Инфоурок География Рабочие программы"Өлкетану" үйірме жұмысына арналған бағдарлама,күнтізбелік-тақырыптық жоспар

"Өлкетану" үйірме жұмысына арналған бағдарлама,күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Скачать материал

«Павлодар облысы.Ақсу қ. Айнакөл селолық округі орта мектебі»ММ

 

 

 

 

 

Курстың атауыӨлкетану»

7 сынып

 

Бағдарламаның авторы:

Ыдрышева Жанат Серғазықызы-география және тарих пәндерінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 ж.

 

 Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныбы үшін «Өлкетану» курсынан оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

 Бағдарлама және күнтізбелік-тақырыптық жоспар 7 сыныпта «Өлкетану»  курсын өткізетін мұғалімдерге арналған.  Қазақстан Республикасы   
 Білім және ғылым министрінің   2013 жылғы 3сәуірдегі   №115бұйрығына     сәйкес
  оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленді.

 Ұсынылып отырған бағдарлама үш бөлімнен тұрады: Павлодар өлкесінің географиясы,тарихы және мәдениеті. Бағдарлама оқу үдерісі бойынша жобаны зерттеу жұмысына бағыттылған.Өлкетану курсы бойынша апталық сағат саны: 7 сыныпта1сағат,жылына 34 сағат.

2.Өлкетану курсының басты мақсаты:

-Павлодар  өлкесінің табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігімен,халқы және шаруашылығымен,онда тұратын халықтың тарихы және мәдениетімен таныстыру;

-жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылығын қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге,елжандылық сезімін қалыптастыруға жағдай жасау;

-өлкеде тұратын әр ұлт өкілдерінің өзіне тән ерекшеліктері және халыққа танымал болған жерлестеріміздің еңбектері жайлы деректермен таныстыру;

-өз өлкесінің дамуына белсенді түрде қатысып үлес қоса білетін  Қазақстан азаматын тәрбиелеп шығару.

3.Аталған мақсаттарға сәйкес білім берудің келесі міндеттері шешілуі тиіс:

1)    Отансүйгіштікке,толеранттылыққа,белсенділікке,өлкенің табиғатын,мәдениетін және тарихи мұраларын сақтай білуге тәрбиелеу;

2)     Ірі өнеркәсіп аймағы болып саналатын өз өлкесінің  тарихы мен қазіргі өмірі жайлы таныстыру;

3)    Оқушыға туған өлкесіне бағытталған ізденушілік-зерттеушілік қасиеттерді қалыптастыру;

4)    Адамдардың шаруашылық әрекеттері жайлы,кәсіпорындардың жұмысы туралы мәлімет жинап ,болашақ мамандықты таңдай білуге , өзін қызықтырған ақпаратты таба білуге дағдыландыру;

5)    Әртүрлі ақпарат көздері арқылы өлкенің географиялық және өлкетану мазмұны бойынша жүйелі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып салыстыра білуге,талдай білуге үйрету;

6)    Картографиялық сауаттылығының қалыптасуыны мен дамуына жағдай жасау;

7)    Біздің замандастарымыздың  жасаған ісі мен еңбектерін бағалай білуге,жерлестеріміздің  табыстары мен жетістіктерін мақтан ете білуге тәрбиелеу;

Өлкетану білімінің оқу орындарында алатын орны ерекше.Өлкетанудың негізгі формасы деп атап айтуға болады:

- өлкетану сабағы

- факультативтік курстар

- элективті курстар

- сыныптан тыс клубтардың жұмысы

   Өлкетану білімі практикалық ,эвристикалық,жоба түрінде тиімді әдіс-

тәсілдерді қолдана отырып өткізіледі.Факультативтік курс ретінде нақты

бағдарлама бойынша оқытылады.Өлкетану курсы кешенді түрде география,тарих,археология,экология,топонимика,этнография,өнертану туралы білімдері арқылы алған мәліметтерді қолдана отырып,өз өлкесі жайлы деректерді зерттеу жұмысына бағыттап,қолдана алады.

