Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / «Ұлылар үндестігі» (Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы туралы тәрбие сағаты)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

«Ұлылар үндестігі» (Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы туралы тәрбие сағаты)

библиотека
материалов


«Ұлылар үндестігі»

(тәрбие сағаты)


Мақсаты :

Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы туралы таныстыра отырып, өлең -жырларының мазмұнын ашу.

Ақынның бұрын жарияланбаған өлеңдерін оқушылар назарына ұсыну. М.Мақатаев шығармаларының саз өнерімен үндесуін көрсету.

Ақынның шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу.


Жоспары :

1. М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығы туралы.

2. Поэзия –жүрек тілі (ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу).

3. Ән-көңілдің ажары (М. Мақатаев сөзіне жазылған әндерін орындау).

4. «Жыр жазамын жүрегіммен» оқушылардың шығарған өлеңдері.

5. М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық көрініс

Барысы :

Мұғалім: Армысыздар,құрметті қонақтар мен оқушылар!

9-ақпан- қазақтың ғасырда бір туылар ғажайып ақыны М.Мақатаевтың туған күні.Мұқағали атамыздың туған күніне орай ұйымдастырылып отырған «Мұқағали әлеміне саяхат» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Бүгінгі кеште ақын өлеңдері мен поэмаларынан үзінділер оқылып,ақын өлеңіне жазылған әндер шырқалып,ақын шығармаларына байланысты суреттер салынып және де жас қаламгерлер өз шығармаларын оқитын болады.

Қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз кеңшарында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті аудан орталығы Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін жаза бастаған болатын. 1948 жылы мектепті жақсы аяқтап, алғаш рет Алматыға шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне түседі. Бірақ өз жағдайы, ауылдағы екі анасы мен қос інісінің жағдайы оны оқудан шығуға мәжбүр етеді. Сөтіп, ол ауылға қайтып келеді, үйленеді, ауыл мектебінде мұғалім болады. Кейін 1962 жылы маусым айында Алматыға көшіп келіп, осы жерде өзінің көптеген шығармаларын дүниеге әкелген. 1976 жылы Алматыда дүниеден озды.


Мұғалім: Ия,Мұқағали –ғажайып,ақиық,сыршыл,гуманист ақын.Ол бізге көрінбейтін бояулардан,бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.

ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясында қара өлеңнің құдіретін паш еткен Мұқағали Мақатаев жыр сүйер әр жүрек түкпірінен мәңгілік орын тепкен ақын. Мұқағали өлеңін оқыған адам одан өзінің мұңын, ренішін, қуанышын, жалпы айтқанда өзінің өмірін көреді. Себебі, Мұқағали –шыншыл поэзия жасаған ақын. Оның поэзиясы- халықтың жан жүрегі мен көңіл күйі.

(Бейнетаспадан Мұқағали атамыздың өз даусымен оқылған «Қазақ даласы» өлеңі тыңдалады).

1-жүргізуші: «Поэзия-жүрек тілі» кезеңі бойынша оқушыларымызға кезек берелік.Ақынның өз туған күніне арнап шығарған өлеңі «Арыз жазып кетейін».

Мұқағали жырлары өз туған жерінің тамаша табиғатын, мейірімге толы жан сезімдерін айтып, ойды шарықтатуға, келешекке үлкен үмітпен қарауға тәрбиелейді. Ақынның туған жеріне деген сағынышын «Қарасаз» өлеңінен көруге болады.(«Қарасаз» өлеңі оқылады)

2-жүргізуші: Мұқағалидың 10 жасында әкесі соғысқа аттанады. Бала кезінен еңбекке ерте араласып, тез есейді. Жесірлердің көз жасын, әкесінен қара қағаз келген жетімдердің мұңын, бейнетті өмірді көрді. Мұқағали сол кезден бастап өлең шығара бастаған екен. Ең алғаш әкесіне арнап «Әке аманаты» өлеңін жазды. («Әке аманаты» өлеңі оқылады)

1-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев кезінде ән жайында: «Бүгін де халық әнді көп айтады. Шүкір, өлеңді сүйетіндер де аз емес. Бірақ жақсы әнге жақсы өлең қосылса, бір ғажап қой» деген екен. Сол айтқанындай Мұқағали сөзіне жазылған көптеген әндер дүниеге келген-ді. «Ән көңілдің ажары» кезеңі бойынша Мұқағали сөзіне жазылған әндер орындалады. Соның бірі Мадина Ералиеваның орындауындағы «Есіңе мені алғайсың» өлеңін бейнетаспадан тыңдайық.

2-жүргізуші: Мұқағалидың ерекшелігі-ешқандай әлемге,шеңберге сыймайтындығында. Мұқағалидың басқа ақындардан артықшылығы-табиғи талантында,ойының кеңдігінде,қазақтың қара сөзінің қаймағын бала кезінен қанып ішкендігінде.

1-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев 1000 –нан астам өлең жазып, Ильич,Райымбек,Аққулар ұйықтағанда тәрізді тағы да бірқатар поэма –толғаулар, көркем аудармалар қалдырды.Ақын қай тақырыпта жазса да,жан жүрегімен тебіреніп,ақылдың шабытпен,суреткерлік шеберлікпен жеріне жеткізе жазады. Мұқағали Макатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық көрініс.

2-жүргізуші: Талай түскен ақын жаны талқыға ,

Сөйтіп жүріп сыр ақтарған халқына

Мұқағали тек қана ақын болатын

Сауысқандар атанғанда «Қаршыға»

Тірлігінде шекпен келмей,шен алмай

Еңбегінің қызығын да көре алмай,

От боп жанып өмір кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді –ай,-деп Айтақын ағамыз жырлағандай,өлеңінен рухани азық күш жинап,қажетіне қарай халқына бақыт сыйлаған ақиық ақынымыз ешкімнен кезінде енші сұраған емес.


ҚОРЫТЫНДЫ :

Мұқағали Мақатаевтың көзінің тірісінде 11 жинағы,1 таңдамалысы шығып,халыққа кеңінен мәлім болса да ресми өкімет орындары тарапынан лайықты бағасын алмады.Тек өмірден кеткеннен кейін ғана жан-жақты мойындалып,1 томдық,3 томдық кітаптары жарық көріп,50-60 жылдық мерейтойлары Республика көлемінде кеңінен аталып өтті.

Ғасыр ауысар тұста Қазақстан Жазушылар Одағының шешімімен Мұқағали «Ғасыр ақыны» атанды.Міне,енді жалпы халықтық сүйіспеншілікке әлдеқашан ие болған ақын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына өзінің 70 жылдық мерейтойы қарсаңына ие болып отыр.

Тас жүректі тілімен тілімдеген ұлы ақын есімі қазақ халқымен бірге ғасырдан ғасыр асады.Әлі сан мың жас толқын Мұқағалидың жыр теңізінде жүзіп,қара өленнің түнығынан дәм татады.Таңдайына бал шырындай сөз маржаны сіңгенде,ана тілінің уызын сезініп тамсанады.Қазір біздің буын дәл сондай күйде.

«Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» дегенді ақын тегін айтпаған.Ал, өлеңі өлмегенде өзінің де мәңгілік ғұмыр кешетініне сенген.Ендеше, «Күпі киген қазақтың қара өленің,шекпен жауып өзіне қайтарған»ұлы рухына әрдайым бас ие жүрелікші.

«Жүрегінен жұлдызша тұмер ойған» ақынның өлеңдері шарықтай беретініне сеніміміз мол. Ән «Есіңе мені алғайсың»






Автор
Дата добавления 22.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров950
Номер материала ДВ-087353
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх