Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Әліппе мен қоштасу (Тәрбие сағаты)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Әліппе мен қоштасу (Тәрбие сағаты)

библиотека
материалов

hello_html_7558d162.gif«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебі» ММ




























Өткізген: Оразмагамбетова А.Ж







Қостанай, 2016 жыл

«Қош бол, әйбат Әліппе!»

Армысыздар құрметті қрнақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымының атасы, болашағымыздың негізі – әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу,білім –білікдағдыларын көрсету. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой –өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, ізденімпаз қасиеттерін дамыту. Эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, Отанын, туған жерін, мектебін сүюге, болуға тәрбиелеу.

    Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Өсті міне бойларың,

Өсті – ақыл ойларың.

Қуанышқы ортақпын,

Құтты болсын тойларын дей - отырып




  • Балалар мен біздің бүгінгі ертеңгілігімізді сіздерге сұрақ қоюдан бастағалы отырмын.

Іші толы әріпке,

Білімдігі жарық не?

Хор: Әліппе,әліппе, әліппе.

Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті – Әліппе.

  • Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хор: Әліппе, әліппе, әліппе.

Әліппе: армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата – ана !

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға!

Мұғалім: Қош, келдің Әліппе, кел төрлет. Біздің сыныптың балаларының білімі мен өнерлерін тамашала. Қонақ бол.

Бала деген, шіркін ай, балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып – ашып таттырып алдайды екен – деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай оқушылардың бал тіліне құлақ салайық.

Асет: бас әріпке інімін,

Дауыстының бірімін.

Ә – дегенің Әліппе,

Бастауы бар білімнің

Мақсат: Басыдамын, бал десең,

Бар боламын, бар десең.

Қай әріппін, қпнеки,

Ұмыттың ба, әлде сен?

Алмас: Сәуле болып – жарық күн,

Суға да мен қарықпын.

Сөз саптайтын әріппін

Тай тұяқтай әріппін

Дамир: Бала болсаң талапты,

Біліп өскін Фарабты

Әбунасыр қаланың

Әлемге атын таратты.

Махаббат: Басындамын піл десең

Сиынасың пір десең

Ұят болар әрине

Пайғамбарды білмесең.

Жалғас: Ғанибет, ғибрат жанымда

Ғылым да менде, ғалым да

Керегіңді алып қал

Ғажайып мынау шағыңда

Эмир: Үлбіреген самалмын,

Үмітімін сан ардың.

Үлпілдеген үкідей

Ұяң дыбыс саналдым

Хор: Әліппе

Мұғалім: Балалар мен сіздерге сұрақ қоямын сіздер жауап беріңіздер.

  1. Мектепке жылдың қай мезгілінде келдіңдер? Күз

  2. Күз мезгілінің қай айында? Қыркүйек

  3. Алғаш қазақ балалары үшін әліппені кім жазған? Ы. Алтынсарин

Мұғалім: балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппеге не айту керек.

Хор: Әліппе,әліппе.

Мұғалім: Әліпенің тойында,

Әркім құштар ойынға

Әріптер сыр ашады,

Қыздар биге басады.

Би:Жансулу, Камила, Жансая,Аружан

Мұғалім: Балалар біз сіздер мен тек қана Әліппемен достасқан жоқпыз, сонымен бірге математика, дүниетану, ән-күй, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.,денешынықтыру пәндерімен достастық.

Ендеше математикадан алған білімдерімізді көрсетейік. Мен сіздерге есеп оқимын сіздер жауабын айтасыздар.

  1. Табақта бес алма,

Қолымда екі алма,

Барлығы қосқанда

Болады неше алма?

  1. Көлден ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі,

Қане кім тез шешеді?

  1. Аулада бес үйрек

Қорада екі үйрек

Барлығы неше үйрек?

  1. Сегіз қияр базардан

Сатып алды Сәлімжан

Бес қиярды алғанда

Қанша қалды дорбада?

Мұғалімі: Жарайсыңдар! Балалар біздің бүгінгі ертеңгілігімізге тағы бір қонақ келе жатыр екен. Қанеки қарсы алайық.

Кім екен?

Дұрыс айтасыздар бұл ана тілі екен.

Ана тілі: туған елдің тілімін

Ақылы мен танымын

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін

Балала енді мені бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар, мен сендерге көп қызықты, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып мені оқысандар көп нәрсені үйренесіңдер.

Мұғалім: Әрине ана тілі біздің оқушыларымыз сені көп оқитын болады. Солай емеспе балалар?

Ана тілі, кел төрлет. Біздің оқушылардың өнерлерін тамашала.

Тақпақ:

Бекасыл:Өмірге жол бір өзіңнен бастадым

Алфавитті алғаш сенен жаттадым

Ұстаз ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырыннан қаққаның


Томирис: жүзің жылы құшаңын кең

Сенен түлеп ұшамын мен

Өзің берген білімінмен

Биіктерге шығамын мен


Ерсайын: келгенде алғаш мектепке

Белмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе

Азат: енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің әліппе


Дархан; жетелейтін құныға

Ертегілер еліне

Әріптердің сырына

Үйретейін сені де


Әліппе: Балалар мен сендердін білімдерінді , өнерлерінді көріп сендерге ризамын енді мен кетейін.

Ал, балалар бәріміз әліпені шығарып салайық Қош, бол әліппе.

Мұғалім: Балалар енді мен сіздермен бір ойын ойнағым кеп тұр. Ол ойынның аты «кім шапшаң» Шарты мен сіздерге сұрақ қомын сіздер тез жауап беру керексіздер



Ойын: «кім шапшаң?»

 

  1. Қазақ тілінде неше әріп бар?

  2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  3. Бір аптада қанша күн бар, оларды ата

  4. Табиғат нешеге бөлінеді?

  5. Қазақ тілінде қанша дауысты және қанша дауыссыз дыбыс бар?

  6. Далада жүр 6 түйе,

Қосылды тағы 4 түйе,

Барлығы болды неше түйе?

  1. Айжанда болды 5 алмұрт,

Әселге берді 2 алмұрт,

Айжанда қалды қанша алмұрт?

 

  • Дұрыс балалар, барлығың өте жақсы біледі екенсіңдер.

  • Ал енді мен сіздердің ата аналарыңмен бір ойын ойнап көрейін, олар қалай жауап береді екен, көрейік…

  • Маған 3 ата – ана қажет. Мына жерде жатқан әріптердің кез келгенін таңдап алыңыздар.

  • Енді мен сіздерге өз сұрақтарымды қоямын, ал сіздер жауаптарыңызды таңдаған әріптен бастап жауап бересіздер. Ал ендеше бастайык…

 

Ойын: ата – аналармен

 

  1. Сіздің атыңыз кім?

  2. Қай қалада тұрасыз?

  3. Балаңыздың сүйіп жейтін тағамы?

  4. Балаңыздың сүйікті түсі?

  5. Балаңызды қалай еркелетесіз?

  6. Балаңыздың ең алғаш айтқан сөзі қандай?

Мұғалім жарайсыздр.

Тақпақ: Асхат: Үйретіп бізне алғаш Әліппені

Ұстазым ғылымға жол салып берді

Адамның ой – арманы мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Жансұлу:

Диас: Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы

У.Дильназ: жақсы кітап әліппе

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштасып

Әріптермен достасып

Аружан: тансытырған 42 әріппен

Қош бол, менің сүйікті әліппем

Сенің арқан оқи жаза білгенім

Сауатты адам қатарына кіргенім

Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын,

Ән биімен шашылсын.

Мың бұралған бишілер,

Бименен кешті жалғасын.

Би: «Флэшмоб»

Хор;

Ойын :

Тақпақ: Наурызбай: Алфавитті жаттадық,

Онда жүйе қалып бар,

Біздің қазақ тілінде.

42 әріп бар.

Даяна: Әліппе деге алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа

Елхан: Ең алғаш қолға алған әліпені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ кітапты

Ұстазым маған кілтің алып берді.

Жансая: бас әріппен достасып

Бала болдым жөн білген

Әліпемен қош тасып

Ана тілге ендім мен

Камила: А ны айтқанда дауысымыз дірілдеді

Ұстазым көз алдымда күлімдеді

Күн сайын әріптердің атын біліп

Сөз оқимын айырып әріпті енді

Н.Дильназ: қош бол, құтты Әліппе,

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Ақылдатып сөйлеттің

  Вальс :

Хор:

Мұғалім:Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын қадамы балалардың.
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-411505

Похожие материалы