Инфоурок Всеобщая история КонспектыҰлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы.

Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы.

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы.

Сабақтың мақсаты:                                                  

 1)Ұлы Жібек жолы,оның тарихи маңызы,елдегі басқыншылық жорықтар мен оның алғышарттарына,халық көтерілістеріне түсінік беру;

2)Оқушылардың рөлдік тапсырмаларды орындау қабілеттерін шыңдау,өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу;

3)Оқушыларды отансүйгіштік рухқа,өзге елдің де тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;                                                            

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, рөлдік тапсырма.

Көрнекілігі: Көрініске қажетті құрал-жабдықтар, интерактивті тақта,                  слайдтар.

Сабақтың барысы: I-ұйымдастыру бөлімі

                                 II-Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы». Сабағымыздың мақсаты- осынау кең байтақ шығыс өлкелері мен батыс өлкелерін байланыстырып жатырған Ұлы Жібек жолы туралы, Қытай мемлекетіндегі басқыншылық жорықтар мен оның алғышарттары және елдегі халық көтерілістерімен танысатын боламыз. Біз өткен сабағымызда топқа бөлініп, әр топқа бүгінгі жаңа сабағымызға қатысты тақырыптарға тапсырмалар берілген болатын. Сол тапсырма бойынша әр топ өздерінің таңдаған бағыттары бойынша дайындалып келулері тиіс. Ендеше, кезекті 1-ші топқа берейік.

I-топ.Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы. (Көрініс көрсету арқылы түсіндіру)

I-топ басшысы Есболсын Жасмина. Бізге берілген тақырып «Ұлы Жібек жолы»деп аталады. Сондықтан ең алдымен сіздердің назарларыңызды мына видеороликке аударсақ дейміз. (Ұлы жібек жолы туралы қысқаша видеоролик көрсетіледі)

   Біз өзімізге берілген тақырыпты көрініс көрсету үлгісін пайдалану арқылы толықтырмақпыз.

1-бала(жүгіріп шығады)-Уа, халайық қуанышты хабар. Сүйінші, сүйінші! Мұндайды көргенде арманда, көрмегенде арманда. Біздің ауылымызға тұңғыш рет сауда керуені келе жатыр. Ол жай ғана сауда керуені емес, Шығыс пен Батысты байланыстырған Ұлы Жібек жолымен атақты, әйгілі саудагерлер мен Шығыстың хас сұлулары келе жатыр. Қане, халайық, қалыс қалмаңыздар, келіңіздер, көріңіздер. Қызу саудаға араласыңыздар. Оған ешқашан өкінбейсіздер. (Шығыс музыкасы естіледі, бишілер, саудагерлер келе жатады)

Бас саудагер:-Уа, жарандар! Бүгін сіздердің ауылдарыңызда үлкен жәрмеңке өткелі тұр. Келіңіздер, көріңіздер, сұранысқа ие болған жібек матамызды, әшекей-бұйымдарымызды т.б.бағалы тауарларымызды саудаға саламыз. Бірақ, біздің бүгінгі жәрмеңкеміз ерекше болмақ. Егерде кімде-кім бұйымдарымызды халыққа жеткілікті түрде жарнамалап, нақты мәліметтер айтатын болса, оларға бұйымдарымызды тегін береміз. (Жібек маталар, әшекейлер, шәй т.б сатылады. )

  II, III топтан оқушылар бөлініп шығып,саттықтағы заттар туралы мәлімет айтып, заттарды сатып алады.

Бас саудагер: Мінеки халайық,бүгінгі біздің саудамыз сіздердің арқаларыңызда өте сәтті өтті. Біздің тауарларымыз туралы жақсы-жақсы мәліметтер алдық. Көп біледі екенсіздер. Бұған біз еш өкінбейміз. Өкінішке орай, біздің әлі де баратын жерлеріміз, аралайтын елдеріміз көп. Сондықтан да біздің сіздермен қоштасуымызға тура келеді. Ал, саудагерлер, жиналыңыздар, жолға аттанайық. Сау болыңыздар (керуен шығып кетеді).

Топ басшысы: Бүгінгі сіздерге дайындаған көрінісімізді тамашалағандарыңызға көп рахмет. Біздің мақсатымыз - Ұлы Жібек жолы арқылы өткен сауда керуенін көз алдарыңызға келтіре отырып, түсіндіру. Назарларыңызға рахмет!

II-топ.Тақырыбы: «Басқыншылық жорықтар, көтерілістердің алғышарттары. (слайд көрсету, «Білгірлер отауы» сайыс.)

II-топ басшысы: Амангелдина Ғазиза. (слайдпен түсіндіру.)            Біздің тақырыбымыз- «Басқыншылық жорықтар, көтерілістің алғышарттары». Ең алдымен,слайд-шоуға назар аударайық.(топ басшысы слайдпен түсіндіріп өтеді)   Тақырыбымызды толықтыру және қорытындылау үшін,біз «Білгірлер отауы» сайысы түрінде өткізуді ұсынамыз.

I-жүргізуші:(Қапсиқов Әділет)-Армысыздар, білімді тұмар қылған, көрермен!

Біздің сайысымыз 4-кезеңнен тұрады:

I кезең. Деректер.(әр топ сұрақтарға жауап береді)

II кезең. Дәлелдер.(Сұрақтарға ия, жоқ деп қысқа қайыру және дәлелдеу)

III кезең. Бедерлер.(1-2 топқа арналған жасырын суреттер, ұяшықты ашу арқылы, суретті табу)

IV кезең. Жеделдер.(жедел сұрақтар қойылады)

(Әр кезең бойынша 2 топтың жылдамдығы, білгірлігі анықталады.)

I кезең сұрақтары:

1.Чжан Цзянь бастаған керуен елег неше жылдан кейін қайтып оралды?(13 жыл)

2.Шығыс пен Батысты байланыстыратын жол қалай аталады?(Ұлы Жібек жолы)

3.Батыстаға алыс елдерге баратын жолды өзіне қарату үшін әскери жорыққа дайындалған патша?(У Ди)

4.Шығыс Түркістан жеріне бірнеше жорық жасаған Қытай қолбасшысы кім?(Бань Чао)

5.Шандун аймағындағы ірі көтеріліс қашан басталды?(б.з 18жылы)

6.Цинь патшалығының орнына келген әулет?(Хань)

7.Фан Чун әскерінің саны қанша?(10мың)

8.Сары орамалдылар көтерілісінің қолбасшысы кім?(Чжан Цзяо)

II кезең сұрақтары:

1.Б.з.б. III мыңж.Қытайда Жібек маталар жасалынды ма? (ия)

2. Б.з.б. III ғ.с. құлаған Цинь патшалығының орнына Тонь әулетінің билеушілері келді ме? (жоқ)

3.Басқыншылық жорықты батыл жүргізген Қытай билеушісі У Ди болды ма?(ия)

4.Чжан Цзянь елдеріне баратын жолды барлап қайтуға жіберілген елші керуенін басқарды ма?(ия)

5.Қытайда еңбекші халықты және құлдарды қамау болған жоқ дегенге келісесіз бе?(жоқ)

6.Бан Чао-Қытай патшасы болды ма? (жоқ)

7.Қытай билеушілерінің басқыншылық жорықтары б.з. 1 ғ.с. күшейді ме?(ия)

8.Батысқа жасалған жорықтардың басты мақсаты-халқын бағындыру болды ма?(жоқ,жаңа жерлерді басып алу,сауда жолына ие болу)

III кезең.Жасырын суреттерді ұяшықтар таңдау арқылы табу.(1 топқа жасырылған сурет-мата,3топқа жасырылған сурет-теңге)

IV кезең сұрақтары:

I топ сұрақтары :

1.Өзін патша деп жариялаған кім?(Ван Ман)

2.Сары орамалдылар көтерілісі қашан болды?(Б.з. 2 ғ.с.)

3.Чжан Цзян басқарған көтеріліс қалай аталды?(сары орамалдылар)

II топ сұрақтары:

1.Қызыл қастылар көтерілісінің басшысы?(Фан Чун)

2.Қытайда көтерілістер неше жылға созылды?(20жылға)

3.Керуен басшысы?-(Чжан Цзян)

    Бұл сайыс бойынша 1 топ мүшелері жеңімпаз болды.

III топ.Тақырыбы: «Халық көтерілістері».(слайд көрсету, «Айтуға оңай» желісінде түсіндіру).  

