Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әліппеге рахмет! Кіріспе сөз: Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Кеше ғана қадам басқан мектебің, Білім берді,санаң өсіп көктедің. Бойыңда өсті, ойың да өсті қарашы, Осы емеспе бір бел

Әліппеге рахмет! Кіріспе сөз: Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Кеше ғана қадам басқан мектебің, Білім берді,санаң өсіп көктедің. Бойыңда өсті, ойың да өсті қарашы, Осы емеспе бір бел



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Әліппеге рахмет!

Кіріспе сөз: Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Кеше ғана қадам басқан мектебің,

Білім берді,санаң өсіп көктедің.

Бойыңда өсті, ойың да өсті қарашы,

Осы емеспе бір белеске жеткенің.

Ортаға 1 «А» сынып оқушыларын шақырайық.

(музыка ойналады, оқушылар ортаға шығады.)

Мұғалім: - Құрметті ата- аналар және бүлдіршіндер,

сіздер үшін бүгін үлкен мереке.

  • Балалар, алғашқы күннен бастап , қолымызға алып оқыған , әріптерді танытқан Әліппемен қоштасқалы отырсыздар.Бүгінгі «Әліппеге рахмет!» атты ертеңгілігімізде бүгінге дейін Әліппеден алған білімдеріңді, өнерлеріңді ортаға салыңыздар.

Айтбек: Армысыздар аналар,

Бармысыздар балалар,

Сөзіме құлақ салыңдар.

Бір серпіліп қалыңдар,

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі би, ән- жырлар.

Томирис: Көлге құяр бұлақтың,

Қайнар көзін көріп пе ең.

Том- том қалың кітаптың,

Басы болар Әліппең.

Мұғалім: Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.

-Балалар, Іші толы әріпке,

Білімдіге жарық не?

Хормен: - Ол сүйікті Әліппе! (3 рет)

  • Олай болса ең қымбат, сүйікті Әліппені ортаға шақырайық.

  • Әліппе, Әліппе,Әліппе!



Ортаға Әліппе шығады. (Музыка ойналады) Әліппе әні

Әліппе:

Армысыздар жас достар,

Армысыздар ата-аналар!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаңа....

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген,

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Мұғалім: Қош келдіңіз, Әліппе!

Әліппе: - Балалар, мен сендермен қыркүйек айынан бері достасып, портфельдеріңнен түспей келемін. Қане, білімдеріңді ортаға салып көрсетіңдер.

Дархан: Іші толы әріпке,

Мынау әйбат Әліппе

Барлық лімі- білімнің

Әжесі осы Әліппе!

Гүлназ:

Әліппем менің, Әліппем,

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің,

«А» деген бастап әріптен.

Бекзат:

Әліппе алып қолыма,

Білімнің аштым есігін,

Ақ ниет тілеп жолыма,

Жазылды тұңғыш есімім.

Эльнара:

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басатлған

Даналықтың данасы,

Армат:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едікәріпте.

Оқимыз қазір ертегі,

Үйретті оны Әліппе!


Ән: «Әліппе!»

Мұғалім:

-Құрметті Әліппе Балаларға ризамысыз?

Әліппе: -Ризамын, ризамын.

Мұғалім: -Балалар, сендерге осыншама білімді, өнерді үйреткен кім?

Хормен: Мектеп, мұғалім, ата-ана, Әліппе!

Мұғалім Сендер Әліппеден көп нәрсе үйренгенсіңдер. Енді басқа кітаппен дос боласыңдар. Әліппенің сырласы Ана тілін ортаға шақырайық.

Хормен: Ана тілі, ана тілі, ана тілі!

Ана тілі; Армысыздар жас достар

Армысыздар ата- анлар, ұстаздар,

Ана тілі сұрақтар қояды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Әліппе: - Балалар,сендер Ана тілімен дос боласыңдар, білімдеріңді шыңдайсыңдар, мен кетейін.

  • Сау болыңыздар!

Хормен: -Рахмет, сізге Әліппе! 3 рет.

Мұғалім: Әліппе, Ана тілі сіздер балалардың өнерлерін тамашалап бізбен бірге болыңыздар.

Эльдар: Алфавиттің «А»тұрадыбасында,

Әрқашанда «Ә»тұрады қасында,

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші.

Қарақат: «А» деген ол аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты.

«Б» деген ол балалар ғой бақытты,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Мұғалім: «Әліппе» әні орындайтындар

Сисенгали Әділет пен Кубайдуллина Арайлым

Дархан: Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат ашып тойладық.

Ершат: Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті Әліппем.

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам қатарына енгенім.




Батырхан:

Қош бол құтты Әліппем,

Тіл тұсауын кестің сен,

Аяулы анам болып сен,

Айыбымды кештің сен.

Нұрсұлтан:

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

Ән «Қошақаным» Бексултанова Томирис

Аружан: «А» ны айтқанда даусымыз дірілдейді.

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын білем,

Сөз оқимын айырып әріпті енді.

Айтбек: Мектебің мынау класың

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

Армат: Ең алғаш қолғ алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.

Ән «Бала тілегі» Жанболатқызы Қарақат пен Кубайдуллина Арайлым

Мұғалім: Әріп біткен шығыңдар,

Орныңдарыңа тұрыңдар.

Бастайық қане сайысты

Жібермейік айтысты.

Әділет:Адам аузын ашқалы

«А» - дан сөзін бастады.

Ата, ана, ақыл, ар,

«А» мен айы, аспаны,

Ана тілімен сусындар,

Қазағымның жастары.

Камила: «Ә» дегенің Әліппе,

Бастауы бар білімнің.

Әріп шашу шашайық

Әліппені ортаға ап

Ән думанға бастайық.

Аян: Бесік өмір бастауы,

Бүлдіршінді тербетер.

Біз байтақ ел жастары,

Білім алып ер жетер.

Мұғалім: -Балалар, Отан дегеніміз не?

Атамекен, отбасы, туған ел, туған жер, достарымыз

Ортаға әріптерді шықырайық

О- Эльдар: Оспан да өлең жаттады.

Олжас та өлең жаттады.

Мына меннен басталатын,

Екеуіннің аттары.

Т- Арайлым: Торғай торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

А- Томирис: Астана-Астанам,

Астанам- бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузыңнан тастаман.

Н- Дархан: Ас біткеннің атасы

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталған

Аяқталғанын қарашы.

Мұғалім: -Балалар, О, Т, А ,Н әріптерін қосқанда қандай сөз шықты?

- Отан.

Мұғалім:

-Балалар, біздің еліміз қалай аталады?

- Қазақстан.

Тұңғыш перзидентіміз кім?

-Н.Ә.Назарбаев

-Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

-Қазақ тілі.


Әлия:

Отан жерім, Отан- елім,

Отан қуат нәр береді.

Отан –ұран, Отан-туым,

Отан-мәңгі гүлденеді.

Жасхан:

Қазақстан -теңдік аты,

Қазақстан -елдің аты.

Қазақстан- ерлік аты,

Қазақстан- ер қанаты,

Қазақстан- жер жаннаты.

Эльдар:

Достық пенен бейбітшілік

Болсын деймін әр елде.

Нұрсұлтандай атамдай,

Ел басқарам өскенде.

Ән «Ақ көгершін»

Мұғалім :

Әліппе бізді тазалыққа, әдемі жазуға,мәнерлеп сөйлеуге үйретті солай ма?

Әлия:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата- ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты болып шықты міне балаңыз.

Ернар: Әліппе сенің сырласың,

Әліппе досың болады.

Әліппенің шұғыласы

Дәптеріңе қонады.

Мұғалім: - Балалар, біз осы қандаймыз?

Хормен: - Татумыз,Білімдіміз, Ақылдымыз, Өнерліміз, Ұқыптымыз.

Ән «Біздің сынып» Утешев Эльдар

Мұғалім:

-Балалар, Елордамыз қай қала?

- Астана

-Астан қандай қала?

-Әсем,сұлу, арман қала.



Нұрсұлтан:

Отанымның төрінде

Сарыарқаның өрінде.

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам, бас қалам!

Бекзат:

Астана әсем қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Мұғалім: Дұрыс балалар, Астана бас қаламыз,

Вальс «Астана» әнімен

Ата- аналармен ойын «Жалғасын тап»

Мақалдың жалғасын табу.

Мектеп кеме, ................. білім теңіз.

Оқу білім бұлағы................... білім өмір шырағы.

Отан ................. отбасынан басталады.

Туған елдей ел болмас,....................... туған жердей жер болмас.

Анаға қарап қыз өсер..................... әкеге қарап ұл өсер.

Оқу инемен............................. құдық қазғандай.

Мұғалім:

Күннің нұры сөнбесін

Ашық аспан бейбіт күн.

Жаңа ғасырда сөйлесін

Болашағы қазақтың.

Қыздарымыздың орындауында қазақ биі.

Қорытындылау.

Бастауышта оқиды,
Ойға білім тоқиды
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман – есен болыңдар.

Білім кемесіндегі бүлдіршіндерге ақ тілегін білдіру үшін құттықтау сөз мектеп директоры Исатай Темешұлына беріледі.

Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Майя Таскалиевнаға.

Ата- аналар атынан ...............

Құрметті ата- аналар, ұстаздар,біздің «Әліппеге рахмет !» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет.

Келесі кездескенше сау болыңыздар!








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров85
Номер материала ДВ-398509
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх