Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әліппемен қоштасу 1 класс

Әліппемен қоштасу 1 класс

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m51728c92.gifӘліппе әлемі – әріптермен әдемі!

Мақсаты:1-сынып оқушыларының Сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдері мен осы уақытқа дейінгі үйренген білім, білік дағдыларын саралай отырып, оқушылардың білімдерін тиянақтау, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.Ата-аналарына көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін-өзі басқару мен ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Б А Р Ы С Ы :-Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Бүгін бізде үлкен қуаныш. Әліппені бітіру- алдағы білім нәрімен сусындауға қадам басудың алғашқы баспалдағы. Алдағы өмір жолдарыңызға сәттілік тілей отырып , біздің 1 «Б» сынып оқушыларының «Әліппе әлемі- әріптермен әдемі!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер демекпіз! –

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті,

Құтты болсын тойлары балалардың!

Ал, ендігі кезекті балалардың өздеріне беремін. -Бұрынғы өткен заманда үлкен «Әліппе» атты елде әріптер патшалығы өмір сүріпті.Онда әрбір әріп өз патшалығын билеп, өз міндеттерін орындап , бір-бірімен жұптасып, бақытты өмір сүріпті.

Олар өте ақылды, білімді, оқымысты болған екен. Олармен өздеріңіз танысыңыздар

  • Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің әріптер патшалығына қош келіпсіздер! «Әліппе» елінде өмір сүретін әріптермен таныс болыңыздар:


Салмақты Ұлжанды

Сыныптың үздігі.

Басшы ғып күз күні,

Сайладық біз оны.

2.Таныс етем әлі мен,

Сыныптастың бәрімен.

Құрдасым бар - Іңкәрдай

Қызықтырған сәнімен.

3.Зерек те , ақылды,

Қайсар да, батыл-ды

Құрдас деп жыр еттім,

Абылайдай батырды!



4.Ән-биге құмар қыз,

Әжесін ұғар қыз.

Әдемі есімді

Мақтауға тұрар қыз!

5.Пысық та, алғыр да,

Қиялшыл қалпында.

Сыныптас құрдасым-

Жәнібек бар мұнда!

6.Онымен бір жасым,

Ынтасы бар басым.

Бұл менің Қәусардай

Сыныптас құрдасым!

7.Тербелтіп қыр басын,

Ән айтып шырқасын.

Данабектей жас әнші

Бар менің құрдасым!


8. Бір үйдің кішкентай қызығы
Раушан гүлдің үзігі
Қайрат атты әкенің
Еңілік деген қызығы


9.Жап-жақсы сабағы,

Тәп- тәуір талабы.

Момын дп мақтаймын,

Қуаныштай баланы!

10.Сыйлайтын үлкенді,

Қылығы ерке енді.

Осылай мақтаймын,

Қарақаттай көркемді

11.Жазуы маржандай,

Тізілген енді бір.

Сауатты жан қандай,

Нұрбектей досым бар

12.Көктемдей гүл атқан,

Біліммен бүр атқан.

Аружан құрбымыз-

Ән-биді ұнатқан!



13.Сыныпта, үйде де,

Бар іске ұқыпты,

Ұғымтал бауырым-

Темірлан ол біздің

14.Сыныпта үлгілі,

Жаттаудың дүлдүлі.

Осылай мақтаймын,

Аяулымдай сұлуды.

15.Әртіс боп шығатын,

Үздік те үлгіміз.

Ән айтар әсерлі,

Нұрболат құрбымыз

16.Келген жылдың басында,

«Бақтыдан» осында,

Менімен бірге оқиды,

Балымдай досым да!

17.Алғырлық өремен,

Санасын бөлеген.

Досым бұл сыныптас-

Ринатұлы Адлен


18. Сәулелі де сымбатты,

Сөйлегені тым тәтті.

Дарина деген қызымыз

Сұлулардың сұлуы


19. Жұмсағанда баратын,

Айтқан тілді алатын,

Анасының еркесі

Еркебұландай бар мықты


20. Жиналған қызғалдақтар қыр гүлі
Бір
үйден ерке өскен бір қызығы

Созбалап айта беріп не етемін,
Шақырамын Аймарат атты досымды.


21.Жақсылықты жақтайтын,

Бәрін біліп жаттайтын,

Болашағын қазақтың

Еділ болсын бастайтың


22. Үлкенге де,кішіге де,

Мейірімді болатын,

Мадинадай сыныптас

Сірә ешкімде жоқ шығар


23. Ай мен күні анамның,

Құлыншағы даланың

Таныстырам мен оны

Есбол атты досымды


24. Мінезі бар тым тұйық

Жүрер өзі бұртиып

Сыныптасым Азамат

Ортаға кел жымиып

 
Барлығы хормен:1. -Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз,

Қонақтарды құрметтеп ,

Бас иеміз Біз! (барлығы қолдарын кеудеге қойып ізетпен бас иіп көпшілікпен амандасады)


1Ұлжан

Армысыздар жас достар,

Армысыздар ата-ана.

Болашаққа жол бастар,

Балаң келді ортаға.


2.Нұрбек

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Болашағы қазақтың,

Басталады біздерден.


Ұлжан:

-Сенің нұрың сөнбесін,

Ашық аспан , жарық күн.

Келешегі сөйлесін

Қазақ деген халықтың.

Тілі балдай баланың

Талабына жарық бер деп,- ортаға «Оқуда озат боламын» әнімен Аймаратты қарсы алыңыздар!

Нұрбек: -Біз 4 ай бойы сіздермен бірге оқуды, санауды, жаттауды, жазуды үйрендік.

Бүгінгі біздің Әліппемен қоштасу тойында осы 4 айда не үйренгенімізді келген қонақтарға көрсетсек…

Дайынсыздар ма?-Жарайсыздар! Біздің тойашар екі айтыскеріміз бар еді, соларды ортаға шақырайық. (ортаға 2 айтыскер шығады)

1 Таныстырыр әріппен

Мынау кітап-Әліппең

«Әліппе» деген аты оның

Басталған қай әріптен?


2.Әже, әке аттары

Осы әріптен басталған

Айналайын Еділ жан

Ә әріпі біз жаттаған

2 Артық көрем басқадан,

Апа, ата сөздерін

Қайсы әріптен басталған?

Білсен айтшы сен өзін

1.А әрптен басталған

Ардақтының бәрі де

Сенде оны әрқашан

Аяла да дәріпте


1.Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталған

Соңғы әрпінеде қарашы.


2.Н әріпі кешегі

Өзіміз оқып таныған

Қасиетті нан сөзі

Осы әріптен басталған


2, Өрікте сөздің басында

Бөрікте б-ның қасында.

Бұл қай әріп көре ғой,

Енді айтып бере ғой


1.Бұл жұмбақтын жауабы

Б әріпі бағалы

Б деген ол бала ғой

Жұмсаса анан бара ғой


1,2 Барлық әріп бағалы

Айтсақ әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.





Мұғалім:- Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?


Оқушылар: - Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті Әліппе.



Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.


Оқушылар:- Әліппе, әліппе, әліппе!


(Ортаға әліппе шығады.)


Әліппе Қарақат:

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің.

Қуанышы баланың-

Қуанышы халықтың.

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане ортаға салайық.


Мұғалім: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Енді соңы көрсетейік

Тақтамен жұмыс:

Сауат ашу

1.Қазақ тілінде неше әріп бар?42әріп

2.Сөздің буынға бөлінуі қандай дыбысқа байланысты? дауысты

3.Сөйлем соңында не қойылады? нүкте

4.Әкеннің әкесін қалай атайсын? Ата

5.Балалар оқитын орын? мектеп

6.Қасық, кесе,таба,қазан бір сөзбен қалай аталады? ыдыс

7.Әріптердің орнындарын ауыстыру арқылы сөз құра

Ашр – іпәр -

алда – янқо -

ысды - лаба -


Мұғалім: - Балалар сендер әліппемен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?


Бәрі: Математика, Дүниетану,Ағылшын тілі,


Тақтамен жұмыс

Математика


«Кім тапқыр» ойыны


Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане кім тез шешеді (5)

Беспайда бар бес іні
Естайда бар екі іні
Қоссаң 5 пен 2 - ні
Неше екен шешуі (7)


10 см =? дм


Салыстыр

4+3*5

5*4+6

3+2*5+3

3+

2+

10-

9-




5+

5

4+

6

8



8-

2+

3+

7-







Әліппе:Балалар, мен сендерге ризамын. Енді сендер ана тілін де жақсы оқитын болыңдар. Ана тілін қарсыалыңдар!


Ана тілі Нұрболат:

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріңе,

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім-елдігім,

Ана тілім-ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінділмес кемдігім.

Бүгіннен бастап сауатты балалар білімдеріңді әрі қарай мына менің арқамда дамытып, тереңдете түсесіңдер.


Әліппе:Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Қазақта айтады «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп.Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!

(Әліппе кетеді).


Нұрбек:

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.


Ұлжан:

Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз – деп Рахмет саған Әліппе» әнімен Каусар мен Іңкәрді шақырамыз.Қарсы алыңыздар


Мұғалім:-Ал,құрметті, ертеңгілік қонақтары!Біздің Әліппемен қоштасу кешіміз ІІ оқу тоқсанының соңына , яғни желтоқсан айына сәйкес келіп тұр. Осы желтоқсан айының біздер үшін маңыздылығы өте зор екендігін баршамыз жақсы білеміз. Дегенмен, айтып өткеніміз артық болмас: 1желтоқсан — Президент күні, 16желтоқсан — Тәуелсіздік күні. Мен қазір оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын сіздер жауаптардың дұрыстығы мен оқушылардың мәнерлеп оқу машықтарына тәнті боласыздар!

Мұғалім:

Елім деген жырым бар,

Елін сүйген ұлым бар.

Отан деген ұғымды ал,

Талдап берер кімің бар?..

Аружан

Туған жерін ата-анаң

Отаным деп атаған.

Отан-досың, туысың,

Отан-алтын босағаң.

Отан-туған өз елің,

Айдын көлің, өзенің.

Мен, сен және ол екен,

Қазақстан елі екен!

Мұғалім: -

Шарықтатып шат әнін,

Тіккен дербес отауын,

Айтып берер кім енді

Республика атауын?

2.Мадина

Елу елмен бірге енсін!

Әлем білер атағын,

Айтсам елім атауын,

Тіккен дербес отауын

Қазақстан Республикасы –

Тәуелсіз менің Отаным!

Мұғалім:-Басында ел көшінің

Ашқан елдік есігін,

Кім айтады, қанеки,

Елбасының есімін?

Қуаныш:

Ізгіліктің жолбасы,

Жақсылардың жолдасы,

Нұрсұлтандай атамыз

Президент –Елбасы!

Нұрбек:

Әр сабағы мектептің,

Әдемі ғой біздерге.

Риза болып шығамыз,

Мұны үйреткен сіздерге. Данабек пен Аружанның орындауындағы «Балалық шақ» әнін сіздерге арнаймыз, қарсы алыңыздар!


Жүргізуші: -Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз береміз құрметпен өзіңізге,

Балаларға арналған тілегіңіз,-дей келе сөз кезегін мектеп директоры Гаухар Жексембаевнаға береміз!


Мұғалім: Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.


Ұлжан:

Ата-ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің,- деп келесі сөзді ата-аналарға береміз.


Құрметті ата – аналар Сіздердің құрметтеріңізге арналған биімізді қабыл алыңыздар

Би «Куыршақ»

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,.

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып – оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейбін еңбекқор мықты болсын. – сіздермен қоштасамыз! Қош сау болыңыздар!





































Сабақтың тақырыбы: Я я әрпі ме дыбысы
Сабақтың мақсаты: 1. Я я әрпі мен дыбысын дұрыс дыбыстату. Я әрпі қосарлы дыбыстың таңбасы екенін меңгерту,әрпін таныту; Я я дыбысын дұрыс айтуға төселдіру; пәнаралық білімдерін қалыптастыру. 2. Оқушылардың «Әліппе» еліне ойша саяхат жасау арқылы ақыл-ойын, шығармашылық қабілеттерін,тіл байлығын,сөздік қорын дамыту. 3. оқушылардың таза эазуларын қалыптастыру; Жылдамдыққа,өз ойын дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді дамыту.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: теледидар, «орманның» сызбасы,кеме суреті,суреттер.

Сабақтың барысы:

1)    Ұйымдастыру.

а) оқушылармен амандасу.

ә) сабаққа назарын аудару.

Алфавитті біліңдер

Онда жүйе,қалып бар

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар

 

2)    Үй тапсырмасын тексеру.

Г г әрпі мен дыбысы

«Құлагер» мәтіні

А) сұрақтарға жауап алу

- Сөйлем қай әріптен басталады?

- Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

ә) бағандағы сөздер мен «Құлагер» мәтінін мәнерлеп оқыту.

Б) «гүл» сөзіне дыбыстық талдау жасату

3. Жаңа білім беру

а)  Теледидардан «Білім кемесін көрсету». «Әліппе» аралына саяхат шегу

ә) «Әліппе» аралына жеткенше өткен әріптерге байланысты тақпақтарын, мақалдарын айтады.

б) Аралға келгеннен кейін,кемеден түсіп,орман аралаймыз. Орманның табиғат тамашаларын қызықтайды.

Жұмбақ шешу.

Екі теңдей құлағы

Дыбыс сезіп тұрады.

в) қасқыр қуып келе жатқан қоянды құтқару үшін «қоян» сөзін буынға бөліа, Я я әрпінің баспа,жазба түрлері және «қоян» сөзіне буындық,дыбыстық талдау жасалынып,таныстырылады.

4. Күн бұлттанып, «Бұлттан әріптер жауғанда» ойны ойналады.

 

Оқушылар «я» әрпі бар сөздер ойлайды.

5. Сөз неден құралады екен?

- Сөз дыбыстардан құралады

6. Күн ашылып ормандар құстарға толыпты. «Бозторғай» әні жіберіледі. Әр құстың артында оқулықтағы бағандағы сөздер жазылыпты.

Аяқ   қоян   қияр   аяз   тақия

Таяқ   шаян   пияз   саяз   дария

әр сөздің мағынасы ашылады.

Дыбыстық,буындық талдау жасалады.

7. Құстар ұяға паналапты.

Ұя сөзін буынға бөлу.

Қ. Баянбаев «Ұя» өлеңін мәнерлеп оқу.

8. Оқушыларға тізбектей және хормен  оқыту.

9. Сурет бойынша әңгімелеу.

10. «Ауылым» әнімен саяхаттан қайту.

Дәптермен жұмыс.

Я я әрпінің үлкен және кіші түрлерін дәптерге жазу.

«Ұя» сөзіне дыбыстық талдау жасау

11. Жаңа білімді бекіту.

- Сабақ ұнадыма?

- Не туралы білдік?

Бүгінгі сабақ көңілді

Серпілттік бір сәт өмірді

Ауамыз таза болсын

Жан-жануар барлығы аман болсын.

12. Оқушыларды мадақтау.

13. Үйге тапсырма.
























Сабақтың тақырыбы «Ц дыбысы мен әрпi»

Сабақтың мақсаты: Ц дыбысы мен әрпiн таныту.Жаңа сөздердi дұрыс айта бiлу.

Бiлiмдiлiк: Сөздердi оқу мен жазуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың бiлiмi мен тiлiн дамыту.Ой-өpiciн кеңейту.Сөздiк қорын молайту.

Тәрбиелiк: Сауатты жазуға, дұрыс отыруға тәрбиелеу.

Tүpi: Дәстурлi сабақ.

Типi: Жаңа сабақ.

Әдici: Түсiндiру,сурақ-жауап, жеке жұмыс.

Көрнекiлiк: Суреттер, интерактивтiк тақта, циркуль, шар.

Пәнаралық байланыс: Математика

Сабақтың барысы: l. Бағдарлау. Ұйымдастыру кезеңi.

Қызығушылығын ояту: «Бұл қай әрiп?»

(суреттер арқылы әрiптердi табу.) ү,н,т,р,а,ф.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. А,к,щ,ё,т,о,ф,х  осы әрiптердi және сөз жазу.

Сұрак-жауап. Өткен сабақты еске тусiру. Ойын «Сиқырлы тақия» сөз,сөйлем құрау. Үй тапсырмасын сұрау,мәтiндi окытқызу.

Сұрақ-жауап арқылы бекiту.

Мағынаны тану.

Мұғалiм: Бүгiнгi сабағымызға сайқымазақ қонаққа келiптi.

-Бұны қайдан көремiз? (оқушы ойы)

-Цирктен ненi тамашалаймыз. (оқушы ойы )

-Сайқымазақ мына суреттi әкелiп сендерден сұрап тұр. Неге ұқсайды? (интерактивтiк тақтадан жұмбақты сурет көрсетiледi)

Көкқұтанша ақ айдында.

Бiр аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда.

Шыр айналып шығады.(циркуль)

Ц-ц-ц- үш рет кайталау. Ь- жiңiшкелiк бeлгici.

Ц-дауыссыз дыбыс, орыс сөзiнен енген, тiл алды, катаң.

(жаңа сөздердi интерактивтiк тақтадан оқыту, түсiндiру)

ЦИРК, ЦЕХ, ЦЕМЕНТ, А-ВИ-А-ЦИ-Я, ОФИЦЕР)

Оқулықпен жұмыс: «Цирк» ,« Клоунның сыры» тақырыптарын оқып түсiндiру, автор суретiн керсету.

Оқулықпен жұмыс: Тақырыпты кезектестiрiп оқытқызу.

Ойын: « Доп алу» сайқымазақпен бipгe ойнайық. Әр доптан сөздер шығады.

Цех, цирк, цемент, циркке бардым.

 


Сергiту сәтi. Доп болам дөңгелеп,

Ұшсам болам көбелек,

Қолымда таяғым,

Ойыншық қояным.

Ертең мен өскенде,

Күлдiргiш клоун боламын.


Дәптермен жұмыс: Ц әрпiн көрсете отырып, таныстыру. Ауада жазу.



Ой жинақтау: ПIЛ K3TI ЕМЕС, ТIЛ K3TI. (оқушыларға оқытқызу)

Сабақты бекiту:

Бүгiн қандай дыбыспен таныстық? Қандай жаңа сөздер оқыдық?

Циркте нелер көп?

Олай болса мына сандарды өсу ретiмен орналастыру керек.

3- рай, 1-жа, 7-дар!, 5-сың

ЖАРАЙСЫҢДАР!

 

Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу, сұраққа жауап беру. 106 беттегi жазу жолдарын көшiру. (интерактивтiк тақтадан клоун суретi шығып, әр оқушы бағаланады.) Шарлар iшiне түрлi-түстi конфеттер салынады, батырмын деген оқушыга жарғызғанда қызыл-5, көк-4, жасыл-3 конфеттер таратылады.

 





Дәптермен жұмыс: Ц әрпiн көрсете отырып, таныстыру. Ауада жазу.














Мен және менің құқығым



Мақсаты: Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру; құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой - өрісін дамыту, адам құқығы туралы Конвенция шарттарын меңгерту; белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту; балалардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, суреттер, слайд.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Жылулық шеңбері
Кел, балалар, күлейік
Көңілді болып жүрейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік!

Іздену ұйымдастырушы
Күтілетін нәтиже:
Қайырлы күн балалар, сабағымыздың қонақтары! Бүгін бізде ерекше тақырып балалардың құқығына және міндеттеріне арналады. Іс - әрекетімізді бастамай тұрып мынадай бірнеше сұрақтарға жауап берейік.
● Біз қандай елде өмір сүреміз?
● Қазақстан қанедай мемлекет
● Біздің елде тұратын адамдарды қалай атайды?
Қазақстан – өте бай, әдемі, көп ұлтты, ірі мемлекеттердің бірі. Қазақстанның астанасы қай қалада орналасқан? Мемлекетіміздің ең басты байлығы – оның халқы. Қоғамның басты байлығы – адам. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай - ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар - намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу

Қазақстанда барлық ұлт өкілдері татулықта, достықта өмір сүреді.
Әр мемлекетте Бала құқығы туралы конвенция қабылданған. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
Конвенция дегеніміз ол - бала құқығы туралы келісім шарт. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
(1995 ж. Нью-Йорк қаласында156 - мемлекет болып қол қойды). Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002 жылы 8 - тамызда). Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?(10 тарау, 53 баптан).
Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).






Гиперактивті балаға қалай көмектесуге болады?

"Гиперактивтілік" осы күнге дейін бір жақты талдауы жоқ. Сонда да болса, көптеген мамандар гиперактивтіліктің сырттай пайда болуын, импульсивтілік, ұқыпсыздық, қозғалыс белсенділігінің жоғарлығымен түсіндіреді.
Гирперактивтілік түсінігін қозғалыс белсенділігінің жоғарылығы деп қана айтады, ал теория жағынан толығымен айтатын болсақ баланың мінез - құлқындағы гиперактивтіліктің пайда болуының басқа да көріністерін беруге болады: ұқыпсыздық пен импульсивтілік
Гиперактивті балалар аңғырт, әрі ырықсыз болып, сақтық жетіспенгендіктен олар кездейсоқ жағдайға жиі ұшырайды. Гиперактивті бала тәртіптің бұзылуына жиі кінәлі болады, бірақ оны қасақаналықпен жасамайды, ол тәртіптерді қабылдауға қабілетсіз болғандықтан оны орындай алмайды. Нәтижеде ата - аналар немесе педагогтардың тарапынан болған тәртіптік жазалау. Мұндай балалардың өз құрдастарымен және өзінен үлкен балалармен қарым - қатынасы шекара (дистанция) сақталмауымен ерекшеленеді. Гиперактивті балаларға ашушаңдық, қыр көрсетушілік, ал ең соңында ұқсатушылық көріністерге тап болады, өзін қоршаған ортадағыларға жеккөрінішті болып, соның нәтижесінде жан толғанысы проблемасына ұшырайды. Балаларда қорқыныш, жабырқаңқылық пайда болып ешбір себепсіз біреуді жек көре бастайды. Мінез құлқында шектен тыс белсенділік пен ырықсыздықтың болуы ең өкініштісі, оның білім алуына да жағымсыз әсер етпей қоймайды, бұндай балалар өздерінің қозғалыс ырқын бағындыру қиындық келтіруіне байланысты, олар сабақта алуға тиісті хабарламаларды қабылдауға құлықсыз болып, көру және есту дағдыларын (сигнал) дәлме - дәл қабылдай алмайды. Гиперактивті балалардың қимылдарын жоспарлауы мен бағдарлауы бұзылып, ойлау мен қимылдың арасындағы үзілістер түбімен болмайды.
Гиперактивті балалардың қозғалысы бей - берекет және кенеттен өзгеріп отырады. Энергиясы шамадан тыс көп болғандықтан күштің қоры қарқынды шығындалады. Ол жалғыз отырған кезде де, аз құрдастарымен болған кезде де өзінің мінез - құлқын алуан түрге құбылтып отырады. Мұндай бала не нәрсеге қабілетті екендігін балалардың тобымен бірге болған кезде көрсете алады. Бұл балаларда сенсорлық тітіркендіргіштікті қабылдау қасиеттілігі тұрақты болғандықтан оны қанағаттандыру өте қиынға соғады.

Психологтар гиперактивті баланы бейімдеуде мінез - құлық қана емес, бұл комплексті бұзылу деп атап көрсетіп отыр.



































1 Сынып

Автор
Дата добавления 30.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров309
Номер материала ДВ-020656
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх