Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әліппемен қоштасу ( 1 - сынып)

Әліппемен қоштасу ( 1 - сынып)

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Азамат:

Ассалаумағалейкум, уа халайық! 

Армысыздар аналар!

Бармысыздар балалар!

Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр-әніміз.

Арлан:

Құрметті ұстаздар, ата -аналар, оқушылар. Бүгінгі қуанышты күн. «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы «Әліппемен қоштасу». Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіріміз.Қош келдіңіздер.

Әліппені бітірді балаларын
Әліппеден нәр алған даналары
н
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың.

Аяжан:

Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. 
-Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер үшін ортақ та, салтанатты мереке. Ендеше ертеңгілігімізді бастайық.

Бәрі бірге:

Бастасақ бастайық.

Шақырайық қол соға.

Бүлдіршіндерді ортаға.

Жанеля:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!


Аяжан:

Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.


Бүгінгі тойымызға шашу ретінде Вальс биін тамашалаңыз!

Азамат:
Айтыңдаршы, 
 Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол –сүйікті әліппе.
Арлан: Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шақырайық.

Әліппе ортаға шығады: 
 -Армысыңдар жас достар! 
 Армысыңдар, ата-ана! 
 Болашаққа жол бастар, 
 Әліппең келді ортаға. 
 Білім деген ғажаптың, 
 Әліппесін меңгерген. 
 Келешегі қазақтың, 
 Басталады сендерден. 
 Таудай болса талабың, 
 Айтары көп әріптің 
 Қуанышы баланың 
 Қуанышы ананың 
 Жақсы білім көрімдік, 
 Болсын бізге халайық. 
 Не үйретіп, не білдік, 
 Қане, ортаға салайық! 

Жанеля: Әліппе бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.Бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалаңыз.

«Әліппе» әні

Ильяс: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Айдын:Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе - білім бесігі.


Саида: Әліппе сауатыңмен санамды аштың
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.

Алдияр:Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе

Алдияр:Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.

Аделия:Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен.

Айқын:

Үйретеді Әліппе 
42 әріпке 
Ең алғашқы кітабың 
Әліппені дәріпте 
А дегенім ана 
Ә дегенім әке 
Б дегенім бала 
Естіп жүрме шала 
А дегенім ата 
Ә дегенім әже 
Б дегенім бата 
Мұны есте сақта 

Тамерлан:Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
Арлан: Ал, балалар, сіздер 4 ай бойы көп еңбек етіңдер. Әліппедегі қырық екі әріпті түгел оқып бітірдіңдер.


Әліппенің тойында

Әркім құмар ойынға

Әріптер сыр шашады.

Айқын:
А әріптің абыройы асқар ма? 
Ай сәулесі жарқырайды аспанда. 
Адам, ата, ана, менің де атым А
йқын
А әрпінен басталар. 
Алдияр
Ата-анамның ардақтаған 
Алдияр атты баламын
Әжем мені еркелетіп 
Дейді «Алтын
ым» деп
Тамерлан
Ұстаз ұғар қашанда 
Дамуын әр баланың. 
Жақсы оқитын сабақты 
Тамерлан атты баламын. 
Алдияр: 
Жақсы оқитын мен үлгілі баламын, 
Азамат боп мен де өсіп толамын. 
Бассам деймін даналардың тек ізін, 
Мен
Алдияр Нигмнетовпын

Айқын:
Айқын деген баламын 
Таудай биік талабым. 
Жақсы оқып сабақты, 
Білімді адам боламын. 
Саида:
Ай нұрынан жаралған, 
Ай мен күні анамның, 
Ақылдысы баланың, 
Кілең бестік сабағы 
Саида деген сұлуың 
Мен боламын,ағайын. 
Аделия: 
Ата-әжемді еркелеткен, 
Жарқыраған жұлдызымын. 
Сабақты үздік оқып

Аделия деген ару қыз. 

Мен боламын ағайын.


Ильяс: 
Ильяспын атамның баласымын, 
Әжемнің тәттісімін, дарасымын. 
Қашанда қатарластың алды болып, 
Сенімін ақтаймын анашымның. 
Ән: «Үйретеді мектебімде, үйретеді»
Азамат: Әліппе, өзіңіз әмір бергендей әріптеріңіз дыбысталуына қарай 2 топқа бөлініп тұр. Не бұйырасыз? 
Әліппе: Ал ендеше жүргізушілер, осының сыры неде екенін мына көрермендерге айтып берсең. 
Арлан: Жарайды, Әліппе. Ертегі тыңдағыларың келе ме? 
Балалар: Ия 
Аяжан: Ерте, ерте ертеде, 
Ешкі жүні бөртеде, 
Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты.Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты. Ендігі кезекті осы әріптерге берейік. 
Тамерлан:
В-дегенің вал болар 
Толқын күшін шомылар. 
Алдияр:
Б дегенім бала ғой 
Жұмсаса апаң бара ғой 
Алдияр:
Г-әрпімен гүлденер 
Қызғалдақты қырат, тау. 
Ильяс:
Ә әрпінен табамыз 
Әжемізді ақылгөй 
Аделия: 
Е-ні ұмытпас ешқашан 
Елін сүйген жараңдар.  




Саида: 
Ж дегенің- жөргегің 
Туған-өскен жерлерің. 
Айқын:

М-дегенің мал болар 
Қадір тұтқан бабалар. 
Айдын:
А деген ол ана ғой, 
Ана деген дана ғой
.
Әліппе: Рахмет,балалар! Әріптердің бәрін таныпсыңдар!  
Жанеля:Айттың әділ бағаны 
Азамат:Әріпсіз сөз болмайды 
Аяжан: Буын онсыз толмайды 
Арлан:Адам барлық әріпті 
Ардақтайды, қолдайды. 
Әліппенің құрметіне қуыршақ биін қабыл алыңыздар

Саида: 
Қыркүйекке келдім де 
Сыныпқа кірдім қуанып. 
Қарсы алды ұстаз мейірмен 
Қадамымды құп алып. 

Барлығы хормен: 

 -Рахмет, ұстаз алғашқы! 


Арлан: Құрметті балалар әліппені оқуға ата-аналарыңның да, әжелеріміздің де көмегі көп тиді сондықтан рахмет айтайық. 
Бәрі бірге: Рахмет сіздерге ата-әже, әке-ана! 
Азамат
: Аяжан біздің анаңларымыздың құрметіне «Әжетайым» әнін орындап береді. Қабыл алыңыздар! 
Әліппе: Балалар мен сендермен қоштасамын. Енді сендер қолдарыңа басқа кітап алатын боласыңдар. Ол кітап ана тілі деп аталады. Ендеше жаңа достарыңыз ана тілін қарсы алыңыздар. 
Оқушылар: Қош келдің, ана тілі! 
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме менің жаңа достарым. Енді мені оқитын боласыңдар. 
Мен де келдім дайындалып тойыңа, 
Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек. 
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа, 
Таза ұста, оқы мені қастерлеп. 
Оқушылар: Оқимыз, таза ұстаймыз. 


Азамат: Ана тілі құрметіне әнші қыздарымызды қарсы алыңыздар «Оқуда озат боламын»!

Аяжан: Балалар, енді әліппемен қоштасатын да кез келді. Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Біз Әліппенің арқасында оқып, жазуды үйрендік ендеше не дейміз?
Хормен: Әліппеге мың алғыс!


Әліппе: Жарқынай:
Сендерге де рахмет, балалар!
О
қуда зейінді болыңдар
Е
ңбекте бейімді болыңдар!
А
қ жол болсын, қарақтарым
Айдай болсын
қабақтарың
К
үнделіктерің беске толсын
Қош бол менің балаларым!
Хормен:
Қош сүйікті Әліппе!
Бізде са
ған ақ жол тілейміз!
Арлан: - Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету – біздің міндетіміз.
Ильяс:
6-ға сен де келесің
Артымыздан бізді
ң ересің
Қуыршақ пен машинаңды тастай сал
Арты
ңнан ерген ініңе
Сый
қылып мұны бересің
Әліппең сенің Әліппең
М
ұны қолыңа алып сен
Есігін ашасы
ң мектептің
Ерте
ңгі сәуле жарықпен!
Даярлық сынып оқушысы:
6-ға мен де толамын,
Таудай биік талабым.
Ойыншы
қты сыйға беріп
Әліппемен дос болам
Білімге жолды бастаған 
Әліппем саған,мың алғыс! 
Оқы деп ұран тастаған 
Әліппем саған, мың алғыс.


Хормен:
Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достасты
қ.

Ана тілі: «Осы сіздер қандайсыз?»
1. Талабы биік таудаймыз
2. Жанып т
ұрған шырақпыз
3. Біз шеберміз
4. Мы
ң бұралған бишіміз
5.
Өнерліміз, білімдіміз
6. Бабалар
ға тағзым етеміз
7. Аналар
ға бас иетін
8. Елта
ңбасымен еңселі
Туымен т
ұғырлы
Әнұранымен әйбатты
Хормен: Біз қазақ елінің болашағымыз!

Би «Көңілді күн»
Мұғалім:

Балалардың білімі құтты болсын, 
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын. 
Білімдерін әрі қарай дамытатын, 
Ерінбейтін енбекқор күшті болсын! Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігімізді аяқтаймыз!

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 09.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров113
Номер материала ДВ-318020
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх