Инфоурок Начальные классы Презентации"Әліппе әлемі әріптермен әдемі"

"Әліппе әлемі әріптермен әдемі"

Скачать материал

Тақырыбы: Әліппе әлемі,

                     Әріптермен әдемі.

Мақсаты: оқушыларға әліппе мен ана тілі пәніің маңызын түсіндіру. Ата-аналарға балаларының 3-4 айда қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету.

Білімділігі: үйренген білімдерін ортаға салу

Тәрбиелілігі: өнерге, сұлулыққа, жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  «Әліппе әлемі,

                     Әріптермен әдемі», мультимедиалық тақта, шарлар суреттер, оқулықтар.

Жүрісі:

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар келген қонақтар! Бүгін сіздер «Әліппе әлемі, Әріптермен әдемі» атты ертеңгілікті тамашалағалы отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рт қолына ұстап, бетін ашқан оқулығы да – әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің білімге бастайтын алғашқы жолы. Осы ләоіппе оқулығы арқылы біздер 42 әріпті меңгеріп, одан әрі үлкен-үлкен биік шыңға көтерілмекпіз. Олай болса, оқушылардың сіздерге әліппені қалай меңгеріп, жұмбақ- жаңылтпашты қалай шеше алатынын көрсетпекпіз. Ендеше мерекемізді бастайық.

-         Балалар, естеріңдер ме, алғаш мектеп табалдырығын аттап, сыңғырлаған қоңырау үнін естіген күндерің қай күн еді?

Хормен: 1 қыркүйек

-         Балалар бұдан соң қызықтап қолымызға алғаш ұстаған кітабымыз қандай кітап?

-         Әліппе кітабы

-         Ал енді осы әліппенің алғашқы бетінде қандай алғыс сөз жазылған жән оны кім жазады?

-         (бір оқушы алғыс сөзді айтады)

ІІ жүргізушілер мерекені жалғастырады.

1жүргізуші:

            Қайырлы күн, уа халайық,

Армысыздар ата – ана, ұстаздар.

Әіппені қоштасу тойы құтты болсын!

Шашу, шашу шашаайық,

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық!

Би

2жүргізуші:

            Кімдер зерек, кім тапқыр

Таланттарын табайық,

Қайсы күйші, кім биші

Талабына қарайық

Іші толған әріпке,

Бал білімнің бастауы

Білімдегі жарық не?

Хор:    Болашаққа жол бастар,

Ол сүйікті, әліппе!

1жүргізуші:

Олай болса, бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық.

Хор: Әліппе, келіңіз, Әліппе келіңіз!

Әлліппе келеді.

-         Иә, балалар сендер мені бұрынғыдай қолдарыңа ұстамай отырсыңдар ғой. Мені ұстауға да асықпайтын сияқтысыңдар. Әлде ұмыттыңдар ма? – Бұл қалай, сендер көпсіңдер ғой? Ата- аналарыңда әдеттегіден көп жиналыпты.

-         Иә, бүгін ата- аналарымызбен бірге сізбен қоштасқалы келіп отырмыз.

-         Неге қоштасасыңдар? Әлде маған өкпелісіңдер ме? Менің сендермен қоштасқым келмейді. Сендермен бірге болу маған көңілді.

-         Сізбен әрқашан бірге жүрер едік, әттең...

-         Шынымен менен безгілерің келіп түр ма? Керек болмасам өзім-ақ кетіп қаламын.

-         Кетпеңіз, кетпеңіз біздің сізбен неге қоштаспақ болғанымызды білсеңіз, сіз де қуанасыз.

-         Әліппем, қараңыз, сізде жазылған әріптерді біз толығымен үйрендік. Шағын әңгіме, өлеңдерді оқи алатын болдық. Керек десеңіз, сіздің соңғы беттеріңіз де оқи береміз.

-         О-хо , қуанғанымнан өзімнің міндеттіжұмысымды қалай атқарғанымды ұмытып қалыппын ғой. Неге қоштаспақ болғандарыңызды енді түсіндім. Бәрібір сендердің араларыңнан кеткім келмейді.

-         Құрметті Әліппе! Алдағы оқу жылынан бастап сіздің алдыңызға біздердей бөбектер келеді. Оларды да біз сиақты оқи алатын, тәрбиелі бала етіп шығаратыныңызға біз сенеміз.

-         Солай екен ау, сендер кеткенмен орындарыңа өздеріңдей балалар келетінін ұмытыппын ғой. Енді менен кейін келетін оқулықтарды күтейік. Мен оларға сендерді қандай дәрежеге жеткізгенімді көрсетемін.

-         Армысыздар жас достар

Армысың ата – аналар

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліпбиін меңгеріп,

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Балалар сендер мені оқыдыңдар, менен не үйрендіңдер?

1-оқушы: жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ өлең және ән үйрендік. Енді кез-келген кітапты оқи аламыз. Ыбырай және Абай атамызбен таныстық.

2-оқушы: Қош бол, құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

3-оқушы: Бірінші беттен елімнің

Елтаңбасын таныдым.

Көк байрақты қазақтың

Ұрпағымын сәнімін.

4-оқушы: әліппеп менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен

5-оқушы: жақсы кітап – Әліппе

Үйретеді әріпке.

Қуыршақпен қоштастым

Әліппемен достастым.

6-оқушы: үйретті бізді әліппе

42 әріпке

Сөз, сөйлем құрап әріппен,

Лайық болдың дәріпке

Хор:   Қош бол, Әліппе,

Сізге мың алғыс!

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата – ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне, балаңыз.

Ән «Әліппе»

1жүргізуші: Ана тілін ортаға шақырайық.

            Ақыл-ойы дананың

Ата тілі боламын

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың

Балалар, мен әліппеден оқып білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын. Тек сендер ынта қойып, мені таза, ұқыпты оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

  1. Ана тілі біздің тұңғыш анамыз

Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз.

Ана тілін сүйеміз

Басымызды иеміз

Ана тілім- ұраным

Ата тілі – құралым

Ана тілі болмасамықты болмас тұрағым.

Құрметті «ана тлі» біз әліппеден оқып үйренгенімізді сізбен әрі қарай жалғастырамыз. Сіздің біліміңізді қадір тұтамыз, құрметтейміз.

Ән: «Анашым»

2жүргізуші: - Енді математика пәні бізге не айтар екен, соны тыңдайық.

-         Балалар, мен сендерге санауды, есеп құрастыруды, көптеген математикалық жұмбақ шешуді үйреттім. Сендер мені қалай меңгергендеріңді сынап көрейіндеп, сендерге біраз математикалық  жұмбақтар әкеліп отырмын. Енді тыңдап, сол жасыратын жұмбақтарымды шешіп берсеңдер.

Көлден ұшты 7 қаз

Қайтып қонды 2 қаз

Қонбады енді нешеуі

Қане, кім шешеді? (5)

 

            Шығармақ боп кеше есеп,

            Жиналғанды 5 есек

Үшеуі ұйықтап отырды

Ынталысы неше есек? (2)

            Табақта 3 алма

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма? (5)

Жарайсыңдар, сендерге рахмет! Сабақты жақсы оқитын оқушы болыңдар.

Би: «Кел билейік»

 

Достастырған өзіңмен

Ұстазыма мың алғыс,

Иландырған сөзімен

Қамқоршыңа мың алғыс

 

Қыркүйекте келдім де

Сыныпқа кірдім қуанып.

Қарсы алды ұстаз мейірмен

Қадамымды құп алып.

 

Анамыздай аялап,

Ақылшы болған ұстазым

Өзіңнің ғана еңбегің

Бүгінде биік ұшқаным

 

Әріптерді жаттаймыз

Еске мықтап сақтаймыз

Ұмытпаймыз бірін де

Атын, затын түрін де

Ән: «Ұстазым»

 

1жүргізуші:

            Көлге айналған бұлақтың

            Қайнар көзін көріпе ең?

Том –том қалың кітаптың

Басы болар әліппең

 

2жүргізуші:

Біімге жолды бастаған

Әліппем, саған мың алғыс

Оқы – деп ұран тастаған

Әліппем, саған мың алғыс

Бар кітапқа бас боған

Әліппе ғылым ағасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы- дей келе, бүгінгі әліппемен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

      

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әліппе әлемі әріптермен әдемі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 277 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2016 980
    • DOCX 50 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенова Асел Тогизбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есенова Асел Тогизбаевна
    Есенова Асел Тогизбаевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7873
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 166 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека