Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Үлкенге - құрмет, кішіге-ізет

Үлкенге - құрмет, кішіге-ізет

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тақырыбы: Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың үлкенге құрмет көрсетуін, кішілерге қамқор болуына, ізеттілікке, әдептілікке үйрету, әдептілік ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту. 
Сабақтың міндеттері:
- оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету; 
-оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету; 
-оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: музыка,тарих бейнелеу, психология 

Шаттық шеңбері : Әдеп Ғ.Қараш
Жігіттер , жаның жаста әдеп үйрен,
Қаш жырақ ,әдебі жоқ істен ширек
Сүйкімді әдеп тұтпай бола алмассың,
Әдепсіз,жоқ мінезі тәңірі сүйген 
Ойланайық,пікірлесейік
1. “Әдептілік –адамгершілік бастауы”дегенді қалай түсінесің?
2. Өз іс-әрекетіңнен ұялған кезің болды ма?
3.Әдепті адам бойында қандай қасиет болуы қажет?
Әдептілік әліппесі 
Н.Шакузадаұлы 
.. Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді.Сол 
бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады.
Бірақ,көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады.
Бұл жол-әдептілік жолы.
Ал , әдептілік адамның ішкі жан дүниесі,оның интеллектісі,парасаты мен
сезімі сыртқы келбетінен,көздерінен ,бет-әлпетінен ,сондай-ақ тұлға- 
мүсіні мен мінез –құлқынан көрініс табады.
Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір-қасиеті арта түседі.Ол елге осылайша сыйлы болады.Мұндай әдепті адам істейтін ісіне ,сөйлейтін сөзіне ,қабылдайтын шешіміне баса назар аударады. Адам-өз өміріне өзі қожа.Өйткені ,ол өз тұрмыс тіршілігін өзі реттестіріп отыруға қабілетті .Ол өзінің осы бір қабілетін дұрыс пайдалана алған жағдайда ғана дегеніне жете алады.Бұл да әдептілікке байланысты.Себебі адамды әдептілік басқармаған жағдайда әдептілікке жат нәрселер оны жаулап алады. Олай болса, адам әдеп нормаларын аттап кетпей,өзінің барлық іс-әрекеттерін осы қағидалармен бағамдай алғанда ,мінез-құлқын әдеп ережелеріне сай ұстай алғанда ,өзін-өзі әдептілік тұрғысынан қадағалай алғанда ғана бұл өмірдегі ,тіршіліктегі діттеген арманына жете алмақ. 
Ой толғаныс
• Өз ортаңмен үйлесімді болудың мәні неде?
• Әдепті әдетке қалай айналдыруға болады? 
Дәйексөз 
Инабат-ердің азығы, 
Бақыт пенен дәулеттің 
Ұстайтұғын қазығы. 
Қ.Әбубәкір 
Жағдаяттарды талдау 
Арман бір топ баламен сабақтан келе жатқаны сол еді ,аулада отырған үлкен кісілер : - “ Осы бала жақсы бала,түбінде жақсы азамат болады ”-деп бір –біріне мақтай бастады. 
----Арманның айналасына ерекше көрінуінің сыры неде?
Қонақтар шақырылған уақытта бәрі жиналды.Қонақтардың бәрі де бірін-бірі жатырқамай ,тез шүйіркелесіп кетті.
Әңгіме күнделікті қажетті заттардың қымбаттауы туралы айтылған кезде,осы үйді ұлы Самат та үлкендердің сөзіне араласып ,өз ойын білдірді: - Иә,тіпті базардағы тамақ та қымбаттап кетіпті .Оны анам екеуміз базарға барғанда бірақ білдік .Тіпті, өрік –мүйізді алмай-ақ қойса болмай ма?-десем , “Қонақтардан ұят болады,олар бізді жағдайы жоқ екен деп ойлап кетпей ме ”-деді ... Қонақтар бір-біріне қарады. 
Өзіммен - өзім 
Кане, оқушылар жайланып отырып, қиялымызға ерік беріп, бір сәт ........ 
“Мен кіммін?” 
“Менің өмірдегі орным қандай ?” 
“Менің мақсатым не?” деген сұрақтар төңірегінде ойланайық , 
Шығармашылық жұмыс 
Төменде берілген ұғымдардың өзіңе ұнағанын таңдап алып , шағып әңгіме жаз. 
Сергіу сәті 
Бос орындық “ 15 минут
Қатысушылар бірінші-екіншіге бөлінеді, Бірінші нөмірлі қатысушылар шеңбер құрып отырады да , екінші нөмірлері олардың орындықтарының артына тұрады. Бір орындық бос болуы тиіс . Орындық артында тұрған қатысушының міндеті отырғандардың бірін көзімен өз орындығына шақыруы тиіс. Оны шақырғанын байқаған қатысушы бос орындыққа жүгіруі тиіс . Оның артында тұрған серіктесінің міндеті оны ұстап қалу. 
“Айтуға тәуекел байла»
Мақсаты : Әрбір қатысушы өзі туралы бір нәрсе айтуына 
жағдай жасау және сабаққа оқушылардың түгел 
араласуына көмектеседі . 
Материалдары : 
Әдемі себет ішінде қағаз қиындылары. 
Ойды аяқтай отырып, оқушылардың 
тәуекелге баруын талап етеді. 
.........айналысқанды жақсы көремін. 
........жақсы жасай аламын. 
........мені алаңдатады. 
......, мен өте қуанамын. 
...........,маған өте көңілсіз. 
........., мен қатты ашуланамын. 
Мен көңілсіз болғанда,..........,мені қорқыныш билейді. 
Мен ...........деп түсінемін. 
Қазірмен........сезінемін. 
Бәрінен де мен............ 
Менің ең жақсы қасиетім - бұл.......... 
Менің ең жаман қасиетім – бұл........... 
Жақсы дос........... ерекшеленеді. 
Басқа адамдар менің........... 
Мен шын мәнінде...........болсам да, мен..........жалтарамын. 
Мен...........көмегімен назар аудартамын. 
................,,адамдар мені сыйлайтын сияқты көрінеді. 
............жасай алғым келеді. 
Мен..............қол жеткіздім.


