Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Үлкенге - құрмет,кішіге - ізет (3 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Үлкенге - құрмет,кішіге - ізет (3 сынып)

библиотека
материалов

Тақырыбы: Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

Мақсаты: Білімділік: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: «Үлкенге- құрмет , кішіге- ізет» ұранымен оқушыларды қарттарды сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту;

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, суреттер, слайдтар.

Барысы:

Шаттық шеңбері.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Оқушылар бір-біріне жылы тілектерін, лебіздерін білдіреді.

Шынтас:

Ата-анаңның тілегі – адам болып өскенің;

Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.

Үлкендерді құрметтеп,

Көрінер кіші ізетің.

Жанару:

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Сыйлы болмақ өзі де

Үлкен болған кезінде.

Шынтас:

Құрметті ынталы оқушылар, ұлағатты ұстаздар, қадірменді қонақтар сіздерді бүгінгі «Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер демекпін.

  • Жанару: Қарттар, қариялар жайлы не айтар едің?

  • Бұл сұрағыңа біздің сыныптастарымыз не деп жауап берер екен?

Мадияр:

Қариялар көк бойлаған емендер,

Тамырларын ізде ағайын тереңнен.

Желкілдеген жапырағы жас орман,

Келесің сен-келешегім деуменен.

Алатаудай кейпі биік қашанда,

Таң сызылып, күлер күн нұр шашарда.

Бата бер деп бар адамдар жаяр қол,

Бір биіктен бір биікке асарда.

Нұрхан:

Қайран қазақ қарттары қадірменді,

Сіздерге Алла биіктік бәрін берді.

Мына әлемде таба алмас адамзат,

Өздеріңдей білікті тәлімгерді.

Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,

Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.

Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,

Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар.

Арай:

Жылдар өтіп, бейнелер мұнарланып,

Жатқан менен жаңғырар жыр арналып.

Әруағыңның өзі де дүбірлетіп,

Есімдерің аталар ұрандалып.

Қасиеттерің ұмытылмас ешқашан,

Қадірлі де құрметті ғой әрқашан.

Жүрсін адам қарт кісіні аялап,

Жүрсін адам қарт кісіні мадақтап.

Рафхат: (Ұл бала)

Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Уайымы сырлас, сыйлас қатарының сирегі. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады. Қарттар – кісіліктің төресі. (слайдтар)

«Қос бәйтерегім» әні; орындайтындар Жанару мен Нұрхан

Өркен:

Көп жасаған қария –

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Көрініс. Бүгін біздің сүйікті атамыз Амангелді ата бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Амангелді ата, ендігі сөз өзіңізде.

Амангелді ата:

Ата – анаңды құрметтесең,

Сенде жақсылық игілік көресің

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер

Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ

Әке – асқар тау,

Ана – бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ.

Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,

Қартайғанда сені де етер ізет.

Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым.

Дүниеге адам баласы келгенде қалай туылады?

Балалар жауабы тыңдалады.

Рафхат: Бір бала бар

Атаға жете туады,

Өркен: Бір бала бар,

Атадан өте туады.

Мадияр: Бір бала бар –

Кері кете туады!

Амангелді ата: Жарайсындар, енді сендер соның қайсысыңдар?

Үш бала:Нұрхан, Мадияр, Өркен. Біз үлкенді құрметтеген, кішіге ізет көрсеткен жалынды жастармыз!

Амангелді ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой!

Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?

Оқушылар жауабы тыңдалады.

Жәмилә: Үлкенге үнемі сәлем бер.

Саят: Үлкенге қарсы шықпа

Айбибі: Үлкеннің батасын қабыл ал.

Ақмаржан: Атаға бөлінгендер адыра қалады.

Көпті қорлаған көмусіз қалады.

Муса: Үлкен кісіні ренжітпе.

Бағым: Ауылыңда қария болса,

Жазып қойған хатпен тең.

Арсен: Кәрі келсе асқа,

Жас келсе іске.

Нұрсерік: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.

Тахмина: Ақылды қария – ағып жатқан дария.

Мадияр: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.

Өзбек биі: Жәмилә мен Айбибі

Арай: В. А Сухомлинский: «Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер»

Рафхат: Махмуд Қашғари: «жасы үлкенді қадірлесе – құт болар.»

Нұрхан: Махмуд Қашғари: «кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі»

Сәбит:Фарид – ад – дин Аттар: «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезіннен қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл.»

Өркен: Өткен менен кеткенді,

Көп жасаған қарт білер. Шал ақын.

Жәмилә: А. Поп: «Кішіпейілдіктің кетімсіздігі – ақылдың жетімсіздігі.»

Мадияр:

Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Ия, ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?

Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы – “Ұрпағым” деп шыр-пыр болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл- біздің ең ұлы ұлттық қасиеттеріміздің бірі.

Көрініс: «Автобустағы оқиға»

Автор:Автобус іші лық толы адам. Есет жан-жағына қараса, жанында көзілдірікті атай мен сөмке көтерген әжей тұр екен. Есет оларды көрмеген болып терезеге бұрылды.Сөйтіп орнынан тұрмастан теріс қарап отыра берді. Баланың әдепсіз қылығына үлкен кісілер қайран қалды. Үлкен кісілердің қиналып, әзер тұрғанына Есеттің беті бүлк еткен жоқ.

Автобустың оң жақ терезесінің жанындағы орындықта отырған Есен таяқ ұстаған қарт адамды көре сала ұшып тұрды.

-Отырыңыз ата,-деді ол үлкен кісіге

-Рахмет балам. Көп жаса, өркенің өссін,-деп жатыр.

-Отырыңыз әжей-деп Айман да өз орнын берді

-Ой рахмет айналайын, сабағыңды беспен оқы

Автобус ішіндегі жолаушылар Есен мен Айманға қатты риза болды.

. Не деген әдепті бала!-десті олар сүйсініп

Бейнетаспадан көрініс:Мейірімділік.

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

Мұғалім: Сыр-сұхбат: Ортамызға келіп отырған меймандарымызға біздің көкейімізде көптеген сұрақтар туындалуда. Сол сұрақтарға жауап бересеңіздер .

  1. Әдемі қартаю дегенді қалай түсінесіз?

  2. Басыңыздан кешкен үлкендер мен жастар арасындағы қарым-қатынастағы жақсы ғибратты сәттен еске түсірсеңіз?

  3. Жас кезіңізде балалықпен , үлкен кісіні ренжіткен кезіңіз болды ма?

Мұғалім:

Жас ұлғайып, кәрілік кезеңге аяқ аттау – қазақ қауымын қай уақытта да ойлантып, толғандырған. Өзі де дәулетті әулеттен, не ішем, не кием деп бас қатырмай ән қанатына тербелген Біржан сал: «Әудем жер баса алмаймын аяғымнан, Ұстаймын екі қолдап таяғымнан. Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»-деп жырласа, Абай атамыз да: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», — деп күңіренген. Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да: «Қартайдым, елім, қартайдым, Келе де береді жантайғым»,- демеп пе еді.

Бағым:

Ия, кәрілік дегенің, бажайлап көрсең, қуанышы аз кезең сыңайлы. Дегенмен өлі арыстаннан тірі тышқан артық дегендей, бір- бірімізге ұзақ ғұмыр тілеп, «жүз жаса», «жағың түскенше, жаманшылық көрме», «шөбереңнің алақанынан су іш» деп жатамыз.

 Көрініс:

Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:

-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.

Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы.

Шынтас: «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.

Жанару: Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», – демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес. Құдайға шүкір, ер азаматтар мен көне көз қарияларымыздың жөн-жосық тәлімдері арқылы мұндай өрескел істерге жол берілмейді.

Бейнетаспадан көрініс көрсету: Ата-анаңа қамқорлық.

Қорытынды:

Ойын-жаттығу. «Құрмет-ізет»

Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен,кішісі) суреті салынған плакат ілінеді. Қағаздан жасалған жапырақтар таратылып беріледі. Жапырақтың артқы бетіне құрмет, ізетті білдіретін сөздер жазылады.

Үлкен айтатын сөз болса-«үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөз болса-«кіші ағашқа» іледі.

Ойын- жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижелерін қорытындылаймыз.

-Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді. Оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, оны «Ізет» ағашы деп атайық.

«Домбыра» биі: Бір топ қыздар

«Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті», — деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпаққа үйретіп, айтып отырайық, — деп бүгінгі сабағымызды аяқтайық.

Мұғалім:

«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

 Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Нұрхан: Ақсақалдан бата сұрау.

Ел ағасы келгенде,

Ақ батасын бергенде

Қол жаямыз баршамыз,

Қабыл болсын тілек те!

Ләки аумин!

Амангелді ата:

Ал, балаларым, жарайсыңдар! Енді өздеріңе ақ батамды берейін.

Сабағыңды оқы беске,

Жақсылығың жетсін көпке

Балалар үйінің қуанышы бол,

Бауырыңның жұбанышы бол.

Сенімін ақта үлкендердің,

Түлесін көктеп мекенің!






















Автор
Дата добавления 04.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров277
Номер материала ДВ-227784
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх