Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / "Әліппе білім бастауы" (1 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Әліппе білім бастауы" (1 сынып)

библиотека
материалов







Иманбаева Асель Ерғазықызы

Бастауыш сынып мұғалімі

15 орта мектеп

Талдықорған қаласы

Тақырыбы: Әліппе-білім бастауы .

Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Балалардың өнерлерін, білімдерін көрсету. Мектеп оқушыларын ана тілін сүйетін, қадірлейтін өз мәдениетін көтеруші және оның мұрагері болатын,рухани дәрежесі биік, Егеменді Қазақстанның жер бетін көрсететін жеткіншек тәрбиелеу.

Көрнекілік: шарлар, жалаушалар, қанатты сөздер.

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар! Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі – әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отыра бүгінгі кеш иелері 1 «ә» сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алайық. /музыка ойнап оқушылар кіреді/

Ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші Еркежан: Армысыздар мұғалімдер, әз-жандар Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

2-жүргізуші Ақнұр: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған Біз балаңыз балғын шақты балалар.

1-жүргізуші Еркежан: Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

2-жүргізуші Ақнұр:Енді біз өзіміз-ақ кез келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз.

Нұрдәулет: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Аяжан: Үйретіп бізге алғаш Әліппені Мұғалім білімге жол салып берді. Адамның ой арманы мақсаттары Оқудың сәулесі мен жарық көрді.

Сабина: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені Қызығып қарай бғрдім әріптерді. Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың, Ұстазым маған кілтін алып берді.

Есен: Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті Әліппем. Сенің арқаң оқи, жаза білгенім, Сауатты адам санатына кіргенім.

Мұғалім: Міне балалар сендер барлық әріптерді танытып, оқып, жазуға үйреткен Әліппемен қоштасқалы тұрсыңдар. Олай болса Әліппені ортаға шақырайық. Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе. /Осы кезде сыныпқа Әліппе кіреді/ Әліппе: Армысыздар, жас достар! Армысыздар, ата-ана! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға. Құттықтаймын саусыңдар ма, Бүлдіршіндер , балғындар Менің атым Әліппе Мені анаңдай дәріпте Мені оқып ер жеткен, Ағаң сенің, әпкең де.

Мұғалім: Міне, Әліппе бүгін сізге әріптер мынадай сыр шертпек. Әріптер сыры /Барлық бала өз әріптері туралы сөздерін айтып береді/ Хор: Әліппе. Диана: Көлге айналған бұлақтың, Қайнар көзін көріп пе ең? Том-том қалың кітаптың Басы болар Әліппең. Жанель: Бар кітапқа бас болған Әліппе ғылым ағасы Әліппеден басталған, Даналықтың данасы. Диас Қ: Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріп те, Оқимыз қазір ертек те, Үйреттің оны Әліппе. Адель: Әліппем менің Әліппем, Сені қолға алып мен Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен. Әкежан: Әліппе сенің сырласың Әліппе досың болады. Әріптердің шұғыласы Дәптеріңе қонады.

Хор: Гүлім: Үйретіп жазудың да өрнектерін, Ойымды Әліппемен тербеткенмін. Зор қуаныш маған да, ұстазға да, Тілін біліп ұстазды сөйлеткенім. Аман: Қош бол, құтты Әліппем Көп нәрсені үйреттің. Таныстырған әріппен Тақылдатып сөйлеттің. Диас А: Жақсы кітап Әліппе, Үйретеді әріпке. Ойыншықпен қоштастым, Әліппемен достастым. А-дан бастап әріпті Түгел маған танытты.

Дәмелі: Өтті оқу, сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат. Басқа оқулық достаспақ, Әліппемен қоштаспақ.

Жалғас: Ашыла берді алдымнан, Кең дүние есігі. Соғылған сомдап алтынмен, Әліппе білім бесігі.

Би: Қыздардың орындауында «Көбелектер биі» Әліппе: Меңгердіңдер мені де, Болмадыңдар босқа тер. «Ана тілі» әпкем бар Сендерді әркез жетелер. /Әліппе қоштасып,ортаға Ана тілі кіреді/ Ана тілі: Туған елдің тілімін, Ақылы мен танымын. Түсіндірер бәріне Ана тілі пәнімін. Сөйлетер сөзді шеберлеп, Өзіңнің ана тіліңмін. Байыптап жақсы оқысаң, Негізі менде білімнің. Ана тілің- құралың, Ана тілің- ұраның Ана тілің болмаса, Мықты болмас тұрағың.

Аружан: Ана тілің арың бұл Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте.

Ақбота: Бізді үйреткен білімге жалықпастан, Рақмет ұстазыма көзімді ашқан. Біз-шәкірт, біз- Отанның болашағы, Білімнің басқышына қадам басқан.

Дильназ: Енді біз жаза аламыз, Әріпті қосып әріпке. Ырза боп саған жүреміз, Қош бол,сүйікті Әліппем.

Нұрсұлтан: Тілім барда мақтанам, Тілім менің аппақ ән. Бірлігімді бүгінгі, Ана тілім сақтаған. Хор: Санамақ /1-ден 10-ға дейін сан ұстап балалар шығады/ Мұғалім:Балалар, біз сабақтан басқа әртүрлі үйірмелерге де қатысамыз ғой.Ендеше соның ішінде «Қуыршақ театры» да бар,содан бір көрініс көрсетейік. «Бауырсақ» ертегісі. Ана тілі: Балалар сендер көп нәрсені үйреніпсіңдер. Мен сендердің білімдеріңе,өнерлеріңе ризамын. Біздің де сендерге деген тартуымыз бар. Соны қабыл алыңдар. Мұғалім: Балалар, біздің күнделігімізде осы күнге дейін баға қойылған жоқ. Келесі тоқсаннан бастап бағаланатын боламыз.Бүгін бізге қонаққа Күнделік бағаларын алып келіпті. Қане соны көріп керек бағаларымызды алып қалайық. Күнделік бағаларымен шығады. Назым: Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер атамекен, Биік-тау, орман-тоғай көлімізді.

1-жүргізуші Еркежан: Қазақстан тәуелсіздікті аңсап келді, Телегей теңіз аңсаған мансап келді. Қазақтың бой тұмары ана тілін, Ту етіп, айғақ етіп жар сап келді.

2-жүргізуші Ақнұр: Көптен күткен көк Байрақ желбіреді, Күннің көзі көктемдей елжіреді. Мұнан ыстық жалын-от бар ма сірә, Отан әнмен жүрегім тербеледі.

Хор: «Менің Отаным» Вальс « Астана» Нұрдәулет: Бата Әліппенің бетін жарық ет, Ұл-қызды түгел білімді ет! Келесі оқу жылына, Аман-есен түгел жет! «5» болсын алар бағамыз, Біліммен бақыт табамыз, Өнер білім көп оқып, Өсе берсін санамыз!Әумин!

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар. Балалардың есімі әулеттерге таралар. Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында, Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.

/Қонақтарға сөз беріледі/
















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров127
Номер материала ДВ-573076
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх