Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Ұлыстың ұлы күні - әз наурыз 4 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ұлыстың ұлы күні - әз наурыз 4 сынып

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» атты тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.
І-Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы – Наурыз Мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. ІІ жүргізуші:Бүгінгі болғалы отырған «Ұлыстың ұлы күні –Наурыз!» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

І жүргізуші:

Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!

ІІ-Жүргізуші : - Ұлыс оң болсын, Бестік баға мол болсын!

І-Жүргізуші : Қайда барсаң, жол болсын, Денсаулықтарың зор болсын!

ІІ-Жүргізуші :

Өлкемізге шуақты көктем келді.Ол жай келмеді,құстарын ерте келді,шуағын себе келді.

І-Жүргізуші: - Өлкемізге Наурыз келді. Ол жай келмеді,жаңа күнді,жаңа жылды өзімен бірге ала келді.

ІІ-Жүргізуші :- Жаңа күн ,Жаңа жыл келді,құтты болсын ағайын!

І-Жүргізуші : - Жаңа жыл, Наурыз күні, Наурыз тойы құтты болсын! Елімізге тыныштық,бейбітшілік, береке,бірлік,бақыт пен байлық бірге енсін.

ІІ-Жүргізуші: Жаңа жылда жаңа табыстарға жетейік,қазанымыз аққа толсын, қорамыз малға толсын,отбастарыңыз аман болсын. Наурыз тойына шашу құт болып шашылсын!
І-Жүргізуші:

Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата – бабам тойлаған
1-оқушы:

Әз – Наурызым, армысың!
Уа халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
2-оқушы:

Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый – құрмет!
3-оқушы;

Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
4-оқушы:

Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
І-жүргізуші:

Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!
Би
ІІ-Жүргізуші:

Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңіз
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан жырлардан,
Жастар оқып тынбайды.
6-оқушы
:

Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз
7-оқушы:

Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
8-оқушы:

Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.

Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
9-оқушы:

Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап – жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.
10-оқушы:

Қош келдің Наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Ән
Ойын «Орамал тастамақ»
І-Жүргізуші:

Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.
ІІ-жүргізуші:

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт – дәстүрлерге берсек.
11-оқушы
:

Наурызкөк – Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады.
12-оқушы
:

Наурызнама – шат – шадыман, ойын – сауық. Тойда ат – жарыс, түрлі ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада Қыз – жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол уыз, ет сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды.
13-оқушы:

Наурызша – Наурыз айында жұп – жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «Наурызша» деп атайды.
14-оқушы:

Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
15-оқушы:

Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.
Кең дастархан, даламның, сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.
16-оқушы:

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.
Би:
ІІ-Жүргізуші:

Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын. Күн шығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл әлемге нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіреді.
І-жүргізуші:

Наурыз келді, көктем келді ағайын!
Жадырайды, жаңғырады маңдайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың!
Қазақтың бірнеше салт – дәстүрлері туралы айтып береді. «Бесікке баланы бөлеу», «Ат қою», «Тұсау кесу» рәсімдерін бар.
ІІ-
Жүргізуші:

Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру үшін Қыдыр атаға беріледі.
Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт – түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін»
Ұлы халқым тоқ болсын»
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы – уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Әумин)
Ойын: «Сақина салу»

Ойын: «Асық»

«рқан тартыс»
Жүргізуші:

Наурыз тойы ұлы күн,
Шырқап әнге салайық.
ІІ-Жүргізуші: Осымен «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» атты сынып сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт – түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!










hello_html_m30b77042.jpg

hello_html_m3c464795.jpg




hello_html_6b2849fa.jpg


hello_html_m52a6cbcf.jpg


hello_html_38d9d782.jpg


hello_html_m5fd05b6.jpg























































Наурыз – ұлыстың ұлы күні

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамын ұлықтау, өз дәрежесінде қарсы алу,ұлттық дәстүрді жаңғырту, ұлттық ойындар , ұлттық тағамдар, тойда берілетін бата-тілектердің мән мағынасын ашу, балаларды өз ұлтының патриоты болуға, ұлттық дәстурді құрмет тұту, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Той сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Ұлттық тағамдар,наурыз мерекесіне арналған түрлі құттықтау сөздер,көркем суреттер,шарлар,көрме,т.б.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды дайындау, дастархан мәзірі, қонақтарды қарсы алу,т.б.

2.Тойдың ашылу салтанаты (Шашу шашу)

Наурыз тойы туралы кіріспе сөз, құттықтау

3.Наурыз тойына арналған өлең,тақпақ,тілектер

4.Ұлттық ойындар кезеңі

5. «Ақ дастархан – Ақ бата» кезеңі

6.Тойдың қорытындысы

Тойдың жүру барысы

Жүргізушілердің кезеңмен жүргізу барысы

Жүргізуші: - Шілік біткен бүрленіп, Дала әсем түрге еніп,

Масайрады бар әлем Құтты жаңа жыл келіп.

Басы барлық ырыстың, Басы барлық ұлы істің.

Құтты болсын,Наурыз той- Ұлы күні ұлыстың!

Жүргізуші: - Ұлы күнде ,халайық, Қалай қарап қалайық,

Сәйгүліктей ағайық, Жасын болып жанайық.

Жүргізуші : - Ұлыс оң болсын, Бестік баға мол болсын!

Жүргізуші : Қайда барсаң, жол болсын, Денсаулықтарың зор болсын!

Жүргізуші : Өлкемізге шуақты көктем келді.Ол жай келмеді,құстарын ерте келді,шуағын себе келді.

Жүргізуші: - Өлкемізге Наурыз келді. Ол жай келмеді,жаңа күнді,жаңа жылды өзімен бірге ала келді.

Жүргізуші :- Жаңа күн ,Жаңа жыл келді,құтты болсын ағайын!

Жүргізуші : - Жаңа жыл, Наурыз күні, Наурыз тойы құтты болсын! Елімізге тыныштық,бейбітшілік, береке,бірлік,бақыт пен байлық бірге енсін.

Жүргізуші: Жаңа жылда жаңа табыстарға жетейік,қазанымыз аққа толсын, қорамыз малға толсын,отбастарыңыз аман болсын. Наурыз тойына шашу құт болып шашылсын!

Наурыздың той шашуы шашылады.

Жүргізуші: - Ал ,балғын бүлдіршіндер тойға құр келмеген шығарсыздар. Ақ тілекті ағыта берейік,кезек өздеріңде:

2.Оқушылардың наурызға арнау өлең,ән –жырлары айтылады.

Уа,құдайым,оңдатып,Қызыр бабам қолдатып,Келіп жеткен сағынта

Жаңа жылда жарылқа. Жаңа жігер –қуатпен Арта түссін бар ынта!

2.Ойға толып санамыз. Бестік болсын бағамыз.Баласындай бір үйдің Тату болсын арамыз!

3.Мықты болып деніміз,Күйге толсын төріміз.Ашық болсын көгіміз,Сатылмасын жеріміз. Шалқып айдын көліміз,Асып-тассын кеніміз,Егіз туып төліміз,Дәнге толып беліміз,Ен байлыққа кенелсін Ұлы алаш еліміз!

4.Желеп-жебеп піріміз,Таза болсын діліміз.Жауқазындай жалындап,Өркендесін тіліміз! Шаттығымыз-жырымыз:Жаңа Наурыз жылымыз, Ақ тілеумен осындай Бақ боп үйге кіріңіз!

5.Ұлы тойда , әдемі Әннен шашу шашайық. Ал,балалар,кәделі Наурыз жырға басайық!

6.Жаңғырып бар тіршілік,Түрленді де дала,қыр.Дүниені жыршы ғып. Келді өлкеме Жаңа жыл!

7.Екеу болып бір малы,Апамдар жүр мәз болып. Күйге толды қыр маңы,Өзен-көлге қаз қонып.

8.Асыр салып шуақта Қозы-лақтар ойнайды.Сылдыр қағып бұлақ та Наурыз тойын тойлайық!

9.Сүйіншілеп шабайын,Қанат қақсын бала жыр. Құтты болсын,ағайын,Ұлыс күні –Жаңа жыл!

10.Есебімен дананың Күн мен түнді теңеген.Наурызымыз – жаңа күн,Парсы сөзі көнеден.

11.Жаңа күн ол – жыл басы,Жиырма екісі наурыздың.Наурыз айда – төл басы,Бүршік атар бау біздің.

12.Біліп айдың амалын, Түйдік оның бағамын.Кім айтады,қанеки,Наурыздың бас тағамын ?

13.Арпа,бидай бастаған, Жеті дәмнен аспаған. Наурыз көже –көп көже,Бұл тойдағы бас тағам.

14.Ырыс басы саналар,Ырым болып көнеде.Кім біледі ,балалар, Наурызша ол немене?

Жауап : Көктем,наурыз айында жіңішке жауатын қырбық қар.Оны үлкендер нұр жауды деп санаған.

4.Ұлттық ойындар кезеңі

Жүргізуші: - Тойымыз енді қызып жатқандай,той –тойға ұлассын!

Жүргізуші: - Тойдың сәні ән,би,ойын емес пе? Ұлттық ойындарымызды ойнап,бір жасап қалайық. Мына біздің жігіттеріміз сақаларын сайлап,сәйгүліктей дайын екен.Асық атып,мергендікті байқайық.Кәне,жігіттер, ортаға шығыңдар.

«Асық ату» , « Арқан тартыс» , « Орамал тастамақ»

Шарты : Ойында жеңілген айып төлейді,өлең айтады,тапсырма орындайды, дайындаған әндерін айтады, билерін билейді.

2.Ата – аналар үшін ұлттық –танымдық ойын.

1.Наурыз сөзін тарқатып айт. 2.Наурызша деген не? 3.Наурызкөк деген не? 4.Наурыз тілек деген не? 5. Наурызнама деген не? 6.Наурыз көже деген не? 7.Наурыз төл деген не? 8.Наурыз есім деген не? 9.Наурызшешек деген не?10. Ет тағамдарын ата. 11. Сүт тағамдарын ата. 12. Ұлттық ыдыстарды ата. 13.Тігіс түрлерін ата. 14.Қазақ киімдерінің түрлерін ата. 15.Әйел киімдерін ата. 16.Бесікке ырымдап тағылатын заттарды ата. 17.Музыка аспаптарын ата . 18.Шаруашылық және тұрмыс құралдарын

5. « Ақ дастархан – Ақ бата кезеңі»

Жүргізуші: - Үміт күтіп көктемнен, Ортаға сап шарттарын. Күн шуақта өткеннен Сыр ағытар қарттарым.

Жүргізуші : - Жыл қайырып көнеше, Есептесіп жастарын. Ақыл қосып, кеңесе, Шұлғысады бастарын.

Жүргізуші: - Әйелдер жүр септесе, Қазан-ошақ қамымен . Танау жарып көп көже, Шымырлайды бабымен.

Жүргізуші : - Думанды ду айнала, Келбет – көркі келіскен. Асыр салып бар бала, Алтыбақан тебіскен.

Жүргізуші: - Шырқалады шарықтап «Жылқы ішінде ала жүр... » Тойланады халықта Міне,осылай Жаңа жыл!

Жүргізуші : - Құрметті тойға келген қонақтар, Сіздерді Наурыз тойының « Ақ дастарханы» күтіп тұр.

Жүргізуші: - Наурыз көжеден дәм татыңыздар. « Жаңбырменен жер көгерер, Батаменен ел көгерер» «Ақ дастарханға –Ақ бата» алайық.

4-5 оқушы бата – тілек береді.

Наурыз көже тарату кезеңі

1 Ата-ана наурыз көжеге шақырып, наурыз көже туралы түсіндіріп,кеседегі көжені тауысып ішу керектігін айтады. Бұл ырым- жыл бойы тоқ болып жүретіндігі,үйде береке болатындығынан хабардар етеді.

6. Наурыз тойдың қорытындысы

Жүргізуші : - Сіз боп, біз боп жалпымен, Қадірімен, парқымен Наурыз тойын өткердік Ата дәстүр – салтымен.

Жүргізуші : - Жалғасумен жылға жыл, Шабыт берсін жырға жыр. Өнер сүйер өрендер,Рахмет мың да бір !

Жүргізуші: - Ән қосылсын әніңе, Сән қосылсын сәніңе. Ырысты боп Жаңа жыл, Бақ дарысын Бәріңе !

Жүргізуші : - Ой қосылып ойыңа, Бой қосылсын бойыңа, Аман- есен жетейік Келер Наурыз тойына !

Бата-тілек

«Ұлыс бақты болсын!Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле-жала жерге енсін! »

Саумалық айту

Саумалық ,саумалық,Қан тауының көк құсы Ұйқыдан көзін ашты ма?Саумалық,саумалық,Самарқанның көк тасы Жібіді ме,көрдің бе ?

Ауыл аналары табалдырық үстіне жаңа сауған сүтті шөмішке құйып қойып:

Саумалық,саумалық, Жаңа келген жақсылықты Көрдік пе,көрмедік пе? Саумалық,саумалық,Ескі жыл шығып,жаңа жыл кірді. Саумалық,саумалық,Сүті көп,көмірі аз. Жаңа жыл,жарылқа,Ескі жыл,есірке,-деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, « қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.

Наурызда ұлттық тағамдар пісірген.

Ірімшік,тасқорық,уызқағанақ,құрғақ сүт,балқаймақ,құрт,жент,қаймақ,құрт көже,айран,май,сүзбе,шұбат,қазы –карта,жал-жая,шұжық,қуырдақ,т.б.

Ұлттық ойындар :

«Көкпар», « Аударыспақ» , « Қыз қуу», « Алтыбақан», « Ақсүйек», « Тең көтеру», « Арқан тартыс»,т.б.

Ұлыс күні кәрі-жас, Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасып,өріскен,

Шалдар бата беріскен: Сақтай көр деп терістен,

Кел таза Бақ кел десіп, Ием, тілек бер десіп.

Көш Қайрақан көш десіп, Көз көрмеске өш десіп.



Автор
Дата добавления 27.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров106
Номер материала ДБ-056557
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх