1285485
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокНачальные классыКонспекты"Әліппе саған мың алғыс"

"Әліппе саған мың алғыс"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.



Талдықорған қаласы №12 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Смағұлова Құралай Бекежанқызы


Тақырыбы: Әліппе, саған мың алғыс!

Мақсаты: C:\Users\Администратор\Desktop\Я\DSC_1261.JPG

  1. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.

  2. Ата-аналарға балаларының үш-төрт айдың ішінде қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету.

  3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, өзін-өзі дұрыс ұстауға, ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Слайд, гүлдер, шарлар, нақыл сөздер.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата-аналар! Бүгін де егемендігіміз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетті. 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні атап өтілді.

Кеше ғана алаңсыз атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып, бір жасқа тағы да есейіп отыр. Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай өрлей берсін. Тойларыңыз тойға ұлассын! Ерікті орта мектебінде білім алып жатқан, тәуелсіз Қазақстанның бір туар перзенттері 1 сынып оқушылары бүгінгі күні білім бастауы Әліппемен қоштаспақ. Ендеше, бүгінгі қуаныш иелері 1 сынып оқушыларын ортаға қошеметтеп қарсы алайық!

І. Әліппе білім теңізі

ІІ. Отан үшін отқа түс күймейсің!

ІІІ. Өнер

ІV. Қорытынды.



І бөлім. Әліппе білім теңізі


1 оқушы: Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппеміз қоштаспақ
Ой білімі жаңғырып
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың


оқушы: Өмір берер ертеңгі бағаларын

Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген

Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым.

2 оқушы: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе

3 оқушы: Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе.

4 оқушы: Бұрқыраған білімнің
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том- том болған кітаптың
Басы болған әліппем.


5 оқушы: Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық, тойладық.


Хормен: Болашаққа жол бастар. Ол сүйікті әліппе, әліппе,әліппе!

Мұғалім: - Бүгінгі «Әліппе оқулығымен қоштасқалы отырған ертеңгілігімізде, сіздердің балаларыңыздың осы күнге дейін сауат ашып, оқып , жазуға үйреткен «Әліппе» оқулығынан алған білім мен ілімдерін ортаға салмақ кез келді.
Олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық (ортаға әліппе шығады)

Әліппе: Армысыздар жас достар!
Армысыздар ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғылымның
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане ортаға салайық!


1оқушы: Жұмбақ жаңылтпаш, санамақ, өлең және ән үйрендік. Енді кез-келген кітапты оқи аламыз. Ыбырай және Абай атамызбен таныстық.

2 оқушы: Ыбырай Алтынсарин- тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш әліппені жазды.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.


3 оқушы:Абай- қазақ халқының ұлы ақыны. Біз Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ» деген өлеңдерін үйрендік.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.


Әліппе: Кім маған апта аттарын, саусақ атауларын, жеті ата қалай аталатынын айтып береді.
4 оқушы: Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі
5 оқушы : Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
6 оқушы: Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.



7 оқушы
: Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.


8 оқушы:Әліппе – білім анасы
Әліппе –кітап данасы,
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?


9 оқушы:Әнсіз мына өмірдің несі көктем
Ән десе қазағымның есі кеткен
Көтеріп ел еңсесін, ел мерейін
Тыңдаушының құлағын тесіп өткен


Апа-ата атын сен

Бізге үйреттің әліппе

Бізге нағыз жақынды

Сенен білдік әліппе.


Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Әріп сырын түсіндім мақтанамын.

Әріп сырын үйреткен әліппемде,

Түстей болып міне бүгін артта қалды.


Тіл тысауын кестің сен

Айаулы анам болып сен

Айыбымды кештің сен

Қош бол құтты Әліппем.


Ән: Әліппе,әліппе


10 оқушы:Әдеп пәннен әдетті,

Ұстаз маған үйретті.

Тез арада сала алам,

Жүзіп жүрген үйректі

11 оқушы: Оқу керек десек те

Білу керек есепті.

Қосу мен алуды,

Математика үйретті.

12 оқушы: Басы оқудың Әліппе,

Әліппені сен дәріпте.

Осы емес пе танытқан,

42-кі әріпті.

13-оқушы: Санау,оқу, барлығын

Білім алдым тәп-тәуір

Мазмұндама, шығарма

Жаза аламын әйтеуір.

1 оқушы: Ғажап сурет саламын,

Қалам қолға аламын.

Сурет сабағы маған

Танытты дала ғажабын.


2 оқушы:Қайшы алып қолыма,

Еңбек етем ерінбей.

Қиып алып суретті,

Алам өзім желімдей.

Би: Ұлытау

Ертегі: «Күншіл үйрек»




ІІ. Отан

Хормен: «Отан үшін отқа түс күймейсің!»

Қазақстан – көк байрақты нұр елдің

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым, бақытым.

Өзің менің мақтанышым, тірігім.



Өзіңдікі – еліңде.

Өзіңдікі – жеріңде.

Өзіңді өзің етпе бос.

Тәуелсіздік төрінде.


Өзіңдікі Туың да,

От пен ауа доспенен,

Жаса, Қазақстаным.

Белді бекем буын да.


Тәуелсіз ел-Қазақстан арайлы.

Бүгін саған әлем түгел қарайды.

Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның.

Бейбітшілік таңы әр кез арайлы.


Қазақстан – дейтін бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл далада анам жасын суарған.

Бұл далада атам қолға ту алған.


Отанымның гүлі көп,

Өсірген баулап баптаған.

Өскелең елдің ұлы боп.

Жүргенге бүгін мақтанам.


Ән: Отан


Бірге берік ұлы достық,

Бірлік құрып тілек қостық.

Ұлы мақсат биігіне,

Дос жолына жүрек қостық.

Достық біздің тірегіміз,

Бірге соғар жүрегіміз,

Оттай ыстық бір-біріне

Одақтасқан ұлы елміз!


Басты алға азат ел – анамыз,

Бастауда Нұрсұлтан данамыз.

Гүлденді кең-байтақ даламыз.

Түрленді сәнді сан қаламыз.

Азия кіндігі – Астанам,

Жазира кең далам – баспанам.

Жаннатым – туған жер, жас қалам,

Алматым – пейішім – Бас қалам!


Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу-ақ!

Ол – біздің Қазақстан!

Алтай – Жайық арасы-

Жарты әлемдей даласы

Ол – біздің Қазақстан!


Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы.

Ол – біздің Қазақстан!

Жастан сүйіп аңсаған,

Тәтті күй мен кәусәр ән,

Ол – біздің Қазақстан!


Отан – туған үйіміз,

Отан – туған жеріміз.

Отан – ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.


Бізді өсірер аялап,

Отан – қамқор саябақ.

Бір шаңырақта табысқан

Дос, бауыр көп туысқан.


Би: Қыз сыны

ІІІ.Өнер


Тақтамен жұмыс: Оқушылар тақтаға өз есімдерін, математикадан есептер шешу.

Ата-аналармен жумыс.

«Сөз ойла, тез ойла»

Ата-аналар ортаға шығады оларға әлемдегі барлық жақсылықтарды естеріңізге түсіріңіздер деп тапсырма беріледі. Мыс: Адалдық, мейірімділік, тазалық,қасқорлық т.б. Оларға қарама-қарсы балалары тұрады. Баласы кез –келген әріпті айтқанда ата-анасы сол әріптен келетін сөзді айту қажет.

Соңында «БІЛІМ ҚУҒАН БАЛАМЫЗ» сөйлемі шығады.


Әліппе: Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Болашақта да осылай оқыңдар. Енді сендерді ана тілі кітабына тапсырдым 4-сыныпка дейін. Білім жолында жолдарың болсын Сау болыңдар!
Қош бол, құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
1 жүргізуші Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқып – жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.




Ана тілі

Ақыл-ойы дананың,

Ана тілі боламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың,

Өсірген ой білімді,

Мәнін терең білуді,

Мейрімі мол балаға

Ана тілі құрметте!

Мен әліппеден оқып-білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.

Мұғалім:Оқушылар, мектептегі алғашқы жеткен жеңістеріңмен құттықтаймын. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар.
Бүгінгі біздің «Әліппе саған мың алғыс!» атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рахмет!



Общая информация

Номер материала: ДВ-307235

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Формирование мотивации учебной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы Ф
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.