Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӘліппемен қоштасу ертеңгілігі "Әліппе-алтын жол"

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі "Әліппе-алтын жол"

Скачать материал

Әліппе  – алтын жол!

 

 

Ғылымменен  ұласқан,

Жас балаға нұр шашқан.

Әліппе – кітап тіл ашқан

Бар білімнің бастауы.

 

- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының алғаш рет қолына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған «Әліппе -алтын жол!» атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер!

 

Алайық келер сәтті ойға түйіп,

Қалар бір шапағаты көпке тиіп.

Қол жайып, періштенің пейіліне

Бәріміз бір ауыздан Әумин дейік.

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік басында,

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.

 

( шашу шашылады)

 

Бала деген, шіркін-ай, балдай екен!

Тәттілігі жая менен жалдай екен!

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен! – деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық

 

 

Қарақат:

Мен бүртүрлі жүрексініп тұрғандаймын

 

Ерасыл:

Неге жүрексінесің?

 

Қарақат:

Қонақтар өте көп, сөздерімді ұмытып қалатын сияқтымын

 

Ерасыл:

Келген қонақтар өзіміздің ата-аналар мен құрметті ұстаздар ғой. Қорықпа,  қасыңда мен тұрған жоқпын ба? Бастайық

 

Қарақат:

Бастасақ бастайық.

Ардақты ата-аналар!

 

Ерасыл:

Құрметті ұстаздар!

 

Қарақат:

Және бізге қызыға қарап отырған қонақтар.

 

Ерасыл:

Баршамызға мереке құтты болсын!

 

 

Мұғалім:

Қоңыр күзде қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген 1-сынып бүлдіршендері бүгін бір асудан асты. Қазақ тілінің 42 әріпімен танысып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, буынды меңгерген бөбектер бүгін «Әліппемен» қоштаспақшы.

Ең алдымен, балалар, мына сұраққа жауап берейікші. Осы біздер қандаймыз?

 

Нұрасыл:

Осы біздер қандаймыз?

Талабы биік таудаймыз.

 

Еркежан:

Мың бұралған бишіміз

 

Ислам:

Күмбірлетер күйшіміз

 

Самал:

Біз қызықпыз,қызықпыз

Сәл еркелеу бұзықпыз.

 

Мирас:

Біз шеберміз. Ақылдымыз.

 

Айнар:

Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

 

Ельдар:

Көп оқимыз.

 

Кәусар:

Қазақстан – Елтаңбасымен еңселі, Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбатты.

Барлығы қосылып:

Біз қазақ елінің  болашағымыз.

 

Мирас:

Армысыздар, мұғалімдер қымбатты,

Біздер үшін ашатын сан жұмбақты.

Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді,

Шәкірттерің қылықтары тым тәтті.

 

Қайрат:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Қайнарымыз сіздерсіздер нәр алар.

Алдарыңда сусындаған білімге

Үмітің боп гүл жайнайды балалар.

 

Мұғалім:

Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші:

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

 

Оқушылар:

Болашаққа жол ашқан,

Ол - сүйікті Әліппе!

 

Мұғалім:

Олай болса, Бәрімізге қымбатты дос « Әліппені» ортаға шақырайық.

 

Бәрі:

Әліппе, Әліппе, Әліппе!

 

Елнұр:

Балалар, Әліппе келе жатыр! – Келіңіз, Әліппе, келіңіз!

 

Әліппе:

Иә, балалар! Сендер мені бүгін бұрынғыдай қолдарыңа алып оқымай отырсыңдар ғой. Мені ұстауға да асықпайсыңдар, әлде ұмыттыңдар ма?

 

Дайана:

Жо-жоқ! Ол не дегеніңіз?

 

Әліппе:

Бұл қалай? Сендер көпсіңдер ғой? Ата-аналарың да әдеттегіден көп жиналыпты.

 

Аружан:

Иә, иә! Қымбатты Әліппем! Бүгін ата-аналарымызбен бірге  сізбен қоштасу мерекесін өткізбекпіз!

 

Әліппе:

Неге қоштасасыңдар? Әлде маған өкпелісіңдер ма? Менің сендермен қоштасқым келмейді. Сендермен бірге болған маған өте көңілді!

 

Еркебұлан:

Құрметті ӘліппемІ Біз сізбен әрқашан бірге жүрер едік. Әттең.....

 

Әліппе:

Шынымен менен безгілерің келіп тұр ма? Керек болмасам өзім-ақ кетейін

 

Динара:

Кетпеңіз, кетпеңіз! Біздің не үшін қоштаспақ екенімізді білсеңіз сіз де қуанасыз.

 

Мұғалім:

Иә, Әліппе, өзіңіздің жұмысыңыздың қорытындысын көріп рахаттанасыз. Сонда ғана балалардың сізбен не үшін қоштаспақ екенін түсініп, толық ұғасыз. Ал қазір мына жерге отырыңыз.

 

Ақтолқын:

Әліппем, қараңыз, сізде жазылған әріптерді біз толығымен үйрендік. Шағын әңгіме, өлеңдерді оқи алатын болдық. Керек десеңіз сіздің соңғы беттеріңізді де оқи береміз.

 

Әліппе:

О-хо! Қуанғанымнан міндетті жұмысымды  қалай атқарғанымды да сезбей қалыппын. Неге қоштаспақ болғандарыңды енді түсіндім. Бәрібір сендердің араларыңнан кеткім келмейді.

 

Айқын:

Құрметті Әліппем! Алдағы оқу жылынан бастап, алдыңызға тағы да бөбектер келеді. Оларды да біздердей оқи алатын өнегелі етіп тәрбиелейтініңізге сенеміз!

 

Әліппе:

Солай екен-ау! Сендер кеткенмен орындарыңа өздеріңдей балалар келетінін қалай ұмыттым?!

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп, не білдік

Қане, ортаға салайық.

 

1-тапсырма.Жұмбақ шешу. Жауабын тауып буынға бөліп жазу.Неше дыбыс, оның ішінде нешеуі дауысты дыбыс сұрақтарына жауап алу.

1.Ағайынды бәрі,                                     жапырақ. Жа-пы-рақ

   Шықса- жасыл,                                      7 дыбыс, 3 дауысты, 4 дауыссыз

   Түссе- сары.

2. Қабат-қабат қаттама,                           кітап.  Кі-тап

    Ақылың болса аттама.                        5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз

   

    Жапырақ, кітап сөзіне сөйлем құрату.

 2-тапсырма. Қазақстан сөзінен жаңа сөздер ойлап табу, тақтаға плакатқа маркермен жаздыру.

   ( қаз, қазақ, ата, сан, саз т.б)

3-тапсырма. Әліппеде жаттаған тақпақтарын айтқызу.

 

Камила:

Әріп біткен шығыңдар,

Орындарыңа тұрыңдар.

Бастайық, кәне айтысты

Жібермейік намысты.

 

Нұрасыл:

А-ға й-ды қоссаңыз

Көкте тұрған ай болар.

Т-ны алдына тоссаңыз

Бәсірелі тай болар.

 

Айнар:

Ә әрпінен табамыз

Әжемізді ақылгөй.

 

Елнұр:

Б дегенің- бабамыз

Бауыржандай батыр ғой.

 

Самал:

М дегенің мал болар

Қадір тұтқан бабалар.

 

Ислам:

Ғ әрпімен бір келер

Ғылым атты ұлы тау.

 

Еркебұлан:

Д әрпімен бастасаң

Дархан, дария далам бар.

 

Аружан:

Е-ні ұмытпас ешқашан

Елін сүйген жарандар.

 

Еркежан:

Ж дегенің – жөргегің

Туып-өскен жерлерің.

 

Ельдар:

И дегенің – иманың

Адалдықтың асқары.

 

Қайрат:

Ө әріпімен өрістер

Өмір атты дүниең.

Дайана:

С әрпінен тұратын

Сый-сияпат, сенімің.

 

Қайрат:  Алфавит сыры  ( мәнерлеп айту)

 

Мұғалім:

Балалар, ең алғашқы ұстаз кім?

 

Оқушылар:

Ыбырай Алтынсарин

 

Мұғалім:

Ы.Алтынсарин аталарың қандай өсиет қалдырды?

 

Оқушылар:

Кел, балалар, оқылық!

 

Кәусар:

Алфавитті білдіңдер,

Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

42  әріп бар.

 

Ән:  Әліппе

 

Қарақат:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

 

Ерасыл:

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

 

Нұрай:

Қош бол құтты, Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

 

 

Әліппе:

Әліппе оқуға

Үйреткен әр күні

Кім, атан атай ғой?

 

Оқушылар:

Ол біздің мұғалім апай ғой

 

Әліппе:

Үйретіп санауды,

Көп еңбек сіңірген

Кім, атын атай ғой?

 

Оқушылар:

Мұғалім апай ғой.

 

Камила:

Ең алғаш алғанымда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерге.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

 

Ән:  Ақылшым мұғалім.

 

Әліппе:

Балалар, мен сендерге ризамын. Мені жақсы меңгеріпсіңдер. « Әріптер елінен» іздеген қымбат асыл қазыналарыңды алып келдім. Ол « Ана тілі»  кітабы.

 

  ( Ана тілі кіреді)

 

Оқушылар:

-Қош келдіңіз, Ана тілі!

 

Ана тілі:

Ана тілі пәнімін,

Ана тілі ұраным.

Ана тілі болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

Балалар, енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсе үйретемін. Мен сендерге әр кезде Мұхтар Әуезовтың  « Кімде-кім ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» деген нақыл сөзін еске саламын.

 

Мұғалім:

Рахмет, Ана тілі, ана тіліміздің, дара тіліміздің, дана тіліміздің мәртебесін жоғары көтереміз деп уәде береміз. Бізбен бірге болыңыз .

Әліппе дос, балаларға ризамысың?

 

Әліппе:

Ризамын, ризамын.

Әліппенің бетін жарық ет!

Ұл-қызды түгел білімді ет!

Келесі оқу жылына

Аман-есен түгел жет!

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз

Өнер білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз.

Қош болыңдар, сендерге көп рахмет!

 

Оқушылар:

Қош бол, құрметті Әліппе!

 

( әліппе қол бұлғап кетеді)

 

 

Мұғалім:

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып оқитын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың.

Балалардың білімі құтты болсын

Денсаулығы әрқашанда мықты болсын

Білімдерін әрі қарай дамытатын

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын.

 

Құрметті қонақтар, енді оқушылардың өнерін тамашалаңыздар.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әліппемен қоштасу ертеңгілігі "Әліппе-алтын жол""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 775 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.09.2016 591
    • DOCX 58.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сасенова Перизат Курмашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сасенова Перизат Курмашевна
    Сасенова Перизат Курмашевна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 37706
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе