Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Презентации / Әліппемен қоштасу кеші "Қош бол сүйікті әліппем!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Әліппемен қоштасу кеші "Қош бол сүйікті әліппем!"

библиотека
материалов

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ

Мақсаты:

1 Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; 2 Өз өнерлерін атааналарға көрсету,эстетикалық талғамдарын тереңдете

түсу,

3 Өзін-өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу

Мұғалім:

Бүгін сіздер 1- «б» сынып оқушыларының

«Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!


Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың,

Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.


Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар /Ақерке/

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


Көз салып қараңызшы бойымызға /Cапарбай/

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.


Қыркүйекте келдім де
/Маржан/
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды мейіріммен
Қадамымды құп алып.



Еркесі едім атамның /Нұрбақыт/
Еркесі едім анамның
Толып биыл 7 — ге
Мен де оқушы атандым!


Мен оқушы атандым \ Ерхан \


Ән: Мектеп үйретеді




Өтті оқу сан сабақ,   /Ақбота/
Бүгін үлкен салтанат.
Басқа оқулық достаспақ,  
Әліппемен қоштаспақ.


Сәлем, саған мектебім,  
/Иманғали/
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие   
Ой санама еккенің.


Мектеп кеме, білім теңіз,   /Қаракөз/
Барар жерге тез жетеміз.
Әліппе берген білім нәрін, 
Азық етіп ер жетеміз.


Алдыма келіп ұстазым,  
/Ерхан/
Алғаш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен,  
Мейірімді сезінгем.


Еркесі едім еркелеген әр үйдің, /
Мадина/
Отын жаққан кеудедегі жалынның.
Адам бол деп маңдайымнеан сипаған,
Ұстазымды ұлы адам деп танимын.


Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл – ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хормен: Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім:

-Бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе.







Әліппе:

Армысыздар жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Бауыржанда Мәлікте

Әліппе:

Осы сендер қандайсындар?

Балалар

- Талабы биік таудаймыз. Сапарбай

- Мың бұралған бишіміз. Мадина

- Біз шеберміз. Қарақат

- Ақылдымыз. Біләл

- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз. Арайлым

- Көп оқимыз. Нұрдәулет

Біз - қазақ елінің болашағымыз. Тимур

Ән: Достық

Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.


Алфавитті жатадық /Ардақ /

Онда жүйе, қалып бар,

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.


А әрпінен атым –тегім /А Айдана/

Айтсам сөздің кесімін.

Аханбек Айдана мен боламын,

Айдай өсіп толамын.


Ж дегенің Жарас /Жарас/

Жарас деген мен болам

Жақсы оқысам сабақты

Одан артық жоқ шара.


Ботагөз деген есімді, / Ботакөз/

Білдіңіздер кесімді.

Б әрпі бар ішінде,

Тыңдасаныз шешімді.


Ән: «Қошақаным» Біләл,Нұрдәулет,Ақеркенің орындауында



Тимур деген мен едім, /Тимур/

Алсам білім тереңін,

Т әрпінен есімім,

Аламын оқу білімін.



Енді біз жаза аламыз, /Қарақат/

Әріпті қосып әріпке,

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе.


Ән: Мен әдепті баламын


Бар кітапқа бас болған, /Назым/
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.

Әліппем менің, әліппем, /К Айдана/
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Келгенде алғаш мектепке /Нұрдәулет/
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!

Мұғалім:

Жиналған қауым таң қалсын

Ән бимен шашу шашылсың

Мың бұралған бишілер

Бименен кешті жалғасын.

Аңсағанның орындауында « Өзбек » биі.


Әліппені бітірдім, /Самат/

Жаза аламын атымды.

Әліппені бітіріп,

Бала болдым ақылды.


Қош бол, құтты Әліппем, /Бексұлтан/

Көп нәрсені үйреткен!

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеткен.


Әліппе: Балалар, рахмет сендерге.Көп нарсе үйренгендерін көрініп тұр

Ән «Әліппе саған рахмет»

Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын оқулық пен дәптерің.

Оқығандарын есте болсың,

Күнделіктерің 5-ке толсын!


Хормен. Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен.

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен.


Уа, халайық, халайық /Санат/
Мұнда назар салайық.
Бәріміз қол соғып.
Ана тілін қарсы алайық!                    

Әліппемен қош айтысып қаламыз /Аңсаған/

Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз. (
Ортаға ана тілі шығады)

Ана тілі:

Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой білімді,
Мәнін терең білуде,
Мейірімі мол балаға.
Ана тілді құрметте.

-Балалар,   мақал-мәтел айтып беріңдерші

Отанды сүю отбасының басталады

Отан оттан да ыстық

Отан үшін отқа түс күймейсің

Бірлік бар жерде тірлік бар

Жолдасы көптің,олжасы көп









 Ана тілі:

Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.

Мейірі мол балаға
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп
Даламыздың үні деп

Бәрі: Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!

Ана тілі:

Рахмет балалар, мені жақсы оқыңдар.

Сендерге «Жасырылған сөзді тап !»ойынын алып келдім

4 2 3 1 5 6

т е к м е п /мектеп/



5 4 3 1 2

з а т ұ с /ұстаз/

Баланың да тірегі, /Біләл/

Дананың да тірегі.

Шаншылмасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.


Ақыл құйған санама, /Арайлым/

Күннен де артық расында.

Күн-алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.


«Менің елім- мақтанышым» ойынын ойнайық


-Қазақстан Республикасының Презиенті кім?

- Қазақстан Республикасының астансы қай қала?

- Қазақстан Республикасының Елтаңбасы мен Туында не бейнеленген ?

-Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлерін атаңдар?

-Өздеріңе таныс қазақтың ұлттық ою-өрнектерін атаңдар

-Біздің еліміздегі балаларды бақытты деп атауға болама?


Мұғалім: – Біз бақыттымыз. Осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән-жырымыз сіздерге арналады.


Ән «Ақ мамам »

Топтық би

Мұғалім:

---Ал біздің мерекемізге Астана,31 телеарналарынан тілшілер келген екен сұхбат алмақшы. 
-Құрметті Эльмира Макашева Әділбекқызы ,бүгінгі кеште қандай сезімде болдыңыз? 
-Құрметті Ақылова Қарлығаш Жақсылыққызы ,бүгінгі өнерін,өз білімдерін көрсеткен балаларымыз болашақта қандай азамат,азаматшалар болады деп ойлайсыз? 
-Құрметті Манапова Қанымгул апай бүгінгі салтанатты мереке қалай өтті деп ойлайсыз? 
Құрметті Хангелдиева Тұмаркүл апа! сіздің Маржаныңыз осы сыныпта оқымағанда сіз бұл мерекеге келер ме едіңіз? Айтар тілегініз

Бейне таспаға назар аудару
Мұғалім:

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар,

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.


- Уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!

- Қош сау болыңдар.
















Бекітемін:

Мектеп директоры Макашева Э

Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп

МДШО және МЖИ КММ







Қош бол сүйікті әліппем



















1«Б» сынып жетекші

Абилбакиева.А.

















Ұзынағаш

2015-2016 оқу жылы


















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Презентации
Просмотров93
Номер материала ДВ-496203
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх