Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Әліппемен қоштасу" ертеңгілік туралы қазақша ашық күн.

"Әліппемен қоштасу" ертеңгілік туралы қазақша ашық күн.

Скачать материал

Әліппемен қоштасу

Жамбыл облысыC:\Users\2014\Desktop\2015-11-15-00-28-02-485.jpg

Қордай ауданы

24 Степной орта мектебі КММ

Тасыбаева Алима Бекмаханбетқызы

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.

2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын дамыту.

 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға,кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалрдың эстетикалық талғамдарын түсіп,ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.

 1.Безендірілуі: «Әліппе,саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат,суреттер, шарлар, жалаушалар,суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

1-Жүргізуші.Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар,қымбатты ата-аналар.

2-жүргізуші.Бүгін 1«а»сыныбында үлкен мерей той.

  1. жүргізуші.20 бүлдіршін әліппемен қоштасқалы отыр .

  2. жүргізуші.Олай болса,ортаға 1«а»сынып оқушыларын және оларға білім әлемінің есігін ашқан,Әліппемні үйреткен ұстазын Тасыбаева Алима Бекмаханбетқызын ортаға шақырайық.

Сиқыршы қыз:Ой,бүгін күн қандай тамаша!Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай!Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті.Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен?Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып,сиқыршы оқушылар ортасына келеді)

Сиқыршы: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі)

Мұғалім:Армысыз, кішкентай сиқыршы!

Сиқыршы:Сәлеметсіз бе?!Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын?

Мұғалім: Кішкентай сиқыршы,сіз біздің мектебімізде тұрсыз.Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр.Мектептің 1 «а» сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр.Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!

Сиқыршы: Рахмет,маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма?

Мұғалім:Әрине болады.Әзірге балалармен бірге отыра тұрыңдар.

 

 Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!  Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

 Әліппені бітірді балаларым,

 Әліппеден нәр алған даналарым.

 Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

 Құтты болсын білімі балалардың,

 Ал ендігі кезекті жүргізушілерге берейік.

2- жүргізуші

  Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

 Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

 Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

 Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1- жүргізуші

 Көз салып қараңызшы бойымызға

 Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

 Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

 Әліппемен қоштасу тойымызға.

 Ән:  Әліппе.Хор.

 Мұғалім:

 Өсті міне бойларың,

 Өсті ақыл – ойларың.

 Қуанышқа ортақпын,

 Құтты болсын тойларың!

 -    Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

 Іші толы әріпке,

 Білімдегі жарық не?

 Хормен:  Болашаққа жол ашқан,

 Ол сүйікті Әліппе!

 Мұғалім:

 -    Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

 Хормен:       Әліппе.

 Әліппе:

 Менің атым -  Әліппе,

 Мені анаңдай дәріпте.

 Мені оқып ер жеткен,

 Аған менен әпкең де.

 Армысыздар жас достар!

 Армысыңдар, ата-ана!

 Болашаққа жол бастар,

 Әліппең келді ортаға.

 Мерекеңмен құттықтаймын

 Бүлдіршіндер, балғындар!

 Не үйреніп, не білдік

 Кәне ортаға салайық.

 Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?

Хормен

 -    Талабы биік таудаймыз.

 -    Мың бұралған бишіміз.

 -    Біз шеберміз.

 -    Ақылдымыз.

 -    Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

 -    Көп оқимыз.

 Барлығы: Біз -  қазақ елінің болашағымыз.

Сиқыршы: мен сендермен бірге бір ойын ойнасам деймін. Ойнаймыз ба?

Балалар:Ойнаймыз.

 

Сиқыршы: Балалар мен жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бір сөз шығады.Қане мұхият тыңдаңдар.

Сиқыршы:1.Әжеде бар, атада жоқ,

Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)

2.Біреуі «белде»

Біреуі «көлде»   («Л» әрпі)

3.Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

4.Ірімшікті біз жеген,

Қай әріптен басталған. («І» әрпі)

5.Ата-анаңмен барып сен,

Пілді көрдің парктен.

Осы атаулар зер салшы,

Басталған қай әріптен. («П» әрпі)

6.Пілде бар,шілде жоқ,

Допта бар,шарда жоқ. («П» әрпі)

Ешкіде бар,қойда жоқ,

Кеседе бар,қасықта жоқ. («Е» әрпі)

Сиқыршы:Балалар қандай сөз шықты?

Балалар: «Әліппе»

Сиқыршы: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Ия

Ж.Айдана

  Іші толған әріпке

   Жақсы кітап әліппе

   Әліппені аламыз,

   Мектепке біз барамыз.

Бота

Әліппем менің Әліппем, Келгенде алғаш мектепке, Мунира
Сені қолға алып мен. Білмеуші едік әріпте,
Есігін аштым мектептің, Оқимыз қазір ертекте,
Ертеңгі сәуле жарықпен. Үйреткен оны Әліппе!
Еркебұлан.
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Айда
Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым ағасы

Әліппеден басталған

 Даналықтың данасы.

Әсел

Іші толы әріпке,

Жақсы кітап әліппе

Барлық ілім, білімнің

Әжесі осы әліппе

Айнұр

Апа-ата атын сен

Бізге үйреттің Әліппе.

Бізге нағыз жақынды

 Сенен білдік Әліппе.

Аружан

Біз жазамыз «ана» деп

  Біз жазамыз «дана» деп

   Біз жазамыз «бала» деп

   Біз жазамыз «Отан» деп

Нұржан

Қане беріп қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.

Нұразиз

ә деп ұзақ айтамын

ә деп үйге қайтамын

әкем, әжем, тәтеме

әдемі ән айтамын

Айгерім

Ғалым болып аламын,

Ғаламға да барамын

Ғылым, білім- ілімді

Ғибрат еткен баламын

Рамазан

Ыдырыс-ау, Ыдырыс.

Алдыңда үлкен бұрылыс

Жол тәртібін абайла

Артыңда үлкен құрылыс.

Ақсұңқар

Ұлар, ұлар, ұлармын

Ұшқырлыққа құмармын

Ұлы сөздің басында

Ұ әрпі болып тұрамын

Бағдаулет

Фарида мен Фатима -фотоопарат алыпты

Фархад пенен Фатима

Фермаларға барыпты

Ернұр

Ілияс-інім, Інжу сіңілім

Інім-ілімді, сіңілім-білімді.

Зарина

Алфавитті білдік біз

Онда жүйе қалып бар.

Бізідің қазақ тілінде

42 әріп бар

 Мұғалім: – Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Хормен:Балаларға ақ тілек,

Болашаққа бақ тілеп.

Біздерге білім үйреткен,

 Әліппе, саған рахмет.

 Әліппе:

 -    Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

 Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

 Әліппе:  Ретімен тізбелі

 Әрбір санды даралап,

 Қайсың барсың бізге енді

 Айтып берер санамақ?

Санамақ айтайық

Жасұлан

1 дегенім- бесік,

 Шықтың содан өсіп.

Айдана

 2 дегенім – елім,

 Далам, тауым, көгім.

К.Нұрдаулет

 3 дегенім – үміт,

 Үміт артар жігіт.

10 дегенім – Отан,

Қорға соңы, ботам.

И.Нұржан

 4 дегенім – төзім,

 Төзе білем өзім.

9 дегенім – тоқтау,

 Елдің жоғын жоқтау.

Ж.Нұрдаулет

 5 дегенім – бақыт,

 Бағалайтын бақыт.

Зарина

  6 дегенім – ақыл,

 Тыңдағаның мақұл.

Мунира

7 дегенім – жалау,

 Жүректегі алау.

8 дегенім – сөзің,

 Серт беретін кезің.

Әліппенің тапсырмалары.

 2- жүргізуші. Жиналған қауым таң қалсын

 Ән бимен шашу шашылсың

 Мың бұралған бишелер

 Бименен кешті жалғасын.

Сынып оқушыларының  орындауында «Үнді» биі.

 1- жүргізуші

 Әліппені бітіріп,

 Бала болдыңдар  ақылды.

2- жүргізуші

Қош бол, құтты Әліппем,

 Көп нәрсені үйреткен!

 1- жүргізуші

 Әліппемен қош айтысып қаламыз,

 Енді қолға Ана тілін аламыз.

2- жүргізуші

 Ата –ана қуанышқа ортақ бол,

 Сауатты боп шықты міне балаңыз!

1-Жүргізуші

Шалқып тасып әніміз.

Жадырасын жанымыз

Әліппемен қоштасып

Би билейміз бәріміз

2-жүргізуші Би.  «Жігіттер биі»

1-Жүргізуші.Ән «Әліппе»

Сиқыршы қыз:Мен балалардың  сауаттылығын тағы бір тексерейін менімен бірге

 «Ұйқасын  тап» ойынын  ойнайық,әрі  жұмбақтың  шешуін  табайық.

1)Құйрығы  сүйір, Алаботаға  үйір. Оның  аты(Сиыр)

2) Тастан  тасқа  секірген ,Шұнаңдап  ойнап  есірген

Құйрығы  келте  шұнақ,  Оның  аты  (Лақ)

3)Теңбіл  түсті  ,өзі  ширақ ,

Ұзын  мойын,ұзын  сирақ,Білгің  келсе ,аты(Жираф)

4)Тоны  түкті, Түрпі,Оның  аты  (Кірпі)

Сиқыршы: Рахмет. Біздің ертегілер әлеміне кететін уақытымыз болды. Сендердің білімдеріңді көріп, өнерлеріңді тамашалап, риза болдық.

Білім алу жолдарыңда қанаттарың талмасын! Қош сау болыңдар!

 Әліппе: Балалар, рахмет сендерге.

 Әліппе:   Енді мен сендермен қоштасайын.

 Кір шалмасын беттерін,

 Таза болсын оқулық пен дәптерің.

 Оқығандарын есте болсың,

 Күнделіктерің 5-ке толсын!

 Хормен: Бәрімізді сүйіп өткен,

   Балаларға үйреткен.

.Әліппе мен ұстазға

 Бас иеміз құрметпен.

 Ән « Әліппе»

 1- Жүргізуші

 Баланың да тірегі,

 Дананың да тірегі.

 Шаншылмасын ешқашан,

 Аналардың жүрегі.

2- Жүргізуші

  Ақыл құйған санама,

 Күннен де артық расында.

 Күн-алыста, ал анам,

 Ылғи менің қасымда.

 Мұғалім: – Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.

 Ән "Біз тәртіпті баламыз"

1-Жүргізуші:

Ал,енді,балалар, ортаға Ана тілін шақырайық.

Балалар хормен:Ана тілі,Ана тілі

Ана тілі кіріп келеді.

Ана тілі:Сәлеметсіздер ме,қымбатты балалар!Менің атым-Ана тілі.Енді мен сендердің ең жақын достарың боламын.

Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тілңді құрметте.

Мұғалім:Ата-аналармен ойын.

Би "Өзбекше"

 Мұғалім:   Мектеп басшыларына сөз беріледі.

 Мұғалім:   Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар

 Сөз берейік әкелер мен аналарға.

 Мұғалім:   Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

 Балалардың есімі әулеттерге таралар,

 Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

 Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.

 -    Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!

 -    Қош сау болыңдар.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әліппемен қоштасу" ертеңгілік туралы қазақша ашық күн."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 508 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2016 704
    • DOCX 95.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тасыбаева Алима Бекмаханбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 12383
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 187 человек

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 568 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 471 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 334 человека

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции