Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әліппе , саған мың алғыс!
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әліппе , саған мың алғыс!

библиотека
материалов

«Әліппе, саған мың алғыс!»


Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу
.


Әр оқушы өз ата-анасымен қол ұстасып сыныпқа кіреді.

Алдияр , балам, жақсы бол, (әжесі)

Міне сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол, тентегім.


Қыркүйекте келдім де, (Алдияр)

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейіріммен

Қадамымды құп алып.


Біз мектепке барамыз, (әжесі)

Кітап, қалам аламыз.

Ақ параққа әріппен, (Кәусәр)

Білім жолын саламыз.


Биыл сені мектепке, (анасы)

Бала шағың шақырды.

Биыл мені мектепке, (Жансая)

Болашағым шақырды.


Мектеп –білім бұлағы, (анасы)

Мейіріңді қандырар.

Мектеп –ойдың шырағы, (Ерсұлтан)

Ақыл-санам жаңғырар.


Кешегі сәби баламыз, (анасы)

Жарады, міне, қараңыз.

Ғылым, білім жолына, (София)

Енді қайық саламыз.



Қалмайық біз қатардан, (анасы)

Мектепте үлкен мереке.

Білім ордасы атанған, (Рамазан)

Мектепте бүгін мереке.


Жеті жасқа жеткенің, (анасы)

Еркеліктен кеткенің,

Кітабымды қолтықтап, (Шұғыла)

Мектебіме беттедім.


Жетідегі баласың, (анасы)

Біріншіге барасың.

Алғаш рет қолыма, (Жахангер)

Әліппені аламын.


Мектеп-қамқор анашың, (анасы)

Оқы, білім аласың.

Өнерпаз боп өсетін, (Рамина)

Мен бүгінгі оқушың.


Мектеп анам бүгін де, (анасы)

Мектеп алтын босағам.

Мектеп берген біліммен, (Алекан)

Марқаяды әр адам.


Мектептен біліп шығасың, (анасы)

Аспан барын, күн барын.

Талай нәрсе ұғармын, (Дильназ)

Жұмбақ әлем сырларын.


Сен бақытты баласың, (анасы)

Қағаз, қалам аласың.

Ұстазымыз үйреткен, (Алтынай)

Әріптерді саламын.


Бәрі: СӘЛЕМ САҒАН, МЕКТЕБІМ!

СӘЛЕМ, БІЛІМ ОРДАСЫ


Оқушылық өмірді гимназияда бастадың, (мұғалім)

Алфавитті алғаш сен осы жерде жаттадың.

Ата-анаң шаттанып, қуанады өзіңе,

Өзі жазып, оқыған баласының сөзіне.

Ән «Мектебім»


Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, (мұғалім)

Қош келіпсіз, білімімен сусындатар, ұстаздар.

Аладарыңда қызғалдақтай құлпырған,

Пәк көңілді, балғын шақты балалар.


1. жүргізуші. Қайырлы күн, уа, халайық!


2. жүргізуші. Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.


1. жүргізуші. Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.


мұғалім : Олай болса, ортамызға әліппені шақырайық. Бүгінгі мерекеде бізбен бірге болсын.


Бәрі: ӘЛІППЕ! ӘЛІППЕ! ӘЛІППЕ!

(Ортаға әліппе келеді.)

Әліппе:

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға


Менің атым – Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып, ер жеткен,

Ағаң, сенің әпкең де.

мұғалім : Төрлетіңіз, Әліппе!

Білім бастауы өзіңде.


Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, (Кәусәр)

Кез келді сіздерден ақ бата алар.

Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін,

Бар қауым таңдана таңдай қағар.



Әліппе деген алтын жол, (Дильназ)

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.


Таныстырған 42 әріппен, (София)

Қош бол, менің сүйікті әліппем.

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам қатарына кіргенім.


Би «Өзбек биі»


Бүкіл қазақ баласы дәріптеген (Алдияр)

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.

Ризамыз бәріміз таныстырған,

Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен.


Қош бол, құтты әліппе, (Жансая)

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.


Ең алғаш қолға алғанда әліппені, (Ерсұлтан)

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.


Келгенде алғаш мектепке, (Рамазан)

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны әліппе.


Енді біз жаза білеміз, (Шұғыла)

Әріп қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің әліппе.


Ән «Көңілді күн»


Таныстырар әріппен,т (Жахангер)

Мынау кітап – әліппең,

Әліппе деген аты оның

Басталған қай әріптен?


Алфавиттің А тұрады басында, (Рамина)

Әрқашан да Ә тұрады қасында.

Байқадың ба, Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде? Түсінші.


А деген ол аналар ғой ардақты, (Алекан)

Ә деген ол әкелер ғой салмақты.

Б деген ол балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.


Бәрімізді сүйіп өткен, (Алтынай)

Балаларға үйреткен.

Әліппе мен ұстазға,

Бас иеміз құрметпен.


Ән «Ардақты ұстазым»


1. жүргізуші. Енді ортаға әріптерді шақырайық.

2. жүргізуші. Қане, бері қарайық,

Зейін қойып тыңдайық.

Әріптермен танысу,

Тақпақтардан бастайық.


(Ортағакезек-кезек әріптер шығып, өлеңдерін оқиды)


О –О кәдімгі дөңгелек.

Кетпесін ол дөңгелеп.


Т – Т кәдімгі телеграф бағаны,

Кейде оған ұқсатасың балғаны.


А – А жер өлшейтін саржан,

Белін буып алған.


Н –Н әрпінде екі тіреу,

Ортасында басқыш біреу.


Осы әріптердің тізбесінен қандай сөз құралды?

Бәрі: ОТАН

(Отан туралы өлең оқылады)


Ә – Әжем ертіп әкелді,

Әкем сатып әперді.

Әйнек салды әйнекші,

Әдемілеп пәтерді.


Л – Мынау доға, қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?


І – Ірімшікті жедің ғой,

«Тәтті екн» дедің ғой.

Оның аты біз жазған,

Қай әріптен басталған?


П – Әр үйде бір қақпа бар,

П – аумаған тап солар.


П – Ата-анаңмен барып сен,

«Пілді» көрдің «парктен»

Осы атаулар, зер салшы,

Басталған қай әріптен?


Е – Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса- дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды.


Ал мына әріптердің тізбесінен қандай сөз шықты?

Бәрі: ӘЛІППЕ

(Әліппе туралы өлең оқылады)



1. жүргізуші. Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге, халайық.

2. жүргізуші. Не үйреніп, не білдік,

Қане ортаға салайық.


Қане, балалар, әліппеден не оқып, білгенімізді келген қонақтарға көрсететін де сәт келді. Әліппеден жаттаған өлеңдерімізді есімізге түсірейік. Кім жатқа айтып береді?


(Оқушылар әліпеден жаттаған өлеңдерін кезектесіп айтады)


Әліппе:-

Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын Ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.


Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

 
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.


Мен, ана тілімін, келешекпін,

Мен арқылы биікпен теңесесің.

Өлең жазып, ой толғап ана тілде,

Шыңға қадам басасың, сен өсесің.


Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.


Әліппе:

Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!


«5» болсын алар бағаңыз,
Біліммен бақыт табасыз, 
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санаңыз!


Бәрі: Рақмет саған, Әліппе!



Ән «Әліппе»



Әліппемен қош айтысып қалдық біз, (Мұғалім)
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана, қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!


Би «Қара жорға»


Бүгінгі күн әр үйдің той басы деп саналар, (Мұғалім)

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп, сондықтан, тойымыздың соңында,

Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар.


(Келген қонақтарға құттықтау сөз беру)






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров148
Номер материала ДВ-306206
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх