Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Үлкен шаңырақ" тәрбие сағаты

"Үлкен шаңырақ" тәрбие сағаты

Скачать материал

 

«Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

«ҮЛКЕН ШАҢЫРАҚ»

әрбие сағаты/

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 8.

Ұйымдастырушы: Ж.Әбдімәліков.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Үлкен шаңырақ»

Мақсаты:

1.      ХХ ғасырдың елімізге сыйлаған басты байлығы Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені жайында оқушыларға жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін ояту. Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухта тәрбиелеу.

2.      Әлеуметтік жағдайға бейімделген адамгершілігі мол ұлтжанды, толерантты, салауатты жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамуға арналған тәрбие саласындағы заң актілерін орындауға  оқушыларды ұйымдастыру және оған жағдай жасау.

3.       Қазіргі өмірге сай бейімделген, бойындағы бар күш – қуаты мақсаттарға бағытталған, өзінің әлеуметтік кәсіби бағдарын айқындауға ішкі ресурстарын басқара алу мүмкіндігі жоғары, азаматтық құндылықтарды бойына жинақталған әлемдік бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

4.       Ата – анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Адамгершілікке, білімділікке, еңбекқорлыққа, адамдыққа, адалдыққа баулу. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты нығайту; үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға, өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата – анасын, жора – жолдасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеумен қатар ұлттық тәрбиені насихаттау; дамыта оқытуға негізделген жұмыстар мен тапсырмаларды ата – аналармен бірлесе отырып шешу.

Міндеті:

1.      Оқушылар бойында азаматтық, ұлтжанды, салауатты өмір салтын қалыптастыру.  .

2.      Жеке тұлғаның жан – жақты дамуына ықпал ету.

3.      Ұлттық рухани құндылықтарды өскелең ұрпақ бойына сіңіре отырып, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, Отан ісіне қалтқысыз берілген, отансүйгіш,  шығармашыл, өзін – өзі басқара алатын тәуелсіз елдің жеке тұлғасын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Өзін – өзі тәрбиелеу сабағы

Көрнекілігі: Нақыл сөздер: «Отанды сүю отбасынан басталады», «Ел іші – алтын бесік», «Өз елім – өлең төсегім», «Отан – елдің анасы», суреттер, Ту, Елтаңба, «Тәуелсіздік тірегі – қайсар рухы қазақтың!», «Тәуелсіздік ассоциациясы», сюжетті суреттер, қанатты сөздер, Қазақстан картасы, сызбанұсқа.

Өткізу әдісі: Әңгімелесу, пікірталас, өлең оқу

Сабақтың барысы:  

Ұйымдастырушылық кезең.

Кіріспе бөлім

1 - жүргізуші:

-Кайырлы күн құрметті ұстаздар, ата – аналар, шәкірттер! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге еңгелі отырмыз.

- Қалай ойлайсыздар, ол – қандай әлем? Мына тақтада жайдарлы жарқын кең қазақ даласында ақ отауды көріп отырсыздар. Әр отаудың өз шаңырағы болады. Ол отаулар бірігіп, үлкен шаңырақты түзеді.

2-жүргізуші: -Шаңырақ дегеніміз не?

                        -«Үлкен шаңырақ» деп нені айтамыз?

1 - жүргізуші:Ол – Атамекен, Отан.

2-жүргізуші:Отан дегеніміз не?

1 - жүргізуші: Отбасы – осы Отанның кішкентай бөлшегі.

2 - жүргізуші: Бұл шаңырақта кімдер тұрады?

1 - жүргізуші:

-Бір үйде, бір «Үлкен шаңырақта» 140 туыс бірге тұрыпты, бәрі өздеріне жүктелген міндетті, тапсырған жұмысты атқарып, тату – тәтті тұрыпты.

Мұны көрген көршісі келіп:

-Біз бір үйде 2-3 адам тату тұра алмаймыз, ал 140 адам қалай тату тұрасыңдар?,-депті.

-Балалар, осының себебін сендер не деп ойлайсыңдар?

Оқушылар пікірі.

-Өзара түсіністік, Сыйластық, Еңбексүйгіштік, Мейірімділік, Қайырымдылық, Білімділік

 2-жүргізуші:

-Ендеше біздің бойымызда қандай да бір жақсы қасиет болса ғана, мына қасиетті «Үлкен шаңырақ» -  Тәуелсіз Қазақстанымыздың бір мүшесі бола аламыз.

1 - жүргізуші:

-Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды?

-1991 жылы 16 желтоқсанда.

2-жүргізуші:

-Тәуелсіз еліміздің қандай рәміздері бар?

Ту, Елтаңба, Әнұраны.

1 - жүргізуші:

-Қазақстанның Туы қай кезде көтерілуші еді?

-Жеңіске жеткенде, мерекеде, екі ел арасындағы кездесуде.

-Ендеше, өзіміздің бойымыздағы жаман әдеттен арылып.

 Туымызды жоғары көтеріп тұрып,  «Үлкен шаңыраққа» аяқ басайық. (Әр оқушы өзінің жаман мінездерін, әдетін қағазға жазып, жағып жібереді).

Патриоттық сезіммен,

Әнұран – «Менің Қазақстаным»

Ой – толғау:

Екі дос кездесіп, әңгіме дүкен құрады:

Біріншісі:

-«Ұйықтап, жүз жылдан соң оянып, елімнің қандай болғанын көрсем ғой»- деді.

Ал, екіншісі:

-«Менің ұйықтағым келмейді, елімнің болашағын өз қолыммен тұрғызғым келеді»,-деді.

1-жүргізуші:

-Сендер осы екеуінің қайсысының жауабын қолдар едіңдер?

Оқушылардың пікірі:

2-жүргізуші:

«Үлкен шаңырақтың» ең басты құндылығы – Тәуелсіздік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. 20 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен есте қалды. Біздің осы «Үлкен шаңырағымызда» болған атаулы жетістіктер  мен шежіресін мақтанышпен атап өтейік:

 1-оқушы:

1991 жыл    (ҚР-ның картасы)

1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегелі өзгерістер енгізді.

Н.Ә. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі – 1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын жабу туралы » Жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды. Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29-тамызды Халықаралық ядролық қару – жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.

2-оқушы:

1992 жыл  (ҚР-ның рәміздері )

Қазақстан 1992 жылғы 2 наурыздан бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар.

Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда еліміздің ішкі істер әскері құрылды. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.

1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы өтті.  

3-оқушы:

1993 жыл. (төл теңге )

1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.

Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша біздің мемлекет кезінде кертартпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді

1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.

Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.

1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.

4-оқушы:

1994 жыл. (Талғат Мұсабаев Союз  ТМ-6)

1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.

Мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз  - ТМ-6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

5-оқушы:( Конституция)

1995 жыл. Мен дүниеге келдім.

1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.

1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.

1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады.

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескертілді.

6-оқушы:

1996 жыл.

1996 ж. 11 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Конституциясында көзделген ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі қүрылды.

Ән – «Отан», сөзі-Дихан Әбіловтікі, әнін жазған-Латиф Хамиди.

7-оқушы:

1997 жыл. («Қазақстан-2030»)

1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.

1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.

Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.

2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.

8-оқушы:

1998 жыл. (Астана)

1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.

Ән – Астана

9-оқушы:

1999 жыл.( Н. Ә. Назарбаев)

Мен дүниеге келдім.1999 жылы 10-қаңтарда Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.

1999 жылы Рим папасы Астанаға келді.

1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.

10-оқушы:

2000 жыл (Домбыра)

Бұл жылы мен дүниеге келдім.2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп жарияланды.

Хор – «Отан»

11-оқушы:

2001 жыл. («Атамекен»)

2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.

Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.

2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.

Ән – «Атамекен», сөзі-Қадыр Мырзалиев, әнін жазған-Ескендір Хасанғалиев.

12-оқушы:

2002 жыл. («Астана – Бәйтерек» )

Мен алғаш мектеп табалдырығын аттадым.

2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.

2002 жыл «Денсаулық жылы» деп жарияланды.

13-оқушы:

2003 жыл. («Пирамида»)

2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.

Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді.

2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. Ал 2006 жылы бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тағайындалды.

14-оқушы:

2004 жыл. (Музей)

2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының бірегей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр.

2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды.

2004 жылы «Қазақстан – Ресей жылы» болды.

15-оқушы:

2005 жыл

2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.

 

Ғылым таппай мақтанба

16-оқушы:

2006 жыл. (Бейбітшілік және келісім Сарайы)

2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы — Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат.

2006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде Әлем діндерінің екінші съезі өтті.

Атақты Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл.

17-оқушы:

2007 жыл.

2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.

18-оқушы:

2008 жыл. («Қазақ елі»)

2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.

19-оқушы:

2009 жыл .

Мен орта арнаулы білім куәлігін алдым.

Президентке дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі Үкімет қызметінің негізгі көрсеткіштері, «Жол картасы» және 2009 жылдың бірінші жартыжылдығының индустриялық дамуы баяндалды.

20-оқушы:

2010 жыл.

Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады.

Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның (Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы) Саммиті өтті. Тіпті, өткен ғасырдың өзінде КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан бұл ірі халықаралық ұйымның Саммитінің Астанада өтуі – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылдың басты оқиғасы.

21-оқушы:

2011 жыл (Тәуелсіздікке 20 жыл)

2011 жыл – қазіргі Қазақстан тарихындағы ерекше белес. Биылғы жылдың 16-шы желтоқсанында біздің еліміз өз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді. Бұл тарихи оқиғаны мерекелеу Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен жалпыхалықтық іс деп жарияланды, ол «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өтуде. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп – қонып өмір сүрген ата – бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол менің елім, менің жерім және менің ана тілім. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды.

1-жүргізуші:

«Үлкен шаңырақ» бірнеше отбасынан құралады. Әр отбасында ата – ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.  Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана – отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.

            Ата – анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала – адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан, қай ата – ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген.

Ән  «Ана-әке»

2-жүргізуші:

Құрметті шаңырақ тірегі ата-аналар, сіздерге «Тығырықтан қалай шығу керек»-,деген сауал бар соған жауап берсеңіздер.

1.      Балаңыз жақсы оқиды. Тәртібі де жақсы. Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. «Бүгін балаңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған»,- деді. Сіздің оны мектепке жібермей қалған күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?

2.      Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?

      Балаларға арналған сауал:

1.      «Жанұя не үшін қажет?»

 

 

№ р/с

Жауаптарының үлгісі

Келіспеймін

Келісемін

Білмеймін

1

Жанұя асырау үшін, бағып – қағу үшін қажет.

 

 

 

2

Жанұя мүшелері арасында үнемі түсіністік болады.

 

 

 

3

Менің жанұям қоғам алдында мен үшін жауапты

 

 

 

4

Қалыпты жанұяда келіспеушіліктер болмайды.

 

 

 

5

Жанұяда өзінің жағымды қасиеттерімен беделі бар адам басшы болады.

 

 

 

6

Жанұяның негізгі асыраушысы – әке

 

 

 

7

Ата – ана өзінің баласына білім беріп, жұмыс тауып беруге міндетті.

 

 

 

8

Ата – аналардың балаларының өміріне араласуына болмайды.

 

 

 

9

Ата – анаға мейіріммен сыйластықпен қарау кажет.

 

 

 

10

Үлкен балалар өздерінің ата –аналарын қарттар үйіне жібереді, мұндай балалар өз жазаларын алады.

 

 

 

2.      «Мен қандай адам болуға тиіспін?»

Тал терекке айналу үшін, ал бала көкірегі ояу, жан – жақты дамыған адам болу үшін қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін?

                                                                                Тал – терек

Қолайлы

Қолайсыз

 

 

 

 

 

 

«Қарағайға қарап-тал өсер, қатарына қарап-бала өсер» дегендей, жаман мен жақсыны ажырата білейік.

Бала - Адам

Жақсы

Жаман

 

 

 

 

Хор – «Өз елім», әнін жазған Нұрғиса Тілендиев, сөзі Қадыр Мырзалиевтікі.

Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы –. қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Адам бойындағы ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін, жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлғаны тәрбиелеуге болады. Өркениетті, зайырлы, құқықтық қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы - мемлекеттің негізгі буыны. Сонымен отбасы,  мектеп  – қоғамдық құрылымның алғашқы ұясы, тәуелсіз ел тірегі. ҚР-ның тәуелсіздігіне биыл – 20жыл. Біз өзіміздің Көк байрағымызды жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып, Күн сәулелі аспанымызда әрқашан тәуелсіздік пен өрліктің белгісі – дала қыранының  қанаты талмай шарықтай беруін тілейміз.

 Хор-Бейбітшілік сақталады, әні-Әбілахат Еспаевтікі, сөзі-Нұртфолла Шакеновтікі.

Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толу мерекесіне арналды.

ҚР-ның болашағы жарқын,шаңырағы биік болсын!

Хор –«Жаса Қазақстан»

Қорытынды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Үлкен шаңырақ" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 208 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.11.2015 3628
    • DOCX 38.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдималиков Жаркынбек Кемалбекулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12492
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 786 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 977 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек