Инфоурок Начальные классы Конспекты"Әліппе - білім бастауы" ертеңгілік

"Әліппе - білім бастауы" ертеңгілік

Скачать материал

 

1-бет

Қош    сүйікті    Әліппе.

Мақсаты:  білімнің  бастауы  болған  «Әліппеден»   үйренгендерін   тиянақтау,  өнерлерін  тамашалау.Білімдерін   арттырып,  сөз  байлығының  молайғанын,  саналарының  өскенін  көрсету.Отанын,  мектебін,   ұстаздарын,  ата-аналарын  құрметтеуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  шарлар,  әріптердің  макеті,  білімге  байланысты  қабырға  сөздері.

Барысы:  Әнұран  орындалады.

Жоспары:

1.Әліппемен   достасып,  әліппемен   қоштастық.

2.Оқусыз  білім  жоқ,

Білімсіз   күнің  жоқ

3.Өнерлі  өрге  жүзер.Әдеби    музыкалық  монтаж.

Мұғалім:   Құрметті  ата-аналар,  ұстаздар,  оқушылар!Бүгін  бізде  үлкен  мереке.Себебі  кеше  ғана  мектеп  табалдырығын  аттаған  кішкене  бөбектеріңіз,  ең  алғаш  тілін  ашқан  ғылым  дүниесінің  алғашқы  есігі   білімге  бастайтын  алғашқы  соқпақ   Әліппемен  қоштаспақ.Балаларыңыздың  алғашқы  қадамы  әліппемен  қоштасу  тойы  құтты  болсын!

  Балалар  зейіндерің   зерек  болсын,

Көңәлдерің  көк  жиектей  кең  болсын.

Жүректерің  тау  суындай  таза  болсын,

2-бет

Ақылдарың  асқар  таудай   биік  болсын  деп   бүгінгі «Қош  бол,   Әліппем»  атты  ертеңгілігімізді   бастауға  рұқсат  етіңіздер.

Көрініс: «Мектепке  алғаш  келген   оқушы»

Апасы: мынау  мектеп.Бұл  жерде  білім  аласың

Қызы:  Менің   оқығым  келмейді,  мен  кірмеймін,  қорқамын.

Мұғалім:  Неге  қорқасың,   жылама  мен  саған  көмектесемін.

Апасы  кетеді.Мұғалім  алып  кіреді.

1.шаттық   шеңберін  құру.Оқушылар  шеңбер  жасап  тұра  қалады.

2.Танысу.Әр  оқушы  өз  аттарын  айтады.

-Енді  жаңадан  келген  оқушы  өз  атын  айтады.

-Балалар    бізге  жаңадан  оқушы  келіп  отыр.Сендер  қуаныштысыңдар  ма?

Иә.

           Қуанамын   мен  де,

           Қуанасың  сен  де,

           Қуанайық  достарым,

           Арайлап  атқан  күнге!

Сапқа  тұрады.

-Балалар  енді  сендер   кімсіңдер?

-Оқушымыз (   хормен)

 

 

 

3-бет

1-оқушы  Жансерік

Алақай,  ау  алақай

Бұдан  былай  мен  енді

Емеспін  жай  балақай.

Осыдан  да  көлемді 

Оқи  алам  өлеңді

Бардым  бүгін  мектепке

Оқушымын   мен  енді.

 

1-жүргізуші

Қайырлы  күн,  уа  халайық!

2-жүргізуші

Армысыздар  мұғалімдер   әз  жандар,

Білім  іздеп,  инемен  құдық  қазғандар.

Құшақ  жая  қарсы  аламыз  сіздерді,

Би  биленіп,  ән  де  бүгін  шырқалар.

1-жүргізуші

Қош  келіпсіз  ақ  жаулықты  аналар,

Жүздеріңнен  мейірім  мен   нұр  толар.

Алдарыңда   жауқазындай  құлпырған.

Біз  алаңсыз  балғын  шақты  балалар!

 

4-бет

2-жүргізуші

Армысыздар,  аталар  мен  апалар!

Әліппемен  қоштасу  тойы  құтты  болсын!

1-жүргізуші

Білім  ордасы  не  деп  аталады?

Оқушылар:  Мектеп.

2-жүргізуші

Сәлем  саған  мектебім

Алғыстарым  көп  менің

Оқу  ,  білім,  тәрбие.                            

Ой  санама  еккенің.

2-жүргізуші

Білім  берген  адамды  кім  деп  айтамыз?

Оқушылар:  мұғалім

1-жүргізуші

Білім  алған  өзіңнен

Дәрігер  ұшқыш  не  ғалым.

Саған  ыстық  сезіммен,

Қарайды  жұрт  мұғалім.

«Ұстазым»   әні  орындалады.

Мұғалім:  Балалар,  сендер  ең  бірінші  рет   қолдарыңа  қызықтаған,  сонан  соң  әріптер  танытқан    оқулықтарыңның  аты  не?

Оқушылар:Болашаққа  жол  ашар

Ол  сүйікті-Әліппе!

Ол  сүйікті-Әліппе!

М:  Ендеше  балалар ,  әліппені  ортаға  шақырайық.

Хормен:  Әліппе,Әліппе,Әліппе.

Әліппе  ортаға  шығады.

Сәлеметсіңдер  ме  балалар!

Армысыздар  жас  достар!

Армысыздар ,  жол  бастар!

Әліппең  келді  ортаға

Білім  деген  ғажайыптың,

Әліппесін   меңгерген

Келешегі  қазақтың,

Басталады  сендерден.

Таудай   болсын  талабың,

Айтары  көп  әріптің

Қуанышы  баланың

Қуанышы  ананаң,

Жақсы  білім  көрімдік

Болсын   бізге  халайық.

Не  үйрендік,  не  білдік,

Қане  ортаға  салайық!

1-оқушы

Таныстырып   әріппен

Мынау  кітап-әліппең

Әліппе  деген  аты  оның,

Басталаған  қай  әріптен

2-оқушы

 

Дос  қуанар   балаша,

Өмір  сүрер  жараса

Достарымыз  көбейді,

Сан   жетпейді  санаса

 

3-оқушы

 

Ғарышкері  ғаламның

Намысты  ер  даламның

Тоқтар  сынды  ағамның,

Ізбасары  боламын.

 

 

Ашық   күннің  жыры  боп

Қалықтай  бер  көгершін

Бейбітшілік   жыры  боп

Шарықтай  бер  көгершін.

 

4-оқушы

Отан –менің  ата-анам

Отан-өлкем,  астанам.

Отан –досым  бауырым,

Отан-туған  ауылым.

 

5-оқушы

Алфавиттің  «А»  тұрады  басында

Әрқашанда  «Ә»  тұрады  қасында.

Байқадың  ба «Б»  тұрады  үшінші,

Ал  осының  сыры  неде  түсінші.

 

«А»деген  ол  аналар  ғой  ардақты

«Ә»  деген  ол  әкелер ғой  салмақты.

«Б»  деген  ол  балалар  ғой  әдемі

Біздің   елде  үшеуі  де  кәделі.

 

6-оқушы

Өнер  іздеген  өсер

Өсек  іздеген  өшер

 

7-оқушы

«Б»  дыбысын  өткенде  дастарханға  бата  беруді  үйрендік.

Берейін  бата  асыңа

Амандық  берсін  басыңа.

Қыдыр  келсін  қасыңа,

Бар  екем  деп  тасыма,

Жоқ  екем  деп  жасыма.

Еңбек  етсең  ерінбей

Дәулет  келер  қасыңа.

Әумин!

 

8-оқушы

 

О  дыбысын  өткенде   ою  оюды  үйрендік

Ою  ойған  сызу  да  сызады.

Шебер  көп  жерде   ою  көп.

Ойсыздан  ою  шықпайды.

9-оқушы

Гүл  өсірсем  үйде

Су  құямын  гүлге

Күнде  гүлін  ашады.

Жұпар  иісін  шашады.

 

 

10-оқушы

Жаңа   жылды  қай  айда

Қарсы  аласың  тойлайсың

Ең  басында  ол  сөздің

Қай  әріп  деп  ойлайсың?

 

11-оқушы

 

Мен  үшін  жақсы  адам,

Артық  көрем  басқадан

«Ата-ана»   сөздерін

Қайсы  әріптен   бастаған?

 

12-оқушы

Алфавитті  біліңдер

Онда  жүйе  қалып  бар

Біздің  қазақ  тілінде

42   әріп  бар.

 

.

 

 

 

 

 

13-оқушы

Мен  үшін  жақсы  адам,

Артық  көрем  басқадан

«Ата-ана»   сөздерін

Қайсы  әріптен   бастаған?

 

Хор: «  Мұғалім  ол  біздің»

 

ІІ.Бөлім  «Оқусыз  білім   жоқ,білімсіз  күнің   жоқ»  деп  аталады.

1-жүргізуші

 

Құрметті  ұстаздар  ,  ата-аналар!

Бүгін  бізде  үлкен  қуанышты  күн.Біз  алғаш  мектепке  келіп,  оқу,  жазу  үйренген  алғашқы   оқулығымыз   әліппені  аяқтап,  қоштасқалы  отырмыз

 

2-жүргізуші

 

Алғаш  қолымызға  гүл  алып,  мектеп  табалдырығын  аттап  өткелі  4 ай  уақыт  өтіпті.Осы  уақыттың  ішінде  біз 42 әріпті   үйреніп,  енді  өзіміз  оқып,  жаза  білеміз.

 

1-оқушы

Оқуды  көп  ойладық,

Қызығына   тоймадық

Әріптерді  үйреніп

Сауат  аштық   тоймадық.

 

2-оқушы

Әліппе  -білім  анасы,

Әліппе  кітап   данасы,

Әліппе  бетін  ашпаған,

Адамның  бар  ма  баласы?!

 

3-оқушы

Келгенде  алғаш  мектепке

Білмеуші  едік  әріпте

Оқимыз  қазір  ертекті

Үйреткен  оны  әліппе.

 

 

4-оқушы

Енді  біз  жаза  білеміз

Әріпті  қосып  әріпке

Риза  боп  саған  жүреміз

Сүйікті  біздің Әліппе.

 

 

5-оқушы

Өзім  ұстап  кітапты,

Жалынбадым  ағама

Қуанды  анам  оқудан

Алған  бестік  бағама.

 

1-жүргізуші

Армысыңдар,  аналар!

Бармысыңдар  балалар!

Сөзіме  құлақ  салыңдар,

Бір  серпіліп  қалыңыз!

Әліппеге  арналмақ,

Бүгінгі  жыр  әніміз!

 

6-оқушы  Айбат   Ақмаржан

Келгенімде  алдыңа,

Қызыл  арай  гүл  алып,

Жақын  тарттың  жаныңа,

Шәкіртім  деп  қуанып.

Сипадың  да  басымнан,

Әліппені  ұсындың

Бақытымның   осыдан

Басталғанан  түсіндім.

 

 

7-оқушы

Бәрімізді  сүйіп  өткен,

Балаларға  үйреткен

Әліппе  мен  ұстазға,

Бас  иерміз  құрметпен!

 

 

8-оқушы

Шай  ішетін  қоюлап

Жақсы  көрем  атамды

Сырмақ  сырған  оюлап

Жақсы  көрем  апамды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таныстырған  42  әріппен,

Қош  бол,  менің  қасиетті  Әліппем.

Сенің  арқаң   оқи  жаза  білгенім,

Сауатты  адам  қатарына  кіргенім.

 

Әліппе: - Қазақ  тілінде  неше  әріп,  неше  дыбыс  бар?

-          Дауыссыз  дыбыстар  неше  түрге  бөлінеді?

Төтеп  берген   не  сынға,

Қайыспаған  ауырға,

Адал  болып  досыңа

Бас  имеген  жауынгер,

Елдің  аты  кім  балалар?

Оқушылар.  Қазақ

Дархан  жері  бар,

Қонақжай  халқы  бар

Қай  ел?

Хормен :  Тәуелсіз  Қазақстан!

 

9-оқушы

 

Оқымап  ем  «бір»  алдым,

Кейіп  қалды  мұғалім.

Әкеп  едім  екілік

Мамам  шықты  жекіріп.

Үш  алғанда  байқадым

Папам  басын  шайқады.

«Бес»  деп  бүгін  кеп

Қалды  бәрі  күлімдеп

 

 

 

10-оқушы

Баланың  да   тірегі

Дананың  да  тірегі,

Шаншылмасын  ешқашан 

Аналардың  жүрегі.

 

11-оқушы

Ақыл  құйған  санама

Күннен  де  артық  расында.

Күн –алыста,  ал  анам,

Ылғи  менің   қасымда.

Бізді  осындай  күнге  жеткізіп,  бірге  қуанып,  бірге  ренжіп  жүрген

  Әкелеріміз  бен  әжелеріміз,  аналарымызға,  ұстаздарымызға   мың  алғыс.

Менің  және  менің  шәкіртім    Абылайдың   орындауындағы  «Анашым»  әні  сіздерге  арналады  құрметті  ата-аналар!

12-оқушы

Атағым  Алатаудай  болып  биік

Тұрсам  да  төбем  өсіп,  көкке  тиіп

Алдыңда  әрқашанда   тағзым  етіп,

Тұрамыз «Ұстазым»  деп  басымызды  иіп.

 

13-оқушы

Өтті  оқудан  сан  сабақ

Бүгін  үлкен  салтанат

Оқулықмен   достассақ

Әліппемен  қоштассақ.

Өсті  білім,  бойымыз

Хормен:   Құтты  болсын  тойымыз

 

14-оқушы  Абай  мен  Ахмади

Бар  кітапқа  бас   болған

Әліппе-ғылым  анасы.

Әліппеден  басталған

Даналықтың  данасы.               

 

Мектебің  мынау  класың

Осында  он жыл  тұрасың.

Тарыдай  болып  кіресің,

Таудай  болып  шығасың.

 

 

 

1-жүргізуші

 

Бір  жылда  неше  ай  бар?

Бір  жылда  неше  мезгіл  бар?

Бір  аптада  неше  күн  бар,  ата?

 

Әліппе  :  Балалар  сендер  мақал-мәтел  білесіңдер  ме?

-Иә

1-оқушы  Жансерік

 

Оқу  инемен  құдық  қазғандай

Оқу  білім  бұлағы

Білім  өмір  шырағы

Туған  жердің  қадірін

Шетте  жүрсең   білерсің.

Туған  жердей  жер  болмас

Туған  елдей  ел  болмас.

Досы  көпті  жау   алмайды

Ақылы  көпті  дау  алмайды.

Ақққуды  атпа,  досыңды  сатпа.

 

2-оқушы  Бекжан

Әдепті  бала-  арлы  бала,

Әдепсіз  бала  сорлы  бала

Білекті  бірді  жығады,

Білімді   мыңды  жығады.

Оқусыз  білім  жоқ

Білімсіз  күнің  жоқ

Математика

М:  Балалар  біз  санау  білеміз   бе?

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0

Санамақ  білеміз  бе?

Жұмбақ  жасырады.

 

 

Жансерік

Бір  дегенім  -бесік,

Шықтың  содан  өсіп.

 

Екі  деген-елім,

Далам,  тауым,   көгім

 

Үш  дегенім-үміт,

Үміт  артар  жігіт.

 

Төрт  дегенім – төзім,

Төзе  білем  өзім.

 

Бес  дегені-бақыт,

Бағалайтын  уақыт.

Алты  деген-ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

 

Жеті  деген-жалау,

Жүректегі  алау.

 

Сегіз  деген-сөзің,

Серт  беретін   кезің.

 

Тоғыз  деген – тоқтау,

Елдің  жоғын  жоқтау.

 

Он  дегенім –Отан,

Қорға  соны  ботам!

 

 

Әліппе:   Еліміздің  астанасы  қай  қала?

О:  Астана

Жаңабек

Бабалардың  көзіндей

Даналардың  сөзіндей

Ұлы  дала  тұрғызды

Ұлы  қала  өзіндей.

 

Отанымның   төрінде,

Сарарқаның  өрінде

Ту  ұстаған  Астанам-

Әсем  қалам,  бас   қалам!

Хор: «  Әліппе» әні  орындалады.

 

«Бақа»  өлеңін  сомдау.

«Күншіл  үйрек»  ертегісін  мазмұндап  айтып  беру.

 

Енді  балалар  мен  кетейін  Сендердің   білімдеріңді  көріп риза  болдым.Мені  жақсы  игеріпсіңдер.Енді  оқитын  достарың  Ана  тіліні  ортаға  шақырайын.Ал  жақсы  сау  болыңдар  балалар!

Рахмет ,   саған  әліппе!

Ана тілі

Сәлеметсіңдер  ме  балалар!

Мен  ана  тілі  оқулықтарың  боламын.Енді  сендер  меннен  оқып,  білім  аласыңдар.

Ана  тілің  біліп  қой

Еркіндігің  теңдігің

Ана  тілің  біліп  қой

 Қуанышың  елдігің

ІІІ.Бөлім  «Өнерлі  өрге  жүзер»  деп  аталады.

Бүгінгі   бүлдіршіндердің   өнерін  тамашалайсыздар.

 

Сахнада  өлең  айтса  талдырады,

Өлең  оқыса  жүректі  жандырады.

Күзгі  балдың  жүлдегер  атағы  бар,

Бекжан  біздің  өз  ізін қалдырады.-дей  келе  сахна  төріне «Не  деу  керек?»   әнімен  Сайынбекұлы  Бекжанды  қарсы  алайық. 

 

Гүлназ  адал  жүрек,  ақкөңіл  қыз,

Сыйлаймыз   жақсы  қыз  деп  сіз  бенен  біз

Өнері  бар  бойында  тұнып  тұрған, 

Өнерлі  бол  әрқшан   кішкентай  -  дей  келе  Айгөлек  ән  -би  байқауының  ІІ  орын  иегері   Тәңірберген  Гүлназды  өзбек  биімен  ортаға  шақырайық.

 

Ақмаржандай  әншіміз  бар  мақтанамыз,

Әніне  рахаттанып  шаттанамыз.

Талантымен  талайды  табындырыр

Ақмазжанды  «қуыршағым»  әнімен  қарсы  аламыз.

 

 

Енлігі  кезекті  1 класс  оқушыларының   жас  бишілеріне  береміз.Жастар  биі.

 

 

Азаматқа   мінекей  кезек  келді,

Қызыл  тілі  жыр  айтып безіктеді.

Жігіт  боды  айтсақта  сенбейді  ешкім

Қаншама   бұзық,  тентек   десекте  енді.

Айгөлек ән-би  байқауының   І орын  иегері    зарлық  Азаматты  «Қазақ   жастары»  әнімен   ортаға  шақырайық.

 

 

 

Орыс  халқының  биін  тамашылаңыздар  ағайын.

 

 

Келесі  кезекті  тағы  да  әнге  береміз.  «Қошақаным»  әнімен   Бегежанқызы  Ақмаржанды  ортаға  шақырамыз.

 

 

 

 

Жастар  биімен  жас  бишілер  тобын   ортаға  шақырамыз.

 

 

 

Бүгінгі     күн  біздер  үшін   той  басы,

Ырым  етіп   тойымыздың  соңында.

Ақ  тілектер  мен   айтар  батасын

Біздер  дайын  ақ  тілекті  тыңдауға.

 

 

Құрметті  ата-аналар,  ұстаздар!

Балалардың  білімі  құтты  болсын!

Денсаулығы  ауырмайтын  мықты  болсын!

Білімдерін  ары  қарай  дамытатын

Ерінбейтін  еңбекқор   мықты  болсын!- дей  келе  «Қош    бол,  әліппем»  атты  ертеңгілігімізді  аяқтаймыз.Келгендеріңізге  көп-көп  рахмет.!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әліппе - білім бастауы" ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 247 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 786
    • DOCX 425.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолмұратова Жайдарман Қуандыққызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42481
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 207 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 436 человек

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека