Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Әліппе - білім бастауы" 1 класс
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

"Әліппе - білім бастауы" 1 класс




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов



Тақырыбы: Әліппе – білім бастауы.
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу

Автор: Диана
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп,
Келе жатыр көшеде,
Қайда әлгі мектеп деп.
Жетпіс келеді сүрініп,
Жеті келеді жүгіріп.
Ата:  Айбар
Балам, балам жақсы бол,
Міне, сенің мектебің.
Сабағына зейін сал,
Ақылды бол, тентегім.
Немере:  Азат
Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз мейіріммен,
Қадамымды құп алып.

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Бүгін сіздер 1сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Ортаға әліппемен қоштасқалы отырған барлдырғандарымызды шақырайық.

Әуенмен: ортаға келеді

Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата-ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты,
Барлық маман мектептен аттанады.
Құттықтау сөз:

Ұлағатты ұстаз,мектеп директоры Адилхан Темирхан Адилханұлына беріледі.
1 - басқарушы: Абдунұр.

Так, так, так
Бәрің бері қараңыз.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?
2 - басқарушы: Нұрсат.

Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзынқұлақтан
1 сыныбында салтанатты шара бар дегенін.

1- басқарушы: Абдунұр.

Ассаламағалейкум, уа, халайық!
Армысыздар аналар,
Бармысыздар балалар,

Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр, әніміз!

2-бастаушы:

Нұрсат:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.
1- басқарушы: Абдунұр.

Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билемекке.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппемен.
2-бастаушы: Нұрсат

- Ал ендігі кезекті сыныптастарымызға берейік.

1 - оқушы: Диана Кавалхаан.

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

2 - оқушы: Нұрхан

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Алдияр: – Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.
Мира: – Мен енді алыстағы  туыстарыма өзім-ақ хат жазып,қысқа әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламын, қуаныштымын.

Еркеназ: – Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. сурет салуға,
ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге үйретті.
Ән: Біз өмірдің гүліміз (Хор)
Мұғалім: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім:

- Олай болса, бәрімізге ең қымбат

Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе!

Әліппе: Мадина
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.

Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.

Әліппе: - Осы сендер қандайсыңдар?

Азат:
- Талабы биік таудаймыз.

Альбина:
- Мың бұралған бишіміз.

Данияр:
- Біз шеберміз.

Қалыбек:
- Ақылдымыз.

Ердәулет:
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

Қуаныш:
- Көп оқимыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Тақпақтар:

2- басқарушы: Нұрсат

Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.

1 - басқарушы: Абдунұр.

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата – ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз,

1-оқушы:Еркеназ

Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.

2-оқушы: Қуаныш

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді

3-оқушы:Нұрхан
Әліппем-жаттаған жақсы әнім,

Сенімен мектепті ашқаным.

Ұстаздың соңына ілесіп,

Бастадым білімнің дастаның.

4-оқушы:Мира

Оқитын әрі жазатын

Білімге қол созатын.

Оқушы болдық сауатты,

Білімнің кілтін ашатын.

5-оқушы:Азат

Әліппем, менің Әліппем,

А деген бастап әріппен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

6-оқушы:Асылан

Осылай алға бастадым

Әр әріппі жаттадым,

Жаттаған сайын әріпті,

Сөз құрапжаза бастадым.

7-оқушы:Қалыбек

Іші толы әріпке,
Мынау – әйбат Әліппе.
Барлық ілім-білімнің,
Әжесі – осы Әліппе!

8-оқушы:Әділ

Жазуды да жазамыз,
Суретті де саламыз.
Нұрға толған санамыз,
Біз өнерлі боламыз.

9-оқушы:Бекжан

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз - ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жауырыннан қаққаның.

10-оқушы:Диана К

Ұйретіп бізге алғаш Әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой - арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Ән: Әліппе,Әліппе! (хор)

11-оқушы:Альбина

Жақсы кітап әліппе,
үйретеді әріпке,
Қуыршақпен қоштастым,
Әріптермен достастым.

12-оқушы:Ердәулет

Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.

13-оқушы:Нұрберген

Әліппе-білім анасы, Әліппе –кітап данасы. Әліппе бетін ашпаған, Адамның бар ма баласы?!

14– оқушы :  Қуандық

«Әліппем», менің «Әліппем» Сені қолға алып мен.   Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен.

15. оқушы : Ринат Ашыла берді алдымнан Кең дүние есігі Соғылған сандар алтыннан, «Әліппе»-білім бесігі.

16- оқушы:  Диана.  «Әліппе»деген -алтын жол, Апарар сені алысқа. Жеңіл емес, ауыр жол, Тырмысып бақ намысқа.

17-оқушы. Данияр Оқуды көп ойладық, Қызығына тоймадық. Әріптерді үйреніп, Сауат аштық, тойладық.

18-оқушы:Айбар Болашаққа жол бастар, Балаң келді ортаға Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген. Болашағы қазақтың, Басталады біздерден.

19-оқушы:Алдияр

Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.

Жүргізуші:Нұрсат Балаларға ақ тілек.
Жүргізуші:Абдунұр   Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
Әліппе саған рахмет.
Әліппе: Жарайсыңдар, менің ақылды достарым!
Сендер әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер.

Мен сендерге ризамын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын!

Қош сау болыңдар!
Жүргізуші: Нұрсат Бәрімізді сүйіп өткен,
Жүргізуші: Абдунұр Балаларға үйреткен.
Хормен. Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.

Ән. « Жарқын жұзді ұстазым» (Хор)

Ойын: «Қар жауады жапалақтап» 3-оқушы оқу өнерін көрсетеді.

Мира,Абдунур, Нұрсат.

Мұғалім: Балалар ,енді Әліппенің орнына Ана тілі, жазудың орнына Қазақ тілі кітаптарын оқитын боласыңдар.

Бізге,Ана тілі кітабы қонаққа келіпті

Мұғалім:Қош келдіңіз,ана тілі

Ана тілі: Жарқынай

Сәлем достар ой, саналы,

Әрбір сөзі ой салады.

Ғылым тәлім өнарім көп,

Достасқанға берерім көп,

-Балалар енді мені оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегі,жұмбақтар айтып беремін.Мені ынта қойып оқысаңдар,көп нәрсені үйренесіңдар. Үлгілі де адал болып ,биіктерден көрінулеріңізге тілек білдіремін.

Жүргізуші: Әбдунұр

Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Жүргізуші:

Нұрсат. Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн - алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.
Ән : «Ақ мамам» Орындаушылар: Диана, Мира,Нұрсат, Альбина,Еркеназ,Диана.

Көрініс: «Жалқаубектің жауабы» Бекжан мен Қуаныш

Би: «Боз жорға»

Шетел биі: бишіміз Д.Ермекбаева

Ән: «Асыл анам» Орындайтын: Сәрсенбай Асылан,Кавалхаан Диана

Вальс: «Мектеп»

Ән:Ұландар 1-класс ұлдары

Оқушыларды марапаттау

«Әліппені оқысаң сен қастерлеп,

Марапатқа лайықсың ,сен жас бөбек!»

Мұғалім: Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар,
Сөз берейік әкелер мен аналарға.

Мұғалім:

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен, үлкеннен бата сұралар.

Ағай: «Бата»

Мұғалім:

Қымбатты балалар!

Мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын!Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ,сендерді бір-бірімен достыққа ,мектеп ережесін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті .

Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

-Құрметті қонақтар!
- Уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
- Қош сау болыңдар.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-068120
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 20 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>