Инфоурок Начальные классы КонспектыӘліппемен қоштасу 1 класс

Әліппемен қоштасу 1 класс

Скачать материал

Тақырыбы:  Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушыларды елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  «Әліппе», «Ана тілі»,  оқулықтарының мұқабасы,шарлар.  

Көрініс:    Музыка ойнап тұрады.  Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады. 
Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар, 
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
 Керек емес білімің
Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз, 
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 «ә» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшайымның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға

Ханша: барсақ, баралық, көрсек, көрелік! 

Сахна сыртынан дауыс(ұстазымен оқушыларды сахнаға шақырады)

Жүргізушілер:
Бүгінгі той жиынға

Жиналған күллі қауымға

Баршаңызға мың салем!
І-жүргізуші:

Шашу, шашу шашыңдар!

Ақ сандықты ашыңдар.

Бұл мереке бұл тойдың,

Бастаңғысын жасаңдар!

ІІ-жүргізуші
Әліппемен қоштасар

 Салтанатты ашайық!

Тойымызға бүгінгі,

Ән-би шашу шашайық!

Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Тажимишев Абзал Амантайұлына беріледі.

І-жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да,егін салған егінші де, ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан да құрметті ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

            Айкөркем

Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен! (хормен)

              Еламан    

Әліппе – даңғыл жол ашты,
Жаңадан күндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Рақмет, ұстаз, алғашқы! (хормен)

І-жүргізуші: Балалар, демде 4 ай зулап өте шықты.Әліппені бітірдік.Енді қоштасатын сәтте келіп жетті.

ІІ-жүргізуші:

Міне,достар,келіңдер!

Шақырайық ортаға.

Кітаптардың анасы,

Бастау алған баршаға,

Әліппеміз міне бүгін ортада.

І-жүргізуші:Ендеше не тұрыс ,әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе!

Әліппе: Балалар, бүгін мені бұрынғыдай қолдарыңа алып,оқымай отырсыңдар ғой?Әлде мені ұмыттыңдар ма?

ІІ-жүргізуші:Жоқ!

Әліппе: Бүгін бәрің ерекше киініп алғансыңдар. Ата-аналарың да әдеттегіден де көп жиналған.

І-жүргізуші:Иә,иә,қымбатты Әліппе! Біз сізбен қоштасу мерекесін өткізбекпіз!

Әліппе: Неге қоштасу?Менің сендермен қоштасқым келмейді!

Мұғалім:Құрметті Әліппе, қонақтармен бірге төрге шығыңыз» Балалрдың сізге дайындаған ән-билерін тамашалаңыз!

ІІ-жүргізуші:Мынау менің әліппем,

                         Көгілдір туым түсіндей.

                         Ақылшы жақын досымдай,қымбатты маған кісімдей.

                         Бірінші беттен елімнің,елтаңбасын таныдым.

                         Көк байрақты қазақтың,

                         Ұрпағымын,сәнімін.

І-жүргізуші: Ән «Әліппе» орындайтын Маратов Нияз қошеметпен қарсы алыңыздар!

І-жүргізуші:  Ендігі кезекті «Әріптер сырына берейік»

                  Гүлім

Алфавитті біліңдер 
Онда жүйе қалып бар 
Біздің қазақ  тіліңде 
42 әріп бар.

 

          Нұрталап

А-бірінші әріп қой

Ауылды біздің танып қой

Еңбекпенен есейген

Қонақжай, дархан халық қой.

            Инабат

Ә-дегенде әдемі

Ән айтамыз мәнерлі

Әнші күләш апамдай

Боламыз біз өнерлі

          Әділет

Б- дегенде білім

Бізге тогер нұрын

Тәлім берген ұстаз

Сізге берер жырын

         Жанерке

Ғ-дегенде ғарышкер

Ғалым аға боламыз

Талғат пенен Тоқтардай

Көк аспанды шоламыз

          Нияз

Е-дегенде ертегі

Бізге сырын шертеді

Еңбек,,есті,ерлікті

Үлгі қылып ертеді

        Нелли

Ө-дегенде өрнек

Құрарсың шын терлеп

Азайтып,қос үйрен

Сол негізгі еңбек

      Замира

Үстел берсен кіргенде, 
Үлкен кірсе есіктен. 
Үлгілі ғой демей ме, 
Үйренген ғой бесіктен.

Олжас

 Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.

           Армат

Даурықпандар әріптер, 
Бәріңді жұрт дәріптер. 
Мен «Я»-мын соңғы әріп, 
Менен әрі барып көр

ІІ-жүргізуші:  хор «Мұғалім кім десең?»

            Бақытнұр

Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
       Жансая                                                                                                                                                                                                                                               Әліппем менің Әліппем,                                                                                        

  Сені қолға алып мен.                                                                                      

  Есігін аштым мектептің,                                                                                               

 Ертеңгі сәуле жарықпен. 

        Нұрталап                                                                                                                          

Әліппем, менің, әліппем!                                                                                            

  «А» деген бастап әріптен                                                                                                

Сөз құрап, жаза бастадым                                                                                                               

Тақылдап, таңба танып мен.

        Жанарыс

Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа 

       Асылжан                                                                               

 Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпті.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе.

           

 Әліппем, менің Әліпем!
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп – көп рақмет! (хормен)
  ІІ-жүргізуші:    «Әріптер айтысы» тамашалаңыздар

Автор: көрініс  «Әріптер айтысы»

А: Әліппенің «А»тұрады басында.

Б: Әрқашанда «Б»тұрады қасында.

Ә:Кім айтады?

«Ә»ғой оның қасында.

Тұр орнымнан,

Күш көрсетіп басынба!

 

Б: Сені кім әріп дейді

Әлібек емес Алибек дейді

Әсем емес Асем дейді

Артықсың сен тұр былай!   

 

Әсем емес Асем дейді,

Әйгерім Айгерім боп

Мені ешкім елемейді

Әліпби:      

Ренжіме қарағым,

Аман болсын қазағым.

А-дан кейін алынбастан қададым,

Аты өзгерген арулар мен ауылдар,

Әдемі боп Ә дыбысын қабылдар.

Әкесі бар, әжесі бар адамдар,

Ә-ден сөзді енді дұрыс жазалар!

Автор:

Мына сөзден кейін бел көрсеткен Б дыбысы жөн көрді,

Басқа да І Ұ Ө Қ Ң дыбыстарына таласқандар үнсіз қалды.

 

Әліппе: Менің сүйікті достарым, мен сендердің білімді, ақылды, өнерлі екендеріңе көзім жетті. Қоштасатын да уақыт жетті. Бірақ сендер мұңаймаңдар.Мен сендерге өзімнің досым Ана тілі оқулығын ертіп келдім.

 

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, менің жас достарым! Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Ертегілер мен әңгімелерді ынта қойып оқыңдар, сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер.

 

Әліппе: Ал,балалар, ата-аналарыңды, ұстаздарыңды тыңдаңдар. Менің досым Ана тілін ренжітпеңдер,оқыңдар. Қош болыңдар, балалар!

Қош болыңыз,Әліппе!

І-жүргізуші:

Өнерсіздік бас айып

Ән мен күйге басайық

Арасында тағы бір

Жаңа ойын ашайық. («Танып ал»ойыны)

ІІ-жүргізуші: мың бұралған қыздарды «Қуыршақтар» биімен қарсы алыңыздар.

І-жүргізуші: Ән «Балапан» трио. Орындайтындар: Айкөркем. Әділет, Жансая

ІІ-жүргізуші: - Бізді осындай күнге жеткізген ата-анамызға, ата-әжемізге мың алғыс! Ендігі өлең жолдары сіздерге арналады.

Анам – үнім, жүрегім,                                                                                               

Әкем – өмір тірегім.                                                                                                     

Біз бақытты ұланбыз,                                                                                                                        

Бәрі бізге қуансын!

Әжем – асыл ардағым,                                                                                                  

Атам – дана қорғаным.                                                                                                       

Біз бақытты ұланбыз,                                                                                                             

Бәрі бізге қуансын!

ІІ-жүргізуші: Би «Жалқаубек» тамашалаңыздар

Мұғалім: - Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әліппемен қоштасу 1 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 185 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 641
    • DOCX 19.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолекенова Алмагул Сражадинкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3848
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 953 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 684 человека

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1106 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 283 человека

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе