Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Әліппемен қоштасу "Қош бол, құтты Әліппе" 2 сынып

Әліппемен қоштасу "Қош бол, құтты Әліппе" 2 сынып

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қош бол, құтты Әліппе!

Жәй музыка ойнап тұрады. Оқушылар екі-екіден қол ұстасып кіреді.

Жеміске құты толама?

Бір-бірлеп теріп салмаса.

Әп-сәттік өсіп шығама?

Еккен дәнің ойласаң,

Білім де, сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер бойыңа,

Ұғып ал білім боларын

Шам шырағың жолыңда,

Көлге ойнаған бұлақтың

Қайнар көзін көріпппең

Том-том болып кітаптың

Басы болар әліппең.

Құрметті ұстаздар,ата-аналар,бүлдіршіндер! Бүгінгі балалардың қуанышында шек жоқ. Өйткені, тұңғыш сауатын ашқан,барлық ғылымның анасы, біздің болашағымыздың негізі- әліппені бітіріп отыр.Әліппені бітіру,алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгін сол белестердің бірінен өттік деп есептейміз. Қазір біз осы уақытқа дейін алған білімдерімізді ортаға салып,өнерімізді көрсетпекпіз.

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ,

Әліппеміз қоштаспақ.

Ой, білімің жаңғырып,

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш балдырған.

Өсті білім бойларың,

Құтты болсын тойларың!

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып оқитын халге жеттік,

Құтты болсын білімі балалардың- дей отырып, «Қош бол,құтты Әліппе»

Атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Көрініс «Әже мен бала». (Мадияр мен Наргиз )

Жүргізуші-

Алты жасар баласын

Алпыста әжей жетектеп,

Келе жатыр көшеде.

Қайда әлгі мектеп деп?

Алпыс келеді сүрініп,

Алты келеді жүгіріп.

Мадияр:

Апар ана мектепке

Ата-аналық парызың.

Оқып білім аламын,

Мен оқушы боламын.

Наргиз:

Асықпа әлі қарағым,

Санауға енді жарадың.

Жасың толсын алтыға,

Сонда алып барамын.

Мадияр:

Менің қарыс маңдайым

Балаң болам талапты

Тәртіп сақтап әрдайым,

Жақсы оқимын сабақты.

Наргиз:

Айтқанымды шырағым,

Шығарма тек санаңнан.

Мектептегі мұғалім,

Кем болмайды анаңнан.

Оқығаны баланың,

Мейірі ғой ананың,

Дегеніңе жет күнім

Таудай болсын талабың.

Кәусар:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар!

Бақтияр:

Армысыздар, аналар!

Бармысыздар балалар

Сөзіме құлақ салыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз.

Ән: «Мектебім, аяулы мектебім.»

Нұрайлым:

Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып.

Қарсы алды ұстаз мейіріммен

Қадамымды құп алып.

Аида:

Шашу-шашу шашаайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық

Арнат:

Әліппені меңгеріп

Әріптерді таныған.

Құтты болсын тойымыз

Біз білімді балдырған.

Ән:

Динара:

Өшпейтін нұрлы әріппен

Есігін аштым білімнің

Өзіңнен кілт алып мен.

Қайда екен біздің Әліппе?

Әліппе: Мен мұндамын.

Армысыңдар жас достар,

Армысыңдар ата-аналар, ұстаздар.

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

-Бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жәй келмедім, өзімнен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын,жаңа достарың «Ана тілін» шақыра келдім.

(Осы кезде Ана тілі келеді.)

Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме, жас достар!

Сөйлетер сөзді шеберлеп

Өзіңнің ғана тіліңмін.

Байыптап жақсы оқысаң,

Негізі менде білімнің.

Ана тілің- құралың,

Ана тілің- ұраның,

Ана тілің болмаса

Мықты болмас тұрағың.

Сәлеметсіңдер ме балалар(балалар амандасады).Мен Әліппемен бірге сендердің қуанышты дауыстарыңды естіп келдім.

Әліппе:

Кел төрлет Ана тілі. Сен қорықпа, бұлар бәрін біледі, өздері жаза алады, оқи алады.

Ана тілі:

Ендігі уақытта сендер менімен достасатын боласыңдар. Ендеше балалар Әліппеден үйренгендеріңізді тамашалайық.

Дидар:

Жақсы білім, көрімдік

Болсын халайық!

Не үйреніп, не білдік

Кәне ортаға салайық.

Айкүн:

Бірінші қыркүйек

Келдім мен гүл алаып.

Алдымнан ұстазым

Қарсы алды қуанып.

Әділбек:

Қуантып мені ұстаздар

Шақыртты осы мектепке

Қараңдар міне балалар

Келмеппін мұнда мен текке.

Маржан:

Мектебім қандай тамаша!

Жарқырап тұр жаңаша

Ұстаздарым білікті

Ақтаймыз біз үмітті.

Нұрбек

Көріне бер биіктерден

Алтын ұя мектебім

Шәкірттерің білімді боп

Сенен өсіп көктесін.

Ән «Ұстазым»

Жүргізуші-

Өмірдің гүліміз

Таусылмас жырымыз

Біздердің әні мен биіміз

Болсыншы сыйымыз.

Би: Вальс

Жазира.М

Біз әліппемен қоштасамыз

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз

Білімнің бұлағына сусындауға

Көптеген кітаптармен достасамыз.

Бауыржан:

Достастырып әріптермен

Білімге жол салып берген

Алдымнан шам жағып берген

Айналайын Әліппемнен.

Зарина:

Әліппені құрметтте

Күтіп ұста кірлетпе

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке.

Рауан;

Ойыншық қалды жайына

Әріптер бөлді көңілді

Тәбетім жоқ ойынға

Сезінем үлкен өзімді.

Алина:

Қуыршақты тастадым

Уақыт жоқ тіптен ойнауға

Әріптен құрай бастадым

Сөздерді тізіп қоюға.

Бекарыс:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертегі

Үйретті оны Әліппе.

Ұлдана:

Алфавитті үйрендік

Онда жүйе қалып бар

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

Көрініс әріптер айтысы.

А-Бақтияр:

Әліппенің « А» тұрады басында.

Б- Рабия:

«А» дан кейін «Б» тұрады қасында.

Ә-Нұрайлым:

Кім айтады «Ә» ғой оның қасында

Тұр орныңа күш көрсетіп басынба.

Б-Рабия:

Сені кім әріп дейді

Әлібек емес Алибек дейді

Әсем емес Асем дейді

Артықсың сен тұр былай.

Ә-Нұрайлым:

Рас-ау сенің сөзің

Көрді ғой талай көзім

Әсем емес Асем дейді

Мені ешкім елемейді

Әліппе :

Ренжіме сен қарағым

Аман болсын қазағым

«А» дан кейін алынбастай қададым

(«А» - ның қасына «Ә» - ні тұрғызады)

Аты өзгерген арулар мен ауылдар

Әдемі боп «Ә»дыбысын қабылдар.

Жүргізуші:

Мына сөзден кейін, билік көрсеткен «Б» дыбысы жым болды. Басқа да ү,ұ,ө,і,ң,қ,ғ орнына таласқандар да үнсіз қалды.

Жүргізуші-

Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды қолдайды.

Ән: «Әліппе»

Жүргізуші:

Балалар осы мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезден бастап, қастарыңда жүрген , иығыңнан түспейтін, сенің көмекшіңнің бірі не?

Оқушылар: портфель.

Жүргізуші:

Ендеше сол портфель туралы көрінісімізді тамашалайық.

Автор

Биікте емес, аласа

Бір портфель тұр жараса.

Қызыққандар кіре алмай,

Сыртында жүр таласа.

Сонда бұны кім алған

Ішіне оның не салған

Құлпын ашып көрейін.

Әне пенал келеді

Сөзімді сол жалғайды

Пенал-Дидар:

Пай-пай-пай

Түсім бе , әлде өңімбе?

Жәй портфель емес тегінде

Болса болар тек қана

Ертегілер елінде

Тук-тук-тук болар ма екен кіруге?

Кім тұрарын білуге

Жауапсыз қалды сұрағым

Онда өзім тұрамын.

(Ішіне кіріп кетеді)

Автор

Енді Әліппе келеді. Портфельді олда көреді.

Әліппе:

Ашық екен есігі

Ішіне жайлап кірейін

Кімдер барын білейін

Жақсы достар болса егер

Бірге өмір сүрейін.

Автор:

Есікті ашаып осы сәт

Пенал шықты ақылды

Әліппені өзімен

Бірге тұруға шақырды.

Пенал- Дидар:

Кір Әліппе бас қосайық

Бірге тұрып достасайық.

Автор:

Жүгіріп дәптер келді деКіргісі келді ішіне

Қарады олда телміре.

Дәптер-Бақтияр:

Жазу жазар болса егер

Онда менде керекпін

Кіргізіңдер мені де

Бірге тұрайық демекпін.

Автор

Түгендесіп бір-бірін

Достар күтіп алыңдар

Келіп жатты жүгіріп

Түрлі- түсті қаламдар

Пайда болды бестік те

Көп ұзамай төрттік те,

Айтып жатты жарысып

Өз ойларын естіртіп.

5-тік- Бекарыс.

Оқушының бәрі де

Мені жақсы көреді.

Портфельдің дәл төрінен,

Маған орын береді.

4-тік- Нұрбек:

Жақсы оқитын балалар

4 пен 5-тік алады

Ұқыпты өзі ынталы

Тәрбиелі болады.

Автор:

Кіргізіп 4 пен 5-тікті

Сарт етіп есік жабылды

Оқушы екен иесі

Міне өзі табылды.

Оқушы – Алишер:

Мынау менің портфельім

Ішінде барлық құралым.

Кішірейіп қасымда

Жүруге тұр дап-дайын.

Ал балалар, сәт-сапар

Үлгілі болыңдар,

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік алыңдар.

Ана тілі:

Керемет жарайсыңдар.

Әліппе:

Мен сендерге ризамын балалр. Сендермен 4 ай жолдас болдым. Менің енді қайтуым керек. Жолым ұзақ. 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін келесі 1 сыныпқа келетін бүлдіршіндерге жетуім керек.

Ана тілі:

Рахметт Әліппе. Сеніміңізді ақтаймыз. Сүйікті Әліппемізбен қоштаса отырып досымыздың қүрметіне ән шырқаймыз.

Ән: «Рахмет саған, Әліппе»

Әліппе:

Қош сау болыңдар , балалар!

Балалар: Қош сау болыңыз, Әліппе!

Жүргізуші:

Балалар сендердің жақсы оқып , сауатты жазуларыңа ата-аналарыңыздың қосқан үлесі көп. Қане бәріміз ата-анамызға алғыс айтайық.

Мадина:

Адам етіп баптаған

Ардақтап бізді мақтаған

Ата-ана сізге, мың алғыс.

Рауан:

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біз үшін.

Еркіндеткен біздерді

Ата-ана сізге, мың алғыс.

Ән

Айкүн:

Шара апамдай бұралып

Биде билеп береміз

Көңілді әсем билерді

Өте жақсы көреміз.

Би: Қыздар

Динара:

Ширап іс пен сөзіміз.

Өсті осылай ойымыз

Білімімізді сараптап

Өнерімізді көрдіңіз.

Білмесбек кіреді. Көрініс.Ардақ

  • Мәссаған мыналар әдемі киім киіп алып неге жиналған.

Оқушы:

Сәлеметсің бе? Білмесбек. Біз бүгін әдемі киініп құтты Әліппемен қоштасып жатырмыз.

Білмесбек-Ардақ

-Әліппемен қоштасу дейді. Қоштасыңдар, қоштасыңдар. Әліппе оқып бастарыңды қатырғанша мына мен сияқты армандарды армандап екі қолды қалтаға салып, талтаң-талтаң етіп жүрмейсіңдер ме?

Оқушы:

-Білмесбек арман дейсің бе? Ол қандай арман?

Білмесбек-Ардақ:

Менің 1-ші арманымды тыңдаңдар

Мына менің ойымша,

Мектеп деген жойылса.

Сабағы мен білімі,

Кітап, дәптер, қаламы

Мәңгілікке жоқ болса.

Алишер:

Достым, ойың тайыздау,

Ақылың сенің тіпті аздау.

Жойылса деп мектепті,

Армандайсың арсыздау.

Мектеп егер жойылса,

Білім қайдан аларсың

Үлгі,өнеге тәрбие

Ұстаздардан аларсың.

Білмесбек:

Менің 2-ші арманым.

-Пах-пах шіркін!

Жегенім ет болса,

Ішкенім сүт болса,

Ата-анам ақша тауып

Түрлі киім алып беріп,

Сәнді киіндіріп тұрса,

Сөйтіп, жағдайым керім болса.

Бауыржан:

-Жесем дейсің ет тамақ,

Ішсем дейсің бал шырын.

Ата-анаңның ақшасын,

Жойсам дейсің па шіркін!

Білім алмай мектептен,

Еңбек етіп тер төкпей,

Оңай олжа ойласаң,

Ата-анаңды қинайсың.

Білмесбек-Ардақ

3-ші арманым.

-18 жасқа келгесін,

Институт мені қабылдаса,

Бір оқу орны қуғанда,

Екіншісі қыңқ етпей қабылдаса,

Диплом деген қағазды,

Қолға келіп бір ұрса,

Шіркін осы тілектерім орындалса!

Нұрбек:

-Сен. Білмесбек мені тыңда,

Институт қабылдап,

Жүрсем дейсің былқылдап,

Сатып алып диплом,

Бастық болып, талтаңдап.

Болашағын елімнің,

Ойламайсың сен неге

Сауаты жоқ сауатсыз,

Мамандар көп біздерде.

Соның бірі болмақсың,

Қандай үлес коспақсың

Егеменді елімнің,

Сәнін қалай бұзбақсың.

Білмесбек:(басы салбырап, ойланады)

-Достар, сендердің айтқан ақылдарыңның бәрі дұрыс.

Мен енді жалқаулықты тастаймын,

Жаңа өмір бастаймын.

Егеменді елімнің,

Ертеңі үшін күресіп,

Еңбекпенен көгеріп,

Бір асыл іс қыламын.

Мұғалім:

-Білмесбек, сен жақсы оқушы болуың үшін алдымен үстіңді жөндеп кел.

-Жарайды. (Білмесбек шығып кетеді)

Ән: Жаса Қазақстан.

Жазира:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар.

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға шашау шашпақ аналар!

Осымен мерекелік кешіміз аяқталады. Ендігі құттықтау сөз кезегі ата-аналар мен келген ұстаздарға беріледі.







































Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров68
Номер материала ДВ-478599
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх