Инфоурок Начальные классы Конспекты«Әліппе деген алтын жол»

«Әліппе деген алтын жол»

Скачать материал

                      Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы

                      №3 жалпы орта білім беретін қазақ

                      мектебінің бірінші санатты бастауыш

                      сынып мұғалімі   Мукашева Эльмира  Женисовна         

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Әліппе деген алтын жол»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
Дамытушылық: Кеш барысында тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсініп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі: «Әліппе деген алтын жол» сөзі жазылған плакат, суреттер, шарлар, жалаушалар, суретті әріптер, сандар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

 

Жүргізуші: Амансыз ба, ақсақалды аталарым!

 Жүргізуші:  Сәлем, замандастар-қарлығаштар, құрбы-құрдас достарым!

Бірге: Бүгінгі той-жиынға жиналған күллі қауымға, баршаңызға мың сәлем!

Жүргізуші: Той-той демекші

                     Тойға бүгін себепші

                      Тойда өзі болмаса

                       Ортаға өзі шықпаса

                       Қайда сәні бұл тойдың.

 

Жүргізуші: Уа, халайық, сахнаға

                      Шақырайық қол соға

                      Сүйікті біздің ұстазды

                      Шәкірттермен ортаға.

Оқушы: Қош келдің деп балдырған

               Күліп шықты алдыңнан

               Шексіз сеніп ата-ана

               Балаларын қалдырған

               Аяулы менің ұстазым.

Оқушы: Сипап қойып басымнан

               Кетпей жүрген қасымнан

               Құрбы-құрдастарыммен

               Достастырған асыл жан.

               Аяулы менің ұстазым.

Жүргізуші: Санасына шәкірттің

                    Шуағын төккен шапағат

                    Білімнің асқар шыңына

                    Әліппе болды баспалдақ.

Жүргізуші: Әліппемен қоштасар

                      Салтанатты ашайық

                     Тойымызға бүгінгі

                      Ән-би,  шашу шашайық.

                           ( Шашу шашу)

Оқушы: Жетіге бүгін толдым мен

               Оқушы болып киіндім

               Арқама сөмке асыла

               Мектепке келдім асыға.

Оқушы: Мектеп, мектеп менің жазғы көңілім

               Мектеп, мектеп шаттық толы өмірім

 Оқушы: Мектеп, мектеп анам болып көрінді

               Мектеп, мектеп әнім болып төгілді.

Оқушы: Өмірімнің көктемін

               Сенде өткізем деп келдім

               Армандарым көп менің

               Атқарамын деп келдім

               Алтын ұя мектебім.

Жүргізуші: Алғашқы қоңырау үнін естігеннен бері төрт ай өте шықты. Әліппені бітірдік, енді қоштасайын деп жатырмыз.

 

Жүргізуші: Ендеше әннен шашу шашайық.

Хор «Мектебім»

Жүргізуші: Міне, достар, келіңдер

                      Шақырамыз ортаға

                      Кітаптардың анасы

                      Бастау болған баршаға

                      Әліппеміз  міне, бүгін ортада.

Әліппе: Құттықтаймын достарым

              Құтты болсын тойларың!

Хор: Қош келдің,  Әліппе!

Әліппе: Сәлеметсіздер ме, менің бүлдіршін достарым!

Жүргізіші: Әліппе, сізге арналған балалардың ән-шашуы бар.

Әліппе: Ал,  достарым, оны тыңдар алдында сендер менен не үйрендіңдер, көрейік. Менің сендерге біраз сұрағым бар, соған жауап беріңдер.

Жүргізуші: Кел, достарым, біз дайынбыз ба?

Хор: Ия, дайынбыз.

Әліппе: Олай болса, сендер қанша әріп үйрендіңдер?

Хор: 42 әріп.

Әліппе: Қанша дауысты дыбыс бар?

Хор: 15 дауысты дыбыс бар.

Әліппе: Ой, жарайсыңдар! Қанша дауыссыз дыбыс бар?

Хор:27 дауыссыз дыбыс бар.

Әліппе: Қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Оқушы: Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені.

Оқушы: Әдептілік, ар-ұят адамдықтың белгісі.

Оқушы: Әдепті бала – ата-анасын мақтатар,

               Әдепсіз бала – ата-анасын қақсатар.

Әліппе: Қой, мен сендердің өнерлеріңді тамашалайын.

Оқушы: Сауатымды әріппен

               Ашқан алғаш әліппем.

               Дыбыс, буын, сөз, сөйлем

               Бәрін жазып, танып мен.

Оқушы: Қолыма кітап тигеннен

               Таудай болып үйренем.

               «Анашым» деп жазуды

               Әліппеден үйренгем.

Оқушы: Әріптің біліп анығын

               Өмірдің көрдім қанығын

               Әке деген жазуды,

               Әліппеден үйренгем.

Оқушы:Әліппем менің әліппем

              Өшпейтін нұрлы әріппен.

              Есігін аштым білімнің

              Өзінің кілтін алып мен.

Оқушы:Әліппемен аштым өмір есігін,

              Тербетейін  білім бөбек бесігін.

              Өмір деген, өрлеу деген жол болып

              Жаттап өстім достарымның есімін.

Оқушы: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
               Қоштаспақпыз сүйікті « Әліппемен».
               Ризамыз бәрімізді таныстырған.
               Сөз бен дыбыс,  әртүрлі әріптермен.

Оқушы: Жақсы кітап Әліппе

               Үйретеді әріптер.

               Қуыршақпен қоштастым,

               Әліппемен достастым.

Оқушы: Әліппе деген алтын жол
              Апарар сені алысқа
              Жеңіл емес ауыр дол
             Тырысып бақ намысқа

Оқушы: Ашыла берді алдымнан,
              Кең дүние есігі.
             Соғылған сомдап алтыннан,
             Әліппе білім бесігі.

Оқушы: Балаларға ақ тілек,
               Болашаққа бақ тілеп.
               Біздерге білім үйреткен,
  Хор: Әліппе, саған рахмет.

Оқушы: Қош бол, құтты Әліппем,
              Көп нәрсені үйреткен!
              Таныстырып әріппен,
            Тақылдатып сөйлеткен.

Хор: ән «Рахмет саған Әліппе»
Әліппе
: Рахмет, мені таза ұстадыңдар,
              Ризамын, құрметті шәкірттер.

Жүргізуші: Біз әліппені бітірген соң не істейміз?
Жүргізуші: Соны мен де ойлап тұрмын
Жүргізуші : Шынымен де не оқимыз?
 Жүргізуші : Біз сенімен бірге екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Әріпті әріпке қосып, буын жасадық, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап, бүгінгі күні қысқа әңгімелерді оқи алатын болдық. Енді сен кетіп қалсаң, біз не істейміз?
Әліппе: Қиналатын түгіде жоқ, Достарым , менің жолымды жалғастыратын

« Ана тілі» пәнімен таныстырамын. Ана тілін оқитын боласыңдар.
Оқушы: Ана тілім – ұраным

                Ана тілім – құралым

                Ана тілім болмаса

                Мықты болмас тұрағым.

Оқушы: Ана тілім – елдігім

               Ана тілім – ерлігім

               Ана тілім болмаса-

               Бүтінделмес кемдігім.

Осы кезде сахнаға «Ана тілі» шығады.
Хормен: Таныстырған 42 әріппен
                Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Әліппе: қош, сау болыңдар, кішкентай шәкірттер

Ана тілі: Армысыздар, жас достар!Менің атым «Ана тілі» Енді мені оқитын    

                боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.        
               Туған елдің тілімін,
              Ақылы мен таңымын.
             Түсіндірер бәріңе,
            Ана тілі пәнімін

Оқушы: Ана  тілің біліп қой

Бостандығың теңдігің

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың  елдігің

Оқушы: Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз  тіліңді құрметте

Жүргізуші: Балалар, Ана тілі бізге бос келмепті. Ол ата-аналарға арналған тапсырмаларым  бар дейді. Мақалдың немесе өлеңнің  жалғасын айтыңыз.

1. Кітап  білім азығы,білім ырыс қазығы

2.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

3.Әжеме тіс саламын, Көзіне әйнек тағамын сондықтанда өскенде Мен дәрігер боламын.

4.Төртеуі түгел болса, төбедегі келеді. Алтауы ала болса ауыздағы кетеді.

5. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

6.Ақыл азбайды, білім тозбайды

7.Бірлік болмай, тірлік болмас.

Ана тілі: Рахмет! Міне қай ата-ана сабаққа баласымен бірге дайындалатынын білдік.

Балалар  сендер әліппені  жақсы  меңгеріп, сауатты  оқуларыңа  ата-аналарың да  елеулі  үлес қосты. Қане  бәріміз ана-анаға  рахмет айтайық.

Хор: Рахмет, саған Ата-ана!

Жүргізуші: Жаңбырменен жер көгерер

                    Батаменен ел көгерер, -  дейді халқымыз

                    Ақылы дария, алғысы зор, батасы мол

                    Аталардан ақ бата сұраймыз.

 

Бата: Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын қадамы балалардың.
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
Қымбатты балаларым! Сіздердің білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті, қадамдарың құтты болсын!

Жүргізуші: Шәкірттердің қанаттары талмасын,
Көк аспанда қыран болып самғасын.
Ақ жол тілеп, барша мына ұл - қызға,
Ақ батасын мектебіміздің директоры _____________ арнасын.
Жүргізуші: Келесі сөз кезегі директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары ___________беріледі.
Жүргізуші: Ана деген не деген
                    Ақ тілеулі жан еді
                    Алғысын алып ананың
                    Өсе бергіміз келеді – демекші сөз кезегін анамыз
Жүргізуші:  Құрметті қонақтар!
         Осымен 1 «А»  «Б»  сыныптарының «Әліппе деген алтын жол» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!

 



 

 

 

 






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Әліппе деген алтын жол»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 651 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 693
    • DOCX 54.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукашева Эльмира Женисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мукашева Эльмира Женисовна
    Мукашева Эльмира Женисовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10857
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 273 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 176 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 682 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 361 человек

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек