Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Әліппе саған мың алғыс" сабақтан тыс іс -шара

"Әліппе саған мың алғыс" сабақтан тыс іс -шара

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Әліппе саған мың алғыс!»

Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата – аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.

2.Дамытушылық: Кеш барысында тапсырмаларды орындау, өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін – бірі сыйлауға, кеш барысында өзін – өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық тағамдарын түсіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тақырып, көрнекі суреттер, шарлар, әріп белгілері.


Ертеңгіліктің өтілу барысы:

Мұғалім:

Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп,

Келе жатыр көшеде,

«Қайда әлгі мектеп» - деп,

Жетпіс келед сүрініп,

Жеті келед жүгіріп.

Ата: Балам, балам, жақсы бол, немере: Қыркүйекте келдім де,

Міне, сенің мектебің. Сыныпқа кірдім қуанып.

Сабағына зейін сал, Қарсы алды ұстаз мейіріммен,

Ақылды бол тентегім. Қадамымды құп алып.

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар! Қадірменді қонақтар! Аяулы ата-аналар! Бүгін бізде үлкен той. Бұл той балаларымыздың тұсау кесер тойы есептес. Кеше ғана 1- қыркүйек айында қолдарына алғаш рет әліппе кітабын алған бүлдіршіндеріміз бүгін сол сүйікті Әліппесімен қоштасқалы отыр. 

Қымбатты қонақтар! «Әліппе саған мың алғыс!» - атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер. Бұл ертеңгілік біздің алғашқы салтанатты тойымыз.

1 «В» сыныбында айдай сұлу он бір қыз, алғыр, зерек, он бір ұл бар екен. Бір күні сол шәкірттер қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы Әліппемен қоштаспақ болыпты. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің есігін ашқан сиқырлы кітап болатын. Оның сиқырлығы сондай, әріп танымаған балаға әріп танытып, тіпті өзі оқи алатын дәрежеге жеткізеді екен. Ендеше, осы сиқырлы кітаппен, оқушылармен сөйлесіп көрейік.

Оқушыларды қарсы алу сөзі, сазды әуен.

1-жүргізуші: Қайырлы күн халайық!

2-жүргізуші: Армысыздар, аталар мен аналар, аяулы ұстаздар!

3-жүргізуші: «Әліппе саған мың алғыс!» атты қоштасу кешімізге қош келдіңіздер!




  1. жүргізуші: Армысыздар мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық ақзғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп әнде бүгін шырқалар!


  1. жүргізуші: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


3-жүргізуші: Өтті- ау, оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.

Хормен: Өсті білім,ойымыз,

Құтты болсын тойымыз!


1-жүргізуші: Бүгінгі қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан Әліппемен қоштаспақпыз.

2-жүргізуші: Өзіміз кез келген сөздерді, сөйлемді, тіпті қысқа әңгімелерді оқи аламыз.

3-жүргізуші: Осы уақытқа дейін сурет салуды, ән айтуды, есептеуді, денемізді шынықтыруды үйрендік.


Ән: «Сурет сабағы»


2-жүргізуші: Балалар, менің сендерге деген бір сұрағым бар:

Іші толған әріпке ,

Білімдіге жарық не ?

Хормен: Болашаққа жол ашар,

Ол сүйікті Әліппе!

Ол сүйікті Әліппе!

Әліппе кітабының жарығы жанып, кітап парақтары ашыла бастайды. Сонда әліппе:

Армысыңдар, жас достар!

Армысыздар ата- ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең тұ ортада.

Менің атым – Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен,

Ағаң менен әкпең де.

Балалар, сендер мені оқыдыңдар, меннен не үйрендіңдер?!



Оқушылар: Жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең, ән үйрендік. Сонымен қатар жазуды, оқуды да меңгердік.

Әліппе:Жеміске құты тола ма ,

Бір-бірлеп теріп алмасақ.

Әп-сәтте шыға қоя ма,

Еккен дәнің ойласаң.

Білімде сондай, қарағым,

Біртіндеп сіңір ойыңа.

Ұғып ал білім боларын,

Шам-шырағың жолыңда.

Көлге ойнаған бұлақтың,

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том – том қалың кітаптың,

Басы болған, мына мен ғой Әліппе!

1-жүргізуші: Іші толған әріпке

Мынау – әйбат Әліппе.

Барлық ілі – білімнің,

Әжесі осы – Әліппе.

2-жүргізуші: Естеріңде ме достар, біз «Ә» әрпін өткенде тамылжыта ән салуды үйренгеніміз.

3-жүргізуші: Ендеше сүйікті Әліппемізге арнап ән орындап бермейміз бе?!


Ән: «Әліппе»

Әліппе: Рахмет сендерге жас достар, өнерлерін талмасын биіктеңдер өрлеңдер, жақсылықты жаршы етіңдер. Тойымыз құтты болсын деп шын жүректен тілеймін!


Аяулым: Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.


Айжан: А-ны алғаш айтқанда дауысым дірілдеді,

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды мен.


Нұрсұлтан: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.





1- жүргізуші: Осы біздер қандаймыз?


ИсламТалабы биік таудаймыз,

  Мың бұралған бишіміз.

Біз қызықпыз, қызықпыз,

Кейде еркелеу, бұзықпыз.


Арайлым:  Біз шеберміз,

  Ақылдымыз.

  Көңілдіміз,

Үлкендерге ізеттіміз.

 Кішкентайларға қамқоршымыз,

  Жақсылықты ұнатамыз,

Жамандықтан тез қашамыз.

Марям:

Достастырып әріптермен,

Білімге жол салып берген.

Алдымнан шам, жағып берген,

Айналайын Әліппемнен.

Айнура:

Әліппені құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Есқат:

Алфавитті үйрендік,

Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

Ән: «Менің атым, менің атым – Әліппе» Зере, Ерсұлтан, Бегжан

Расим:

Партаға тұңғыш отырдым,

Қалам алып қолыма.

Сызықтарды толтырдым,

Қалдырмай дәптер жолына.

Нұржігіт:

Ойыншық қалды жайына,

Әріптер бөлді көңілді.

Тәбетім жоқ ойынға,

Сезінем үлкен өзімді.






Медине:

Қуыршақты тастадым,

Уақыт жоқ тіптен ойнауға.

Әріптен құрай бастадым,

Сөздерді тізіп қоюға.

Севинч:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертек,

Үйретті оны Әліппе.

Көрініс: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен үзінді

1-жүргізуші: - Бегжан біздің балалар өнерлі екен, келісемісің ?

3-жүргізуші: - Дұрыс айтасың өте өнерлі!

Уа, халайық, қарайық!

Биге назар салайық

Мың бұрала билеген

Аруларды қолдайық!

1-жүргізуші: - «Аққу биі» қыздарымызды қошеметтеп қарсы алыңыздар!

Би: «Аққу биі»

Әли: Отанның біз ұл-қызы,

         Халықтың біз жұлдызы.

       Оқимыз ақын-жырларын,

         Оқимыз еңбек сырларын.

Ақжол: Отан- жерім, Отан – суым,

Отан – қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Ән: «Отан – Ана»

Камран: Қош бол, құтты әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Әліппені бітіруші жас достарға диплом беру рәсімі.

Әліппе: Оқуда зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақты,

Ақ жол болсын балалар.

Оқығандарың есте болсын.

Күнделіктерің беске толсын.

Хормен: «Қош бол, құтты Әліппе!»







2-жүргізуші: Абай туған, Сәкен туған

Құрметте достым қазақтың жерін,

Қамбаға жылда астық құйған,

Қазақстан Республикам менің.

Би: «Бірлігі жарасқан»

1-жүргізуші: Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолыңа гүлмен қоса жыр шашамыз.

2-жүргізуші: Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

3-жүргізуші: Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар 
Балалардың есімі әулеттерге таралар 
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында 
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар-
дей келе құттықтау сөзін _________береміз, ақ тілекті өрбітіп, жыр маржанын сыйласын!!!



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-459817
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>