Зерттеу әдістерін қолдана отырып ,шығармашылық қабілеттерін дамытады.  Зерттеу жұмыстары оқушылардың халықтың тұрмысын және шаруашылығын жеке түрде бақылауы арқылы жүргізіледі.Ол оқушының мектеп өмірінен тыс қоршаған орта туралы ой-өрісінің дамуына,байқағыштық қасиетін нығайтуға және өмірде кез-келген істі ойланып барып орындауына себеп болады.

Осы курсты оқу арқылы негізгі тақырып бойынша түсінік алып қоймай,әртүрлі ақпарат көздері арқылы (қосымша әдебиеттер,статистикалық мәліметтер,картографиялық материалдар т.б.)білім алады.

Осы курсты оқу барысында оқушыда өз өлкесі туралы жүйелі түрде алынған  білімі бойынша табиғат ерекшеліктері туралы,экономикалық,мәдени және басқа да жағдайда әр қырынан тани біліп,күрделі бір әлемді тану ретінде білімін қалыптастырады.

 Оқушылардың қорытынды жұмыстары бөлім  бойынша  зерттеу жұмыстары ретінде қорғалады,үздік шыққан жұмыстар қалалық және облыстық конкурстарға жіберіледі.

 

2. Оқу пәнінің мазмұны

1. Кіріспе (1сағ.).Зерттеу жұмыстарының негіздері. Курстың мақсаты мен міндеті,өзектілігі,келелі мәселелері. Сабақ түрлері,жалпы талаптары. Ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерімен танысу.Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Жұмыстың көрнекілігіне қойылатын талаптар.

 1 Бөлім. Павлодар облысының географиясы

2. «Географиялық жағдайы»(1 сағ.)  Облыс территориясының құрылуы және көлемі,елді мекендерге сипаттама.

3. «Геологиялық құрылысы,жер бедері және пайдалы қазбалары» (1 сағ.)            Жер бедерінің ерекшелігі. Жер бедерін қалыптастырушы факторлар. Жер бедері құрылысының геологиялық құрылымы мен пайдалы қазбалардың байланысы. Адамның шаруашылық әрекетінің жер бедері мен пайдалы қазбаларға әсері.

4. «Топографиялық карта және жергілікті жердің планы» (1 сағ.) Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру. Жергілікті жердің бейнесі,шартты белгілер. Абсолют және салыстырма биіктіктерЖобаның құрылымы. 1.Павлодар облысында пайдалы қазбаларды өндіру. 2. Жергілікті жерде топографиялық картаны құру.

5. «Павлодар облысының климаты және жыл мезгілдеріне байланысты өзгеруі» (1 сағ.) Күн радиациясы, температуралық режім, ылғалдылық, жауын-шашын, жел (желдің бағыты мен күшін өлшеу, атмосфералық қысым, ауа температурасы). Ауа райын микроклиматтық және қарапайым түрде бақылау. Климаттың аймақ шаруашылығына тигізетін әсері.

6. «Жер беті және жер асты сулары» (2 сағат). Өзендер- ең басты су көзі. Көлдер.Жер асты сулары –тұщы су көзіСу экологиясы. Жергілікті жердің су нысандарын зерттеу.                                                                                                     Зерттеу жобалары:

1. Адамның шаруашылық әрекетіне су көздерінің әсері.

2. Ертіс өзенін зерттеу.

7. «Павлодар облысының өсімдіктер дүниесі» (2 сағат). Топырақтары, өлкедегі топырақ түрлері. Топырақтың өсімдіктер дүниесімен байланысы. Шалдайдың орманы. Шалғындар. Дәрілік өсімдіктер. Дала.

8. «Жануарлар дүниесі» (2 сағат). Павлодар өлкесінің жануарлар дүниесімен танысу (әртүрлілігі, пайдалы және зиянды жәндіктер,  жануарлар және құстар). Саятшылық-қазақтың дәстүрлі аңшылығы.                                                                  Жобаны құру:

1. Біздің өлкенің жануарлар дүниесін қалай сақтау керек.

2. Шалдайдың өртенген орманын қалай қалпына келтіру керек.

9. «Ландшафты қорғау» (2 сағат). Қорықтар. Табиғат ескерткіштері. Павлодар облысының экологиялық жағдайы (жануарлар және өсімдіктер дүниесін сақтау).                                                                                                  

  Жобаны құру:

1. Баянауыл ұлттық табиғи паркін зерттеу.

2. Павлодар облысының экологиялық жағдайын зерттеу.

10. «Павлодар облысының халқы мен шаруашылығы» (2 сағат). Павлодар облысының қазіргі кездегі халқы. Өнеркәсіптің маңызды саласы мен ауылшаруашылық мекемелеріне сипаттама. Павлодар облысы-Қазақстанның ірі өнеркәсіп аймағы (алюмиий, мұнай-химия, ферроқорытпа және т.б. зауыттары).                                                                    Зерттеу жобасы:

 Өз аудандарыңда орналасқан кәсіпорынға зерттеу жұмысын жүргізу.

11. Жобаны қорғау (1 сағ.)

2 Бөлім. Павлодар облысының тарихы

12. «Өлкенің ежелгі тарихы» (2 сағат).Өлкенің территориясындағы қазба жұмыстары, ежелгі адамдардың өмірі мен мәдениеті туралы деректер. Павлодар облысының территориясындағы археологиялық ескерткіштер («Қаз қайтуы», «Өлеңті жазбалары», Шідерті тұрақтары, Тасмола және т.б.) Павлодарлық Ертіс өңірі Қимақ қағанатының құрамында. Қимақ-қыпшақ кезеңіндегі археологиялық деректер.

13. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия (1 сағат).

14. «Павлодар өлкесінің территориясындағы қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі» (1 сағат). Шайқас болған жерлерді зерттеу. Ертіс өңірінің батырлары, олардың жаулап алушыларға қарсы күрестегі ерлігі.

15. «Жәмішев және Коряков әскери бекіністерінің салынуы» (2 сағат). Павлодар қаласы мен Павлодар уезінің қалыптасуы мен дамуы.  XVIII – XIX ғасырлардағы халқы және шаруашылығы.  Павлодар өлкесіндегі қоныс аударушылар ауылдары.                                                                             

Зерттеу жобалары:

1. Бір көшенің тарихы.

2.  Павлодар уезіндегі ауылдардың топонимикасы.

16. «Павлодар облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941-1945жж.» (2 сағат).  Әскерге азық-түліктің дайындалуы. Фашист басқыншыларына қарсы облыстың қосқан үлесі. Павлодарлықтар-Ұлы Отан соғысының батырлары.

Зерттеу жобалары:

1. Менің отбасым және Ұлы Отан соғысы.

 2. Батырлар-менің жерлестерім.

17. Жобаны қорғау (1сағ.)

 3 Бөлім. Павлодар өлкесінде тұратын халықтардың мәдениеті.

18. «Өлкеде өмір сүретін қазақ халқының және басқа ұлт өкілдерінің әдет-ғұрпы,салт-дәстүрі» (2 сағат). Халықтың қолөнерімен және шығармашылығымен танысу.Бейнелеу өнері және қолданбалы өнері .  Павлодар облысының сәулеті және өнері.                                                                                                   Зерттеу жобасы:

Біздің өлке халқының ұлттық киімдері мен ұлттық тағамдары.

19. «Атақ-даңқы шыққан адамдар туралы» (2 сағат).  Өлкенің белгілі адамдарының өмірбаяны ,еңбектері (Бұқар жырау, М. Көпеев, Қ. Сатпаев, Е.Бекмаханов, С. Торайғыров, Ш.Айманов, М.Шамсутдинова және т.б.) Өз мемлекетінің,халқының,өлкесінің дамуына қосқан үлестері .                                                                                                    Зерттеу жобалары:

 1.  Ш.Аймановтың өмірі мен шығармашылығы.

 2.Қ.Сатпаев – Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.

20. Бұқар жырау және М.Шамсутдинова атындағы мұражайға экскурсия (2 сағат).

21. Жобаны қорғау (1 сағат).

22. Қорытынды сабақ (1 сағат).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Өлкетану (34 с.)

7 сынып

Тақырыптар

Сағат саны

Күні

Ескерту

1

Кіріспе:Өлкетану курсы нені оқытады

1

 

 

 

І Бөлім.Павлодар облысының географиясы

15

 

 

2

Павлодар облысының географиялық жағдайы

1

 

 

3

Геологиялық құрылысы,жер бедері және пайдалы қазбалары

1

 

 

4

Топографиялық карта және жергілікті жердің планы

1

 

Практикалық жұмыс

5

Павлодар облысының климаты және жыл мезгіліне байланысты өзгеруі

1

 

Практикалық жұмыс

6

Жер беті және жер асты сулары. Су нысандарын зерттеу

1

 

 

7

Су экологиясы

1

 

 

8

Павлодар облысының өсімдіктер дүниесі. Топырақтары

1

 

 

9

Дәрілік өсімдіктер

1

 

 

10

Жануарлар дүниесі

1

 

 

11

Саятшылық- қазақтың дәстүрлі аңшылығы

1

 

 

12

Табиғи географиялық кешенді қорғау.Баянауыл ұлттық табиғи паркі

1

 

 

13

Павлодар облысының экологиялық жағдайы.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау

1

 

 

14

Павлодар облысының халқы мен шаруашылығы

1

 

 

15

Павлодар облысы-Қазақстанның ірі өнеркәсіп аймағы

1

 

 

16

Жобаны  қорғау

1

 

Презентация

 

 II Бөлім. Павлодар облысының тарихы

9

 

 

17

Өлкенің ежелгі тарихы

1

 

 

18

Қимақ-қыпшақ кезеңіндегі археологиялық деректер

1

 

 

19

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия

1

 

Экскурсия

20

Павлодар өлкесінің территориясында қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі

1

 

 

21

Жәмішев және Коряков бекіністерінің салынуы

1

 

 

22

Павлодар облысының территориясында қоныс аударушы шаруалар орналасқан жердің топонимикасы

1

 

Практикалық жұмыс

23

Павлодар облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941-1945жж.

1

 

 

24

Павлодарлықтар-Ұлы Отан соғысының батырлары

1

 

 

25

Жобаны қорғау

1

 

Презентация

 

 III Бөлім. Павлодар өлкесінің мәдениеті

9

 

 

26-27

Павлодар облысында тұратын халықтардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері

2

 

 

28

Павлодар облысының сәулеті мен өнері

1

 

 

29-30

Өлкенің атақ-даңқы шыққан адамдарыұқар жырау,М.Көпеев,Қ.Сатпаев,Ж.Шанин және басқалары)

2

 

 

31-32

Бұқар жырау және Майра Шамсутдинова атындағы мұражайға саяхат

2

 

Экскурсия

33

Жобаны қорғау

1

 

Презентация

34

Қорытынды сабақ

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Д.Приймак «Баянаул заповедный» - Алма-Ата «Казахстан» ,1982 г.- б.96

2.Соколкин Э.Д. «Павлодар»  -Алма-Ата «Казахстан»1982 – б.92

3.А.В.Даринский «Краеведение» - Москва «Просвещение» 1987- б.158

4. М.И.Чуб «География Павлодарской  области» - Павлодар 1999 – б.98

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Өлкетану" үйірме жұмысына арналған бағдарлама,күнтізбелік-тақырыптық жоспар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 611 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2016 28626
    • DOCX 35.5 кбайт
    • 356 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ыдрышева Жанат Сергазиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ыдрышева Жанат Сергазиновна
    Ыдрышева Жанат Сергазиновна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28728
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Игровые приемы и методы обучения в школьном курсе физической географии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по географии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 294 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 442 человека

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции