ШҚО, Бородулиха
ауданы,
«Камышенка орта
мектебі» КММ
Бастауыш сынып
мұғалімі
Дюсебаева Сауле
Айткешовна
Мұғалім:
-Балалар, міне,
білімнің кілті – Әліппемен қоштасар уақыт та келді.-Қане,
әліппеге Қош айтайық!
Хормен:
-Қош бол, құтты Әліппем!
Әліппе: -Қош
болыңдар, балалар!
Ана тілі: Балалар,енді
мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.
-Мен сендерге жұмбақ
жасырайын,сендер шешіңдер:
1.Қабат-
қабат қаттама
Ақылың
болса аттама (кітап)
2.Тақтада
жазып жалықпаған,
Жаза-
жаза арықтаған (бор)
3.Үйреткен
білімді,
42 әріпті
(алфавит)
4.Алты
түрлі түсі бар,
Сурет
салар ісі бар( қарындаш)
-Балалар,
ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім еді?
-Ы. Алтынсарин.
-Ы.
Алтынсариннің қандай өлеңін білесіңдер ?
-Кел, балалар,
оқылық.
-Ал
алғашқы әліппенің атасы кім?
-Ахмет
Байтұрсынов.
-Ал Абай
атамыздың қандай өлеңін білесіңдер ?
–
Әсемпаз болма әрнеге,
–
Өнерпаз болсаң арқалан.
–
Сенде бір кірпіш дүниеге,
–
Кетігін тапта бар қалан.
-Рахмет,балалар, жарайсыңдар! Мен сендерге ризамын.
Мұғалім; Ана тілі
отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән: Ертегілер.
Ернар
Еңбек
білім мәнінде,
Есептейтін бәрінде.
Сөз береміз ардақтап,
Математика пәніне.
Математика:
Сәлемет
пе достарым?
Сабағы
боп жоспардың.
4 амалды
қолданған,
Математика достарың. 5
Хормен:
Сәлеметсіз бе, математика!
Математика:
Енді
қызықты есептерді шығарып көрейік.
Бес
асықтың үшеуін,
Досың
сұрап алады.
Айтшы
сонда нешеуі,
Өз
қолыңда қалады. 5-3=2
Ағаштағы
төрт алмұрт,
Піскен
екен тимей құрт.
Самат
алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін? 4-2=2
Алма
ағашта жеті алма,
Қандай
тәтті жесе алма.
Жетеуінде жеп қойсам,
Қалады
онда неше алма? (0)
Табақта
төрт өрік,
Қолымда
3 өрік.
Қосқанда
барлығын
Болады
неше өрік? (7)
Маратта
бар 5 іні,
Мұратта
бар 2 іні.
Қоссақ
бес пен екіні,
Неше
болады шешуі? (7)
Математика:
-Ал балалар,білімді екендеріңді
білдім, енді өнерлеріңді көрсетіңдер.
Би:
Радуга.
Мұғалім: Балалар,
сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер. Осының бәрін үйреткен кімдер?
Хормен:
–
Мектеп!
–
Әліппе!
–
Мұғалім!
–
Ата-ана!
Мұғалім: Рақмет,
шәкірттерім!
Айым:
Ең
алғаш алғанымда әліппені,
Қызығып
қарай бердім әріптерді.
Мен
үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым
оның кілтін ашып берді. 6
Кәусар:
-Әліппе
оқуға,
Үйреткен әр күні,
-Үйретіп санауды,
Көп
еңбек сіңірген
Мұғалім
апай ғой!
Ернар:
Үйретіп
мұғалім бізге әліппені,
Мұғалім
ғылымға жол салып берді.
Адамның
ақыл-ойы мақсаттары,
Оқудың
сәулесімен жарық көрді.
Дәрия:
Әліппе
даңғыл жол ашты,
Жаңадан
пәндер жалғасты.
Әліппе
сырын ұқтырған,
Хормен: Рахмет, ұстаз
алғашқы!
Ән:
Жарқын жүзді ұстазым.
Мұғалім:- Балалар,
оқуға, жазуға, санауға үйреткен ата- аналарымыздың да еңбегі көп.
Ата-аналарымызға ризашылығымызды білдірейік.
Айым:
Дүниеге
әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт
беріп өсірген,ол да сенің анашың.
Тіл
алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
Ернар:
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім
алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Кәусар:
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен тіл қаттың.
Ақ
сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,
Кең
құшағың аясындай гүл
бақтың. 7
Дәрия:
Дүниенің жарық күні анамыз,
Дана
болсақ анаменен данамыз.
Алдыменен
тыңдаңыздар ағайын,
Аналарға арнап бір ән саламыз.
Ән:
Анамның тілі- аяулы үні.
Балалар аналарына
өздері жасаған сыйлықтарын береді.
Мұғалім:
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым
етіп сондықтан да ертеңгілік соңында,
Ақ
тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- дей отырып, сөз кезегін мектеп
басшылары мен ата-аналарға береміз.
(оқу ісінің
меңгерушісі мен ата-аналардың тілегі)
Мұғалім: Бүгін міне,
балалар , өздерінің өнерлерін , жетістіктерін көрсетті.
Алғашқы , маңызды,
қиындау белестен өтті. Осы үлкен белестен кішкентай
болса да ескерткіш
болсын деп балаларға сыйлыққа қоңырау сыйлаймын.
Балаларды марапаттау,
сыйлық тапсыру.
Мұғалім:
Келгендеріңізге көп-көп рахмет! Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.
Сапарларың сәтті болсын, балалар!
8
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.