Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы"Ұлы Жібек жолы" Қысқа мерзімді сабақ жоспары

"Ұлы Жібек жолы" Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Скачать материал

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Қаракөл орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

Суатова Фарида Болатовна

Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер

5-сынып

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:   §10 Ұлы Жібек жолы маңызды сауда жолы.

                                    Орта ғасырлардағы  Қазақстан  қалалары

Мақсаты:  Ұлы Жібек жолының пайда болу, таралу тарихына шолу жасай келе, Ұлы Жібек жолының тармақтары, Жібек жолының  Қазақстандағы  сілемдері, Жібек жолы арқылы тасылған негізгі тауарлар, керуен жолының мәдениет пен діннің,  сауданың, қалалардың дамуына қосқан үлесі мен әлеуметтік-экономикалық маңызын ашу. Керуен жолының Қызылқоға өңіріндегі табылған тармағымен жергілікті тарихи деректермен оқушыларды таныстыру.

 

Күтілетін нәтиже:

Алған білімін орынды  қолдана алады.

Өлке тарихына қатысты оқиғаларды өз бетімен іздей біледі.

Картамен Ұлы Жібек жолының тармақтарын талдай алады.

Шығармашылық дағдылары қалыптасады.

Жетістік критерийі (оқушы):

1.Ұлы Жібек жолының тармақтарын білемін

2.Сызба-кестелер құра аламын

3.Өлке тарихына қатысты қосымша мақалалар, еңбектерді өз бетімен жұмыстар жасау арқылы талдай аламын.

Сілтеме: 

1..С.Смағұлов «Қазақстан тарихы»

2.Ғ.Базарбеков «Қазақстан тарихы» Талапкерге-2008 жыл.

Дереккөздер:  

1.Ғаламтор  материалдары

2.«Сағыз өзеніндегі  Таскешу керуен сарайы мен  көпірі»  А.К.Ахмет, М.С.Қасенов «Мұнайлы астана» газеті, 2008 жыл.

Сабақтың түрі: Жаңа  тақырыпты меңгерту  сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ қою, оқушы пікірлерін тыңдау, тарихи сынақхат, кестелерді толтыру, қосымша деректерді талдау.

Көрнекілігі: 1.Х.Ермұханова  «Қазақстан  тарихы» Шың-кітап А.2009-2010 жыл

Пәнаралық байланыс : Өлке  тарихы

Кейінгі оқу: §10  Ұлы Жібек жолы маңызды сауда жолы .Орта ғасырлардағы  Қазақстан  қалалары

Шығармашылық тапсырма: (сөзжұмбақ құру, слайд құру)

Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақ

4. Сабақты бекіту

Үй тапсырмасы  бойынша сұрақтар:

1.Шығыс даналарының есімдерін атап беріңдер?

2. IX-X  ғасырларда өмір сүрген философ, математик, музыкантты атаңыз?

3. Ж. Баласағұнидің 30 жылын арнап, 1 жарым жылда жазып шыққан еңбегі қалай аталады?

4. Қожа Ахмет Йасауидің тарихи, этнографиялық, әлеуметтік шығармасы қалай аталады?

5. Көне түрік тілінде табылған жәдігерлердің санын ата?

6. «Құт негізі-білік» еңбегі алғаш рет қай тілде жазылған?

7. «Арабша, тәжікше кітаптар көп.Ал бұл біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп жазылған еңбектің аты?

8. «Ақиқат сыйы» дастаны қанша тараудан, қанша өлеңнен тұрады? Авторы кім?

9. «Ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» атанған  дананы атағыз?

10. 22 жасында әйгілі ғалым ретінде танылып, парсы, араб, грек, үнді, тілдерін меңгерген энциклопедист-ғалымның есімі кім?

«Пікіріңді білдір»

«Бақытты болудың негізі-білім» деген сөзді кім айтқан? Және осы тақырыпқа сәйкес өз ойыңді білдір.   (Сынып оқушылары өздерінің жас ерекшелігіне сай жауап берді)

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Жібек жолының пайда болу тарихы

2.Жібек жолының бағыттары

3.Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемдері

4.Тауар тасымалы

5. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар

6. Мәдениет пен діннің таралуы.

7. Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы

8. Қызылқоға өңіріндегі «Таскешу» керуен-сарайының тарихы

Жаңа ақпарат (АКТ арқылы слайдтармен түсіндірілді)

                                                      Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған.

 

Ұлы Жібек жолы

 

 
Б.з.б II ғасырдың ортасында                                                                      Б.з.б I ғ.ортасында алғаш рет                               

халықаралық қатынас жағынан                                                                  Қытайдан Батыс елдеріне                .

жандануы басталды.                                                                                     жібек артқан керуен шықты

                                                                                                                     

Ұзындығы 7 мың                                                                                            VI ғасырда жібек матасы                                                                          

шақырымнан                                                                                                   Еуразияға әйгілі болған  

астам.                                                                                                                 

Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен

Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі

 

 

Жібек жолы бағыты:  Хуанхэ өзені- Ұлы Қытай қорғанының батысы-Іле өзені-Ыстықкөл. .

Сауда жолдары қалыптасып дамыды

Лазурит

жолы

 

 

Нефрит

жолы

Дала жолы

Бадахшан тауы- Иран-Месопотамия-Мысыр-Сирия-Қытай

 

Жаркентдария-Шығыс Түркістан--Қытай

Б.з.б   I  мыңжылдықтың ортасы

Ұлы Жібек жолының                  

Қазақстандағы сілемдері

                                                                   Жетісу                                 Шығысқа шығатын   негізгі қақпа

                                                                                                            

 

                                                      Оңтүстік Қазақстан                        Батысқа шығатын   негізгі қақпа

Отырар        Тараз, Испиджаб

«Өлке тарихы сыр шертеді»  (Өлке тарихына қатысты қосымша мәлімет келтіріп таныстырдым)

«Сағыз өзеніндегі  Таскешу керуен сарайы мен  көпірі»  А.К.Ахмет, М.С.Қасенов «Мұнайлы астана» газеті, 2008 жыл.

«Ескі Ноғай керуен  жолы» деп аталған Жібек жолының бір тармағы Сарайшық қаласы мен көне Үргеніш қаласын жалғайтын жол болды. Осы жол бойында ондаған қалалар мен керуен сарайлар салынып өркендеді. Ол XI-XVIII ғасыр  аралығында Европа мен Азияны байланыстырған жол еді.Батыс Қазақстан аймағында бұл жолдың екі тармағы қалыптасты. Соның негізгісі солтүстік жол: Сарайшық-Тасқұдық-Таскешу керуен  сарайы мен көпірі. Қайнар бұлағы-Боқаш әулие-Ұшқан ата-Маңсуалмас (Қосқұдық) бекеттері арқылы жүрді. Осы керуен жолымен  жүрген керуендерге  өзендерден  кедергісіз өтіп, демалатын қонақ үйлер  қызметін атқарған керуен сарайлар мен көпірлер салынған. Соның ішінде Сағыз өзеніне салынған  Таскешу көпірі  мен керуен сарайы. Қазіргі кезде бұл жерде құрылыстың қирандысы ғана қалған. Ол Атырау облысы, Қызылқоға ауданы шекарасында Сағыз округі Кенбай  елді мекенінің солтүстік шығысында. Одан шығыста бір шақырым жерде Жетібай зираты бар. Таскешу керуен сарайын алғаш зерттеген  Әлкей Марғұлан  1950 жылы Батыс Қазақстан археологиялық  экспедициясы  оның  суретін, жобасын алды. Оны Сағыз өзенінің  сол жағында, қыш кірпіштен салынған деп көрсетті. Академик Әлкей Марғұланның  Таскешу керуен сарайы  туралы ғылыми есебі сақталмаған. Керуен сарай  Сағыз өзенінен солтүстікте  150 метр жерде  орналасқан. Қазіргі кезде керуен сарайдың  құланды  орны әзер ғана белгілі.Оның көлемі  45×42 метр,  биіктігі 1,50 метр. Керуен сарай ортасы  ашық алаң болып келген  бөлмелері қабырғаларға тақалып айналдыра салынған. Мұндай жоба бойынша орталық алаңға жүк пен түйелер тұрған. Ғимарат қақпасы  оңтүстік-шығысқа қаратылған. Сарайдың сыртында терең сай-орлар орны байқалады. Онда XVIII-XIX ғасырда  10-даған мазарлар мен  құлпытастары  салынған. Сарай үстінен қыш ыдыстар, тас диірмен, 2 мыс тиын, мөлдір моншақ табылады. Тиындар Алтын Орда кезінде соғылған. Керуен сарайдың солтүстік басында 400 метр қашықта Сағыз өзенінде көпір қалдығы сақталған. Керуен сарайды  «Ұзын там» бекінісі құландысы деп көрсетеді. «Ескі Ноғай жолындағы»  Таскешу керуен сарайы мен  «Ұзын там» бір мекен болуы мүмкін. 1950 жылы Хорезмдік археология-этнографиялық экспедицияның Орал-Үстірт отряды Таскешу керуен сарайы көлемінің құрылыс қалдығын зерттеді. Бірақ экспедиция «Ұзын там» бекінісі туралы жазбаған. 1973 жылы  Керуен сарай мен көпірін М.Меңдіқұлов зерттеп, ол да осы тоқтамға келген. Ал Таскешу көпірі туралы деректер жоқ, тек аңыздар ғана жеткен. Сағыз өзеніне салынған көпір тастан қаланған болса керек. Оның сәулетті жобасы сақталмаған. Мұрат Мөңкеұлы ол туралы «Үш қиянда» айтады:

«Жайық пенен Еділден,

Сағыз бенен Жеміңнен.

Тастан көпір салдырып» деп көпірлердің тастан салынғаны, тас көпірлердің бірнешеу болғанын көрсетеді. Сағыздың Таскешу көпірі туралы Л.Мейер былай деп жазады: «Өткел қырланып тегістелген ақ твастардан төселіп, су оның бетіне шыққанымен тереңдігі төрт вершоктан (4,5 см) жоғарыламайтын, оны салдырған Шыңғыс ұлдарының бірі делінеді». Таскешу көпірдің жобасы Тараз қаласындағы X-XII ғ.ғ. «Тас көпір» жобасына ұқсас болған. 1973 жылы көпірді М.Меңдіқұлов  жан-жақты зерттеген. Көпірдің «ұлу тақта» тастарынан қалған тастар батпақты өзен түбінде жатқанын, ал солтүстік жағасында квадрат қыш кірпіш пен тас тақта тастан жасалған тұғыр тірек қалдықтары жатқанын айтады. «Таскешу» көпірі деп аталуына келсек, бұл сөзде «Тас»-сөзінің мағынасы түсінікті көпір құрылысына тас тақта тастар қолданған. Ал, «кешу»-сөзінің мағынасы «судан кешіп өту» деген мағынада айтылады, М.Қашқари «Түркі тілінің сөздігінде: «Кешіш/Кешиш- көпір». Дарияның, не ағын сулардан өтетін көпір» деген. Сонда Кешу-түркі тілінде, өткел, көпір деген сөз болады. Ол сонау  түркі кезінде XI ғасырларда салынған болса керек.Тастан көпір салу  X-XI ғ.ғ аралығында- Ұлы Жібек жолы өзінің өркендеу шегіне жеткенде, өзендерге жаппай салына бастаған».

 Жеке жұмыстар

Картамен жұмыс                               

Жібек жолы

                             

                           Солтүстік  бағыты                                                                    Оңтүстік  бағыты

 

 

 

 

 


Кестені толтырыңдар

 

«Ұлы Жібек жолының  әлеуметтік-экономикалық маңызы»

 

1.

 

 

2.

 

 

 

3.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Тиісті сөйлемді қой»

1.Ұлы Жібек жолы  ................ басталып, ................... барып аяқталған.

2.Саудадағы басты тауар.............

3.Жібекпен .............жалақы мен .......... төлеген.

4. Жібек сатуда ....................... Қытаймен бәсекеге түскен.

5.Жапонияның ертедегі  астанасы   ..................... жібек сататын орындар болған.

6.Жібек өндіру Жапонияда, ................................ жерінде жандана бастаған.

7.Сауданың басты орталықтары...........................................................................

8.Византияда жасалған .................................................. Тараздан табылды.

9.  Қытайдың әдемі ....................................Талғар, Испиджаб, Отырардан көптеп табылды.

10. Ұлы Жібек жолы бойымен ....................... таралды.

11.Буддизм-Үндістаннан таралып, .................................... кең тарады.

12.Тараз, Меркеде ............................................... салынған.

13.Манихейлік дінді ........................... таратты.

14.Ең алғашқы мұсылман бейіттері  Отырардан, .......................табылды.

15..........ғ  теңіз жолы ашылып, Ұлы Жібек жолының  қатынасы әлсірей бастады.

Оқушы шығармашылығы

Тарихты жақсы көремін,

Өлкеме  бас иемін.

Қойнауы терең құт-мекен,

Тарихтың ізі сайраған.                Құлжан Нұрберген

 

Шығыс пенен Батысты,

Жалғастырған керуен  жол.

Мәдениет пен діндердің,

Таралуына себепкер.

Жібек жолы - керуен жол.

                                                 Серік Дильназ.

 

Бастау алып Қытайдан,

Құпиясы сақталған.

Бәсекеге түсіп  Соғдылар,

Жібек өндіруді меңгерген.             Жасұлан Айдидар

 

«Таскешу» керуен-сарайын,

Зерттепті  Әлкей Марғұлан.

Тас диірмен, тиын, моншақтар,

Табылған екен өлкемнен.

                                                 Амангелдіұлы Бейбарыс

Үйге тапсырма:    «Орта ғасырлардағы  Қазақстан  қалалары»  тақырыбына сөзжұмбақ құрып келу.

 

Бағалау      Формативті . Суммативті баға қою.

Рефлексия     « Сабақтың екі ұтымды  жаңалығы......»

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұлы Жібек жолы" Қысқа мерзімді сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 429 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2016 14036
    • DOCX 24.6 кбайт
    • 134 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Суатова Фарида Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Суатова Фарида Болатовна
    Суатова Фарида Болатовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49858
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 18 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 167 человек из 55 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 24 регионов

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 19 регионов

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 114 человек из 39 регионов