Инфоурок Начальные классы КонспектыӘліппемен қоштасу. 1 сынып. "Қош бол, құтты Әліппем!"

Әліппемен қоштасу. 1 сынып. "Қош бол, құтты Әліппем!"

Скачать материал

Күні: 26 желтоқсан 2014 ж

Өткізілетін орны: мәжіліс залы

Уақыты: 10:00

Сыныбы : 1 «И»

Мұғалімі: Қабылбекова З. С.

Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем!»

Мақсаты:1.Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.

2. Ата-аналарға балаларының үш-төрт айдың ішінде қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету.

3.Адамгершілікке, ұқыптылыққа, өзін-өзі дұрыс ұстауға, ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.

 Типі: жаңа білім беру

 Түрі: аралас сабақ

Әдісі: әдеби – музыкалық монтаж

Көрнекілігі:

Абай, Ыбырай суреттері, әріптер қатары, техникалық құралдар, гүлдер, шарлар, нақыл сөздер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

               ІІ. Негізгі бөлім

               ІІІ. Қорытынды бөлім

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстздар, аяулы да ардақты ата-аналар ! Бүгін де егемендігіміз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп Тәуелсіздікке 22 жыл толып жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер , бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып ,бір жасқа тағы да есейіп отыр.Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай өрлей берсін. Тойларыңыз тойға ұлассын!

Ендеше, бүгінгі қуаныш иелері 1 сынып оқушыларын ортаға қошеметтеп қарсы алайық! (ортаға оқушылар шығады).

 

Өсті міне ойларың,

Өсті міне бойларың,

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!

 

1жүргізуші:

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға

2жүргізуші:

 Шашу, шашу шашайық!

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық (шашу шашылыды)

Мұғалім: Кімдер зерек, кім тапқыр,

Таланттарын табайық,

Қайсы күйші , кім биші,

Талабына қарайық,

Іші толған әріпке ,

Бар білімнің бастауы

Білімдегі жарық не?

Хормен: Болашаққа жол бастар. Ол сүйікті әліппе, әліппе, әліппе!

Мұғалім: Олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық (әліппе ортаға шығады).

Әліппе:

Армысыздар жас достар!

Армысыздар ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғылымның

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйрендік не білдік,

Қане ортаға салайық!

1оқушы: Жұмбақ жаңылтпаш, санамақ, өлең және ән үйрендік. Енді кез-келген кітапты оқи аламыз. Ыбырай және Абай атамызбан таныстық.

2 оқушы: Ыбырай Алтынсарин- тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш әліппені жазды.

3оқушы: Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.

4оқушы: Абай- қазақ халқының ұлы ақыны. Біз Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ» деген өлеңдерін үйрендік.

5 оқушы: Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Ән: «Әліппе»

Әліппе: Кім маған апта аттарын, саусақ атауларын, жеті ата қалай аталатынын айтып береді.

6 оқушы: Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі

7 оқушы : Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

8 оқушы: Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

Ән: Мектебім

9 оқушы: Бар кітапқа бас болған

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Әліппем менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

10 оқушы:Алфавиттің «А» тұрады басында

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында

Байқадың ба ?

«Б» тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші

«А» деген ол аналар гой ардақты,

«Ә» деген ол әкелер гой салмақты!

«Б» деген ол балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі

11 оқушы: А-ны айтқанда дауысымыз дірілдеді,

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын білем.

Сөз оқимын, айырып әріпті енді.

Хор: Жарқын жүзді ұстазым !

12 оқушы: Әліппе – білім анасы

Әліппе –кітап данасы,

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?

13- оқушы Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те,

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе!

14-оқушы Жақсы кітап -«Әліппе»,

Үйретеді әріпке.

Қуыршақпен қоштастым,

«Әліппемен» достастым

«А»-дан бастап әріпті,

Түгел маған танытты. 

1-жүргізуші:

Әліппем менің әліппем

Өмірді келем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет!

Әліппе: Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Болашақта да осылай оқыңдар. Білім жолында жолдарың болсын Сау болыңдар!

2-жүргізуші

Қош бол, құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

1 жүргізуші

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті әліппем

Сенің арқаң оқып – жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Ән: «Әліппе

Хормен: Қош бол, Әліппе! Қош бол, Әліппе! Сізге Мың алғыс. Балалар бас иіп, қоштасады.

2 жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

1 жүргізуші: Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық.

Бәріміз қол соғып.

Ана тілін қарсы алайық, (Ортаға ана тілі шығады)

Ана тілі: Ақыл-ойы дананың,

Ана тілі боламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың,

Өсірген ой білімді,

Мәнін терең білуде,

Мейірімі мол балаға.

Ана тілді құрметте.

Барлық, барлық анаға. Мен әліппеден оқып - білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.

Ән «Анашым»

15 оқушы:

 Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желікбас,

Ана тілін сүймеген.

Халқын сүйіп жарытпас.

16 оқушы. Ана тілі ұраным,

Ана тілі-құралым.

Ана тілі болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

17 оқушы.Ана тілің – біліп қой,

Бостандығың теңдігің.

Ана тілің – біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

2-жүргізуші

Мейірі мол балаға

Бар әлемде анаға

Басымызды иеміз,

Бабамыздың тілі деп

Даламыздың үні деп

Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!

1-жүргізуші;

Ана тілі төрлет, төрге шық! Ана тілі білімнің қасына барып отырады.

Мұғалім: Ал, балалар енді мақал –мәтелге кезек берейік.

18 оқушы:  Ақыл азбайды, Білім тозбайды.

19 оқушы: Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

20 оқушы: Білім іздеген озар, Бүлік іздеген тозар.

21 оқушы: Отан –оттанда ыстық

 Хор : «Отан»

2 –жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Талабына қарайық,

Жұмбақ шешіп көрейік.

1 –жүргізуші: Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама.

2 –жүргізуші:  Жаза-жаза арықтаған,Жазудан ол жалықпаған.

1 –жүргізуші: Өліден тірі туады, Тіріден өлі туады.

2 –жүргізуші: Үй үстінде ұсақ тас, алайын десем табылмас.

1 –жүргізуші: 

Әрбір санды даралап,

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ

Ертай : Бір дегенім бесік

             Шықтық содан өсіп

Айгерім: Екі дегенім – елім,

Далам, тауым, көгім

Зарина: Үш дегенім –үміт,

Үміт артар жігіт.

Айгерім:Төрт дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

Құралай: Бес дегенім –бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Аружан: Алты дегенім – ақыл,

                Тыңдағаның мақұл.

Балнұр:  Жеті дегенім – жалау,

Жүректегі алау.

Эльвира:Сегіз дегенім – сөзің,

                Серт беретін кезің.

Әсел: Тоғыз дегенім – тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

К.Али: Он дегенім – Отан,

Қорға соны, ботам!

1 –жүргізуші:Олай болса логикалық есепті шешіп жіберейікші.

Ж.Айгерім : Бір топ үйрек ұшып баралды, барлығы -7. Біреуі жерге қонса нешеуі қалады?

Жауабы: Біреуі қонады, қалғаны ұшып кетеді.

Аспандияр: Үш май жанып тұр, екеуін сөндірсе нешеуі қалады?

Жауабы: біреуі жанып кетеді, екеуі қалады.

Т.Айгерім: Бес бұтақша қайыңда,

                    Бұтақ сайын бес алма.

                    Біреуін бер Арнұрға,

                    Сонда қалды неше алма?

Жауабы: Қайыңда  алма өспейді.

Ертай: Тауық екі аяғымен тұрғанда 3 кг тартады, бір аяғымен тұрғанда неше кг тартады ?

Жауабы: 3 кг

Аслан: 4 жұмыртқа 4 минутта піседі, 1 жұмыртқа неше минутта піседі?

Жауабы: 4 минутта піседі.

Әсем: 1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр?

Жауабы: темір

Хор: «Есеп сабағы»

2 –жүргізуші: Ал енді оқушыларымыздың өнерлеріне кезек берейік.

Ән: «Жау- жау жаңбыр» Мейрамбай Әсел

Ән: «Қызыл гүлдер » Едилов Ертай

Ән: « Жаса Қазақстан! » Тлеуберген Аслан

Би: «Өзбекше» Сабир, Зарина, Мейрамбай Әсел

Ән: «Атамекен » Едилов Ертай

Мұғалім: Мектептегі алғашқы жеткен жемістермен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларын сәтті болсын!

Бүгінгі күн әр үйдің той басы болып саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға

Тілек айтар қонақтар.

-         Мектеп директоры Қойлыбаева Эльмира Серікқызына сөз береміз.

-         Ата-аналарымызға сөз береміз.

 

Бүгінгі біздің «Қош бол құтты Әліппем!» атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рахмет!

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 53 орта мектебі»  коммуналдық мекемесі.

 

 

 

Тақырыбы :

«Қош бол, құтты Әліппем!»

 

 

 

1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Жұмабекова Назира Даутбекқызы

 

 

 

 

                           2013-2014 оқу жылы

 

 

                                                                            «Бекітемін»   

                           Мектеп директорының

                     оқу-әдістемелік ісі

                            жөніндегі орынбасары

                                        Наурызбаева Г.К.________

 

2013-2014 оқу жылында бастауыш сынып мұғалімі

Жұмабекова Назира Даутбекқызының

жас маманмен атқаратын жұмыс жоспары .

Атқарылатын іс-шара

Мерзімі

Жауапты

1

Сабақ жоспарын және күнтізбелік жоспарын құруға көмек көрсету

Қыркүйек

Жұмабекова Н.Д.

2

2013-2014 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру

Қыркүйек

Әдістеме бірлестігі

3

Мектепте жүргізілетін құжаттардың толтыру ережесін үйрету

Қыркүйек

Ә.Б. жетекшісі

4

Дәптерді тексеру оқушыны   бағалау нормаларымен таныстыру.

Үнемі

Жұмабекова Н.Д.

5

Оқушылармен қарым-қатынас туралы түсінік беру.

Үнемі

Жұмабекова Н.Д.

6

Жас маман сабағына қатысу.

Жыл бойы

 

7

Сабақта көрнекіліктерді пайдалану тәртібімен таныстыру.

І-ІІ тоқсан

Тәжірибелі ұстаздар

8

Ашық сабақ туралы түсінік беру .

Қыркүйек

Жұмабекова Н.Д.

9

Дарынды оқушылармен жүмыс жүргізу тәртібімен таныстыру .

Жыл бойы

Жұмабекова Н.Д.

10

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу тәртібімен таныстыру.

Жыл бойы

Жұмабекова Н.Д.

11

Ашық сабақ өткізуге әдістемелік көмек көрсету.

Сәуір

Тәжірибелі ұстаздар

12

Озық педагогикалық технологиялармен  танысу.

Жыл бойы

Әдістеме бірлестігі

13

Портфолио жинастыруға көмектесу

Жыл бойы

Жұмабекова Н.Д.

14

Жас маманның шығармашылық тақырыбын таңдауға кеңес беру.

І - тоқсан

Жұмабекова Н.Д.

15

Тәрбиелік  іс-шараларды өткізуге көмектесу.

Жыл бойы

Жұмабекова Н.Д.

16

Жыл бойы өткізілген іс-шараларға сараптама жасау

Мамыр

Жұмабекова Н.Д.

 

 

Тақырыбы: Әліппемен қоштасу (Рақмет, саған әліппе)

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету.

2. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Әдеби-музыкалық монтаж

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтарға арналған банерлер, слайд, фотомонтаж. Сабақтың барысы: Мұғалім:

 

 

 

 

 

Мади:- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгін сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақшы.

Іңкәр: Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығы. Міне, бүгін сіздер барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларың тойға ұлассын. Шәкірттеріміз ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Мади:  Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың.

Бала деген шіркін-ай балдай екен

Тәттілігі жая мен жалдай

Арып –ашып даладан келгеніңде

Бал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық.

Іңкәр:Өлшеулі ар-намысы халқымыздың

Қорғаны адамдықпен салтымыздың

Армысыздар аяулы  ұстаздарым

Сенері сендерсіңдер халқымыздың.

Өмір берер ертеңгі бағаларын

Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген

Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым.

Мади: Бүгін бізде үлкен қуанышты күн. Біз алғаш мектепке келіп, оқу, жазу үйренген алғашқы оқулығымыз әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз.

Іңкәр: Алғаш қолымызға гүл шоғын алып мектептің табалдырығын аттап өткелі 4 ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып та, жаза да аламыз.

Мади:  Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

Іңкәр: Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мади: Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Іңкәр: Ұстазым кілтін оның алып берді.

Мади: Балалар, бүгінгі соңғы рет әліппе оқулығына саяхат жасап, қош айтысамыз. Әліппеге саяхат жасауға әзірміз бе?

-Ендеше, Сынып, әліппеге саяхат жасауға әзірлен!

Дильяра: Суреттермен сөйлеткен,

 Әріптерді үйреткен.

Баспа әріп пен жазба әріп.

Дауысты мен дауыссыз.

Айтыңдаршы, балалар

Қай оқулық үйреткен?

Оқушылар хормен ӘЛІППЕ!ӘЛІППЕ!

Әліппе:  Армысыздар , жас достар!

Армысыздар ата-аналар!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажайыптың,

 Әліпбиін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Әліппенің сұрағы:

 1-сұрақ: Балалар, әліппені алғаш жазған кім?

2-сұрақ: Балалар, сендерге Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?

Іңкәр:  -Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңда.

 Ән «Әліппе» / әні мен сөзі: Б. Бейсенова, хор/

1 оқушы: ********

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым ағасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Мынау менің әліппем
Көгілдір тудың түсіндей
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатсың маған досымдай.

2 оқушы:

Өтті оқу, сан-сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достастық,
Әліппемен қоштастық.

3 оқушы: *******

 Іші толы әріпке,
Мынау әйбат әліппе
Барлық ілім-білімнің,
Әжесі осы әліппе.

4 оқушы:*******

 Біз жазамыз «ана» деп

Біз жазамыз «дана» деп

Біз жазамыз «бала» деп

Біз жазамыз «Отан» деп.

5 оқушы:********

Биік-биік таулар деп

 Қызыл-жасыл баулар деп

Қаһарманды ел қазақ деп

Болашағы ғажап деп.

6 оқушы: *******

Апа-ата атын сен

Бізге үйреттің әліппе

Бізге нағыз жақынды

Сенен білдік әліппе.

7 оқушы:*******

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреткен оны Әліппе.

8 оқушы: ******

Әліппе деген даңғыл жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

9 оқушы: ********

Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзі әліппе.

Том-том қалың кітаптың

Басы болар Әліппе.

Мади: Ән «Әліппе» / хор/

10 оқушы: ******

Әр жігіттің үш жұрты болады демекші, әліппе осы қуанышты бөлісуге туған- туысқандарын ала келіпті.

11 оқушы: ******** Әліппенің өз жұрты дауысты дыбыстар.

12 оқушы: ******* Нағашы жұрты- дауыссыз дыбыстар.

13 оқушы: ******* Қайын жұрты: ъ, ь белгілері. Ендігі сөз кезегін туған-туысқандарға берейік. /Әріп-тақпақтар кезек./

14 оқушы: ********

Алма берсем жейсің бе?

Мені «А» әрпі дейсің бе?

Аузыңа сап жегенде,

«А» деп айтып жейсің бе?

******* Мен үшін жақсы адам,

Артық көрем басқадан.

«Апа», «ата» сөздері,

А әрпінен басталған

******* «Ә» деген әріп мен болам,

Әділдікке шақырам.

Әдепті бол әрқашанда,

Қасыңда болам сонда ғана.

******* «Б» әрпінен бастап ұстазың,

Бүлдіршін дейді сүйкімді.

Қуанып сен үшін ата-анаң

Балапаным дейді сүйікті.

Алфавитті білдіңдер,
Онда қалып жүйе бар.
Біздің қазақ тілінде,
42 әріп бар.

Алфавиттің «А» – тұрады басында
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде? түсінші.

 А – деген ол аналар ғой ардақты,
Ә – деген ол әкелер ғой салмақты.
Б – деген ол балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады ол алфавиттің басында.

******* Барлық әріп бағалы.

Айттық әділ- бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды.

******* Анам менің, әкем де

Атам менен апам да Шопан,

 Ұшқыш, ғалым да

Небір мықты дарын да

Тіл сындырып әріпке

Ашқан алғаш әліппе.

******* Күндерге күн ұласты.

Жылжып-жылжып ай асты.

Ойдағыдай бітірем

Мен бірінші сыныпты.

Халық әні:  «Гүлдерайым» / орындайтын Кенжебаева Амира/

****** Бір күні жаман мен жақсы кезікті,

Сөз тартысып бір-бірімен кежікті.

Жақсылық: Жамандыққа жол бермеймін ешқашан да,

Үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға,

Үйретемін баланы жақсылыққа

Жамандық: Үйренсең бала жамандық,

Қорқады сенен барлығы.

Тауық қашар қыт-қыттап

 Құстар ұшар шықылықтап.

Ал, кішкентай балақан.

Бұғып өтер қорқақтап.

Жақсылық: -Дұрыс емес, сенікі жамандық.Сені балалар жек көріп, аулақ болуға тырысады.Егер осындай қылықтарымен бала кездессе оған тәртіпті, жақсы балалар көмектеседі.Оларды дұрыс тәртіпке үйретеді.Ендеше, екеуіміз де балаларды бүгінгі кештерімен құттықтап, тәртіпті, білімді болуға шақырайық.

Мұғалім: -Балалар, тәртіпті, білімді болуға серт береміз бе? Оқушылар: /хормен/

-Тәртіпті, білімді оқушы болуға серт береміз!

Ән «Досым-ай»/ Жазира/

******** Ашылды енді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған Әліппе – білім бесігі.

******** Әліппем менің әліппем,

Өмірді көрем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет.

********* Қош бол құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

********

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.

******** Таныстырып 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи жаза білгенің

Сауатты адам санатына кіргенім.

**********

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Мұғалім: Әріптердің иесі, құрметті әліппе! Сізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, сізді демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз және Білім әкімшілігінің атынан «Еңбегі сіңген білімгер» атағын табыс етуге рұқсат етіңіз.

Әліппе: Рақмет, ризамын. Менде сендерге бұдан былай қарай кітапты көп оқысын деген ниетпен, мына кітаптарды табыс етемін.

 Мұғалім: Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме? Мұғалім: Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой- деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.

Ана тілі:

Туған елдің тілімін,

 Ақылыммен таныламын.

Түсіндірер бәріне,

 Ана тілі пәнімін.

 Ана тілі ұраным,

 Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым.

 Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде. Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер? ******* Кітап-білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

******* Ақыл- тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

*******Кітапсыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

******* Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

*******Оқу инемен құдық қазғандай.

*******Білім іздеген озар,

Бүлік іздеген тозар.

********Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

*******: Оқу- білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

******Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас.

******* Ана тілің- арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін

Өз тіліңді құрметте.

******* Ақыл-ойын дананың

 Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

******* Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім,

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

Ана тілдің құрметіне «Вальс»

Ана тілі: Білімнің бетін жарық ет!

Ұл-қызымды білімді ет,

Келесі оқу жылына, Аман-есен түгел жет!

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып .

Өсе берсін санамыз! Әумин.

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында

Ақ ниететпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Мұғалім: Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата-аналарыңның қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып ендігі сөз кезегі сіздерде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дильяра:

Суреттермен сөйлеткен,

 Әріптерді үйреткен.

Баспа әріп пен жазба әріп.

Дауысты мен дауыссыз.

Айтыңдаршы, балалар

Қай оқулық үйреткен?

 

Алма берсем жейсің бе?

Мені «А» әрпі дейсің бе?

Аузыңа сап жегенде,

«А» деп айтып жейсің бе?

******* Мен үшін жақсы адам,

Артық көрем басқадан.

«Апа», «ата» сөздері,

А әрпінен басталған

******* «Ә» деген әріп мен болам,

Әділдікке шақырам.

Әдепті бол әрқашанда,

Қасыңда болам сонда ғана.

******* «Б» әрпінен бастап ұстазың,

Бүлдіршін дейді сүйкімді.

Қуанып сен үшін ата-анаң

Балапаным дейді сүйікті.

******* Кітап-білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

******* Ақыл- тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

*******Кітапсыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

******* Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

*******Оқу инемен құдық қазғандай.

*******Білім іздеген озар,

Бүлік іздеген тозар.

********Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

*******: Оқу- білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

******Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас.

Бейбарс:

 Ана тілің- арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін

Өз тіліңді құрметте.

Әлімжан:

Ақыл-ойын дананың

 Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Муслима:

 Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім,

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

 

 

 

 

 

 

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу 1) Так, так, так Бәрін бері қара. Бүгін бізде Болмақ қандай шара? 2) Тағзым етем, тақсырым, Айтайын мен жан сырын Естідім ұзынқұлақтан 1 «В» сыныбынан. 3) Келеді бүгін ертекке, Ән салып, би билекке. Қоштасқалы отыр екен Сүйікті кітап Әліппемен. Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппені бітірді балаларым, Әліппеден нәр алған даналарым. Өзі оқып жазатын хәлге жетті. Құтты болсын білімі балалардың, Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік. 4) Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарында қызғалдақтай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар. 5) Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға. Ән:Біз өмірдің гүліміз (қыздар) Мұғалім: Өсті міне бойларың, Өсті ақыл - ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың! -Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы. Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не? Хормен: Болашаққа жол ашқан, Ол сүйікті Әліппе! Мұғалім: -Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. Хормен: Әліппе,Әліппе: Менің атым - Әліппе, Мені анаңдай дәріпте. Мені оқып ер жеткен, Ағаң менен әпкең де. Армысыздар жас достар! Армысыңдар, ата-ана! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға. Мерекеңмен құттықтаймын Бүлдіршіндер, балғындар! Не үйреніп, не білдік Кәне ортаға салайық. Әліппе: - Осы сендер қандайсындар? -Талабы биік таудаймыз. -Мың бұралған бишіміз. -Біз шеберміз. -Ақылдымыз. -Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз. -Көп оқимыз. Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз. Ән: Әліппе Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз. 6) Алфавитті жатадық Онда жүйе, қалып бар, Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар. 7) Сан әріпті үйрендік, Бүгін бізге сеңіндер. Әріптер әлеміне, Саяхаттап көріңдер. Әріптердің атаманы қай әріп? 8) А дегенің Асия Асия деген мен бала. 9) А әрпінен есімім Айтсам сөздің кесімін. Аружан мен боламын, Айдай өсіп толамын. 10) Әбілмансұрды білесіз, Көңілге мені түйесіз. Ә әрпі де атымда Оқып – біліп жүресіз. 11) Дөңгелене доп келеді, Оны теуіп Даниал келеді. Мәз боламын шаттана Ойым мүлде басқада. 12) Ж дегенің Жанбота Жанбота деген мен бала. Жақсы оқысам сабақты Одан артық жоқ шара. 13) Азат деген есімді, Білдіңіздер кесімді. З әрпі бар ішінде, Тыңдасаныз шешімді. 14) Н әрпі Надиямын мен деген, Білім іздеп, оқу оқып терлеген. 15) Сая деген мен едім, Алсам білім тереңін, С әрпінен есімім, Аламын оқу білімін. 16) Т дегенің Төлегенұлы Төлеби Әріптерден қаламын ба мен, Достарыма тілейтінім алдымен Денсаулық пен зор байлық. 17) Х дегеніңіз Алихан, Х-ны білу керек бұл. Х деген де тамаша, Хат, хабарлар - деректер. 18) Енді біз жаза аламыз, Әріпті қосып әріпке, Риза боп саған жүреміз, Сүйікті біздің Әліппе. Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек? Қыздар: Балаларға ақ тілек, Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп. Хормен: Біздерге білім үйреткен, Әліппе, саған рахмет. Ән «Балдырғандар әні» Әліппе: -Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар? Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу. Әліппе: Ретімен тізбелі Әрбір санды даралап, Қайсың барсың бізге енді Айтып берер санамақ? 19) 1 дегенім- бесік, Шықтың содан өсіп. 20) 2 дегенім – елім, Далам, тауым, көгім. 21) 3 дегенім – үміт, Үміт артар жігіт. 22) 4 дегенім – төзім, Төзе білем өзім. 23) 5 дегенім – бақыт, Бағалайтын бақыт. 24) 6 дегенім – ақыл, Тыңдағаның мақұл. 25) 7 дегенім – жалау, Жүректегі алау. 26) 8 дегенім – сөзің, Серт беретін кезің. 27) 9 дегенім – тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. 28) 10 дегенім – Отан, Қорға соңы, ботам. Әліппенің тапсырмалары. Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын Ән бимен шашу шашылсың Мың бұралған бишелер Бименен кешті жалғасын. Қыздардың орындауында «Кукарела» биі. Математика сабағында үйренген сергіту сәтін айтып көрсету. 29) Әліппені бітірдім, Жаза аламын атымды. Әліппені бітіріп, Бала болдым ақылды. 30) Қош бол, құтты Әліппем, Қош бол,құтты Әліппем! 1.Қош бол,құтты Әліппем! Көп нәрсені үйреттің. Таныстырдың әріппен, 30) Қош бол, құтты Әліппем, Көп нәрсені үйреткен! Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеткен. 31) Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға Ана тілін аламыз. Ата –ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз! Әліппе: Балалар, рахмет сендерге. Енді қолға Ана тілін аламыз. Ата –ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз! Әліппе: Балалар, рахмет сендерге. Ән «Ертегілер» 32) Баланың да тірегі, Дананың да тірегі. Шаншылмасын ешқашан, Аналардың жүрегі. 33) Ақыл құйған санама, Күннен де артық расында. Күн-алыста, ал анам, Ылғи менің қасымда. Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады. Ән «Ана» Көрініс «Бауырсақ» Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын. Кір шалмасын беттерін, Таза болсын оқулық пен дәптерің. Оқығандарын есте болсың, Күнделіктерің 5-ке толсын! Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен, Ұлдар: Балаларға үйреткен. Хормен.Әліппе мен ұстазға Бас иеміз құрметпен. Ән « Қош бол құтты әліппе!» Мектеп басшыларына сөз беріледі. Мұғалім: Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар Сөз берейік әкелер мен аналарға. Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар, Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар. -Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет! -Қош сау болыңдар. Қош бол,құтты Әліппем! 1.Қош бол,құтты Әліппем! Көп нәрсені үйреттің. Таныстырдың әріппен, Тақылдатып сөйлеттің. А.Ә.Б.В.а.ә.б.в... 2.Өзім оқып кітапті, Жалынбадым ағама. Қуанды апам оқудан, Алған бестік бағама. А.Ә.Б.В.а.ә.б.в... 3.Қош бол,құтты Әліппем! Тіл тұсауын кестің сен. Аяулы апам болып сен, Айыбымды кештің сен. А.Ә.Б.В.а.ә.б.в...
Источник: 
http://bilimkozy.idhost.kz/112-lppemen-oshtasu.html

 

Қош бол, сүйікті Әліппем! қазақша ашық сабақ Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем! Мақсаты: 1.Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу.Олардың кітап оқу шеберлігін,тақпақ айту өнерін көрсету 2.Оқушыларды туған жерді,Отанды сүюге, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. 3.Ұлттық салт-дәстүрге,әдет-ғұрыпқа деген сезімдерін арттыру. Түрі: Тәрбие сағаты Көрнекілігі:Суреттер,оқулықтар,қанаттысөздер,ҚР Рәміздері. Жүрісі: І.Кіріспе Мұғалімнің құттықтау сөзі ІІ.Негізгі бөлім І-бастаушы:Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Қош келіпсіз,ұзтаздар,ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға. ІІ-бастаушы:Армысыздар мұғалімдер,әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді Би биленіп,ән де бүгін шырқалар І-бастаушы:Қош келіпсіз,Ақ жаулықты аналар Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар Алдарыңда жауқазындай құлпырған Біз алаңсыз, балғын шақты балалар ІІ-бастаушы:Шашу,шашу шашайық, Ақ сандықты ашайық. Бұл мереке бұл жайдың Бастаңғысын жасайық 1.Айдана: Келгенімде алдыңа, Қызыл арай гүл алып. Жақын тарттың жаныңа Шәкіртім деп қуанып 2.Әли:Сипадың да басымнан Әліппені ұсындың Бақытымның осыдан Басталғанын түсіндім Хор: «Мұғалім-ол біздің» 3.Әлия: Ең алғаш алғанымда әліппені, Қызығып қарай бердім әріптерді Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді Ұстазым оның кілтін алып берді. 4.Данияр: Бар кітапқа бас болған Әліппе ғылым анасы Әліппеден басталған Даналықтың данасы I-бастаушы: Іші толы әріпке Білімдегі жарық не Хор: Болашаққа жол ашар Ол-сүйікті әліппе! II-бастаушы: Олай болса,ең қымбатты Әліппені ортаға шақырамыз. Хор: Әліппе,әліппе! Әліппе: Армысыңдар жас достар, Армысыңдар ата-ана ! Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаңа Мерекеңмен құттықтаймын Бүлдіршіндер, балғындар Жақсы білім көрімдік, Болсын сізге халайық Не үйреніп, не білдік Кәне ортаға салайық 5.Әдемі: Алфавиттің А тұрады басында Әрқашанда Ә тұрады қасында Байқадың ба Б тұрады үшінші Ал осының сыры неде түсінші 6.Әлішер:Әліппем,менің әліппем, Сені қолға алып мен, Есігін аштым мектептің Ертеңгі сәуле жарықпен. «Бала тілегі»әні. Орындайтын: Қарақат, Гүлайым 7.Перизат:Ашыла берді алдымнан Кең дүние есігі Соғылған сомдап алтыннан Әліппе –білім есігі. 8.Мейрамбек:Әліппем, менің әліппем Көп нәрсені үйреттің Таныстырып әріппен Тақылдатып сөйлеттің 9.Арайлым:Әліппе деген –алтын жол Апарар сені алысқа Жеңіл емес ауыр жол, Тырысып бақ намысқа Хор: «Әліппе» әні. Әліппе : Ал енді осы әліппенің алғашқы бетінде қандай алғы сөз жазылған және оны кім жазды? 10.Ақбота:Айналайын 11.Элдар:Әліппе алып қолыма Білімнің аштым есігін Ақ ниет тілеп жолыма Жазылды менің есімім. Бастаушы: «Әліппенің әріптері, өзін-өзі дәріптейді» қойылымын бастаймыз Алфавиттер шығыңдар Орындарыңа тұрыңдар Бастайық кәне айтысты Жібермейік намысты Әліппе: Балалар менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.Математика- ғылымдардың атасы деген. Математикадан санауды, есептеуді үйрендіңдер. Қәне кім санамақ айтады? 12.Ақбаян: санамақ айтады Әліппе: Ал достар, бүгін сендер менің орныма жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ортаға ана тілін шақырайық. Ана-тілі:Сәламатсыздар ма,балалар Туған елдің тілімін Ақылымен танылам Түсіндірер бәріңе Ана-тілі мен болам Ана-тілің- арың бұл Ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте Балалар,мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін. Әліппе:Әліппенің бетін жарық ет, Ұл- қызды түгел білімді ет! Келесі оқу жылына Аман-есен түгел жет! 5 болсын алар бағамыз Біліммен бақыт табамыз Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз! Ал,енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! Хор: Қош бол,Әліппе! Хормен: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға Ана-тілін аламыз Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз «Қара жорға» биі. Бишілер тобы. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі. Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!» әні. III.Қорытынды: Мектеп жасындағы балалардың барлығыда білім алуға міндетті. Сауатты болу –өмір талабы.Сондықтан сапалы білімді,саналы тәрбиелі оқушы болуымыз керек. «Білім негізі-бастауышта» деп бекер айтпаған сауатты, ынталы оқушы болуымыз керек

Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/511-osh-bol-sykt-lppem.html

 

 

Қош бол, сүйікті Әліппем! қазақша ашық сабақ Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем! Мақсаты: 1.Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу.Олардың кітап оқу шеберлігін,тақпақ айту өнерін көрсету 2.Оқушыларды туған жерді,Отанды сүюге, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. 3.Ұлттық салт-дәстүрге,әдет-ғұрыпқа деген сезімдерін арттыру. Түрі: Тәрбие сағаты Көрнекілігі:Суреттер,оқулықтар,қанаттысөздер,ҚР Рәміздері. Жүрісі: І.Кіріспе Мұғалімнің құттықтау сөзі ІІ.Негізгі бөлім І-бастаушы:Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Қош келіпсіз,ұзтаздар,ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға. ІІ-бастаушы:Армысыздар мұғалімдер,әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді Би биленіп,ән де бүгін шырқалар І-бастаушы:Қош келіпсіз,Ақ жаулықты аналар Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар Алдарыңда жауқазындай құлпырған Біз алаңсыз, балғын шақты балалар ІІ-бастаушы:Шашу,шашу шашайық, Ақ сандықты ашайық. Бұл мереке бұл жайдың Бастаңғысын жасайық 1.Айдана: Келгенімде алдыңа, Қызыл арай гүл алып. Жақын тарттың жаныңа Шәкіртім деп қуанып 2.Әли:Сипадың да басымнан Әліппені ұсындың Бақытымның осыдан Басталғанын түсіндім Хор: «Мұғалім-ол біздің» 3.Әлия: Ең алғаш алғанымда әліппені, Қызығып қарай бердім әріптерді Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді Ұстазым оның кілтін алып берді. 4.Данияр: Бар кітапқа бас болған Әліппе ғылым анасы Әліппеден басталған Даналықтың данасы I-бастаушы: Іші толы әріпке Білімдегі жарық не Хор: Болашаққа жол ашар Ол-сүйікті әліппе! II-бастаушы: Олай болса,ең қымбатты Әліппені ортаға шақырамыз. Хор: Әліппе,әліппе! Әліппе: Армысыңдар жас достар, Армысыңдар ата-ана ! Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаңа Мерекеңмен құттықтаймын Бүлдіршіндер, балғындар Жақсы білім көрімдік, Болсын сізге халайық Не үйреніп, не білдік Кәне ортаға салайық 5.Әдемі: Алфавиттің А тұрады басында Әрқашанда Ә тұрады қасында Байқадың ба Б тұрады үшінші Ал осының сыры неде түсінші 6.Әлішер:Әліппем,менің әліппем, Сені қолға алып мен, Есігін аштым мектептің Ертеңгі сәуле жарықпен. «Бала тілегі»әні. Орындайтын: Қарақат, Гүлайым 7.Перизат:Ашыла берді алдымнан Кең дүние есігі Соғылған сомдап алтыннан Әліппе –білім есігі. 8.Мейрамбек:Әліппем, менің әліппем Көп нәрсені үйреттің Таныстырып әріппен Тақылдатып сөйлеттің 9.Арайлым:Әліппе деген –алтын жол Апарар сені алысқа Жеңіл емес ауыр жол, Тырысып бақ намысқа Хор: «Әліппе» әні. Әліппе : Ал енді осы әліппенің алғашқы бетінде қандай алғы сөз жазылған және оны кім жазды? 10.Ақбота:Айналайын 11.Элдар:Әліппе алып қолыма Білімнің аштым есігін Ақ ниет тілеп жолыма Жазылды менің есімім. Бастаушы: «Әліппенің әріптері, өзін-өзі дәріптейді» қойылымын бастаймыз Алфавиттер шығыңдар Орындарыңа тұрыңдар Бастайық кәне айтысты Жібермейік намысты Әліппе: Балалар менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.Математика- ғылымдардың атасы деген. Математикадан санауды, есептеуді үйрендіңдер. Қәне кім санамақ айтады? 12.Ақбаян: санамақ айтады Әліппе: Ал достар, бүгін сендер менің орныма жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ортаға ана тілін шақырайық. Ана-тілі:Сәламатсыздар ма,балалар Туған елдің тілімін Ақылымен танылам Түсіндірер бәріңе Ана-тілі мен болам Ана-тілің- арың бұл Ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте Балалар,мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін. Әліппе:Әліппенің бетін жарық ет, Ұл- қызды түгел білімді ет! Келесі оқу жылына Аман-есен түгел жет! 5 болсын алар бағамыз Біліммен бақыт табамыз Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз! Ал,енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! Хор: Қош бол,Әліппе! Хормен: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға Ана-тілін аламыз Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз «Қара жорға» биі. Бишілер тобы. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі. Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!» әні. III.Қорытынды: Мектеп жасындағы балалардың барлығыда білім алуға міндетті. Сауатты болу –өмір талабы.Сондықтан сапалы білімді,саналы тәрбиелі оқушы болуымыз керек. «Білім негізі-бастауышта» деп бекер айтпаған сауатты, ынталы оқушы болуымыз керек 
Источник: 
http://bilimkozy.idhost.kz/511-osh-bol-sykt-lppem.html

 

Әліппемен аштық білім есігін
Тербетеміз тәуелсіз ел бесігін.
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды әліппеден алған білімдерің жинақтау, өз өнерлерің ата - анаға көрсету.
Дамытушылық: Сахна көрініс еркін шығуға, өз ойларын еркін айтуға,
есте сақтауға дағдыландыру, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке тиянақты болуға, ана тілін сүйіп, оны қастерлеуге, ұйымшылдыққа, тәрбиелеу.
Әдісі: Әдеби музыкалық монтаж.
Көрнектілігі: Жазылған сөздер, шарлар, слайдтар, буындар.
«Балапан» биімен оқушылар ортаға шығады.
Ән «Балапан» Орындайтын: Тарғынова
Жүргізуші: Армысыңдар ұстаздар,
Армысыңдар аналар.
Армысыңдар балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз.
Бір серпіліп қалыңыз,
Әліппеге арналар,
Бүгінгі ән жырымыз.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың,
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
1а - классың «Әліппемен аштық білім есігін тербетеміз тәуелсіз ел бесігін» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Сүйікті әліппенің арқасында сауатты болдық. Әліппенің ең алғашқы бетінен Елбасының тілегімен ашқан болатынбыз. Сондықтан тілегімізді орындайық.
Назарбаев Нұрсұлтанның сөзі: Айналайын
Хор: Әнұран
Көрініс: Ана мен бала. Қоюшылар: Махаббат - Нұрбақыт
Хор: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы,
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Жүргізуші: Өтті оқу сан сабақ бүгін үлкен салтанат,
Оқулықпен достаспақ әліппемен қоштаспақ.
Әліппе досымызды ортаға шақырамыз.
Әліппе сөзі: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Қош келдіңіз әліппе.
Әліппе сөзі: Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Ағаң менен әпкеңде
Не үйрендік не білдік
Қане ортаға салайық.
- Оқушылар Әліппеге арналған өлең - жолдары тыңдауға келдім.
Хор: Әліппе әні.
Шаттық шеңбері.
Қуанамын менде
Қуанасың сенде
Қуанамыз бәріміз, арайлап атқан күнге.(Оқушылар тілектерің айтады)
Жансая: Артта қалды сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Әліппемен қоштасып,
Өсті білім ойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
Нұрбақыт: Біз енді әліппемен қоштасамыз,
Жырмен қоса ән шашамыз.
Білімнің бұлағына сусынданған
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Ұлы өмірге жетелеп
Ашқан білім есігін.
Құрметтейік мәпелеп,
Ұстаздардың есімін.
Махаббат: Сенің нұрын сөнбесін
Ашық аспан жарық күн.
Дымбілместің көрінісі. Қатысушылар: Нұрбақыт - Жансая.
Көркем сөз. Үйретеді әріпке.
Үйретеді жазуға, буындатып оқуға
Үйретеді мектепте, үлкендерді сыйлауға.
Кішілерді қорғауға, үйретеді мектепте
Екі қосу екіге, үйретеді мектепте.
Сурет салдық боядық, өлең жаттап ән салдық
Үйретеді мектепте, әліппені оқуға
Мәтіндерді талдауға, үйретеді мектепте.
Табиғатпен таныстық, жыл мезгілін байқадық
Білім алу тамаша.

Тоқсанбай: Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Рустам: Қош бол, құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Амангүл: Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқып – жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Шолпан: Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Аман: Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық тоймадық.
Анель: Мынау менің әліппем
Көгілдір тудың түсіндей.
Ақылшы жақын досындай
Қымбатты маған кісімдей.
Дильназ: Ыстық әр бір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің әліппе,
Ақылды сен мұғалім.
Ақсұңқар: Мұғалима
Қызғалдақ: Білімге жолды бастаған
Әліппе саған мың алғыс.
Санжар: Әліппе менің әліппем
А деген бастап әріптен.
Мадияр: Сәлем саған мектебім
Сәлем білім ортасы.
Ән: Ертегі елі. Орындайтын: Өмірханқызы.
Көрініс: Кім неден күшті.
Әліппе: Айтыңдаршы оқушылар қазақ тілінде неше әріп бар? Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жадыра: Алфавитті білеміз,
Онда жүйе қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Алфавиттер шығайық
Орнымызға тұрайық.
Бастайық қане айтысты
Жібермейік намысты.
Көрініс. Алфавит сыры.
Қатысатындар: Махаббат, Санжар, Рустам, Тоқсанбай.
Шолпан: А - дегенім ардақты
Ақ сүт берген анамыз.
Б - дегенім бал тілім
Біз бақытты баламыз.
Дильназ: Ә - дегенім әншінің
Әуені ғой әдемі.
Қ - дегенім малшының
Қамшысы ғой әдемі.
Жансая: З - дегенім өнерлі ғой.
К - дегенім кемені
Капитандар басқарады.
Нұрбақыт: Д - дегенім добың ғой
Дойбы болып шықпай ма.
С - дегенім сәбидің
Сылдырмағың ұқпай ма.
Хор: Әліппе
Орыс биі. Махаббат - Жадыра
Конбой биі. Ұлдар тобы
Жадыра: Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысың төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Бұл кім?
Оқушылар: Ана, ана, ана.
Жүргізуші: Балалар, сендердің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқушы ата - ананың қосқан үлесі зор. Қане бәріміз ата - аналарға рахмет айтайық.
Ән: Ақ мамам. Орындайтын: Жадыра
Жүргізуші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. Адамның, туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын Атамекені - Отан.
Отан көркем сөзі. Оқитын: Жансая.
Астана. Оқитын: Жадыра.
Астана. Оқитын: Шолпан.
Астана. Оқитын: Анель.
Отан. Оқитын: Амангүл.
Отан. Оқитын: Санжар.
Ән: Қуыршақ. Орындайтын: Ақсұңқар.
Қазақ биі. Орындайтын: Қыздар тобы.
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5 - тіктер тарату)
Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе
Жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Мұғалім: Ана тілі оқулығы бізді сынамақшы.
Ана тілінің тапсырмасы.
1. Мақалдар еліне саяхат.
Балалар мақал - мәтелдерге кезігеді.
Мақал: Әліппеден балалар
Не оқыдың, не білдің?
Қане, айтшы мақалдар
Біліміңді көрейін.
1. Ас атасы - нан.
2. Оқу - білім бұлағы
Білім - өмір шырағы.
2. Санамақ еліне саяхат.
Балалар санамақтар еліне соғады.
Санамақ: Мен санамақ боламын,
Ақыл - ойдан тұрамын.
Айтып берсең санамақ,
Қазір жолды ашамын.
Оқушылар өздері санамақ айтады.
3. Жұмбақтар еліне саяхат.
Балалар жұмбақтар еліне кездеседі.
Жұмбақ: Біз жұмбақтар айтамыз.
Шешуін сіз тапсаңыз,
Жолыңды біз ашамыз.
Хор: Жарқын жүзді ұстазым.
Жүргізуші: Қош болыңдар, балақайлар!
Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір - біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар.

Мұғалім: Құрметті қонақтар! Бүгінгі ертеңгілігімізге уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рақметімізді айтамыз. Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

Кері қайту

 

 

 

«Әліппенің арғы жағы – білім бағы»

Мұғалім:
Бүгін шаттық, бүгін думан маңайым
Қалай бүгін тебіренбей тұрайын.
Әліппе тойда біздермен бас қосқан
Армысыздар, жаны жайсаң ағайын!

Қадірлі ұстаздар, құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар! Кеше ғана алаңсыз жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, азаматтық борыштарының алғашқы асуын асып, бір жасқа есейді.Тойларыңыз тойға ұлассын, шәкірттер!
Құрметті ата-аналар балаларыңыз атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын!
Бала бақыт, бала базар, бала өмір,
Балалардың шат үнімен бал өмір.
Баласы бар үйдің бәрі бақытты,
Балалармен қызығырақ бұл өмір.

Ән. «Әнұран»
бастаушы: Армысыздар ардақты ата-аналар!
бастаушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар!
бастаушы: 1В сынып оқушыларының «Әліппенің арғы жағы – білім бағы» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
бастаушы: Міне, біз бүгін барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі әліппені бітірдік.
бастаушы:
Уа халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Қайсы күйші, кім биші
Талабына қарайық.

бастаушы: Кімдер зерек, кім тапқыр, талаптарды табайық.
бастаушы: Армысыздар аналар!
бастаушы: Бармысыздар балалар!
бастаушы: Сөзіме құлақ салыңыз!
бастаушы: Бір серпіліп қалыңыз.
Екеуі бірге! Әліппеге арналған,
Бүгінгі жыр әніміз!
Асылхан:
Өтті оқу, сан-сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достастық,
Әліппемен қоштастық.
Хормен:
Өсті білім ойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
Рауан:
Мектеп деген білім кеші, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені!
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.
Аида:
Мектебім – білім берер алтын ұям
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулисың төрт жыл бойы ата-аналамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
Ерасыл:
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Гұлнұр:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі.
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Аружан:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Мұғалім:
Іші толы әріпке
Білімді де жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті әліппе!
Ол сүйікті әліппе!

бастаушы: Олай болса, барлығымыз қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Әліппе:
Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім:
Ал әліппе,
Сенің нұрын сөнбесін
Ашық аспан, жарық күн,
Келешегі сөйлесін.
бастаушы: «Әліппе» туралы тақпақтап айтамыз.
Сұлтан:
Мынау менің әліппем
Көгілдір тудың түсіндей
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатсың маған досымдай.
Бекнұр:
Іші толы әріпке,
Мынау әйбат әліппе
Барлық ілім-білімнің,
Әжесі осы әліппе.
Балауса:
Алфавитті біліңдер,
Онда қалып жүйе бар.
Біздің қазақ тілінде,
42 әріп бар.
Ақжа йық:
Алфавиттің «А» – тұрады басында
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде? түсінші.
Ақбота:
А – деген ол аналар ғой ардақты,
Ә – деген ол әкелер ғой салмақты.
Б – деген ол балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады ол алфавиттің басында.
Аделя:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым анасы
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Ән. Хормен. Әліппе әнін орындау.
бастаушы: Әліппеден өткен әріптерді айтайық ,
Жансая:
«А» – ны айтқанда даусымыз дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып, буынды енді.
Нұрбақ:
Шындықты сақтайық,
Шыншылды жақтайық.
Шаршы топ алдында,
Шығарып мақтайық,
Нұрсұлтан:
Ғарышкері ғаламның,
Намысты ері даламның
Тоқтар сынды ағамның,
Ізбасары боламын.
Арсен:
Сабақты баппен бастадық,
Зиялы сөз тастадық.
Ойға тоқып айтқанын
Мазмұнын оқып жаттадық.
Жансая:
Тәртіпті бала сүйеніш
Төбең көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш
Төмендеп басың кетеді.
Меруерт:
Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы,
Сауық пен кинодан
бастаушы: Шалдарбек Жасминның биін тамашалаңыздар.
Құралай:
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды.
Тимур:
Достастырған өзіңмен
Ұстазыма мың алғыс
Иландырған сөзіңе
Қамқоршыма шың алғыс
Жанель:
Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған,
Рахмет ұстаз алғашқы!
Хор:
Үйретіп бізге әліппені
Мұғалім ғылымға жол
салып береді.

Ән: «Мұғалім ол біздің»
Би: «Көбелектер» биі
Нұрғали:
Таныстырған 42 әріппенен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқида, жаза білгенім
Сауатты адам, санатыма кіргенім
Мұғалім:
Балалар сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйреңдіңдер. Осының бәрін үйреткен кімдер?
Хормен:
- мектеп
- әліппе
- мұғалім
- ата-ана.
1. бастаушы: Әліппені меңгертуге жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-аналарымызға ризашылығымызды білдіреміз.
Мұғалім:
Балалар сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң- қуанып, ренжісең, – жұбататын асыл адам –Ана!
Ана – біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау – біздің парымыз.
Нұрай:
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың ,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың,
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым.
Аружан:
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алып тер төгем, еңбек
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.
Димаш:
Әкем менің жан әкем
Батылдыққа үйреткен
Еш жамандық көрсетпей
Жақсылықты үлгі еткен.
Жасмин:
Еліне де ардақты
Өз ақылы жан-жақты
Даналығын халқымның
Менің әжем сақтапты.
Би. Жансаяның жеке биі.
2. бастаушы: Міне білімнің кілті. Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.
1. бастаушы: Қане, әліппеге қош айтайық.
Хормен.
Жақсы кітап – әліппе,
Қош бол құтты әліппе!

Әліппе: Білімнің көп қой саласы,
Әліппе соған жол басшы
Ғылымның қиын жалғасын,
Басқа кітаптан табарсың!
Мұғалім: Балалар, әрі қарай бізге әліппенің орнына «Ана тілі» келеді.
Қарсы алайық, танысайық.
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылымын таңымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
- Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер. Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер.
1. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
2. Тақтада жазып, жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған (бор)
Үйреткен білімді,
42 білімді (алфавит)
Алты түрлі түсі бар,
Сурет салар ісі бар (қарындаш)

- Рахмет , балалар, жарайсыңдар!
Мұғалім: Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
2. бастаушы: Көрініс. Мақта қызбен мысық. Ертегіні тамашалаңыздар.

бастаушы: Біз көптеген пәндермен таныс болдық, соның ішінде бізге ағылшын пәні өте қызықты өлеңдер мен санамақтар үйретті. Ағылшын пәнінен ән.
бастаушы: Ән. «Көбелектер»
бастаушы: Абзал тәлімгеріміз Ахмет Байтұрсынов атамыз «Ырым етсең, адал ет, жамандықтан аман ет» – деп тегін айтпаған ғой. Енді ырым тиымдарды айтып көрейік:
Нұрғали: Үйде ысқырма
Жансая: Нанды баспа, нанды бір қолыңмен үзбе.
Ерасыл: Отты шашпа, күлді баспа.
Аида: Есікті керме
Бекнұр: Отпен ойнама
Енді мақал-мәтел айтайық.
Ақбота: Оқу білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Нұрсұлтан: Ақыл озбайтын тон
Білім таусылмайтын кен

Жанель: Білікті бірді жығар
Білімді мыңды жығар

Ақжайық: Оқусыз білім жоқ
Білімсіз күнің жоқ
Бастаушы: Ал енді санамақ айтайық.
Гұлнұр: Бір дегенім – бесік
Шықтым содан өсіп
Димаш: Екі дегенім – елім
Данам, тауым көгім
Адель: Үш дегенім – үміт
Үміт артар жігіт
Сұлтан: Төрт дегенім – төзім
Төзе білем өзім
Меруерт: Бес дегенім – бақыт
Бағалайтын уақыт
Арсен: Алты дегенім – ақыл
Тыңдағаның мақұл
Жансая: Жеті дегенім – жалау
Жүректегі алау
Тимур: Сегіз дегенім – сөзің
Серт беретін кезің
Нұрсұлтан: Тоғыз дегенім –тоқтау
Елдің жоғын жоқтау
Рауан: Он дегенім – Отан
Қорға соны ботам!
Би: Қара жорға биі.
Мұғалім: Балалар, өнер білімнің барлығы мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып үйрендік. Жүркке жылы тиетін « Отан, Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөзімен таныстық. Соның ішінде «Отан» сөзі жүрекке жақын естіледі.
Балалар біздің Отанымыз!
Қазақстан Республикасы
Біздің Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Біздің астанамыз!
Астана қаласы
Біз қай қалада тұрамыз?
Шымкент қаласында

Жарайсыңдар!
бастаушы: Тәуелсіздік қыран құсы самғайтын
Ошақ аты онсыз түзу жанбайтын
бастаушы: «Тәуелсіздік алтын көпір аялы,
Бүгінімен болашақты жалғайтын» деп ақын ағаларымыз жырлағандай жақында ғана тойлаған Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын ағайын!!!

Гүлнұр:
Тәуелсіздік Қазақстан бір ұғым
Жұпар ауам, ішер суым тұнығым
Тәуелсіздік мәңгі жасау үшін де
Менде туған Отанымның құлымын.
Асылхан:
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін
Дәлелдеуде Қазақстан елдінін
Арман кеткен, қыршын кеткен ағалар
Елің алды егеменді теңдігін
Нұрай:
Тәуелсіздік арман жылдар есігі
Тәуелсіздік – барша халық бесігі
Тәуелсіздік орындалған армандар
Анашымның ардақтаған есімі
Рауан:
Көк аспандай – туларың
Желбірейтін күні бұл
Елім деген ұлдардың
Елжірейтін күні бір
Аида:
Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні бұл
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні бұл
Ерасыл:
Атамекен – ақ үйдің
Азат болған күні бұл
Елім деген ұлдардың
Елжірейтін күні бұл

Ән. «Жаса Қазақстан» әні.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әліппемен қоштасу. 1 сынып. "Қош бол, құтты Әліппем!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 556 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2016 3036
    • DOCX 68.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қабылбекова Зауре Сарсенбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 119590
    • Всего материалов: 52

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 115 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе