Инфоурок География КонспектыЛитосфералық плиталар (тақталар) теориясы, сейсмикалық белдеулер, Жер рельефі (жер бедері)

Литосфералық плиталар (тақталар) теориясы, сейсмикалық белдеулер, Жер рельефі (жер бедері)

Скачать материал

Мерзімі: 17.09.2015

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Сыныбы: 7 «Ә»

Сабақ №5

Тақырыбы: Литосфералық плиталар (тақталар) теориясы, сейсмикалық белдеулер, Жер рельефі (жер бедері)

 

Сабақтың мақсаттары:

 1. Білімділік: Литосфералық плиталар теориясы, сейсмикалық белдеулер және Жер бедері туралы оқушыларға түсінік беру. Оқушылардың тіл байлықтарын сөздік қорларын байыту.

2. Дамытушылық: Дамытуға оқытуға негізделген    шығармашылық қиялын, жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету, білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас, интербелсенді тақта.

 

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

12

3.

Жаңа сабақты түсіндіру

18

4.

Сергіту сәті

2

5.

Жаңа сабақты бекіту

8

6

Қорытындылау

3

7

Бағалау

1

6.

Үйге тапсырма беру

1

 

Сабақтың барысы:

 

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  сәлемдесіп, түгендеп, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін.

2.Үй тапсырмасын сұрау: 2 тапсырмадан тұрады:

 

1-тапсырма: Сөйлемдерді толықтыр:

2-тапсырма: Геохронологиялық кестені ретімен орналастыр.

 

1.Тапсырма: сөйлемдерді толықтыр

1.Жердің жасы шамамен........................................ жыл. деп есептелінеді.

2.Ішкі күштердің жиынтығы.......................................... деп аталады.

3. Сыртқы күштердің жиынтығы....................................деп аталады.

4.  Эндогендік процестерге мысал келтір......................................................................................

5. Экзогендік процестерге мысал келтір........................................................................................

6. Жер қыртысының қатты бөлігі болып саналатын.......................... матияның жоғарғы бөлігін қамтиды.

7. Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай........................ бөлінеді.

8. Ғалымдардың болжамы бойынша алдымен...................................................... пайда болған.

9. Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жас туралы ілім.....................................................................................................................................................

10.Матреиктік жер қыртысы .......................................................................... қабаттан тұрады.

11. Мұхиттық жер қыртысы....................................................................... қабаттан тұрады және онда .......................... қабаты болмайды.

12.Геологиялық жыл санау........................................................................арқылы жүзеге асады.

13.Геохронология грек тілінен аударғанда.......................................деген мағынаны білдіреді.

 

2. Тапсырма: геохронологиялық кесте

Оқушылар  геохронологиялық кестедегі 5 эраны және оның ішіндегі дәуірлерді оларға сәйкес келетін қатпарлықтарды және тіршіліктің дамуы туралы мәліметтерді мысалға келтірулері керек.

 

3.Жаңа сабақты түсіндіру:

 

Литосфералық плиталар және олардың қозғалысы.

Қазіргі кезде жер қыртысының құрылысы мен қалыптасу кезеңдері литосфералық тақталар теориясы тұрғысында түсіндіріледі. Бұл ілім ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы Альфред Вегенер ұсынған болжамға негізделеді.Литосфералық плиталар теориясы бойынша, жер қыртысы және мантияның жоғарғы бөлігі жекелеген плиталардан тұрады. Қазіргі кезде 7 ірі платформа мен ондаған кіші плиталар бар.

Олар құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты егһкіге бөлінеді:

,Материктік,Мұхиттық,Еуразиялық,С.Америкалық,О.Америкалық,Африкалық,Үнді-Аустралиялық,Антарктикалық,Тынық мұхиттық 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мұғалім интербелсенді тақтадан мультимедиялық оқулықтағы литосфералық тақталар картасын көрсетеді:

litosfera

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім тақтаға қарап түсіндіреді: Мұхиттық жер плиталарда гранит қабаты болмайтындықтан олар салыстырмалы түрде жұқа және қозғалмалы болып келеді. Плиталардың шекаралары белсенді аймақ болып саналады.Бұл аймақта қозғалыстың негізгі үш түрі болады:

1.Соқтығысыу;

2. Ажырау;

3.Кірігу. Оқушылар оқулықтың 23 бетіндегі 13 эәне 14 суретке назарларын аударады.

 

Плиталардың жылжуы нәтижесінде жер қыртысында терең жарылыстар пайда болады.Жер қыртысындағы неғұрлым терең жарылыстарды Рифт деп атайды.

Рифттер көбіне мұхиттық плиталардың шеткі бөліктеріне сәйкескеледі (картадан қараңдар ).Мұндай аймақтар құрлықтарда да кездеседі (Мысалы Шығыс фрикадағы жарылыс).Жарылыстар бойымен көтерілген ыстық магма есебінен жер қыртысы қалыңдайды. Мұхиттық плиталардың күшті майысқан жерлерінде терең шұңғымалар, ал материктік плиталардың шеткі бөлігінде аралдар доғасы қалыптасады.

 

Практика жүзінде оқушыларға Литосфералық плиталар теориясын іс жүзінде көрсету.

Қажетті заттар мен құралдар: қолдан жасалған кардонды тақталар, құм үйіндісі.

 

Литосфералық плиталар теориясына сәйкес, материктер мен мұхиттардың пішіні, аумағы геологиялық уақыт аралығында өзгерістерге ұшыраған. Ең алғашқы біртұтас Пангея материгі және жалғыз ғана Тетис мұхиты болған.

 

Пангея материгі,Тетис мұхиты,Лвразия материгі,Гондвана материгі,Солтүстік Америка,Еуразия,Оңтүстік Америка,Африка,Антарктида,Аустралия  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Оқушылар осы сызбаны дәптерлеріне сызып алады.

 

Материктің негізі тұрақты тегістелген жер қыртысын платформалар құрйды.Олар ежелгі және жас платформалар болып екіге бөлінеді.

Архей мен протерозойда қалыптасқан платформалар ежелгі болып саналады (Шығыс Еуропа, Сібір, Арабия, Солтүстік Америка, Аустралия). Ал палеозой эрасында көтерілген жер  қыртысының неғұрлым  тұрақты бөліктерін жас платформалар құрайды (Батыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран).

Платформалардың әр түрлі шөгінді жыныстар жауып жатқан кішігірім бөлігін плита деп атайды.

Жер қыртысының қозғалмалы бөлігін геосинклинальдар деп аталады. Мұндай аймақтарда ұдай Жер қыртысы қозғалып жер сілкіністері туындайды, жанартаулар атқылайды.Жер шарында 800- ден астам жанартаулар бар.

Қазіргі Жер шарында негізгі екі геосинклиналдік аймақтар бар, олар Альпі - Гималай және Тынық мұхитты.

 

Жер бетінің жиынтығы Жер бедері деп аталады.

 

Жер бедері барлық табиғат компоненттерінің (климат, ішкі сулар, топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі) қалыптасуы мен орналасу заңдылықтарына айтарлықтай әсерін тигізеді.

Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар әсер етуі нәтижесінде өзгеріп отырады.

Ішкі күштер әсерінен болатын қозғалыстардың екі түрі белгілі: тік қозғалу (жанартаулық құбылыстар, күшті жер сілкінулер, қатпарлану, жарылыстардың пайда болуы және т.б) және өздеріңе белгілі литосфералық плиталардың ғасырлық тербелмелі қозғалыстары. Бұл қозғалыстар жер бедерінің ең ірі пішіндерін-материктерді және мұхит қазаншұңқырларын қалыптастырады. Олар жер бедерінің ғаламшарлық ауқымдағы аса ірі пішіндеріне жатады. Құрлық пен мұхит табанындағы жазықтар мен тау жүйелері жер бедерінің екінші қатардағы пішіндерін құрайды.

Ішкі күштердің әсерінен қалыптасқан ірі таулар мен жазықтар сыртқы күштердің әсерінен түрліше өзгерістерге ұшырайды.

Мұхит табанының ең басты ерекшелігі – тұтас су асты жоталары жүйесін құрайтындығы. Олардың жалпы ұзындығы 75000 км-ден астам, ені 2000 км-ге, орташа биіктігі 3000 -4 000м-ге жетеді. Жоталардың жан-жағын қоршай, теңдессіз өте үлкен алқапты қамтитын терең ойыстар-қазаншұңқырлар орналасқан. Литосфералық плиталардың жанасатын бөліктері мұхит табанындағы ең қозғалмалы аудандары болып табылыды.

 Мұхит табанының бедері:

1.Материктік қайраң- құрлыққа жалғасқан теңіз суымен шайылып жатқан, теңіздің тайыз шегі. Тереңдігі 200-500 м.

2.Материктік беткей-қайраңнан бастап төмен қарай 2000-2500 м-ге дейін құлайды.

3.Материктік етек- беткейден бастап 2000-3000 м-3500-4500 м-ге дейін. Оқулықтың 29 бетіндегі 21 суретке назар аударыңдар.

 

4. Сергіту сәті: Қызыл өрік биі.

5. Жаңа сабақты бекіту:

1.     Жер қыртысының құрылысы картасы мен физикалық картаны салыстыра отырып, материктер ме н мұхиттар табанындағы жер бедерін ата

2.     Жер қыртысының қандай құрылымдарына сәйкес келетінін нақты мысалдармен дәлелдеңдер

3.     Материктер мен мұхиттар пішіндерінің өзгеруін немен түсіндіруге болады?

4.     Мысал келтір (Жер белдеріне)

 

6. Қорытынды: Сонымен, бүгінгі сабақта жер бедерінің неғұрлым ірі пішіндері жер қыртысының белгілі бір құрылымдарына сәйкес келетінін және литосфералық плиталардың жанасатын бөліктері мұхит табанындағы ең қозғалмалы аудандары болып табылатынын білдік.

7.Бағалау. Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына қарай бағалау.

 

 Үйге тапсырма: § 4-тің 22-26 беттері және § 5 оқу. Кескін картаға Жер қыртысының құрылымын салып келу.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Литосфералық плиталар (тақталар) теориясы, сейсмикалық белдеулер, Жер рельефі (жер бедері)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 176 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2016 11068
    • DOCX 392.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есембек Саят Әмірханұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есембек Саят Әмірханұлы
    Есембек Саят Әмірханұлы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 52038
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 209 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по географии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 294 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в преподавании географии детям с ОВЗ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 146 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек