Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әліппемен қоштасу сценариі"Қош бол,сүйікті Әліппем!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әліппемен қоштасу сценариі"Қош бол,сүйікті Әліппем!"

библиотека
материалов

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.

Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі - әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.

1-оқушы: Қыркүйекте келдімде Сыныпқа кірдім қуанып. Қарсы алды ұстаз мейіріммен Қадамымды құп салып.

2-оқушы: Қайырлы күн, уа, халайық!
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.


3 – оқушы: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Балалар мен сендерге сұрақ қойғым кеп тұр. Сендер сұрақтың жауабын табыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті - Әліппе!
Ол сүйікті - Әліппе!
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: (қоржыны бар, қоржынында дидактикалық материалдар бар )
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата - ана! Болашаққа жол бастар , Әліппең келді ортаңа. Мерекеңмен құттықтаймын! Бүлдіршіндер,балғындар! Жақсы білім көрімдік, Болсын сізге халайық! Не үйреніп,не білдік, Қане,ортаға салайық!

Мұғалім:
Төрлет Әліппе қонақ бол.
Балалар біз Әліппеге өз өнерімізді көрсетейік

4 - оқушы:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

5 - оқушы:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!

6 - оқушы:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

ӘН:Әліппе
7-оқушы:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы

8-оқушы:
«Әліппе» даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған 
Рахмет ұстаз алғашқы.


9-оқушы: Келгенімде алдыңа Қызыл арай гүл алып. Жақын тарттың жаныңа Шәкіртім деп қуанып.

10-оқушы:

Сипадың да басымнан Әліппені ұсындың. Бақытымның осыдан, Басталғанын түсіндім.

11-оқушы:

Ең алғаш алғанымда әліппені Қызығып қарай бердім әріптерді Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді? Ұстазым оның кілтін алып берді.

Әліппе:

Қане беріп қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.


Ә-- Әліппені үйреніп.


Л— Ләззат алсаң білімде,


І— Ілгері баса берерсің.



П-- Парасатты боларсың..





П—Пәндерден баға аларсың.


Е— Еңбек етіп ерінбей,


О— Оқысаң оқу түбінде.

Т— Таланттың мініп тұлпарын,


А—Ақылды болып өсерсің,

Н— Нағыз адам боласың.



Б-- Білім алып сен шықсаң,


Г-- Гүлденген бір күйге еніп.


Ғ— Ғылым қуып барласаң,


Д— Дүниені шарласаң.

Ж— Жөні түзу жан болсаң.


З— Заманыңа сай болсаң,


И,й- Игілікке бойласаң.


К— Кітап- білім бұлағы,


Қ— Қызығына тоймасаң.


М— Мектепте өтсе күнің де.

Ө-- Өмірде басып оң қадам,


Р— Рахаттана ел сүйсін,


С— Самал болып соқ оған.


У— Уақыт болсын ұтарың.


Ұ— Ұстаздық ет, жалықпа,


Ү— Үлгі тұтар ұрпағың.


Һ— Қаһарман боп, ер жігіт,


Х— Халқыңды сүй емініп.


Ш-- Шындықты әркез қорғағын,


щ— Ащы терің төгіліп.


Ы— Ынтымақ болса сенемін,


ю— Ою ойып, өнерлім,


я— Аяулы болсаң дер едім.
Басы, аяғы бәрі осы,
«Әліппе» деген өлеңнің.

12-оқушы: Барлық әріп бағалы, Айттық әділ бағаны. Әріпсіз сөз болмайды, Буын олсыз толмайды. Адам барлық әріпті, Ардақтайды,қолдайды.

13-оқушы:Білімге жолды бастаған, Әліппем саған мың алғыс! Оқы деп ұран тастаған, Әліппем саған мың алғыс!

Әліппе: Рахмет балалар.
Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптерді танысақ
Қызық ойын ойнайық.

Ойын: балаларға асық береміз, музыка қосылғанда асықты ары қарай бір - біріне береді, музыка тоқтағанда асық кімнің қолында қалады сол бала тапсырманы орындайды.
1. Карточка мен жұмыс (оқушылар карточканы қоржыннан алып сұраққа жауап береді)
2. Мәтін жазылған парақтарды қоржыннан алып дауыстап оқиды
Әліппе:
- Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
Мұғалім:
- Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік, (тақтаға есеп шығарады).

Мұғалім: Балалар, әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата - ана үшін де, мен үшін де үлкен қуаныш, есепті де жақсы шығардыңдар.
Балалар ондай болса, барлығымыз әліппеге рахмет айтайық.

14-оқушы: Біз жазамыз ана деп, Біз жазамыз дана деп. Біз жазамыз қала деп, Біз жазамыз дала деп. Қош бол сүйікті ӘЛІППЕМ!

Әліппе:-Мен сендерге ризамын балалар. Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық. Ал, енді мен сендермен қоштасамын.
Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Қош болыңдар, балалар!
Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!


Ана тілі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.

Ана тілің –арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.

Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!


Құрметті ата-аналар мен ұстаздар!

Уақыттарыңызды бөліп,қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге үлкен рахмет.

Мектеп басшылары мен ата-аналарға сөз беру.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров370
Номер материала ДВ-483352
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх