Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Литературный вечер на тему "Жан досым" (Т.Молдағалиевке арналған кеш)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

Литературный вечер на тему "Жан досым" (Т.Молдағалиевке арналған кеш)

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Жан досым»

Мақсаты:Т.Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толуына байланысты оның шығармашылығымен,

әндерімен,ақын сезімімен оқушыларды таныстыру,өлеңдері арқылы шәкірттерді поэзияны сүюге,өз елін құрметтеуге,адамгершілікке,достықты қадір тұтуға шақыру.

Көрнекілігі:Ақын суреттері,кітаптары,слайдтар

Барысы:

Күй ойналып тұрады.

Жүргізуші:Тұманбай Молдағалиев...Бұл есім-ардақты да, аяулы есім.Қазақ халқының ХХ ғасырдағы сөз өнерінің көсем тұлғасы,біртуар ақыны,Қазақстанның халық жазушысы,Мемлекеттік сыйлықтың иегері-Тұманбай Молдағалиев жастардың,жалпы жыр сүйер қауымның ең сүйікті ақыны еді.Оның «Студент дәптерінен» басталған жыр жинақтары мен 500-ден астам әнге жазылған мәтіндері бүгінде қазақ халқының ұлттық құндылықтарына қосылған мол әдеби мұра болып есептелінеді.

Слайд көрсетіледі.

Жүргізуші:

Өлең-менің тіршілігім,жер-көгім,

Ертелі кеш таусылмайтын еңбегім.

Мені өлеңнен бөлген күні бітем мен,

Өлеңсіз күн-өлген күнім ол менің,-деп жырлаған ақынның өмірден озғанына да біраз уақыт өтіпті.Бүгінгі 80 жылдық мерейтойында ақынның,өкінішке орай,өзі болмаса да,оның бала күннен айнымас досы-Едіге атамыз бар.Сондай-ақ ақынымызды ардақтап,жырларын жаттап, жадына тоқыған ұрпағы бар.

Ендеше, таланты ақын Тұманбай Молдағалиев пен оның аяулы досы Едіге Баялбайұлына арналған «Жан досым» атты ән-жыр кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Қонақтарды таныстыру

1-----------------------------------------------

2-----------------------------------------------

3-----------------------------------------------

4-----------------------------------------------

1-оқушы:Қалың қазағы «Тұмаш аға» деп еркелеткен ақын Тұманбай Молдағалиев өз өмірін өлеңмен өрнектеген жан. Басылым беттеріне берген сұхбаттарының бірінде: «Көңілімнен өлеңнің оты өшкен күні жер бетінде жүре қоймаспын. Өлеңнен өз орнымды таптым» деген еді. Расында да, ғұмырының соңғы сәттеріне дейін ақын ата өлең жазуды тоқтатпаған.

2-оқушы: Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы "Жарсу" совхозында дүниеге келді.Қазақтың біртуар ақыны  2011 жылы қазанның 10 күні дүниеден озды.

3-оқушы:1956 жылы - Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.

1970-1973 жылдары "Пионер" журналында жұмыс істеді.1970-1973 жылдары "Балдырған" журналының жауапты хатшысы болды.

4-оқушы:1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанындағы Балалар жөне жастар әдебиетінің бас редакциясы мен "Жалын" альманағының бас редакторы.

Тұманбай Молдағалиевтің тұңғыш өлеңі "Украина қызына" 1954 жылы жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері" 1957 жылы жарық көрді.

«Қазақ деген халқымның баласымын» өлеңі Жолабас Ж. 8ә сын.

5-оқушы:Тұманбай Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. "Кәмила" ,"Көктем таңы", "Алатау қызы", "Ферюза туралы жыр", "Зулайды күндер", "Жүрегім менің сапарда" т. б. жинақтары шықты.

6-оқушы:1967 жылы жарық көрген "Жаңа дәптер" атты кітабы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды (1968). "Ескерткіш" (1969), "Шақырады жаз мені" (1970),"Жүрек ояу қашанда" (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді.

7-оқушы:Оның "Қош, көктем" атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971), "Хаттар" атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді.

Т.Молдағалиевтің орыс тілінде "Я — сын Семиречья" (1962), "Первая встреча" (1968), "Новая тетрадь" (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты.

Жүргізуші: Есімі әдебиет пен жырсүйер қауымға тегіс белгілі, ХХ ғасырдың 50-жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен,өз үнімен жарқ етіп танылған Тұманбай Молдағалиев - қазақтың біртуар көрнекті ақыны.Өзінің айбынды ақындығымен,асқақ азаматтығымен ерекшеленген ірі тұлға,Қазақ мемлекеттік сыйлығының иегері,Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат», «Достық» ордендерінің,Жамбыл және бүкіл Түркі дүниесі ақындарының Физули атындағы сыйлықтарының иегері.Тұманбай аға қазақ поэзиясында өлеңнің құдіретін түсініп,оны өзіне айнымас серік еткен.


«Өлең менің өмірдегі мандатым» Әлдибекова А.8б сын.

«Әй,өлең-ай» Абитова Ж.6ә сын.

8-оқушы:Лирикалық өлеңдермен қатар, ол балалар әдебиетін назардан тыс қалдырған жоқ. Көзі тірісінде қазақ әдебиетінің классигі атанған Тұмаш ата қазақ әншілерінің орындауындағы әндердің басым көпшілігіне сөз жазған еді. Қазақ музыкасының дүлдүлдері Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов сияқты сазгерлермен тығыз байланыста болып, талай әндердің дүниеге келуіне ықпал етті.

«Пионерлер әні» Орындайтын 3-сынып оқушылары

Жүргізуші:

Менің тілім өлмейді-халқым тірі,

Қазағымның сөнбейді алтын күні.

Мәңгі естіліп тұрады оның даусы,

Соңғы күні жоқ оның,ақырғы үні-деп ақын біралуан өлеңдерінде тіл туралы өз толғанысын жырға қосады.

«Ана тілі туралы ой» Жақсылық Б.7а сын.

«Ана тілі» Хасенов А. 8ә сын.

Жүргізуші:

Жаным,ана,дүние танымаған,

Тіл қатқандай боласың әлі маған.

Сенен ғана,бір сенің құдіретіңнен

Өмірдегі бақыттың бәрін алам.

Ақын өлеңдерінің келесі бірі мәңгілік тақырып-Ана махаббатына арналған.

«Ана махаббаты» Юсупова Ю.8б сын.

Жүргізуші: Ақынның өмірлік жары Қасымова Күлтай апа өзінің ақын жайындағы естеліктерінде былай дейді: «Ерекше салмақты кісі еді ғой. Кейде өзіміздің, туған-туыс, жолдастардың балалары жан-жақтан жиналып келіп, у-шу болып жататын. Сонда біреу «әй» деп қалса, «ойнай берсінші, тиіспеңдер» деп отыратын. Жаны нәзік, болмысы бөлек еді. Саяжайдағы бақшамызды түптеймін ғой кейде. Сонда арамшөптерді жұлып отырсам, «тимеші, өсе берсінші» дейтін. Айдаладағы арамшөпке де жаны ашитын . Ешбір жанды жамандауға қимайтын. Адам баласына қатты сөйлеп, ренжітпеуге тырысатын.»

«Менің жұлдызым» Жүнісбек Г. 6ә сын.

«Жеңіс күні келген сайын» Әлпия Б.

Жүргізуші:

«Іздегенде табылатын қасыңнан, Кім бар жақын бала күнгі досыңнан?» деп басталатын «Жан досым» әнінін Т.Молдағалиев ауылымыздың ардақты адамы,ақынның досы, зейнеткер ұстаз Едіге ағаға арнағанын барша қазақ тегіс біледі. Екеуі мектеп-интернатта, кейін университетте бірге оқыған. Интернаттың қара нанын бөлісіп жеп, жатақханада бірге тұрған. Тұманбай Молдағалиев осы Едіге ағадай досына бір ән ғана емес, бір кітап арнаған. Екеуі өмір бойы араларынан қыл өтпестей дос болды. Біздің бүгінгі кешіміздің де «Жан досым » деп аталуы тегін емес.Едіге Баялбайұлы ұзақ жылдар мектебімізде мұғалімдік әрі басшылық қызмет атқарып,бүгінде Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы атанып отыр.Ендеше бүгінгі жас ұрпақ «Достық» деген бір ауыз сөздің қадір-қасиетін тек сіздер арқылы ұғынары ақиқат.

«Досым туралы жыр» Айдархан Ш. 7а сын.

«Едіге, ұйықта» Тұрсынбай Н. 9а сын.

«Егілмеші,Едіге» Әбдіқұл Д.5ә сын.

Жүргізуші:

Табады асыл сөзді ер данасы, 
Шығады білімдіден сөз сарасы.
Салшы бір әсем әнге шарықтатып, 
Тыңдасын мына халық шабыттанып.
Сахнаға Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Бақыт құшағында» әні,орындайтын 7-сынып оқушысы Мырзахмет Айсұлу,қабыл алыңыздар.

«Едігем қайда жүр екен?» Тоқтасын А.,Нұрлан Н.

«Едігеге» Әділжан А. 6ә сын.

«Едігем-ай» Айдархан П. 5ә сын.

«Сағыныш құсы»Бейсен Б.5а сын.

Жүргізуші:Бірде ақын ата Нұрғиса Тілендиевтің қалын сұрап, үйіне барады. Сазгердің ауырып отырғанын көрген ақын: «Қай жерің ауырады?» деп сұрап, «Жүрегім» деген жауап алады. Сол сәтте ақын:

Қайран менің жүрегім, жас жүрегім,

Көктем едің бір кезде, тасқын едің.

Жастық дәурен, жалтақтап қарайлайсың,

Сені ойласам, ұйқым да қашты менің, - деп өлең жазып кетеді. "Қайран менің жүрегім" әні осы кездесуде дүниеге келген екен.

"Қайран менің жүрегім" әні,орындайтын 9-сынып оқушысы Жаңабай Іңкәр

«Асықпашы үйіңе,Едігешім» Бекжүністегі А.5ә сын.

«Едігеге наз» Үмитжан А. 7 а сын.

«Жиде ағашы»Мұратәлі Е.7ә сын.

Жүргізуші: Күйші-сазгер, ҚР Халық қаһарманы, дирижер Нұрғиса Тілендиев көзінің тірісінде-ақ қазақ музыкасының сайыпқыраны атанған еді. Сазгердің Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Куә бол» әні айлы түнде дүниеге келген. Нұрғиса Тілендиев жұбайы Дариғамен Алматы өзенінің жағасымен қыдырып келе жатады. Бір кезде сазгер өзен жағасындағы тастың үстіне шығып, біресе айға, біресе жұлдыздарға қарап:

«Куә бол, жұлдыз,

Куә бол, айым,

Куә бол, Алатауым!» - деп әндете жөнеледі. Кейін сөздерін ақын інісіне жаздыртып алады.Ендеше Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған осы бір әсем әнді 10-сынып оқушысы Қапарова Жанар қызымыздың орындауында қабыл алыңыздар.

«Куә бол» әні Қапарова Жанар

Жүргізуші:Тұманбай Молдағалиев өзінің өрнегі мол өлеңдерін тек Едіге ағамызға ғана емес,оның аяулы жары Әнипаш апамыз бен аялаған қызы Раушанға да арнаған.

«Әнипашқа» Абдикова Д.,Қапарова Ж.10 а сын.

«Раушан қызыма» Тохтимухамедов Ф.9ә сын.

Жүргізуші:Тұманбай ағамыздың сөзіне жазылған Н.Тілендиевтің «Құстар қайтып келе жатыр» әні.Орындайтын оқушылар хоры.

«Достар» Бекұзақ Айдын.7ә сын.

«Едігеге» Мырзахмет А.7а сын.

«Жан досым» Сейсен Н.,Бақытжан М. 9а сын.

Жүргізуші: Қазақ өлеңі деп аталған асқар таудың аспанмен астасып,көкпен таласқан тағы да бір қиырында «Тұманбай шыңы» қалды.Ол шың артындағы төбелердің өсіп,толысып,бой түзейтін адалдықтың үлгісі,поэзияның биігі болмақ.Ендеше,біздің мектебімізде де Тұманбай аталарының жолын қуып,өлең жазатын оқушылар жеткілікті.Оқушылардың ақын аталарына арнаған арнауларына бір сәт құлақ түрейік.

Арнаулар:Садуллаева Г 7а сын, Тұрсынбай Н.9а сын,Асқарбек А.6ә сын.


Жүргізуші:Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдеріне Нұрғиса Тілендиевтен басқа атақты қазақ вальсінің королі атанған сазгер,әнші Шәмші Қалдаяқов та әуен жазған.Осылайша тағы да бір тамаша «Әнім сен едің» атты ән дүниеге келген.Ендеше шәкірт пен ұстаздың орындауында осы бір әнді қабыл алыңыздар.

«Әнім сен едің» әні.

Жүргізуші:

Сол ұйықтаған жерінде жатсын қайғы,

Жақсылықты жақсылар жатсынбайды.

Өлең деген халықтың қуанышы,

Тыңдай білген кісіге бақ сыйлайды,-деп поэзия тұлпары Тұманбай ағамыз айтып өткендей,біз де ақын шығармашылығына шолу жасап,оның өлеңдерін тыңдадық,әндерін айттық.Осылайша Т.Молдағалиевтің мұрасы мәңгілікке біздермен бірге жасай бермек.

Слайд көрсетіледі.

Жүргізуші: «Құстар қайтып барады» әнінің де сөзін Тұманбай Молдағалиев жазған. Бірде ақынға Нұрғиса Тілендиев «Сенің өлеңдеріңе алда талай ән жазамын. Бірақ та, дәл осындай ән қайта шықпайды. Мені ақтық сапарға осы әнді айтып, шығарып салыңдар,» - деп аманат етіпті.


Ендеше,Т.Молдағалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнін қабыл алыңыздар.

Көңліңе күн шығарып,жаз орнатып,

Едігені көрудің өзі бақыт.

Басыңа бақыт қонды деп ұққайсың,

Қасында жүре қалсаң біраз уақыт.

Елден ерек көрем Едігені,

Бақыт гүлін жаныма ол егіп еді.

Ертеңіме ертпейтін сияқты ма,

Едігесіз тіршілік тегі мені,-деп көңілдегі күйін,жүректегі сырын өз досына арнаған Тұманбай Молдағалиевтің бүгінгі 80 жылдық мерейтойына арналған кешіміздің құрметті қонағы ретінде сөз кезегін Едіге аға,өзіңізге ұсынамыз.

Жүргізуші:Бүгінгі «Жан досым» атты Т.Молдағалиев шығармашылығына арнаған әдеби-сазды кешімізді ақынның «Жан досым» әнімен аяқтаймыз.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-247958

Похожие материалы