Жаңа ақпарат 
Әдептілікке адамның ізеттілігі ,сыпайылығы сияқты көркем 
мінездері мен өнегелігі,қарапайымдылығы,тәрбиелілігі,
инабаттылығы жатады. 
Әдепті болу-адамды басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға,олардың сөзін тыңдай білуге ,өзара сыйластыққа қол жеткізуге жәнеүлкендерге құрмет,кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады.
Әдепті кісі өз абыройына кір келтіретін әрекеттерден аулақ жүреді.Кездейсоқ ,білместік салдарынан бір жарамсыз іс істеп қойса өкініп,ұялы п,жүзі қызарып ,істеген ісіне қиналады және түзетуге тырысады.
Адамға қойылатын басты талап-асыл да ізгі адамгешілік қасиеттерді бойына сіңірген,ұлағатты азамат болып шығу.Өйткені адам-өзінің адамгершілігімен ,қайырымдылығымен ,адалдығымен және әділеттігімен ,қайырымдылығымен ,адалдығымен және әділеттілігімен ардақты.Адамгершілік –адамның рухани арқауы 
Назар аударыңдар 
Әдепті адам деп адамгершілігі жетілген адамды айтамыз.Жанның әдептілігі –адамның әделеттілігінен, ержүректігінен , саналығынан,яғни барлық ізгілікке ие мінездерінен көрінеді. 
Жүректен жүрекке 
Көңіліңе ұстап,тоқып ал
Д.Әлімжанов
Аталы сөз іздесең,
Көп көргеннен ақыл ал!
Асыл ойдан із көрсең 
Көңіліңе тоқып ал!
Әрбір сөзін ардақтап ,
Сабақ ет өмір ісіңе!
Жүрме артынан жалтақтап,
Сенбей өмір күшіңе! 
Қарапайым талаптардың бірі-әдептілік яғни сыпайылық. Алдымен бір –біріне көрсеткен әдептілігі өзгені сыйлау мен қатар, өзін де сыйлағаны. Өйткені, «сыйластық екі кісіден бірдей». Жақсы сөздердің өзіндауыс ырғағын, үнін екпінін әр түрлі қою арқылы кісіні ренжіту оп-оңай. «Халіңіз қалай?» «рахмет»-деген сөздердің өзіне кекесінді үн беру арқылы-ақ жолдасыңның көңілін қалдыруға болады.
Сәлемдесу әдебі. Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлемдеседі. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау-мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысықтап, тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп, әдеп сақтауы керек. Мысалы, кей оқушылар өздеріне сабақ бермейтін мұғалімдермен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, мәдениетсіздік деп ойлаймын.






















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-170194
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>