Инфоурок Другое Другие методич. материалыЛизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

Лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

Скачать материал

Дәріс №4 ЛИЗИНГТIК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГIЗДЕРI

Қаралатын сұрақтар:

          1.Лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

          2.Лизинг алушының құқықтары мен мiндеттерi

           3.Сатушының құқықтары мен мiндеттерi

          4.Лизингке қатысушылардың жауапкершiлiгi

5.Лизинг нысанасына байланысты мүлiктiк тәуекелдер

6.Лизинг төлемдерi

          7Лизинг есебi

          8.Лизинг нысанасын қайтару

9.Лизинг нысанасын талап ету

      1.Лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Лизинг берушi:

      1) өзiне тиесiлi төленбеген лизинг төлемдерiн, сондай-ақ шығынның орнын толтыруды талап етуге;

      2) лизинг шартына сәйкес лизинг алушының лизинг шартының талаптарын орындауына бақылау жасауға;

      3) лизинг алушы лизинг нысанасын қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiн бұзған жағдайда мерзiмi кешiктiрiлген уақытқа төлем жасауды және шығынның орнын толтыруды талап етуге;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда лизинг алушыдан лизинг нысанасын талап етуге құқылы.

      2. Лизинг берушi:

      1) лизинг алушымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшiн оны сатушыдан өз меншiгiне сатып алуға;

      2) сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгiлi бiр лизинг алушыға (сублизинг алушыға) лизингке беруге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға;

      2-1) лизинг нысанасы жаңа лизинг алушының иеленуi мен пайдалануына берiлгенi (қайталама лизинг, сублизинг, мiндеттемедегi тұлғалардың өзгеруi) туралы осындай берiлу кезiнен бастап бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша сатушыны жазбаша хабардар етуге;

      3) лизинг нысанасын лизинг алушыға лизинг шартында келiсiлген талаптармен беруге мiндеттi.

      3. Лизинг шартында лизинг берушінiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
     

 

      2.Лизинг алушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Лизинг алушы:

      1) лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен иеленуге және пайдалануға;

      2) лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткiзу мерзiмiне қатысты және сатушы мен лизинг берушi арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға;

      3) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг беруші лизинг шартының талаптарын елеулi түрде бұзған жағдайда лизинг берушi лизинг шарты бойынша лизинг алушы алдындағы өз мiндеттемелерiн орындағанға дейiн төленуге тиiстi лизинг төлемдерiн тоқтата тұруға;

      4) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг берушi лизинг шартын бiржақты тоқтатқан жағдайда, ол аванс ретiнде төлеген лизинг төлемдерiн керi қайтаруды талап етуге;

      5) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг нысанасы жеткiзiп берiлмеген, мерзiмi едәуiр өткiзiлiп жеткiзiлiп берiлген немесе лизинг нысанасы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтiретiн кемшiлiктерi жойылмай жеткiзiп берiлген жағдайларда, лизинг алушының сатушыны және лизинг нысанасын таңдау жағдайын қоспағанда, лизинг нысанасынан бас тартуға не лизинг нысанасын ауыстыруды талап етуге, лизинг шартын бұзуға;

      6) лизинг берушi лизинг шартының талаптарын орындамаса не тиiстi дәрежеде орындамаса, залалдың орнын толтыруды талап етуге;

      7) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты лизинг шартында көзделген пайдалану талаптары елеулi түрде нашарлап кетсе, лизинг сомалары мен лизинг төлемдерiн тиiсiнше азайтуды талап етуге құқылы.

      2. Лизинг алушы:

      1) лизинг нысанасын лизинг шартында көзделген тәртiппен қабылдауға;

      2) лизинг төлемдерiн дер кезiнде төлеп тұруға;

      3) лизинг нысанасын лизинг шартына сәйкес оның мақсатына сәйкес пайдалануға;

      4) лизинг нысанасындағы қалыпты тозуды және тараптар келiсiп алған өзгерiстердi ескере отырып, лизинг берушi лизинг нысанасын оған қандай күйде берсе, сондай күйiнде күтiп ұстауға;

      5) егер лизинг шартында немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, лизинг нысанасын өз есебiнен күтiп ұстауға (оның iшiнде лизинг нысанасына байланысты қажетті коммуналдық төлемдерді жасауға) және оған техникалық қызмет көрсетуге, оның ағымдағы жөндеуiн жүзеге асыруға;

      6) егер шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, лизинг берушiнiң лизинг нысанасына қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

      3. Лизинг шартында лизинг алушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
     

      3.Сатушының құқықтары мен мiндеттерi

      Сатушының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына және сатып алу-сату шартына сәйкес белгіленеді.
      Лизинг шарты лизинг берушiнiң, лизинг алушының және сатушының қатысуымен жасалған жағдайда сатушының құқықтары мен мiндеттерi лизинг шартына сәйкес белгiленедi.

      4.Лизингке қатысушылардың жауапкершiлiгi

      1. Лизинг берушiнiң, лизинг алушының және сатушының жауапкершiлiгi лизинг шартында, сатып алу-сату шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.

      2. Лизинг нысанасын сатушы, сатушы мен лизинг берушiнiң арасында жасалған сатып алу-сату шартын орындау жөнiнде, атап айтқанда, лизинг нысанасының сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзiмiне қатысты және сатушы шартты тиiстi дәрежеде орындамаған басқа да жағдайларда тiкелей лизинг алушының алдында жауапты болады. Бұл орайда лизинг алушы өзi аталған лизинг нысанасын сатып алу-сату тарабы болғандағыдай, сатып алынған лизинг нысанасына ақы төлеу мiндетiн қоспағанда, сатып алушы үшiн Азаматтық кодексте көзделген құқықтарға ие болады және мiндеттеменi мойнына алады. Егер сатушы лизинг алушы қоятын талаптармен келiсетiн болса, онда лизинг алушыға лизинг нысанасын беру шарттарының кез келген өзгерiстерi (жиынтықтамалығы, жеткiзiлу мерзiмi және т.б.) мiндеттi түрде лизинг берушiмен келiсiлуге тиiс.
      Сатушымен арадағы қатынастарда лизинг алушы мен лизинг берушi ынтымақтас кредит берушiлер болады.

      3. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, сатушыны таңдау құқығы лизинг берушiде болатын жағдайларды қоспағанда, лизинг берушi сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшiн лизинг алушының алдында жауап бермейдi. Мұндай жағдайда лизинг алушы өз қалауы бойынша ортақ жауапкершiлiкте болатын тiкелей мүлiк сатушыға да, лизинг берушiге де сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды қоюға құқылы.

      4. Лизинг берушi сы Заңның 11-бабы 2-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларына сәйкес сатушыға хабарлау жөнiндегi мiндетiн бұзған жағдайда лизинг берушi сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды сатушының орындауы үшiн лизинг алушының алдында толық жауапты болады.

5.Лизинг нысанасына байланысты мүлiктiк тәуекелдер

      1. Лизинг нысанасының сақталуы үшiн, сондай-ақ оны техникалық құжаттамада көзделген көлемде пайдалануға болмайтын жағдайға әкеп соқтырған оның жойылуына, жоғалуына, бүлiнуiне, мерзiмiнен бұрын қирауына, ұрлануына және лизинг нысанасын монтаждау, жинау немесе пайдалану кезiнде жiберiлген ағаттықтарға байланысты тәуекелдер және лизинг нысанасын нақты қабылдау кезiндегi басқа да мүлiктiк тәуекелдер үшiн жауапкершiлiктi, егер шартта өзгеше көзделмесе, лизинг алушы мойнына алады.

      2. Лизинг шартында лизинг берушiнiң немесе лизинг алушының лизинг нысанасын сақтандыру жөнiндегi мiндетi көзделуi мүмкiн.

      3. Егер лизинг нысанасын сақтандыруға мiндеттi тарап лизинг шартының талаптарына сәйкес сақтандыруды жүзеге асырмаған болса басқа тарап лизинг нысанасын сақтандырып, мiндеттi тараптан сақтандыру төлемi түрiндегi шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.

      4. Лизинг нысанасының жойылуы, жоғалуы, бүлiнуi, ұрлануы немесе лизинг нысанасының өз функцияларын жоғалтуы немесе егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты мүлiк пайдалануға жарамсыз күйде болса, лизинг алушыны лизинг шарты бойынша мiндеттемелерден босатпайды және, егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушының талабы бойынша лизинг шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға негiз болып табылмайды.

6.Лизинг төлемдерi

      Лизинг төлемдерi - лизинг шартын жасаған кездегi баға бойынша лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және лизинг шартының қолданылу мерзiмi бойына жүзеге асырылатын, лизинг шарты қолданылуының бүкiл мерзiмi iшiнде лизинг шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, оған мыналар енедi:

      1) лизинг шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзiп беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығындарды өтеу;

      2) лизинг бойынша сыйақы.

      7Лизинг есебi

      Лизинг есебi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi заңдардың талаптарына сәйкес жүргiзiледi.

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы

 

2-тарау. БУХГАЛТЕРЛIК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТIЛIК ЖҮЙЕСI

      4-бап. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң
              мақсаты

      5-бап. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң
              принциптерi мен негiзгi сапалық сипаттамалары

            6-бап. Бухгалтерлiк есеп жүйесi

           7-бап. Бухгалтерлiк құжаттама

      8-бап. Бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру

           9-бап. Бухгалтерлiк қызметтiң басшысы

      10-бап. Бухгалтерлiк құжаттарға қол қою құқығы

      11-бап. Бухгалтерлiк құжаттарды сақтау

      12-бап. Бухгалтерлiк ақпарат құпиясы

       8.Лизинг нысанасын қайтару

      1. Лизинг алушы лизинг нысанасын, егер лизинг шартында лизинг алушының лизинг нысанасын өз меншiгiне сатып алу құқықтары мен мiндеттерi көзделмесе не ол лизинг нысанасын сатып алудың көзделген құқығын пайдаланбаса не лизинг шарты сот тәртiбiмен мерзiмiнен бұрын тоқтатылса, сондай-ақ лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда қайтаруға тиiс.

      2. Лизинг нысанасы қалыпты тозуды ескере отырып, лизинг алушы оны қандай күйде алса, сондай күйiнде немесе лизинг шартында ескертiлген күйiнде қайтарылуға тиiс.

      3. Қайтарылатын лизинг нысанасының жай-күйi осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн болса, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг алушы лизинг берушiге келтiрiлген залалды өтейдi.

      4. Егер лизинг нысанасы лизинг алушының дұрыс пайдаланбауы салдарынан оның техникалық сипаттамаларында ескертiлген мерзiмнен бұрын қалыпты жұмыс жағдайынан шығып қалып, лизинг берушiге қайтарып берiлсе, онда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг алушы лизинг берушiге залалды өтеуге мiндеттi.

      5. Егер лизинг алушы лизинг нысанасын қайтаруға мiндеттi болғанымен, оны қайтармаса не дер кезiнде қайтармаса, лизинг берушiнiң бүкiл кешiктiрiлген кезең үшiн лизинг төлемдерiн төлеудi талап етуге құқығы бар. Егер лизинг төлемдерi лизинг берушiге келтiрiлген залалдың орнын толтырмайтын болса, оның осы залалды өтеудi талап етуге құқығы бар.

      9.Лизинг нысанасын талап ету

      1. Лизинг берушiнiң, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, лизинг нысанасын, шартта немесе Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде айқындалатын жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талап етуге құқығы бар.

      2. Лизинг берушiнiң лизинг нысанасын мына жағдайларда:
      1) егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының арналған мақсатына сәйкес келмесе;

      2) егер лизинг алушы лизинг берушiнiң лизинг нысанасына қол жеткiзуiн шектесе;

      3) егер лизинг алушы белгiленген көлемдегi лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн шартта көзделген мерзiмде қатарынан екi немесе одан көп рет төлемесе даусыз талап етуге құқығы бар.

      3. Лизинг нысанасын даусыз талап ету Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне сәйкес бұйрық iсiн жүргiзу тәртiбiмен жүзеге асырылады.

      4. Сот бұйрығын шығару үшiн лизинг берушi:
      1) өтiнiш;

      2) лизинг шартын;

      3) өтiнiш берерден кемiнде бiр ай бұрын лизинг алушыға жiберiлген лизинг нысанасын ықтимал талап ету туралы жазбаша Ескертудi;

      4) лизинг алушының лизинг төлемдерiн нақты төлегенiн растайтын құжаттарды тапсырады.

      5. Лизинг алушы сот бұйрығының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде лизинг нысанасын талап ету туралы мәлiмделген талапқа бiлдiрген қарсылығын кез келген байланыс құралдарын пайдалана отырып, бұйрық шығарған сотқа жiберуге құқылы.
     

Бақылау сұрақтары:

          1.Лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

          2.Лизинг алушының құқықтары мен мiндеттерi

           3.Сатушының құқықтары мен мiндеттерi

          4.Лизингке қатысушылардың жауапкершiлiгi

5.Лизинг нысанасына байланысты мүлiктiк тәуекелдер

6.Лизинг төлемдерi

          7Лизинг есебi

          8.Лизинг нысанасын қайтару

9.Лизинг нысанасын талап ету

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы 7 қазан 1998 жылы № 284-І, Алматы, ЖШС “Баспа”.

2) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдер) – Алматы: ЮРИСТ, 2002.–309б. (2002 жылғы 21 мамырдағы ҚР-ның № 323 – ІІ Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар).

3) Закон Республики  Казахстан “О финансовом лизинге” от 05 июля 2000 года № 78-ІІ ЗРК.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 892 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 1146
    • DOCX 29.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурекешов Талап Кайратович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурекешов Талап Кайратович
    Нурекешов Талап Кайратович
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34261
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе