Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Әліппемен қоштасу" ашық сабақ жоспары

"Әліппемен қоштасу" ашық сабақ жоспары

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

ШҚО, Бородулиха ауданы,

«Камышенка орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Дюсебаева Сауле Айткешовна


Әліппемен қоштасу

Мақсаты:Білімділік: Әліппеден алған білімдерін тексеру;

Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту,

Тәрбиелік: ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру; ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.


Мұғалім: Құрметті ұстаздар! Қадірлі ата-аналар, қонақтар !

Бүгінгі күн барлығымыз үшін жүрек тебірентіп, көңіл толқытатын сәт. Өткелі отырған «Қош бол,құтты Әліппем!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!


Айым:

Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Дәрия:

Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар,

Жүздеріннен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.

Ернар:

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне, әліппемен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби еркелер.

Кәусар:

Неге екенін білмеймін, неге екенін,

Әйтеуір бір мәні бар мерекенің.

Өйткені ол әліппемен қоштасу ғой,

Салтанаты жарасқан берекенің.

Ернар:

Біз бүгін алғаш рет қолымызға ұстап,әріп таныған, сауатымызды ашқан Әліппемен қоштасқалы отырмыз.

Айым:

Әліппе-бұл бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол.Бүгін біз сіздерге «Әліппені» қалай аяқтағанымызды көрсетпекпіз.

Кәусар:

Әліппе бітіру-алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше біз бір белестен өттік. 1

Дәрия : Біз ән айтуды, сурет салуды, есеп шығаруды да үйрендік.

Мұғалім: Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Ернар:

Ендеше,Әліппені ортаға шақырып, 4 ай бойы алған білімізді көрсетейік. Кане, бәріміз хормен «Әліппе, әліппе» дейік.

Хормен: Әліппе, әліппе


Әліппе:

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жолбастар,

Әліппең келді ортаға.

Менің атым Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен,

Ағаң менен әпкең де.

Сендер мені 4 ай бойы оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Кәне, соны айтыңдаршы.

Ернар:

Үйреттің бізге Әліппе,

42 дербес әріпті.

Сөз, сөйлем құрап әріптен,

Жаздырдың бізге Әліппе.

Айым:

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдық сауатты,

Білімді тегін қазатын.

Кәусар:

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы

Дәрия:

Әліппем, менің Әліппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Хормен:-Өзіңе көп-көп рахмет!


Әліппе:

- Өте жақсы. Ал, балалар айтыңдаршы, қазақ тілінде қанша әріп бар? 2

Ернар:

Альфавитті біліңдер

Онда қалып жүйе бар.

Біздің қазақ тілінде,

42 әріп бар.

Дәрия:

Альфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба, Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші?


Айым:

А деген ол- аналар ғой ардақты,

Ә деген ол- әкелер ғой салмақты.

Б деген ол – балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуіде кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар , алфавиттің басында.


Кәусар:

Іші толы әріпке

Мынау әйбат Әліппе

Барлық ілім, білімнің,

Әжесі осы Әліппе.


Көрніс: Түлкі мен қоян.


Әліппе:

-Балалар,сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Енді сендер «Ана тілін» оқисыңдар. Міне, Ана тілінің өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар.


Хормен: Сәлеметсіз бе, Ана тілі!


Ана тілі: Сәлем, ойшыл достарым!

Терең білім, ой саналы,

Әрбір сөзім , ой салады.

Ғылым,тәлім, өнерім көп,

Достасқанға берерім көп.

Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.


Ән: Отан

3

Әліппе:

- Ана тілі екеуміз бірігіп , балаларды сынап көрелік.

Ойын: Қайсы артық?» « Буыннан сөз құра.»


Әліппе:

Жарайсыңдар, балғындар!

Кәрі- жасқа ой сала,

Үйрететін ой сана.

Ана тілін сүйіңдер,

Осыған бас иіңдер.


Дәрия:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата- ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты, міне балаңыз.

Кәусар :

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті Әліппем.

Сенің арқаң оқи жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.


Ән: Әліппе


Әліппе:

Айналайын, балдырған,

Менен білім алдыңдар!

Әр сөзімді жаттаған,

Достар үшін мақтанам.

Рахмет айтып шаттанам,

Риза болып аттанам

Алда ұзақ жасың бар,

Оқумен өсіп толыңдар,

Аман- есен болыңдар!

Айым:

Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен.

Әліппе мен ұстазға,

Хормен: Бас иеміз құрметпен!


Би: Шығыс биі.



4

Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров71
Номер материала ДВ-395706
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх