тыңдады.

Сонау алыс ғасырлар түкпірінен

Түсі суық найзалар жарқылдады.

Түстік таулар, арқалық теңіздерден

Ағылды әскер намысын кек кемірген.

Көтерілді орыстың ер ұрпағы

Бастап сонау қан қырғын Чуд көлінен.

Алты аспабы жарқылдап астында айдың,

Жалын шашып жүздері шегіп айбын,

Аттанды кеп ерлері Ұлы Отанның,

Дауыл күнгі бейне бір шалқар айдын.

Қатал күндер дауысы дауыл болып,

Ғасырларды оятып, өтті соғып.

Альпы тауын бетке ұстап саңқ-саңқ етіп,

Шықты ұшып қарт бүркіт ер Суворов.

Смоленск түбінде құрып шебін,

Кутузов жүр көкке атып зеңбірегін.

Қанды кия тастарға қару қадап,

Москва тұр баспа ғып Чудтың көлін.

Адам да, жер де, су да, ормандар да,

Ғалым, тарих, намыс та, кек те, ар да -

Бәрі де тайталасып майданға енді,

Жігіттер, бұдан асар ғажап бар ма!

Қарт Толстой жалын боп шығып демі,

Жазып жатыр, кім білер, әлденені?

Кей кезде бір шалынад құлағыма

Глинканың тым ауыр күрсінгені.

Салдың жара кеудеге, сұрқия жау,

Кетпес естен қан қырғын, талау-тонау.

Сенің арам сүйегің шірігенше

Біздің ауыр жарамыз жазылар-ау.

Европаға сыймастай ісіп-кеуіп,

Тәкаппарсып кетіп ең басып, теуіп.

Құладындай жүзіңді ішке тығып,

Енді неге бұғасың бүкшірейіп?!

Өлтіре соқ фашисті, ұр желкеден

Ғасырлар мен жылдардың салмағымен.

Өртенген үй, қираған атамекен,

Қан мен жастың кегі үшін аянба сен!

1943.

Соғыстың, қыстың ызғары

Соғыстың, қыстың ызғары

Бойымнан кетпей, боп сырқат,

Емендей жалғыз құздағы

Айналаға болдым жат.

Қайсарлықпен сыр бермей,

Отырмын қарап биікке:

Ұшқан құсқа тау көлбей,

Қиялда жортқан киікке.

1944.

***

Жұбан Молдағалиев

Бір бассаң да, алға бас

Өжет елдің жігіті

Өшін алмай шыдар ма?

Кескілескен дұшпанын

Кесіп түспей тынар ма?

Тайынба, жолдас жауынгер,

Ел тағдыры қолыңда!

Тайынбасаң оқ пен от

Бөгет болмас жолыңа!

Халықтың ыза кегінен 

Сауыт киіп сан қабат,

Жай түсер жаудың шебіне,

Жауызды өлтір саңлақ ат!

Қапы қалма, қырылсын!

Өздері қазған орына

Өздері мерт боп жығылсын!

Қасқия шап, қарсы бар

Өмірдің нұрлы таңы үшін!

Бір бассаң да алға бас,

Миллиондардың бағы үшін!

 

Біз жеңеміз

 

***

Сырбай Мәуленов

Соғыстан қайтқан солдаттар

Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?

Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың,
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?

Кетерде солдат жарының,
Ішінде қалған ана жыл.
«Көкемді айтпай танырмын», -
Деп бір сәби бала жүр.
Қайрылмай қалай кетесің,
Хабарсыз қалай ол тоқтар?
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар?

***

Ғафу Қайырбеков

Жеңіс солдаты

Соққанда жылына бір Жеңіс күні 

Жаныңың жазылғандай кеңістігі,

Қарт солдат өз полкінің туын ұстап,

Білдірмей жалғыз аяқ кемістігін.

Алаңға шығушы еді таңғы шақта,

Полктас бауырларын сан құшақтап.

Сүйісіп, амандасып болғаннан соң,

Қасқайып тұрушы еді алғы сапта.

Соңынан тізілетін жауынгерлер,

Отанның әр тұсынан келген ерлер,

Жарқырап өңірінде ордендері,

Бір кезде алып берген елге бедел.

Бір кезде алып берген елге Жеңіс,

Сабаздар бірте-бірте келмей тегіс,

Жыл санап сирек тартып бара жатты,

Сарқылып сабасынан бейне теңіз.

Қырық жыл, қырық қатар жиналысқан

Сағынып, бір-біріне түу алыстан.

Туған жер аспанында айқұш-ұйқыш

Жол қалып, қарт бүркіттер зулап ұшқан.

Кездесіп тоғызыншы май мейрамында,

Алысқан ғарасаттың майданында.

Еске алып ескі жорық асуларын,

Қанатын қараушы еді жайған туға.

Ал бүгін... Өзге полк солдаттары

Қатарға тұрып жатыр аңдап бәрі...

Олар да түгел емес, сиреп кеткен

Кешегі бір-бір үйдің шаңырақтары.

Жалғыз тұр жалғыз аяқ мына солдат,

Төмендеп, көтерілмей туы аспандап,

Жалғыз тұр...

Әлі келген бір адам жоқ,

Жаңғырып дуылдайды тулап жан-жақ.

Сағаттар зырылдайды, ағады уақыт,

Өмірдің баянсызын баяндатып,

Байлайды бір орында қарт солдатты,

Әлі де қайран үміт алаңдатып.

Жоқ ешкім. Күн еңкейді, жұрт азайды...

Қанатын түн жетектегі бұлт та жайды.

Еңіреп қоя берді бетін басып,

Солдаттың бар үмітін жұтты қайғы.

Дегендей "бұлттан бұрын мен жауайын",

Көз жасын соңғы тамшы қан жуайын.

Дегендей солқ-солқ еткен кеудесінен

Көк тасқа тамды қасірет, тамды уайым.

Қайтадан сол тамшыны бір сіміріп,

Қараған өзге жұртты күрсіндіріп,

Көп талған күні бойы жалғыз аяқ

Кешкі ымырт қойнауына кетті кіріп.

Дейтіндей мезгіл емес - ертең-бүгін

Еске алдым қырық төрт жыл өткендігін.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Мына сценарий 5-6 сынып оқушыларына арналған ашық тәрбие сағаты.Бұл оқушыларға өз Отанын сүюге, адамгершілік қасиеттерді жоғалтпауға, отты жылдары өз жандарын аямай елін,жерін сақтап қалған ата-апаларымыздың рухына бас иіп, еске алу мақсатында өткізілген материал. Бұл ашық тәрбие сағатында ауылымыздың ардагер атамыз Мұратов Калмен атамызбен кездесу ұйымдастырылды.

Общая информация

Номер материала: 299498

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"