Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Әліппемен қоштасу 1 б - сыныбы
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Әліппемен қоштасу 1 б - сыныбы




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырыбы: Қош бол, құтты әліппем, әріптерді үйреткен!

Мақсаты:

1.Алғаш сауатын ашқан әліппеден қандай жетістіктерге жеткенін көрсетіп, әрі өнер, білімдерін көрсету, ана тілін сүюге, мәртебесін биік ұстауын үйрету

2.Оқушылардың мұғалімге деген құрметін оятып, білімге деген талабын, қызығушылығын арттыру;

3.Оқушыларды жан – жақты өнерлі, мәдениетті болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: сахна төрінде әсем безендірілген мерекенің атауы «Қош бол, құтты әліппем, әріптерді үйреткен» жазылады. «Әліппе білім бастауы» слайд, гүлдер, оқушылар шығармашылығын насихаттайтын деректер, (суреттер, математикалық сызбалар, үлгілі жазулар, жасалған бұйымдар т,б.) бүктемелер, шарлар.

Ертеңгіліктің барысы: (жоғарғы сынып оқушылары ашады)

1-жүргізуші: Ой бүгінгі күн қандай тамаша!

2-жүргізуші: Табиғат ана өз жылуын жердегі адамзтқа төгіп тұрғандай ғой өзі.

1-жүргзуші: Қарашы қандай айнала неткен әдемі!

2-жүргізуші: Қандай көрікті десеңші

3-жүргізуші: Армысыңдар, құрбылар?

1-жүргізуші: Сәлемет пе

3-жүргізуші: Бұл жерде неғып тұрсындар?

2-жүргізуші: Бүгін 1б сыныбы, Мейрамгүл апайдың сыныбында әліппемен қоштасу кеші деп естідік

1-жүргізуші: Апайымызға көмектессек деп едік

3-жүргізуші: Мен де бірге барсам бола ма?

1-жүргізуші: Әрине, болады.

2-жүргізуші: Ендеше не тұрыс

3-жүргізуші: Сәлеметсіз бе апай, сізге көмектескелі келдік

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Сендердің көмектерінді қуана қабылдаймын!

1-жүргізуші: - Ендеше, думанды тойымызды бастаймыз!!!

  • Көрермен қол шапалақтайды, осы кезде есік қағылады да ішке бір оқушы кіреді де:

  • Ой қандай сүйкімді балалар, неткен тамаша көрініс. Сәлемет пе, балалар мен сендерді танымадым, мен өзі қайда келіп тұрмын?

2-жүргізуші: Қош келіпсіз

3-жүргізуші: Сіз біздің мектебімізге келіп тұрсыз.

1-жүргізуші: Бүгін 1б-сыныбында ерекше той өткелі тұр.

2-жүргізуші: Сынып оқушылары әліппемен қоштасқалы отыр. Той үстіне келіп қалған екенсіз, онда төрлетіңіз, бұл тойды бірге тамашалаңыз.

Қонақ: Рахмет сендерге көрсем көрейін. (жайғасып отырады)

3-жүргізуші: Өлшеулі ар - намысы халқымыздың,

Қорғаны адамдық пен салтымыздың.

Армысыздар аяулы ұстаздарым,

Сенері сіздерсіздер халқымыздың.

1-жүргізуші: Өнер берер ертеңгі бағаларың,

Әліппемен қоштаспақшы балаларың.

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,

Қош келдің, ата-әке, аналарым!

2-жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана.

Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Күні кеше ғана оңы мен солын танымаған А-ны әріп деп білмеген ойын балалары бүгінде үлкен міндет, жауапкершілік арқалап отыр. Балалардың сауат ашу мақсатында қолға алғаш ұстаған кітабы – Әліппе оқулығы. Бүгін оқушылар білім асуының алғашқы белесінен аман-есен асып, бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы Әліппеден тоқыған білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салмақ. Олай болса Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне қош

келдіңіздер.

3 – жүргізуші: Бүгін үлкен салтанат, Өткен оқу сан сабақ.

Оқулықпен достаспақ, Әліппемен қоштаспақ.

Әріптерді таныған, Өңкей білгіш балдырған

Өсті бүгін бойларың, Құтты болсын тойларың.

1-жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрмет етіп сендерді,

Бүлдіршіндер шақырамын ортаға – деп бүгінгі мерекеге қатысушы оқушыларды ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер

  • 1-слайд: бір-бірлеп фотосымен оқушылар ортаға шақырылады

Біздің сынып тамаша, Көз тоймайды қараса.

11 қыз бен 8 ұлды, Күнде түгел санаса,

Сабақтан ешкім қалмайды, Нашар баға алмайды.

Тараған соң сабақтан, Бір-бірімен алысып, жамандыққа бармайды.

Себебі олар ақылды, Жас ұрпағы Отанның

Үміт еткен елінің, Ірге тасын қалайды

  • оқушылардың осы уақыт ішіндегі жетістіктері

2 – жүргізуші: Бала деген шіркін – ай балдай екен!

Тәттілігі жакя мен жалдай екен!

Арып - ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен! - деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай, кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық!

3-жүргізуші: Бар білімнің бастауы, Бар ғылымның бастауы,

Жас балаға нұр шашқан, Қандай кітап тіл ашқан?

Хормен: Әліппе (3-слайд. Оқушылардың жақсы жазулары, суреттері, қолөнерлері көрсетіледі)

Мұғалім: Олай болса, барлық ғылым анасы, сүйікті Әліппенің арқасында сауатты адам қатарына қосылдық, бәрімізге қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе.

Әліппе:

Армысыздар, білім қуған жас достар.

Армысыздар, ата – аналар,

Болашаққа жол бастар.

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың,

Қуанышы ананың

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық,

Не үйреніп, не білдік

Қане ортаға салайық!


  • Мерекелерің құтты болсын! – Балалар, бұл мерекеге қуана келіп тұрмын.

Мұғалім: - Ал балалар, міне ортамызға әліппе де келіп жетті. Әліппе жайлы не білесіңдер? Қане ортаға салайық. (4-слайд. Сұрақтар жауабымен көрсетіліп тұрады)

  1. Әліппе оқулығын ең алғаш жазып беріп кеткен кім? – Ы.Алтынсарин

  2. Ы.Алтынсарин кім болған? – ақын, жазушы, аудармашы, ағартушы педагог, мектеп ашқан адам.

  3. Әліппе оқулығынан қанша әріп үйреніп, жаздыңдар? – 42

  4. Қанша дауысты дыбыс бар? – 14

  5. Қанша дауыссыз дыбыс бар? – 25

  6. Бір дыбыс? – у, кейде дауысты, кейде дауыссыз

  7. Қалған екеуі? - таңба, олар ь және ъ белгілері

  8. Сөз неден құралады? – әріптен

  9. Сөздердің жиынтығы нені құрайды? – сөйлемді

  10. Ал сөйлем жиынтығы ше? – мәтінді

  11. Мәтіннің несі болады? – тақырыбы

  12. Тақырып нені білдіреді? – мәтін не туралы екенін білдіреді

Мұғалім: Әліппе жайлы қандай таппақ білесіңдер?


1.Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ерьек те,

Үйреттің оны әліппе.

2.Әліппем, менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықтың.

3.Қош бол құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

4.Енді біз жаза аламыз,

Әріпті қосып әріпке.

Ырза боп саған жүреміз,

Қош бол сүйікті Әліппем.

5.Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тоймадық.

6.Әкем менен, анам да,

Атам менен, әжем де.

Шопан, ұшқыш, ғалым да,

Небір мықты дарындар да,

Оқыған алғаш әліппе.


7.Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым данасы.

Әліпеден басталған,

Даналықтың данасы.

8.Үйретті бізді Әліппе,

42 дербес әріпке.

Сөз, сөйлем құрап әріптен,

Лайық болдың дәріпке.

9.Білімге жолды бастаған,

Әліппем саған мың алғыс.

«Оқы» деп ұран тастаған,

Әліппем саған мың алғыс.


1-жүргізуші: Жабырқауды білмейміз, жалқаулықты сүймейміз

Жауқазындай көз тартып, ән салып, би билейміз

2-жүргізуші: Әліппе әні. орындайтын сынып оқушылары


Ә – әлемді

Л – легімен

І – ізгілік

П – парасатпен

П – паш

Е – етеміз


Мұғалім: Оқушылар, Әліппе бізге әу бастан жалғыз келмеген екен. Ол басында өзінің нені үйреткенін, сендердің қалай үйренгендеріңді, өнерлеріңді бақылауға өзінің ағасын жіберген екен. Ендеше, біздің банадан бері айтқандарымызды тыңдап, бақылап отырған әліппенің ағасын ортаға шақырсақ қайтеді. Ол кім болды екен сонда? (бір оқушы ол Ана тілі шығар) олай болса ортамызға шақырып көрелік...

Хормен: Қош келдіңіз, ардақты Ана тілі

Ортаға Ана тілі шығады: Саламатсыздарма көпшілік, саламатпа бауырым, армысыздар балалар. Мен саған ризамын бауырым Әліппе, балаларды өте жақсы баулыған екенсің. Енді балалар меніде өте жақсы көріп оқиды деп сенемін. Солай ма балалар?

Хормен: Ия солай...


Ана тілі:

Туған елдің тілімін

Ақылы мен танымын

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін

Ана тілім – ұраным

Ата тілім – құралым

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым


Мұғалім: Ал балалар, міне әліппеге қош айтатын уақытқа да таяп қалдық. Әліппе бізге қаншама нәрсе үйретті. Біз әліппенің арқасында жазуға, оқуға, сөзден сөйлем құрауға дағдыландық. «Әліппе» біздің білім есігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса, «Ана тілі» сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болмақ.

Біз енді әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағына сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз – дей отырып балалар рахмет саған Әліппем деп қош айтысайық.

  • М.Мақатаев Әліппе өлеңін хормен айту

  • Хормен: Қош бол, құтты әліппем, әріптерді үйреткен! (5-слайд)

  • Хормен: Әліппемен қоштастық, ана тілімен достастық!(6-слайд)

Ана тілі: Төтеп беріп сынға,

Қайыспаған ауырға,

Адал болып досына

Бас имеген жауына

Елдің атын кім дейміз? --- Қазақ елі

  • Таулары бар ең биік

Даласы бар жерұйық

Бұл қай ел? - Қазақстан

  • Өте жақсы балалар, өте қуанышты күйдемін!

Мұғалім: Балалар сендер «Әліппені бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан Әліппені қалай меңгерсеңдер, Ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді Ана тілін ортамызға алып

  • Нені үйрендік екен ортаға салайық......

  • Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтуды, би билеуді, үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, елімізге жақсылық жасауды.

Мұғалім: Біз нені ажырата аламыз? (7-слайд)

  • Жақсы мен жаманды

  • Ақ пен қараны

  • Арамдық пен адалдықты

Біз нені сүйеміз?

  • Отанды

  • Ата – анамды

  • Халқымды

  • Достарымды

  • Ұстаздарымызды

  • Мектебімізді

Біз кім боламыз?

  • Адал азамат

  • Ақылды ару

  • Оқымысты

  • Елімнің туын биік ұстайтын адам

  • Елін, жерін сүйетін ер боламыз

Хормен: Жаса менің Отаным – Қазақстан

Мұғалім: Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз береміз құрметпен өзіңізге,

Балаларға арналған тілегіңіз

3-жүргізуші: Аудан, облыс, Республикаға танымал құрметті ұстаз, мектеп директорының лебізін тыңдасақ, сөз кезегін Ұлбосын апайға ұсынамыз

  • Сыныпқа сабақ беретін ұстаздарға сөз кезегі

1-жүргізуші: Әліппені оқу барысында ата – ананың қосқан үлесі өте мол. Балалардың бақытты балалық шағы үшін, ата – аналар сіздерге көп рахмет!

2-жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын сондай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын ата – на,

Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын. (ата – аналарға сөз беру)

3-жүргізуші: «Күзгі вальс» орындайтын сынып оқушылары Мұхамедясин мен Асылым

Мұғалім:

  • Құрметті ата – аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар! Кеше ғана алаңсыз шапқылап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларына жауапкершілік сезімі пайда болып, білім асуының алғашқы белесінен аман – есен асып, тағы бір жасқа есейгендей болып отырғандығының куәсі болдыңыздар.

  • Бүгін сіздердің алдарыңызда шәкірттер Әліппеден тоқыған білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салып отыр.Біз ертеңгілігімізді қорытындылай келе үміт еткен сәбилеріңіздің қанатын қомдап сіздердің қошаметтеріңізбен оқушыларымыздың тамаша бір әнін назарларыңызға ұсынамыз.

1-жүргізуші: Ән: «Ақ көгершін» орындайтын сынып оқушылары


Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім шіркін серпілсін дамыл таппай.


Ата – анамның менмін ғой бала шағы,

Әдептілік балаға жарасады

Жақсы азамат боламын өскенде мен,

Біздерміз ғой елімнің болашағы - деген өлең шумақтарымен мен кішкентай шәкірттерімнің сәби жүрегінен шыққан пәк сезімдері мен ықыластарын сіздерге осындай тілектермен өрнектеп жеткізгім келіп тұрғаны.

  • Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-337653
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>