Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЛогикалық есептердің көмегімен бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру

Логикалық есептердің көмегімен бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру

Скачать материал

Логикалық есептердің көмегімен бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру

 

Бекишова Маржан Сагатовна

Педагогика ғылымдарының магистрі

Кез келген мемлекеттің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ екені белгілі қағида. Дамыған 50 – елдің қатарына енуге мүмкіндік беретін құдіретті күш – білім. Оқушыға білім беру – күрделі мәселе. Оқушыға саналы білім сапалы тәрбие беру үшін түрлі факторларды ескеру керек. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Білім беру саласының алдына қойылған мақсаттарды іске асыруда бірінші кезекте мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыру болып табылады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетігінің бірі: TIMSS халықаралық зерттеу.                                                                                                                                              
TIMSS халықаралық зерттеудің мақсаты- әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану- математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау.

TIMSS зертеуінің негізгі міндеті- білім саласындағы әлемдік артықщылықтарды көрсететін объективті өлшемдер шегіндегі құралдары негізінде алынған нәтижелерді талдау және білім саясатына қажетті ғылыми дәлелденген қорытындылар жасау.

TIMSS зерттеуінің негізгі бағыттары:математикалық бағыт, жаратылыстану бағыты.

Оқушылардың математикалық бағыттағы біліктілігі мазмұнды блоктардың материалдарынан басқа да «математикалық құзыреттілік» даму деңгейімен сипатталады. «Адамның математикалық білімдері, шеберліктері, тәжірибесі мен біліктілігінің үйлесімділігі» математиканы қолданып оқушылардың түрлі проблемаларды сәтті шешу қабілеті «математикалық құзыреттілігі» болып табылады1
Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан - ақ математикалық білімді ғылымның жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған.Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылған.  Математика сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын, әр пәнге деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі-логикалық есептері. «Логикалық есептер» пәнін жүргізу арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, олардың математикаға деген ынта жігерін арттырып, математикалық қабілетін одан әрі қарай дамыту мақсатын көздейді. Математика  сабақтарында ауызша есептеу оқушының логикалық ойлауын дамытады, математикаға қызығушылығын арттырады, тыңдай білуге, байқағыштыққа, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, әрі пәнге деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі логикалық ойын есептері.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қойылатын өлшемдер:

1.     Мазмұнды есептерді талдап шығару.

2.     Сиқырлы фигуралар.

3.     Тірек сызба, нұсқалар арқылы есеп өрнектер құрастыру.

4.     Логикалық есептер шығару.

5.     Менің есебім ( оқушы шығармашылығы )

Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың  өзіндік іс- әрекетін ұйымдастырудың мынадай түрлерін атауға болады : басқатырғы тапсырма,  сиқырлы кесте, сөзжұмбақ құру, шешу, фигураларды өзгерту, құрастыру, логикалық есептер және т.с.с..

Оқушының жоғары көрсеткішке жетуіне логикалық есептерді түсініп шығарудың ықпалы зор2.

Логикалық есептеу барысында оқушыларға   қойылатын талаптар:

Оқушылардың білуі тиіс:

Ауызша есептеу жолдарын;

Тез есептеу әдістері

Логикалық есептерді әр түрлі тәсілдермен түрлендіре шешу  әдістерін

Оқушылар меңгеруге тиіс:

Логикалық есептерді шешу тәсілдерін

Математикалық тілде сөйлеу машығын

Геометриялық фигураларды ажырату

Математика туралы және онда қолданылатын ойын әдістерін.

Оқушылар жасауға тиіс:

Тарихи  мағлұматтар жинақтауға;

Логикалық есептерді аналитикалық, графиктік әдістермен шешуді;

Математикалық ойын есептерді шығару тәсілдерін игеруді.

Сандардың бөлінгіштік қасиеттерін білуді.

Пәнаралық біріктіру:

Математиканың тарихпен байланысуы

Жұмбақ есептердің әдебиетпен байланысуы

Шырпымен басқатырғыштардың геометриямен байланысы

Логикалық есептерді шығару оқушыны тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға әсер етеді.Күнделікті сабақта логикалық есептерді шығару тиімді.

1. Бірдей тоғыз ашық хаттың бағасы жүз теңгеден кем, ал осындай он ашық хаттың бағасы жүз теңгеден артық. Бір ашық  хат қанша тұрады?

2.Ағасында 12 кәмпит, ал інісінде екеу . Екеуінде бірдей болу үшін ағасы інісіне неше кәмпит беру керек?

3.Мысық Матроскин менШарик бір шөркені аралап кесуге 2 минут уақыт жұмсайды.Олар 10 минутта бөренені неше бөлікке кесе алады?

4. Ерзаттың білеу таяғы бар еді. 3 дециметрін кесіп тастағаннан кейін,таяқтың ұзындығы 70см болды. Таяқтың бастапқы ұзындығы қандай еді?

5.Суда қандай тас болмайды?
6,“ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне –бірі:
-         Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді.Олар бірін – бірі қалай көреді?

4. Қонақ келер алдында Марал ыдысқа бүтін алма, екі жарты алма және ¼-ден 4 алма салды. Маралда неше алма болды?

5. Қосарланып жегілген ат-арбамен Қайрат 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді?

6.1 т мақта ауыр ма, әлде 10 ц темір ауыр ма?

7.Әкесі екі баласын ертіп,жолға шықты. Біраз жүргеннен кейін, олардың алдынан өзен кездесті. Өзен жағасында тұрған қайық екі баланы ғана немесе олардың әкелерін ғана көтере алады.Олар өзеннен қалай өтеді?

8.Мысық матроскин мен Шарик бөренені 5 бөлікке бөлуге 20минут уақыт жұмсайды.Олар 40 минутта бөренені неше бөлікке бөліп кесе алады?

9.Теңдік тура болатындай етіп, бір сіріңке шырпысының орынын ауыстыр.1) VII=V-I   2)XIII=VII-VI    3)  XI+V=V

10.Теңдік тура болатындай етіп, бір сіріңке шырпысының орынын ауыстыр.1) XIII=VII-VI   2) VII=V-I   3)VI-IV=IX

11. Шегіртке әр тәуліктің  жарты уақытында ұйықтайды. Әр тәуліктің үшінші бөлігінде билейді, алтыншы бөлігінде ән салады, қалған уақытта ол қысқа дайындалады.   Шегіртке  қыс мезгіліне тәулігіне неше сағат дайындалады?

12.Сыныптағы 30 оқушының  жартысы ағылшынша , жартысының 3-тен бірі әрі ағылшынша, әрі немісше , қалғаны тек немісше үйренеді. Оқушылардың нешеуі ағылшынша , нешеуі әрі ағылшынша, әрі немісше , нешеуі немісше  үйренеді ?

13.Үш қатар тұрған сандарды жаз. Олардың қосындысы 15- ке тең. Ол қандай сандар ?

14.Жанұяда 5 бала бар . Олар : Айнұр, Меруерт, Самал , Айжан , Гүлнар. Олардың туған күндері 2 наурыз, 8 қаңтар, 3 ақпан, 8 маусым , 22 наурыз. Айнұр мен Самалдың туған күндері бірдей сандар.Ал Гүлнар мен Айжанның туған күндері 1 айда. Кімнің туған күні қай кезде ?

15.Отбасында 4 бала бар. Олар 5, 8, 13 және 15-те. Олардың аттары: Ерлан, Айна ,  Самал, және Айгүл. Егер олардың біреуі балабақшаға барса, Ерлан Айнадан үлкен , Ал Ерлан мен Самалдың жастарын қосқан 3-ке бөлінсе, балалардың  әрқайсысы нешеде болғаны?  Ағайынды 3 жігіттің он-оннан 30 ешкісі бар.

16.Кенжесінің он ешкісі он лақ, ортаншысының 10 ешкісі  егізден 20 лақ, ал үлкенінің  үшеннін 30 лақ туады. Үш жігіт ешкілер мен лақтарды тең етіп бөліп алуды ұйғарды. Лақтарды енесінен айыруға болмайтын болса, қалай бөлуге болады?

17. 112 қой сатып алдым. Барлығына 49 сом және 20 алтын төледім .  Әрбір ісек қойға 15 алтын және 4 төрткіл ,ал әрбір тұсаққа 10 алтыннан төледім .  Мен неше бас ісек және неше бас тұсақ сатып алдым?     НҰСҚАУЛЫҚ: 1алтын = 3 тиын  1 тиын = 4 төрткі

18.Баласын есепке үйреткісі келген әкесі алдағы жеті жылда түйеміз 2 есе, жылқымыз 3 есе  сиырымыз  4 есе , қойымыз 5 есе көбейсе, онда бәрін қосқанда олардың саны сенің қазіргі жасыңнан екі есе көп болады екен дейді.   Егер баласы 7 жаста болатын болса, бұл үйдің жылқысының, түйесінің , сиырының , қойының саны қанша?

19. Егер   3 шөмеле шөпті 14 сиыр 1 ай , 7 ешкі 2 ай , 6  қой 3 ай жейтін болса, осы шөп  барлық малға қанша уақытқа жетеді?

20.Көршісі есепке құмар бір қыңыр көршісінен жасын сұрағанда ол былай деп жауап беріпті.

- менің 3 жылдан кейінгі жасымды 3 еселесеңіз және 3 жыл бұрынғы жасымды 3 еселесеңіз , сонан соң алғашқы көбейтіндіден соңғы көбейтіндіні шегеріңіз. Сонда дәл менің жасымды табасыз. Қыңыр неше жаста?

21. Серуенде жүрген 2 адам өзен жағасына келді. Жағада бір адам ғана сиярлықтай қайық бар екен. Бірақ екеуі де қайықпен өзеннен өтті де, ары қарай серуендеп кетті. Өзеннен қалай өтті?

Математика пәнінде логикалық есептерді тиімді пайдалану арқылы шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі3.

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы.Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені4.

 Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Математика және логика 2012ж №3

2.«Бастау»  республикалық математикалық турнирі «Дарын» Астана-2014

3.Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелері 2011жыл

4.Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелері 2012жыл

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Логикалық есептердің көмегімен бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 361 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2016 1327
    • DOCX 60.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем БЕКИШОВА МАРЖАН САГАТОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    БЕКИШОВА МАРЖАН САГАТОВНА
    БЕКИШОВА МАРЖАН САГАТОВНА
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29925
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1474 человека из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 784 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе