Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Өлкетану: Тараз жеріндегі тарихи нысандар

Өлкетану: Тараз жеріндегі тарихи нысандар



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Батыс Қазақстандағы туризмнің даму мүмкіндіктері

 

 

Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін туризм, экономиканың басқа да салалары сияқты орталықтың қатаң қыспағынан шыға алмады. КСРО-дағы туристік қызметтің негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық жағалауы, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болған еді. Өз кезегінде Қазақстанның архитектуралық, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекіліктері жарнамаланбады және қажет етілмеді. Қазақстандық туризм кеңестік кезеңде идеологиялық функцияны атқарған мәдени ағартушылық жұмыстың бір элементі ретінде саналып, оның басым роліне қарамастан қалдық принципі бойынша қаржыландырылып, ешқандай экономикалық маңызға ие болмады.

Қазақстандағы туризм индустриясының нашар даму себептерінің бірі оған экономиканың бір саласы ретінде мемлекеттік деңгейде көңілдің бөлінбеуі еді. Кешенді болжамға, ұзақ мерзімді жоспарлауға, туризмнің территориялық ұйымдастырылуына және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға дұрыс көзқарас болмады. Бұл саланы баяулатқан факторлардың бірі туризмнің арқасында жергілікті бюджетке қомақты қаржының түскеніне қарамастан, жергілікті басқару органдарының туристік қызметті басым бағыт деп танымауында жатыр.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда туристік қызметті реттеу үшін және халықтың тарихи мәдени мұраларын жаңғырту үшін негіз қаланды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы туризмнің дамуы 1992 жылдың 3 шілдесінде қабылданған «Туризм туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен бекітілген. Бұл құжаттардың қабылдануы қазақстандық туризм нарығының дамуына оң әсерін тигізді [1].

Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытудың тағы бір қадамы Қазақстанның 1993 жылы Дүниежүзілік Туризм Ұйымына мүше болып кіруі, туризм саласындағы ынтымақтастық жөнінде халықаралық келісімшарттардың жасалуы болып табылады. Айта кеткен жөн, бірқатар келісімшарттар Қазақстанды мол туристік потенциалы бар, тиімді әріптес ретінде таныған шетелдік үкіметтердің өз ұсыныстарымен қабылданған болатын.

Барлық өркениетті қоғам, туризм саласы мемлекеттің бюджетін толтыратын негізгі қаржы көздерінің бірі болғандықтан басты туристік ағымдарды өзіне қаратқысы келеді. Сондықтан да Қазақстанға шетелдік туристердің ағылуын ұлғайтуымыз қажет. Осы мақсатта туристік мекемелердің қызметін ішкі туризмге көбірек бұруымыз қажет. Бұл дегеніміз транспорттың жағдайына, жылжу құралдарына, кадрлық потенциалға байланысты мәселе болып табылады.

Туризм дамуының басты проблемаларының бірі туристік кадрларды дайындау мәселесі. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік, жеке меншік және Ресей филиалдарын алатын болсақ, 28 оқу орнында туризм менеджерлері мамандығын дайындайды. Бұл дайындық 1992 жылдан бастау алғанымен, әлі күнге дейін туристік саланы кадрлық жағынан қамтамасыз ету өз деңгейінде болмай отыр. Көптеген жоғары оқу орындарында бұның басты себебі оқытушылар құрамының Қазақстанның туристік потенциалы жөніндегі білімінің және туристік саладағы қызмет тәжірибесінің жеткіліксіз болуы. Осыдан келіп, мамандарды даярлау отандық туристік рекреациялық ресурстар мазмұнын, технологиясын жеткілікті түсінбеуден, туристерді қабылдау кезіндегі әдіс-тәсілдерді толықтай меңгермеуден өз дәрежесінде болмай отыр. Сол себепті жоғары оқу орны түлектерінің басым бөлігі туроператорлық функцияны толықтай атқара алмай отыр [2].

Қазақстан территориясы көне заманнан Қытай мен Европаны байланыстырып, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болғанына қарамастан, әлемдік туризм аренасында туристік бағыт ретінде таныла қойған жоқ. Қазақстанды әлемдік аренаға шығарып, дүниежүзілік туризмде жақсы табыстарға жету үшін көптеген шараларды жүзеге асыру қажет. Сөз жоқ, Қазақстанды туристік объект ретінде алға жылжытудың ең басты шаралары болып, мемлекетіміздің туристік ұйымдарының халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, конференцияларға қатысуы болып табылады. Сонымен қатар осындай шараларды республика территориясында өткізудің маңызы өте зор.

Қазақстанның туризмдегі халықаралық ынтымақтастығы ЮНЕСКО және ДТҰ мен Ұлы Жібек жолы бойынша жобаларды жасақтау және жүзеге асырумен, шетелдік мемлекеттермен екіжақты және көпжақты келісімшарттар жасаумен іске асырылады.

Қазақстан туризмнің халықаралық аренасында алға жылжуы үшін тек мемлекет ішінде ғана емес, сырт елдерде де ақпараттық туристік орталықтарды құру қажет. Бұл мәселеде туристік ұйымдардың шет елдердегі мемлекетіміздің дипломатиялық өкілдіктерімен байланысын ұмытпауымыз қажет.

Туризм тек Европаны қана емес, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерін қамтыды. Әрине, халықаралық деңгейде туристермен алмасу көбінесе көрші елдердің арасында жүзеге асырылғанмен, алайда соңғы кезде алыстағы шет елдердің мәдениетімен танысу мақсатында қашыққа саяхат жасауға тілек білдіруші адамдар көбейіп келеді. Қазіргі заманғы ұшақтар жолаушыларды әлемнің кез келген нүктесіне жеткізе алады. Бұл мақаланы жазу барысында Батыс Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени және табиғи мұраларды рационалды қолдану арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беретін, шетелдік инвестицияны тартудың арқасында республикалық және жергілікті бюджеттің ұлғаюына алып келетін бәсекеге қабілетті туристік кешенді қалыптастыру жолдары қарастырылды.

Фактологиялық материалдарды талдай отыра, төмендегідей қорытындыларды жасауға болады:

  • -         Батыс Қазақстан аймағында ашық күндердің көп болатындығы (220-дан 240-дейін)

  • -         Туристік рекреациялық зоналарды дамытуға септігін тигізетін қолайлы кезеңдердің ұзақтылығы (120-130 кундей)

  • -         Батыс Қазақстан түрлі экскурсиялар, қыдырулар және демалысты ұйымдастыруға қажетті барлық ресурстармен қамтылған.

  • -         Бұл аймақ аса көркем және қызықты ландшафтарға ие.

  • -         Батыс Қазақстанның туристік рекреациялық потенциалы жалпы Қазақстан туризмінде маңызды орынды алады.

  • -         Батыс Қазақстан өңіріндегі негізгі объектілер бойынша жасалатын экскурсиялық маршруттар үлкен тарихи, археологиялық және танымдық қызығушылыққа ие болып отыр.

Осы факторлардың барлығы Батыс Қазақстанның табиғи және туристік рекреациялық ресурстарын зерттеуге және санаторий курорттық емделуге арналған түрлі мекемелерді, демалыс үйлерін, пансионаттарды және жалпы туристік инфрақұрылымды дамытуға септігін тигізетіні сөзсіз [3].

Жоғарыда айтылғандай біздің республиканың басқа елдермен қатар туристік қызметті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктері бар. 10 жылдан бері тұңғыш рет біздің еліміз өркениеттік туризмге бет бұра бастады. Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облыстарындағы туризмді дамытуға арналған көптеген перспективалық жобалар жасақталды. Тіпті шағын ғана ресурстардың өзімен Батыс Қазақстан территориясында мәдени танымдық туризмді ұйымдастыруға болады.

Туристік қызметті дамытудың үлкен болашағы бар, егер де Қазақстан Республикасындағы туризм қарқынды дами бастаса, біздің ойымызша территориясының көлемімен ғана емес, экскурсиялық маршруттарының тартымдылығы және экономикалық тиімділігінің арқасында Батыс Қазақстанның алдыңғы орынға шығары сөзсіз.

Көптеген зерттеушілердің еңбектерінің негізінде Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштеріне қатысты мынадай қорытынды жасауға болады. Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштерінің қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етті, яғни ол өлкенің тарихи жағдайының өзінділігі, өлкеде әр түрлі тайпалардың өмір сүруі, ескерткіш жасауға ыңғайлы бор тас, ұлы тас, құм тас сияқты шикізат кен орындарының мол болуы, Маңғыстаудың негізгі құрлықтан оқшау жатқандығы [4] т.б.

Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштері дегенде ең алдымен өлкенің киелі орындары мен әулиелері еске келеді. Маңғыстау жеріндегі 362 әулиеден басқа да көптеген ескерткіштер өлкенің жерлеу-салттық кешендерінің әр алуандылығын көрсетеді. Оларға ең алдымен кішкентай территорияда шоғырлана орналасу тән. Бұл осы өлкедегі дәстүрлі мәдениеттің оғыз-қыпшақ кезеңінен жаңа заманға дейін үздіксіз жүріп отырғандығының белгісі болып табылады.

Ғылыми еңбектердің негізінде жасалған типологиялық классификацияға сәйкес өлкенің жерлеу-салттық ескерткіштерінің көп түрлілігін, архитектуралық формалардың әр алуандылығын көруге болады. Жаңа заманда Маңғыстаудың сәулет өнері дамудың жаңа сатысына көтерілді. Бұл кездегі тас өңдеуші ұсталардың кәсіби шеберлігінің арқасында Маңғыстаудың ескерткіштері өзіндік ерекше белгілерімен өзгешелене бастайды. XIX ғасырдың әлеуметтік-экономикалық өзгерістерінің енуімен байланысты өлкеде сәулет шеберлердің кәсіби артельдерінің пайда болуына жағдай жасады. Осы кезде сондай-ақ қазақ сәулет өнеріндегі атақты «маңғышлақ» мектебі қалыптаса бастады. XIX ғасырдың II жартысы Маңғыстаудың сәулет өнерінің шарықтау шегі болды деп айтуға болады. Бұл кезде архитектураның үлкен құрылыстарының жаңа типтері (сағанатамдар) пайда болды, тас өңдеу техникасының күрделенуі, ескерткіштерді көркемдік безендірудің жаңа формалары қалыптасты. Сондай-ақ, жүргізілген зерттеудің

нәтижесінде аймақ ескерткіштерінің негізгі белгілері: жалпылық сипаты, дәстүрлілігі, ақпараттығы анықталды.

Ескерткіш мәтініне қарай олардың ақпараттық шынайылығының ескерткіштердің баға жетпес тарихи-мәдени екені анықталды. Яғни, ескерткіштегі таңбаларды нақтылау белгілі бір рудың қай кездегі Маңғыстауда қоныстанғандығы туралы мәлімет алынды.

Ескерткіштердің өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуының тағы бір белгісі бұл - көне заманнан бері өзінің экономикалық жағдайына (көшпелі мал шаруашылық) қарай ұқсас, кейде тіпті өзара туыстас болып келетін тайпалардың (ерте кезде массагет, дақ, сармат, кейінгі кезде оғыз-қыпшақ, түркмен) қоныстануы зор әсер етті. Бұл жайт өлкенің ерекше климаттық жағдайымен қоса, Маңғыстауда көне жерлеу-салттық дәстүрінің жаңғыртылуында маңызды роль атқарды. Бұл тұрғыдан алғанда Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштері туған өлкенің тарихын танып білуде баға жетпес құнды дерек болып табылады [5].

Батыс Қазақстан сәулет өнерінің мұрасын зерттеу мен насихаттау қажеттілігі ең алдымен тарихи-мәдени ескерткіштерді жалпы ұлттық қорғау мен жөндеу, болашақта қолдану мәселелеріне байланысты туындап отыр. Жаңадан ашылған ескеткіштерді ғылыми айналымға енгізу, олармен көпшілік халықты таныстыру бүгінгі маңызды мәселе болып отыр. Өйткені, жерлеу-салттық кешендер жалпы ұлттық мәдениеттің өзіндік бір элементі ретінде әлі күнге дейін зерттелмей және осыған байланысты мүлдем белгісіз күйінде қалып отыр.

Қазіргі таңда, тәуелсіз Қазақстан Республикасының «бет-бейнесі» оның тарихи ерекшелігімен, қайталанбас мәдени өзгешелігімен қалыптастырылып жатқан кезде, Батыс Қазақстанның қайталанбас өзіндік сәулет өнерінің ескерткіштерін дәріптеу өте өзекті мәселе болып табылады. Тарихи ескерткіштердің жеткіліксіз дәрежеде зерттелуі жалпы Қазақстан архитектурасының ғылыми әдебиеттерде жүйелі түрде әлі де болса бейнеленбеуіне әкеп соғуда. Мысалы, көптомдық «Қазақстан тарихы» кітабында Қазақстан архитектурасына бар болғаны 3-4 бет қана арналған. Батыс Қазақстан сәулет өнерін зерттеу тарихи-архаикалық, өнертанымдық мәселе болып табылады. Өйткені бұл ескерткіштердің өзіндік ерекшелігі (ою-өрнегі, форманың өзіндік шешімі, құрылымының өзіндік ерекшелігі) қазіргі кездегі құрылыстарда кеңінен пайдаланылуда.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 07.09.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров277
Номер материала ДA-031633
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх