Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Лицей лидері 7-9 интеллектуалды сайыс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Лицей лидері 7-9 интеллектуалды сайыс

библиотека
материалов

Бекітемін: №249 мектеп-лицейдің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Ж. Жүсіпова



Күні: 17.02.16

Ұйымдастырушылар : 7 «Г», 9 «Б» сыныптар қауымдастығы

Тақырыбы: «ЛИЦЕЙ ЛИДЕРІ» зияткерлік сайысы

ӘН:

Жүргізуші-1: «Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір»

Армысыздар ұстаздар мен оқушылар!

Жүргізуші-2: Құрметті қонақтар! Бүгінгі 7 және 9 сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Лицей лидері» атты зияткерлік сайысымызға қош келіпсіздер!

Ж-1: Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! - деп, бүгінгі сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қылды қақ жарып әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Математика пәні мұғалімі – Сапаев Бекарыс,

Математика пәні мұғалімі – Ахметова Айгерім,

Қазақ тілі пәні мұғалімі – Алпысбаева Анар

Ж-2: Бұл әділ-қазылар ойындағы жинаған ұпай сандарын есептеп, ойын нәтижесін сараптап отыратын болса, оларға қоса тәуелсіз сарапшыларымызбен таныс болыңыздар!

Сызу және бейнелеу пәні мұғалімі – Қайруллаев Мұхтар,

Информатика пәні мұғалімі – Авезов Талғат

Ж-1: Қатысушыларымызбен таныс болайық. Сайысқа барлығы 5 топ қатысады.

1 топ. 7Г, 9Б – Бурабай Динара, Аманбай Аружан, Бурабай Дамир

2 топ. 7А, 9А – Бақытғаниева Алтынарай, Есекеев Нұрсәт, Алмас Дана

3 топ. 7Ә, 9В – Қонысбай Гүлзира, Әлім Ұлжан, Мейірімхан Айдос

4 топ. 7Б, 9Г – Сағидулла Айман, Тастыбай Рамазан, Жаңбырбай Руслан

5 топ. 7В, 9Ә – Айдарбай Аслан, Құрманбекқызы Жұлдызай, Сейілжан Лаура

Ж-2: Сайыскерлерімізбен таныс болсақ, сайыстың кезеңдерін атап өтейік. Ал ережелерімен әр кезеңде таныстырып отырамыз. Зияткерлік сайысымыз 4 айналымнан тұрады.

І айналым. Шежіре

ІІ айналым. Нұрдала

ІІІ айналым. Самұрық

IV айналым. Стомахион

Ж-1: Дайын болсақ сайысымызды бастайық! Қатысушылар, Сіздерге сәттілік тілейміз!

І айналым. Шежіре (әр топқа 7 сұрақтан қойылады, әр сұраққа 5с уақыт, әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі)

1 топтың сұрақтары:

  1. Еліміздің астанасы тұрған өзен (Есіл)

  2. 1989ж.28 ақпанда Алматыда құрылған антиядролық қозғалыс (Невада-Семей)

  3. Дүние жүзі чемпионы атағын алған қазақ палуаны? (Қажымұқан)

  4. Түркістан автономиясының төрағасы (М.Шоқай)

  5. «Отырар сазы» поэмасының авторы (М.Шаханов)

  6. ҚР-ның туының авторы (Ш.Ниязбеков)

  7. Қазақ халқының 1000 әнін жинақтап жазған композитор ( Затаевич)

Ж-2: 2 топтың сұрақтары:

  1. Шетелде халық әнін орындап күміс жүлде алған қазақ әншісі (Ә.Қашаубаев)

  2. Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті (Қ.Сәтбаев)

  3. Ежелгі елдерді байланыстырған сауда байланысы (Ұлы «Жібек жолы)

  4. «Аз и Я» кітабының авторы (О.Сүлейменов)

  5. Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел (Түркия)

  6. Халықтардың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттейтін ғылым (Этнография)

  7. Алматы қаласының бұрынғы аты (Верный)

Ж-1: 3 топтың сұрақтары:

  1. 1783-1797ж.ж.Кіші жүзде болған көтерілістің басшысы (Сырым)

  2. 1916жылдан 1917ж.соңына дейін Ташкентте Тоғысовтың басшылығымен шығып тұрған апталық газет атауы (Алаш)

  3. «Теле» сөзінің мағынасы (түрік)

  4. Ұлттық  валюта  күні?  (1995 15 қараша)

  5. ҚР Рәміздері қай жылы және қай айда қабылданды? (1992 жылы 6 маусым)

  6. Қазақстанда Президент күні қай жылдан бері аталып өтілуде. (2012 жылы 1 желтоқсан)

  7. «Бәйтерек» ғимаратының авторы (Мұрат Байыспай)

Ж-2: 4 топтың сұрақтары:

  1. «Ленинградтық өренім» атты жырдың авторы (Жамбыл)

  2. Қазақ қыздарының шаштарына таққан ұлттық бұйым (шолпы)

  3. Қазақстан  БҰҰ- на  қашан   қабылданды? (2  наурыз  , 1992 ж)

  4. «Қызыл жебе» романының авторы? (Шерхан Мұртаза)

  5. Исатай, Махамбет батырлар заманындағы хан (Жәңгір хан)

  6. «Ұйқыдағы  ару»  атанған  өлке ,  еліміздің   мұнайы  мен  газын  беріп  отырған    қазына  түбегі ?  (Маңғыстау  облысы)

  7. Ақмола қаласы «Астана» атауына қашан көшірілді? (1998 жылы 6 мамырда)

Ж-1: 5 топтың сұрақтары:

  1. Қазақстан  неше  мемлекетпен  шектеледі? (5 мем – т. Ресей, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Түркменстан)

  2. Рейхстагқа   ту   тіккен  Қазақстанның  халық  қаҺарманы ? (Р. Қошқарбаев)

  3. Жеті жарғы  заңын  кім шығарды? (Тәуке хан)

  4. С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы кім туралы? (Ш.Уәлиханов)

  5. Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер? (Қозыбасы)

  6. 2008 жылы Бейжің олимпиадасында қазақ спортшылары қанша медальды қанжығаларына байлап келді? (13 медаль: 2 алтын, 4 күміс, 7 қола)

  7. Назарбаев зияткерлік мектебі алғаш қай жылы және қай қалада ашылды? (2009 жылы Астана қаласында)

Ж-2: ІІ айналым. Нұрдала (7 бейне сұрақ беріледі, сұрақтарды экранда өз саласының мамандары қояды, әр дұрыс жауапқа 20 ұпай. Бұл турда шапшаңдық керек, бірінші қол көтерген топ жауап береді, қай топ бірінші екенін тәуелсіз сарапшыларымыз анықтап отырады)

Ж-1: Назарларыңыз экранда болсын

  1. Сұрақ қоюшы музыка пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аяп Гүлнар

Әні тірі ағаның жаны тірі, аралап  жүр  қазақтың  кең  даласын, 40 жыл  бойы  қазақтың  даласы  мен  баласын  ән  әуенімен  әлдилеген ұлы  компазитор? (Ш.Қалдаяқов)

  1. Сұрақ қоюшы музыка пәні мұғалімі Жаппарова Жанар

1912-1957  жылдар аралығында өмір  сүрген  Қазақтың   бұлбұл  әншісі менен Қазақтың  кәсіби   ұлттық  негізін   салушы,  қазақ  биінің  падишасын атаңдар? (К.Бәйсейітова, Ш.Жиенқұлова)

  1. Сұрақ қоюшы сызу және бейнелеу пәні мұғалімі Қайруллаев Мұхтар

Атақты  қазақ  суретшісі, қылқалам  шебері? (Ә. Қастеев)

  1. Экранда күй ойналады, сұрақ

1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы кезінде болған «Ақтабан шұбырынды» ел босып жүрген кезінде, халық күйшілері домбыраның көмейінен осы күйді күңіренткен. Қайғыға толы, орташа екпінде орындалатын бұл қай күй? («Ел айырылған күйі» Халық күйі)

  1. Сұрақ қоюшы тарих пәні мұғалімі Ізтілеуов Дархан

Бұл оқиғаның қазақ халқына тигізген зардабы, қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мыңдаған адам қырылды немесе тұтқынға айдалып кетті. Жүздеген, мыңдаған ауыл қаттты күйзеліске ұшырап, мал-мүлкі талан-таражға түсті, бір кезде гүлденген қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар басынан кешірген сол сол ауыр қайғы-қасіреттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыры болды. Бұл оқиға тарихта қандай атпен қалды? («Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»)

  1. Сұрақ қоюшы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жетілгенова Айгүл

Сары майды қайнатқаннан кейін оның түбінде қоймалжың тұнба бөлініп қалады. Ол ашқылтым, әрі дәмді. Оны тәбет ашуға да пайдаланады, нанға қосып жеуге де болады. Бұл тағам қалай аталады? (Торта)

  1. Сұрақ қоюшы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Әлішева Гүлжазира

Қазақтар жылды 4 маусымға бөлгендей, яғни қыс, көктем, жаз, күз. Түрік халықтары жылды қалай бөлген? (жылды 4 тоқсанға бөлген: қыс тоқсан, жаз тоқсан, шілде тоқсан, күз тоқсан)

Ж-2: ІІІ айналым. Самұрық (бұл турда тақырыптарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап бересіздер, әр тақырып 2 сұрақтан, дұрыс жауапқа 30 ұпай және бұл турдың 3 ерекшелігі бар. 1-ші самұрық құстың көмегін әр топ бір рет алуға болады. Көмекте сұраққа қосымша тест түрінде 3 жауап беріледі, көмекті пайдаланған жағдайда 30 ұпайдың 10 ұпайы қысқарып қалады. 2-ші көмбеге зат жасырылған, сол заттың атауын табу қажет. 3-ші бір сұрақтың астында тосын сый бар, ол сұрақты ашқан топқа сұрақ қойылмай-ақ 30 ұпайды иеленеді).

Ж-1: _______________ топ тақырыптарыңызды таңдасаңыздар

Ж-2: _______________ топ тақырыптарыңызды таңдасаңыздар

Ең, ең, ең...

  1. Қазақстандағы  ең  биік  шыңы?   (Хантәңірі  6646 метр)

  2. Маңғыстау  түбегінің  ең  терең  ойпаты қалай аталады? (Қарақия)

Ұлт рухы – ұлыларымен мықты!

  1. Абылайдың ең жақын кеңесшісі, әрі сенімді серіктестерінің бірі болған би, әрі дипломат, қазақ шежіресінің білгірі (Бұхар жырау)

  2. 30 жыл қысқа өмірінде тарихи-этнографиялық материалдар жинап, артында «қырғыз туралы жазбалар», «Ыстықкөл күнделіктері» деген еңбектерін қалдырған әйгілі ғалым (Ш.Уалиханов)

«Адам көркі - шүберек»

  1. Тек жылқы терісінен тігілетін жағалы ұлттық киім. (Жақы)

  2. Тек қана түйе жүнінен тоқылатын жаздық сырт киім. (Шекпен)

«Ыдысын көріп асын іш»

  1. 30 ұпай

  2. Сусын құюға арналған тері ыдыс, ер кісілер жолға шыққанда немесе аңға шыққанда сусын құйып алып жүруге ыңғайлы болған. (Бұлқыншақ)

Ұранды ердің - ұрпағы қайсар”

  1. Қазақстанда 1916 ж өріс алған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл облысының 3 ауылында кедей шаруа отбасында туған. Ол байларға жалшы болды, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көрді. 1905-1907жылдары орыстың бірінші революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы күресіне қатысты. (Амангелді Иманов)

  2. Ойламаған жерден қазақ-қырғыз шекарасында Алмалысай жайлауындағы Кекілік тауында қоршауда қалды. Наурызбай батыр өз жасағымен қоршауды бұзуға ұмтылды. Басшы оған «Біз мүмкін қоршауды бұзып шығармыз, ал қалғандары қайтеді? Олардың бәрі қырылады ғой. Егер хан басыммен қашып кетсем не болғаным?»,-деген екен. (қырғыз) Қалығұл Әлібеков оның басын шауып Ресей басшысына әкеліп берді де 500 сом күміс ақша алды. Бұл қай хан (Кенесары хан)

«Геометриялық фигуралар»

  1. Тепе-теңдікті сақтау үшін механизмдерде қолданылатын фигура (параллелограмм)

  2. Көмбеге жасырылған зат. 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрастырды. Дөңгелек орнын цилиндірді қолданғанда. Бұл құрал күрделі қосу мен алу амалдарымен қоса көбейту, бөлу амалдарын квадраттау амалдарын орындайтын болды. Осы арифмометрдің негізін ала отырып орыс өнер тапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер қандай есептеу құралын жасады? Бұл көмбенің ішінде қандай құрал бар? (калькулятор)

Ж-1: Сайыскерлер алды-артын ондасын,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын.

Бүгінгі ойын жеңімпазын

Мына отырған қазылар алқасы тандасын

Осымен сайысымыздың соңғы айналымы Стомахион ойынына көшейік.

Ж-2: Ертедегі гректер геометриямен айналысқанда, тек жердің ауданын, теңіз бен кеме ара қашықтығын өлшеумен шектелмей, геометриялық ойындармен айналысқан. Солардың бірі-стомахион ойыны. Бұл ойында квадратты 14 бөлікке бөліп, сол бөліктерден түрлі фигуралар құрастырылған. Бұл ойынмен ұлы ғалым Архимед жұмыстанған.

Ж-1: Сіздер бұл айналымда шығармашылық жұмыс жасайсыздар. Алдарыңызға әртүрлі фигуралар қиындысы беріледі, сол қиындылардан тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде сурет құрастыруларыңыз қажет.

Ж-2: Топтар дайын болам дегенше,

ӘН: Жаңабай Аружан «Туған жер»

Ж-1: Тапсырма дайын болса, әділ-қазылар алқасына берейік.

Ж-2: Әділ-қазылар алқасы өз шешімдерін шығарам дегенше

БИ: 7 Г сынып жігіттері Азиада – Брейг данс

Ж-1: Тағы келеді сыналар щақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып.

Бүгінгі кештің жеңімпазы атанып

«Лицей лидері» болғалы тұр – деп, Сөз әділ қазылар алқасына беріледі, қорытынды есепті тындайық.

Ж-2: «Лицей лидері» жеңімпазы  7Г, 9Б топ мүшелері Бурабай Динара, Аманбай Аружан, Бурабай Дамир. Жеңістеріңіз құтты болсын.

Ж-1: ____ Бүгінгі ойын туралы, қатысушылар туралы бірнеше ауыз сөз айта кетсеңіздер.

Ж-2: Осымен бүгінгі «Лицей лидері» зияткерлік сайысымыз аяқталды.

Жастықтың оты жалындап,

Жас жүректе жанған шақ.

Талаптың оты арындап,

Әр қиянға салған шақ – деп Абай атамыз жырлағандай   жүректерінде жеңіске жетем деген сенім оты жалындаған бүгінгі ойын жеңімпаздарын құттықтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!       

Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров86
Номер материала ДБ-009494
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх