Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Әліппеге мың алғыс!" ертеңгілік

"Әліппеге мың алғыс!" ертеңгілік

Скачать материал

           
Мұғалім: Ерте, ерте, ертеде аспан әлемінің бір жағында «Күн» елі, бір жағында «Бұлт» елі өмір сүріп жатыпты. Екі елдің балаларына ортақ екі оқымысты білім береді екен. Екеуі екі елге қатынаудан қатты қалжырап, шаршапты. Екеуінің ойы тек біреу болыпты. Ол не болғанда да екі елді бір жерге біріктіру екен.
«Күн» елі мен «Бұлт» елінің балалары білімді, өнерлі, талантты болып өседі екен.
Екі оқымысты ол балалардың білімдерінің, өнерлерінің бастауы «Әліппе» екенін жақсы біледі. Бір күні олар әрі ойлап, бері ойлап мынадай шешімге келеді.
1 - жүргізуші:

(1 - оқымысты): - Е, достым бұл екі елді тек білім мен өнер ғана қоса алады. Соны ескеріп бір нәрсе ойлап табайық.
2 - жүргізуші:

(2 - оқымысты): - Оның дұрыс - ақ, әріптес. Олардың балалары жақында білім бастауы «Әліппемен» қоштасу кешін өткізеді.
1 - жүргізуші:

- Олай болса, сол кешті екі ел бірге өткізсін деп ұсыныс айтайық. Олардың жаңалыққа әрқашан жаны жақын.
2 - жүргізуші:

- Жарайды, қоштасу кешін «Жерде» өткізетінін айтып хабарлайық.
1 - жүргізуші:

- Уа, «Күн» елі біз бір жаңалық айтқалы отырмыз. Биыл білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші «Жерде» болады.
2 - жүргізуші:

- Уа, «Бұлт» елі білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші
«Жерде» болады.
1 –ж Міне сөйтіп екі елді көндіріп, үлкен тойды «Жерде» өткізбекші болады. Екі елдің балалары бұл тойға  дайындалады.
2-жүргізуші: Сөйтіп той болар күнде жетті. Балалардың қуанышында шек жоқ. Олар ұшып жерге де жетті. Бұл тойдың аяғы немен аяқталатынынан бейхабар еді. Оны алдын - ала болжамайық, одан да тойды бастап көрейік.

 

Музыкамен билеп оқушылар ортаға шығады. Мектеп әнімен

1 - жүргізуші:

Ақылы дария
Ойы аспан
Қариялар, Армысың!
2 – жүргізуші:

Өнегелі сөздері

Еркелеткен біздерді

Әжелерім, бармысың!

1 – жүргізуші:

 Асқар таудай
Өрісі кең
Әкелерім, Армысың!
2 – жүргізуші:

Ақ сүт берген
Аялаған
Аналарым, бармысың!
1 – жүргізуші:

 Білім берген
Саясы мол
Ұстаздарым, Армысың!

2 - жүргізуші:

 

Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар,

Білім іздеп,инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би биленіп әнде бүгін шырқалар.

1 - жүргізуші:

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Хош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.
2-Жүргізуші: - Құрметті ұстаздар, ата – аналар бүгін сіздер 1 «А» және

1 «Б»сынып шәкірттерінің «Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер!
«Әліппе» - әлемдегі бар ғылымның тұнық бастауы.
- Дүниенің тылсым құпиясын білуге деген бала құштарлығын оятуға ең алдымен «Әліппені» қалай меңгергені әсер етеді.
Ақын Мұзафар Әлімбаев «Әліппе» туралы былай жырлаған екен:
 1-Жүргізуші:

Жеміске құты тола ма?
Бір – бірлеп теріп алмасаң ?
Әп – сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң ?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер бойыңа,
Ұғып ал: білім боларын
Шам – шырағың жолында.
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең ?
Том – том қалың кітаптың
Басы болар «Әліппең»

 

Әліппе - білімнің, ғылымның алғашқы жолы
- Енді шәкірттердің  
Әліппемен қоштасу кешін тамашалаңыздар!
2 - жүргізуші:

Бүгінгі ұлы мерекеге
Қош келіпсіз бәріңіз де
Әліппемен қоштасамыз
Ана тілмен достасамыз
1 - жүргізуші:

 Қазақстан елінің
Балдырғаны боламыз
Мақтанышы болатын
Болашағы ұланбыз.

2 - жүргізуші:

Бүгін біз шексіз қуаныштымыз,өйткені алғаш хат танытып сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.

1 - жүргізуші:

Біз енді өзіміз-ақ оқып,жаза аламыз.ертегі,әңгімелерді өз бетімізбен оқитын болдық.

2 - жүргізуші:

Балалар сендер кітап  оқуды,өлең жаттауды,сурет салуды,ән айтуды үйрендіңдер ме?

-Бәрі хормен :      –Үйрендік

1 - жүргізуші:

Жарайсыңдар, балалар! Балалар қазір мен бір  жұмбақ қояйын  шешуін табыңдаршы.

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кітап тіл ашқан?

Бәрі:  Әліппе!

2 - жүргізуші:

Дұрыс, балалар, енді ортамызға өздеріңнің сүйікті достарың Әліппені шақырайық. Онсыз біздің тойымыз қызықсыз болар.
Хормен:       - Әліппе (3рет)
Әліппе:  Сәлеметсіңдер ме, менің сүйкімді достарым!

-Мен әуелі әріптерімді түгелдеп алайын.

-Дауыстылар қайдасыңдар!

-Біз мұндамыз!

Дауыссыздар қайдасыңдар?

Бізде мұндамыз!

-Жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі жоқ қой?

Оқушы:    Анель   Олар ойнап жүр!

Әліппе:  Олар тойға қатыспай неге ойнап жүр?

1-оқушы:       Біз барлық сөзде жазыла бермейміз деп өкпелеп жүр.

Әліппе:  Біреуің барып шақырып келе қойыңдар!    / екеуі келеді/

Жіңішкелік белгісі,айыру белгісі,сендердің де өз орындарың бар. Қапа болмай орындарыңа тұрыңдар!

-Балалар,мені оқыдыңдар,менен не үйрендіңдер?

Барлығы: - Дыбысты танып ,оқуды үйрендік

1 - жүргізуші:

Әліппе, балалар өзің туралы өлең, тақпақ үйренді. Енді соны тыңдасаңыз.

1-оқушы:  Мирас Рызхан

Әріптерді жаттаймыз, есте мықты сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бәрін де-атын затын,түрін де.

Ата-ана атын сен,бізге үйреттің әліппе!

Бізге нағыз жақын сен,сенен білдік әріпті.

2-оқушы:  Аянат

Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын.

Ақыл бердің Әліппе

Ақылды сен мұғалім!

 3-оқушы:  Диас

Ізгілікті ойға тоқитын,

Шәкірт боп үздік оқитын,

Әліппе атты кемемен,

Кеземін білім мұхитын.

4-оқушы:  Бақдәулет

Үйретті бізді әліппе

42 дербес әріпке.

Сөз,сөйлем құрап әріптен

Лайық болдық дәріпке.

5-оқушы:  Мирас Қабышев

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын,

Оқушы болдық сауатты,

Білімнің кенін қазатын.

6-оқушы:  Ернат

Іші толы әріпке, мынау әйбат әліппе,

Барлық ілім –білімнің әжесі осы әліппе.

Іші толы әріпке,жақсы кітап-әліппе,

Әліппені ашамыз,мектепке біз барамыз.

 

 

 

 

7 - оқушы:  Гүлайым
А - ны айтқанда дауысымыз дірілдеді
Ұстазым көз алдымда күлімдеді
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын, айырып буынды енді.

8.оқушы:  Таңнұр              

«Әліппе» деген – алтын жол,
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
9 – оқушы:   Мирас Базаралин
«Әліппем», менің «Әліппем»,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
10 - оқушы:Нұрасыл      
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды

2-Жүргізуші:  

Әліппе,кейде біздің әріптер айтысып та қалады, енді солардың айтысын тыңдаңыз.

Әліппе:  Жарайды, оны да тыңдайын!

11 – оқушы:     Батыр

Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә»тұрады қасында

Байқадың ба, «Б»тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші?

12 – оқушы:   Нұрбибі

«А» деген ол аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты,

«Б» деген ол балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

13 – оқушы:   Зейнеп

Алшақ кетпей,

Сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.

1- Жүргізуш:

-Балалар  әліппеден  ертегілер оқып таныстыңдар ма?

 

 

14-оқушы:   Арай

 Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны Әліппе.

2- Жүргізуші:

Қазір « Кім күшті» ертегісінен көрініс көріп тамашалаңыздар.

Ерте - ерте ертеде
Ешкі жүні бөртеде
Қырғауыл жүні қызыл екен
Құйрық жүні ұзын екен
Мұзға барып қонған  екен
Жамбасы ауырып қалған екен

- Сол уақытта жасаған ием мұздан сұрапты.
Мұз - мұз, сен неден күшті болдың?                       Батыр

Оқушы: Мен күшті болсам, күн көзінен ерімес едім.
- Күн, күн сен неден күшті болдың?                       Ерсін
Мен күшті болсам, бетімді бұлт басар ма еді?
- Бұлт, бұлт, сен неден күшті болдвң?                    Мирас
Оқушы :- Мен күшті болсам, жауа - жауа, жусан басын көгертпес пе едім?
- Жусан, жусан, сен неден күшті болдың?                 Айда       
Оқушы :Мен күшті болсам, қошақан жер ме еді?
- Қошақан, қошақан, сен неден күшті болдың?         Зейнеп

Оқушы: Мен күшті болсам. құйрығымды қасқыр тартар ма еді?
- Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?                Еркенұр 

Оқушы:- Мен күшті болсам, мерген атып алар ма еді?
- Мерген, мерген сен неден күшті болдың?                  Диас

Оқушы: Мен күшті болсам, мылтығымның бауын тышқан қияр ма еді?
- Тышқан, тышқан сен неден күшті болдың?               Ернат  

Оқушы: Мен күшті болсам, ала жаздай жинаған азығымды құмырсқа тасып кетер ме еді?
- Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?                 Нұрбибі

Оқушы: Арқаммен алты батпан, желкеммен жеті батпан ауырды көтергендіктен күшті болдым.
1- Жүргізуші:  Хор   «Әліппе» 

Би:  «Қамажай»  орындайтын қыздар тобы.

Әліппе:

Балалар,сендерге мен ризамын. Мені жақсы игеріпсіңдер.Ана тілінде өте жақсы сөйлейді екенсіңдер. Талапты екенсіңдер енді басқа кітаптарды да мен сияқты оқыңдар!  Қош сау болыңдар балалар!

            /Әліппе кетеді/

15 - оқушы:   Зарина
Қош бол, құтты «Әліппем»
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің

16 - оқушы:   Ерсін
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқан оқи жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім

 

2-Жүргізуші: Балалар,сендердің білімдеріңді өнерлеріңді көріп,Әліппе сендерге өте риза болып кетті. Бұдан былай менің қолымдағы Ана тілі кітабын оқитын боласыңдар. 

1- Жүргізуші:  

- Балалар, біздің алдымызға және бір сүйіп оқитын пәніміз «Ана тілі» келе жатыр қарсы алайық!
Бәрі: Қош келдің, Ана тілі!

Оқушы:Әлия

 Ана тілі: Сәлеметсіздер ме балалар? Енді мені оқып, менен білім аласыздар. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер, қадірлеңдер!
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл!
Өз тіліңді құрметте!

- Осы ана тілі – қазақ тілдерің туралы жаттаған өлеңдерің бар ма?

17-оқушы:   Анель

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

18-оқушы:   Айда

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

19- оқушы:   Еркенұр                          

Ана тілі – біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.

Ана тілін бағаласақ, қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.            

 

 

2- Жүргізуші:

Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана! 
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.
Келесі әніміз аналар өздеріңізге арналады.

Ән:  « Анашым» орындайтын  Нұрасыл,Нұрсұлу,Таңнұр

1-Жүргізуші:

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»  Ризхан Мирастың орындауында қабыл алыңыздар.

2-      Жүргізуші:

  Ән:  «Асыл текті туған»   Орындайтын: Хамитов Диас

1- Жүргізуші:

Тал шыбықтай бойына

Әдемі көйлек жарасар

Шақырайық ортаға

Біздің биші балаларды!

Үнді биі. Орындайтын бишілер тобы

2- Жүргізуші:

Ән:  «Әкешім»   Ернар мен Әлияның орындауында қабыл алыңыздар

1- Жүргізуші:

Кіп кішкентай балдырған,

Тал шыбықтай бұралған.

Көрерменнің алдында,

Биімен таң қалдырған.-деп келесі кезекті биге береміз.

  Балапан биі : Орындайтын бишілер тобы

Хор: «Ақ көгершін»

1- Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар, осымен 1сыныптың әліппемен қоштасу ертеңгілігі аяқталды. Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әліппеге мың алғыс!" ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 453 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2015 644
    • DOCX 31.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гайсина Гулжан Сайлауовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гайсина Гулжан Сайлауовна
    Гайсина Гулжан Сайлауовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5079
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 61 региона

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 22 регионов

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе