Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әліппе : "Қош бол, құтты Әліппе"

Әліппе : "Қош бол, құтты Әліппе"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Қош бол,құтты Әліппе !

Мақсаты : Оқушыларға бар білімнің бастауы Әліппе оқулығының қадір -қасиетін ұғындыру; Білімге құштарлыққа,адамгершілікке,ұйымшылдыққа баулу.

Көрнекілігі: мерекелік ұрандар, оқулық макеттері,шарлар,бейнетаспалар,үлестірмелі

әріптер мен сандар,слайдтар.

Сабақтың өту барысы:

Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, ата- аналар,ұстаздар,қонақтар !

Бүгін 1 В сынып оқушылары барлық ғылымның атасы,болашағымыздың негізі - Әліппені

бітіріп отыр.Бүгінгі «Әліппе» оқулығымен қоштасқалы отырған ертеңгілігімізде,сіздердің балаларыңыздың осы күнге дейін сауат ашып,оқып жазуға үйреткен «Әліппе» оқулығынан

алған білім мен ілімдерін ортаға салмақ кез келді.

«Әліппе» бітіру - алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі.Ендеше біз бүгінгі күні сол

белестің бірінен астық.Сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты

мереке. Қош келдіңіздер ! Бастауға рұқсат етіңіздер !

Хор . « Әліппе»

1 оқушы : Өтті оқу сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассаң, Әліппеміз қоштаспақ.

Ой білімі жаңғырып Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған Өңкей білгіш, балдырған

Құтты болсын тойларың !

Мұғалім : Балалар, естеріңде ме алғаш мектеп табалдырығын аттап,сыңғырлаған қоңырау

үнін естіген күндерің қай күн еді ?

Хормен : 1 қыркүйек.

2 оқушы : Күмбір ,күмбір ,қоңырау Сағынған ай қыркүйек.

Қалам ұстап қолыма Жазылған ай қыркүйек.

Мұғалім : Балалар, бұдан соң қолымызға қызықтап алғаш ұстаған кітабымыз қайсы кітап ?

Хормен : Әліппе кітабы.

Мұғалім : Ал енді осы әліппенің алғашқы бетінде қандай алғысөз жазылған және оны кім жазды ?

3 - оқушы : Айналайын! Қолыңдағы әсем кітап « Әліппең» аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы,білім шыңына жол ашар ақылшың.Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты

болсын!

4 - оқушы: Еңбегіңмен алған білімің Өзің үшін де, Елің үшін де таусылмас асыл қазына

болмақ. Елін,жерін сүйетін,жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.

5 - оқушы : Деп жазған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев.

Мұғалім : Қымбатты балалар, өздерің алғаш қолға ұстаған аяулы әліппе кітаптарыңды ортаға шақырайық.

Хормен: Келіңіз , әліппе, келіңіз !

Әліппе келеді : Армысыңдар, жас достар Армысыңдар, ата аналар!

Болашаққа жол бастар Әліппе келді ортаға .

Білім деген ғажаптың Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың Басталады сендерден.

Ішім толы әріпке Менмін әйбат әліппе

Барлық ілім білімнің Бастауы мен Әліппе!

Менің бұл жерде 40 әріп, 2 таңбам бар. Ал сіздерге әріптердің сөйлегендігі туралы ертегі айтып берейін. Ерте,ерте,ертеде , Ешкі жүні бөртеде,

Қырғауылы қызыл екен, Құйрық жүні ұзын екен.

Баяғыда орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар,

қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты.Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты.

Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да,ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті.

Бұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып,араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты.Әріптері сөйлей жөнеліпті.

Осылайша әріптерден сөз,сөйлем пайда болыпты. Енді кезекті осы әріптерге берейік!

6 - оқушы: Келгенде алғаш мектепке Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті Үйреткен оны ,әліппе!

7 - оқушы: Енді біз жаза білеміз Әріпті қосып әріпке

Риза боп соған жүреміз Сүйікті біздің ,әліппе !

8 - оқушы : Оқуды көп ойладық Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп Сауат ашып тойладық!

Хор : « Әліппе туралы ән»

9 - оқушы: Алфавиттер,шығыңдар! Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық кәне айтысты Жібермейік намысты.

1-о. А дегенің - Ана ғой, Ана деген дана ғой.

2- о. Ә әрпінен табамыз Әжемізді ақылгөй.

3-о. Б дегенің бабамыз Бауыржандай батыр ғой.

4-о В дегенің вал деңіз Толқын күшін шамалар.

5-о. М дегенің мал деңіз Қадір тұтқан бабалар.

6-о Г әрпімен гүлденер Қызғалдақты қырат,тау.

7-о Ғ әрпімен бір келер Ғылым атты ұлы атау.

8-о. Д әрпінен бастасаң Дарқан,дария,далам бар.

9-о Е ні ұмытпас ешқашан Елін сүйген жарандар.

10-о Ж дегенің жөргегің Туған,өскен жерлерің.

11-о З әрпімен зерледім Зергерлердің зергерін.

12-о И дегенің иманың Адалдықтың асқары.

13-о К дегенің күй дарын Домбыраның дастаны.

14-о Қ әрпінен құралған Бас аяғы қазақтың

Жарылқасын бір Аллам Жасай берсін Азат күн!

15-о Л әрпінің шөресі Лақ деген түлікпін.

16-о Н әрпінде келесі Нар есімді үлекпін.

17-о О дегенің отбасы Отан деген ұғымдар.

18-о Я деген Ясы Қала болған бұрындар.

19-о Ө әрпімен өрістер Өмір атты дүниең.

20-о П дегенің періште Желеп жебер мың иең.

21-о Р дегенің рақым Мейірің мен пейілің.

22-о С әрпінен тұратын Сый сыяпат, сенімің.

23-о Ү әрпі үкідей Үлпілдеген үмітің.

24-о Ы дегенің ырысың Орман тоғай,өзенің.

25-о У дегенің інідей Ізбасардың бірі тін

26-о Ш дегенің шапағат Тие берсін баршаға.

27-о Х дегенің сәлем хат Қуанышы қаншама.

Хор « Алфавит сыры «

10-оқушы : Бұрқыраған білімнің Қайнар көзін көріп пе ең ?

Том том қалың кітаптың Басы болған ,Әліппем !

11-оқушы: Бар кітапқа бас болған Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған Даналықтың данасы.

12-оқушы: Мектебің мынау, сыныбың Осында !! жыл тұрасың.

Тарыдай боп кіресің Таудай болып шығасың.

13-оқушы: Іші толған әріпке Жақсы кітап ,әліппе

Әліппені аламыз Мектепке біз барамыз.

14-оқушы: Әріптерді жаттаймыз Есте мықтап сақтаймыз

Ұмытпаймыз бірін де Атын,затын,түрін

15-оқушы: Біз жазамыз ана деп, Біз жазамыз дана деп

Біз жазамыз қала деп, Біз жазамыз дала деп.

Әліппе : Алғаш рет өзімнен Білім алды балалар.

Оқу сырын сөзімнен Біліп алды балалар.

Өсті білім санасы Елжірейді жүрегі

Маған адам баласы Алғыс айтып жүреді.

Мұғалім: Ата аналар,ұстаздар,балаларыңыз тек әліппені ғана игеріп қойған жоқ,

Математика пәнімен де танысып сауаттанды.

Санамақ:

1 дегенім - білім. 2 дегенім - елің. 3 дегенім - үнің. 4 дегенім - тілің.

5 дегенім - батаң. 6 дегенім - атаң. 7 дегенім - жерің. 8 дегенім -сертің .9 дегенім -төрің.

10 дегенім - оның менен солың. Санай берсең осылай,бола берер жолың.

Кері санамақ.

10 дегенім - Отаным . 9 дегенім - туған топырағым .

8 дегенім - сеңгір тауларым. 7 дегенім - жасыл бауларым

6 дегенім - алтын күн төккен нұр. 5 дегенім - бұлағым мөп мөлдір.

4 дегенім - туған ел дәулетті. 3 дегенім - үйлерім сәулетті.

2 дегенім - ата -анам өбектер. 1дегенім - бақытты бөбектер.

Есеп те шығарып үйрендіңдер! Енді бір екі есеп оқып көрейін.Есепке кім жүйрік екен,

көрсетіңдерші!

Мұз айдында жеті бала Он асықтың үшеуін

Асыр сап жүр сырғанап. Досың сұрап алды.

Сырғагнамай екі бала Айтшы,сонда нешеуі

Жағалаауда тұр қарап. Өз қолыңда қалды?

Енді осы бар баланың

Санын айтсаң, жарадың!

Әліппе,сіз оқушылардың әліппені қалай игергенін көрдіңіз. Ендігі кезекті ертекке

берейік. Соны көріп тамашалаңыздар. « Шалқан» ертегісі.

Әліппе: Ұстаздар мен балалар Аталар мен аналар!

Танысыңдар досыммен Достасыңдар осымен.

Аттанғанда бүгін мен Ана тілін таныңдар.

Оқып ана тілін Ақыл,білім алыңдар!

Ана тілі: Сәлем, ойшыл достарым ! Терең, білім, ой саналы

Әрбір сөзім ой салады. Ғылым,тәлім өнерім көп

Достасқанға берерім көп!

Балалар! Менің жұмбағым бар.Кәне кім тез ойланып шеше алар екен?

1. Қабат -қабат қаттама, 2. Бір үйдің қырық баласы бар,

Ақылың болса аттама. Сөзге шорқақ екі дарасы бар.

/ кітап/ / 40 әріп пен 2 таңба/

3. Ақ қағазға сан қайталаған, Бүлдірсең дәптерді

Жазудан еш шаршамаған. Кетірем, тап мені.

/ дәптер беті,қалам/ / өшіргіш/

Әліппе: Жарайсыңдар балғындар,сендерге рақмет!

Кәрі жасқа ой сала Үйрететін ой сана

Ана тілін сүйіңдер! Осыған бас иіңдер.

16- о: Әліппемен қош айтысып қаламыз Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата- ана қуанышқа ортақ бол. Сауатты боп шықты,міне балаңыз.

17-о ; Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті әліппем.

Сенің арқаң оқи жаза білгенім Сауатты адам санатына кіргенім.

Әліппе : Айналайын,балғындар Менен білім алдыңдар.

Әр сөзімді жаттаған Достар үшін мақтаған

Рақмет айтып шаттанам. Риза болып аттанам.

Алда ұзақ жасым бар Оқумен өсіп толыңдар.

Аман есен болыңдар!

Хормен : « Қош бол, құтты әліппе! ». Әліппе кетеді.

18-о: Ең алғаш алғанымда әліппені Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді Ұстазым оның кілтін алып берді.

19-о: Достастырған өзіңмен Ұстазыма мың алғыс.

Иландырған сөзіне Қамқоршыма мың алғыс.

20-о: Анамыздай аялап Ақылшы болған ұстазым

Өзіңнің ғана еңбегің Бүгінде биік ұшқаным.

21-о : Мұғалім, ғазиз мұғалім Сарқылмас мәңгі бұлағым.

Ұланың мәңгі тойында Арнайды саған бұл әнін.

Хор : « Мұғалім ол біздің»

Оқушылар хормен: Бәрімізді сүйіп өткен Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға Бас иеміз құрметпен.

Мұғалім: Балалар, сендер Әліппені жақсы меңгеріп,сауатты оқуларыңа ата -аналарыңның да қосқан үлесі мол. Сондықтан бәріміз ата -анамызға рахмет айтайық.

Барлығы: Ата -анаға рахмет !

Мұғалім: Қымбатты,балалар! Сендердің зейін қойғыштықтарың,еңбексүйгіштіктерің және білімге деген құштарлықтарыңның арқасында мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен

құттықтаймын.

«Әліппе» сендерді тек әріптермен ғана таныстырып қойған жоқ,оның әрбір беттері сендерді бір -бірлеріңмен достыққа,мектеп ережесін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да

үйретті.

Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын,өрендер!

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.


2 – бөлім: Концерт

Вальс 4 пар

Ән « Мектебім », « Атам,апам ».

Би «Қара жорға», Қазақ биі.








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-334231
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>