Инфоурок Начальные классы Презентации"Әліппе - білім анасы" ертеңгілігі.

"Әліппе - білім анасы" ертеңгілігі.

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Әліппе – білім анасы


Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың әліппеден алған білімдерін жинақтау.

2.Әр оқушының іс-әрекеті арқылы икемділігін , қабілеттерін көрсету,

шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.

3.Оқушыларды жақсы оқуға, өзін-өзі басқаруы мен ата-анаға

өнерлерін көрсетуге, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсуге, ана

тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: ертеңгілік


Сабақтың көрнекілігі: әліппе макеті, ана тілі макеті, суреттер, нақыл

сөздер, шарлар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Негізгі бөлім.

Автор: Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп.

Келе жатыр көшеде,

«Қайда әлгі мектеп» деп.

Ата: Балам, балам жақсы бол.

Міне, сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол тентегім.

Немере: Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейіріммен,

Қадамымды құп алып.

Мұғалімнің мерекені ашуы.

Қоңыр күзде қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген бүлдіршіндер бүгін бір асудан асты , «Айналайын» деген ет жүректі елжірететін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзінен бастау алған бөбектер бүгін Әліппе оқулығымен қоштаспақшы.

Мереке баршаңызға құтты болсын!

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Бүлдіршіндерімізді шақырайық ортаға.

(музыка ойнап тұрады. Оқушылар қол ұстасып алға шығады)

Ұрпағы ұландары текті жердің,

Қашанда болмысына сүйенемін,

Келешек ғалымдар да, даналар да,

Шығады өздеріңнен деп білеміз.

Гүлжауһар: Өлшеулі ар-намысы халқымыздың,

Қорғаны адамдық пен салтымыздың.

Армысыздар, аяулы ұстаздарым

Сенері сендерсіңдер халқымыздың.

Әліппе-Білім бұлағы

Әліппе-Өмір шырағы

Әліппе- Білім көзі

Әліппе – Ұстазымның сан айтқан ақыл сөзі.

олай болса, «Әліппе – білім анасы» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Ән: «Әліппе»

Бота: Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені, біз тұңғыш рет

сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.

Диас: Біз енді кез-келген сөздерді, сөйлемдерді тіпті қысқа әңгімелерді

оқи аламыз.

Ералы: Осы уақытқа дейін сурет салуға, ән айтуға, есептеуге, денемізді

шынықтыруға, еңбек етуге мұғалімнің көмегімен дағдыланудамыз.

Мұғалім: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қояйын соған жауап

айтыңдаршы.

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе, Әліппе.

Әліппе: Армысыздар, жас достар!

Армысыздар ата-ана!

Менің атым –Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен,

Бауыржан да Мәлік те!

Зарина: Әліппем менің әліппем

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.



Бота: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреткен оны Әліппе.

Әліппе: Құрмет көрсеткендерің үшін көп рахмет!

Мен сендердің қуаныштарыңды бөлісуге келдім.

Мұғалім: Әліппе бүгінгі кешіміздің ең қадірлі қонағы. Сіз сондықтан

құрмет тағына жайғасыңыз. Достарыңыздың өзіңізден алған

білімдерін тамашалаңыз.

Әліппе: Балалар, мен бұл мерекеге қуана толғана келіп тұрмын. Және

өзімнен бастау алатын өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа

достарың - Ана тілін шақыра келдім.

Хормен: Ақыл ойын даланың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім – ардақты,

Ана сүтіндей анамның.

(Ана тілі оқулығы ортаға енеді)

Ана тілі: Армысыздар, жас достар. Менің атым – Ана тілі енді мені

оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсені

үйренесіңдер.

Мұғалім: « Әліппе » біздің білім есігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса, «Ана тілі» сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болса, Алдымен мынаған жауап берейікші.

Осы біз қандаймыз!

1.Талабы биік таудаймыз.

2.Мың бұралған бишіміз.

3.Күмбірлеген күйшіміз.

4.Біз қызықпыз2, сәл еркелеу бұзықпыз.

5.Біз шеберміз.

6.Ақылдымыз

7.Үлкенге ізеттіміз

8.Көп оқимыз, терең оқимыз

9.Біз қазақ елінің болашағымыз.

Әліппе: Достар, сендер менен не оқып, не үйрендіңдер?

Хормен: Әріптерді, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең, ән үйрендік.

Жақсы рахмет, достарым, көп біледі екенсіңдер.

Қазақ әліпбиінде неше әріп бар.

Хормен: Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар.


Ал, балалар әріптер шежіресін бастайық.

Гүлжауһар: Алфавиттің «А» тұрады басында. Әрқашанда «Ә» тұрады

қасында, Байқадың ба «Б» тұрады үшінші. Ал осының сыры

неде түсінші.

Зарина: А – деген ол аналар ғой ардақты,

Ә -деген ол әкелер ғой салмақты.

Б- деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Диас: Атыраудың айдыны

Алтай таудың айбыны.

Астанамыз – Астана

Бас қаламыз – Алматы

Ералы: Ата-баба жерінің қасиетін мен білдім

Әжеміз ғой үйреткен

Әліппесін өмірдің.

Бота: Бейбітшілік бар адам жүрегінде,

Бейбітшілік бар адам тілегінде.

Гүлжауһар: Ғарышкері саламның

Намысты ер даламның

Тоқтар сынды ағамның

Ізбасары боламын.

Зарина: Жас ұланбыз, жастармыз

Жарқын істер бастармыз

Жерімізді түлетіп,

Жайнатып-ақ тастармыз.

Ералы: Отан – менің ата-анам

Отан – өлкем, астанам

Отан –досым, бауырым

Отан –туған ауылым.

Зарина: Өркенің өссін дер атам

Өкпешіл болма деп апам

Өсек айтпа деп әкем

«Өнерлі бол дер анам»

Бота: Е дыбысын өткенде

Саяхатқа шықтық біз

Ертегілер еліне.

Ән: Ертегілер (8 қыз)




Әліппе: Құрметті оқушылар!

Сендердің ынталы, білімді, ақылды екендеріңе көзім жетті. Қоштасатын уақыт та келді.

Гүлжауһар: Біз енді әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр ашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

Бота: Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті әліппем

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім.

Бәрі: Қош, сүйікті Әліппе!

/ Әліппе бата береді./

Сағаттың жаңылма есебінен,

Өзің оян, өзің тұр төсегіңнен,

Дер кезінде тамақтан,

Кешікпей кеп сабақтан.

Оқуда зейінді бол,

Еңбекке бейімді бол,

Кір шалмасын берттерін,

Таза болсын дәптерің,

Күнделіктерің беске толсын.

Әумин.


Қош, менің кішкентай шәкірттерім.


Диас: Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет ұстаз алғашқы.

Зарина: Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен.

Әліппе мен ұстазға,

Бас иеміз құрметпен.


Ән «Жас дәуірдің түлегіміз »



Мұғалім: Балалар, енді сендердің жаңа достарың - ана тілі. Сондықтан

Әліппені қалай меңгерсеңдер, Ана тілін одан да жақсы

меңгеруге сөз бересіңдер ме?

Иә:

Мұғалім: Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой – деп ақын

атамыз жырлағандай осы бес қасиетті бойымызға дарыту

үшін ана тілін меңгеруіміз керек.

Ана тілі: Балалар , енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп

қызықты әңгімені айтып беремін.

Мұғалім: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің әр айың,

Тойларың құтты болсын ата-ана,

Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын.

Әрі қарай балалардың өз күштерімен әзірлеген жеке номерлерге кезек берейік.

1. тақпақ. «Қазақстан менің Отаным»

2.Қошақаным қайда екен (барлығы)

3.Бала тілегі (3 қыз)

4.Би «Көңілді ән»

5.Әнші балапан

6.Гена туралы ән.

Ертеңгілік аяқталды.




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әліппе - білім анасы" ертеңгілігі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 650 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 791
    • DOCX 18.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ергалиева Батима Каленовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ергалиева Батима Каленовна
    Ергалиева Батима Каленовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8005
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 273 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 44 человека