III топ басшысы:Гайнуллин Алпамыс. Біздің тобымыздың тақырыбы: «Халық көтерілістері». Ең алдымен ,тақырыбымыз түсінікті болуы үшін назарларымызды слайдқа аударайық.(слайдпен таныстыру).Сабағымыздың келесі бөлімін «Айтуға оңай»желісімен жалғастырамыз.Біздер бүгінгі тақырыбымызға қатысты кейіпкерлерімізді «Айтуға оңай» бағдарламасына шақырған болатынбыз.Олай болса, «Айтуға оңай» бағдарламасын бізбен бірге тамашалаңыздар.

   Жүргізуші:

-Армысыздар!Бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламамызға қош келдіңіздер!Біздің кешімізге келген алғашқы қонағымыз-өзін Қытай мемлекетінің патшасы деп жариялаған,билікті тартып алған Ван Ман патшаны ортаға шақырайық.

-Қош келдіңіз,Ван Ман мырза.Біздің шақыруымызды қош алып,ойыңызбен бөлісу үшін келгеніңіздің өзі біз үшін үлкен мәртебе.Олай болса,Ван Ман мырза сізге қояр алғашқы сұрағым:

-Сіздің билікті тартып алып,патша болуыңызға қандай жағдай әсер етті?

Ван Ман мырза:-Сұрағыңыз өте орынды.-Иә,әрине мен патша болып,билікті тартып алғаным рас.Бұлай етпеуге амалым болмады.Өйткені,өздерін ірі шонжарлар қатарына санайтын байлар,еңбекші халықты,құлдарды қанауды күшейте түсуі мені қатты ойландырды.Онымен қоймай,олардың мойнына алым-салықты көбейтті,халықтың халі күннен-күнге ауырлай түсті.Үкіметке қарсы наразылыққа шықты.Осы жағдай мені қатты алаңдатты.Осындай жағдайлар менің билікті тартып алуыма,өзімді патша деп жариялауыма себепкер болды.

Жүргізуші:-Патша болғаннан кейін алдыңызға қандай міндеттер қойдыңыз?

Ван Ман мырза:-Ең алдымен,,халықтың қолдауына ие болуым қажет болды,сол себепті бірнеше заңдар қабылдадым.Жер мен құлдарды сатуға тыйым салдым.Әр отбасының жері-2га-дан аспауына көңіл бөлдім.Бірақ,менің бұл ойларымның іске асуына ірі жер иелері мен шонжарлар мүмкіндік бермеді.Сол себепті осы уәделерім орындалмай,халық қолдауына ие бола алмадым.

 Жүргізуші:Ван Ман мырза,біздің бағдарламамызға келіп,ашық өз ойыңызды ортаға салып,ойыңызбен бөліскеніңіз үшін,сізге алғысымыз шексіз.Сау болыңыз.(патша залдан шығып кетеді)

Жүргізуші:-Міне,осы кезде Ван Манның да бастамаларының іске аспайтынына көздері жеткен еңбекші халыққа көтеріліске шығудан басқа ештеңе қалмады.Неғұрлым ірі көтеріліс Хуанхэ өзенінің төменгі ағысындағы «Шандунь» аймағында б.з-ң 18 жылы басталған екен.Бұл көтерілістер тарихта «Қызыл қастылар» және «Сары орамалдылар» деген атпен белгілі болды.Ендеше,қарсы алайық,қара халықты соңдарынан ерітіп,көтеріліске бастап шыққан батырларымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

   «Қызыл қастылар» көтерілісінің қолбасшысы-Фан Чун мырзаны, «Сары орамалдылар» көтерілісінің қолбасшысы-Чжан Цзяо мырзаны ортаға шақырайық.(батырлар келіп,ыстық орындыққа жайғасады)

  Жүргізуші:-Алғашқы сұрағым,Фан Чун мырзаға:

-Фан Чун мырза сіздің көтеріліске шығуыңызға не себеп болды?

Фан Чун мырза:- Иә,бұл көтеріліс мені қатты алаңдатты.Билеушілер тарапынан,өзім секілді қара халыққа қысымшылық күшейді,бар ауыртпалық халыққа түсті,жағдайлары күрт ауырлады,соны көре тұра шыдай алмадым.Халқымды қысымшылықтан құтқарып,бастарына теңдік алып берейін деген бағытта көтеріліске шығуға бел будым.

Жүргізуші:-Бұл көтеріліс неге «Қызыл қастылар көтерілісі» деп аталды?

Фан Чун мырза:-Сұрағыңыз өте орынды.Себебі,соғыс алаңында жүріп,өз адамдарымды тез тануым қажет болды.Сондықтан оларды басқалардан тез ажырату үшін қастарын қызыл бояумен бояуды бұйырдым.

 Жүргізуші:-Бұл көтеріліс қалай аяқталды?

Фан Чун мырза:-Б.з.23ж. елдің астанасын басып алдық,және бізге көп уәде беріп,орындай алмаған патша Ван Манды өлтірдік.Билікке қайтадан бұрынғы Хань әулетінің ұрпағы қайта келді.Олар құлдарға бостандық берілетінін,алым-салықтың азайтылатынын мәлімдеген соң,оған сеніп,көтерілісті тоқтатуымызға тура келді.

Жүргізуші:-Әңгімеңізге көп рахмет.Келесі кейіпкеріміз Чжан Цзяо мырза,сұрағым өзіңізге арналады.-Жақсы,алғашқы көтеріліс аяқсыз қалды,сондықтан бұл көтеріліске шықпасқа болмас па еді?

Чжан Цзяо мырза:-Сіз айтқан,аяқсыз қалған көтерілістің басшысы Фан Чунның көтерілісі бізге үлкен рух,жігер берді.Әлі де болса,еңбекші  халықтың жағдайы жақсара қоймады.Сөйтіп,б.з.II ғ.с. бізде көтеріліске шықтық.Өзіммен бірге қасымда екі бауырым болды.Оларда халыққа теңдік орнатуды қалады,және халық та біздерді қолдады.Халқымыздың арман-тілегін орындағымыз келді.Көтерілісшілердің саны бірнеше жүз мыңға жетті.Көтерілісті күшейте түсуге солтүстіктегі көшпелілердің шабуылы бізге кедергі келтірді.

Жүргізуші:-Сіздердің бастарыңызға сары орамал тағып келгендеріңізге мен қатты таңғалып отырмын,оның да бір себебі бар шығар,сірә?

Чжан Цзяо мырза:-Фан Чун айтып өткендей,соғыс алаңында адам көп.Оларды тез айыру үшін бір белгі қажет болды.Фан Чун «қастарын қызылға боятса,мен адамдарымның бастарына сары орамал байлаттым.Бұл біздің белгіміз болғандықтан,сары орамал байлап келдік.

Жүргізуші:-Бүгінгі қонақ болып келген кейіпкерлерімізге алғысымызды айтамыз.Ортамызға келіп,өз ойларымен бөлісті.Бізде осы кісілерден бүгінгі сабағымызға қажетті көптеген мағлұматтар алдық.

-Мінекей,өздеріңіз көріп отырғандай,бұл көтеріліс 20 жыл уақытты қамтыпты.Бірде көтерілісшілер жеңсе,бірде үкімет әскерлері жеңіп отырған.Осы кезеңде солтүстіктен көшпелілер шабуылы да күшейе түсіпті.Ақыры,Ежелгі Қытай мемлекеті үш патшалыққа ыдырап кетіпті.Кім  білген,егер елде бұл көтерілістер болмаса,соғыс болмаса,осы күнге дейін «Ұлы держава» деген атқа лайық болар ма еді?Зұлымдық үстемдік құрған кезде әділдік үшін күрестің болатыны да ақиқат.Әрине,кейінгі ұрпақ,мына біздер үшін мұның бәрі-айтуға оңай.Сіздермен бірге болған мен-Алпамыс Гайнуллин.

  Мұғалім сөзі:-Мінеки, балалар бүгінгі сабағымызға үш топта өте жақсы дайындалған.Өздеріне берілген тапсырмаларын мүлтіксіз орындап шықты.Осы көріністерден кейін «Ұлы Жібек жолы» және Қытай мемлекетінің қалайша ыдырап кеткендігі туралы әр топ өз тапсырмалары арқылы жеткізе білді деп есептеймін.Барлығыңызға да рахмет.

Бағалау:(әр топ бір-біріне өз пікірлерін айтып,бағалайды!)

   Үйге тапсырма: 21.(Ван Ман,Чжан Цзяо,Фан Чун, туралы қосымша мәліметтер әкелу)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 682 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.09.2015 5814
    • DOCX 25.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исмагулова Гульсара Жаскаламовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21003
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 327 человек из 69 регионов

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 23 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе