Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЛогикалық ойындар "Логикалық ойлау"

Логикалық ойындар "Логикалық ойлау"

Скачать материал

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары

 

Мектепке дейінгі жасындағы баланы оқытып тәрбиелеуде қарапайым математикалық түсініктерін оқытумен олардың логикалық ойлауын дамытуының сабақтастықты қамтамасыз ету мәселесі өте өткір қойылып отыр.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, қиялын жүйелі ойлауға, шығармашылық қабілеттерін түрлі әдістер арқылы дамытуға түрлі әрекеттер жасау керек. Нәтижелерге жету үшін ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалануға болады.  Олар:

·  Қарама-қайшылықты шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;

·  Сиқырлы объектілер әдісі – балаға  таныс объектінің сипаттарын екініші бір объектіге таңып айту, қолдану;

·  Жүйелік жақындау әдісі – бір-бірімен  тығыз болатын бөлімдерден құрылған жүйені  біртұтас  ретінде түсініп беру;

·  Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.

Сонымен  қатар балалардың ойлау қабілеттері салыстыру, анализ, синтез, абстракция, жалпылау және нақтылау ойлау операциялары арқылы жүзеге асады.

 

1.     Салыстыру - оқып  үйренетін объектілердің ұқсастықтар мен айырмашылықтарын ойша тағайындау  әдісі. Салыстыру әдісін қолданғанда  мына қағидаларды  басшылыққа  алған жөн:

1.     салыстыратын объектілер біртекті болуы шарт;

2.     оқып үйренетін объектілер айырықша мәні бар белгілері бойынша салыстырылуы тиіс;

3.     объектілерді салыстыру толық аяқталуы тиіс.

 

2.     Анализ - қарастырылатын затты немесе құбылысты талдау, жіктеу, ажырату. Оны құрайтын элементтердің қасиеттеріне, сипатына қарай жіктеу, бөлу, оның әрбір элементін немесе бір жақтарын жеке-жеке қарастыру.

 

3.     Синтез- жинақтау, қосу, құрастыру, біріктіру-анализге қарама-қарсы логикалық үрдісті білдіретін ұғым. Синтез бөліктердің, элементтердің, қасиеттердің байланысын, өзара әсерін айқындап, нәрсенің, заттың тұтас тұлғасын білдіреді.

 

 

4.     Абстракция - ол елемеу, дерексіз затты белгісінен, қасиетінен ажыратып, ойша дерексіздендіру, дерексіз ұғыммен тұжырымдалатын және табиғаттың немесе қоғамның материалдық міндеттерін, үрдістерінің ішкі мәнін бейнелейтін ой. Ол абстракциялаудың, яғни болмыс құбылыстардың мардымсыз, үстірт жақтарымен қасиеттерін елемей, олардың жалпы, ең мәнді белгілерін оймен айқындау нәтижесі болып табылады.

 

5.     Жалпылау - объектілер мен құбылыстардың тек берілген класына тән қайсыбір ерекше қасиетін ойша айыру, белгілеу әдісі.

 

 

6.     Нақтылау- неғұрлым жалпыдан жекеге көшу әдісі. Нақтылау екі түрде кездеседі:

1.     ойдың жалпыдан жекеге, дербестікке ауысуы;

2.     объектінің әр түрлі қасиеттері мен  белгілерін айқындау арқылы абстракті- жалпыдан дербестікке ауысуы.

Жеке дара жұмысқа арналған сабақтар

Сабақ №1

Мақсаты: Зейінін тұрақтау, қиялын, танымын дамыту, жыл мезгілдері туралы білімдерін арттыру.

Мынау біздің «Сиқырлы батпырауын» саған осы ғажайып кітаппен достасуға көмектеседі.

                   Жұмбақты шеш

                                                               Үйрек, үйрек қаздары

                                                                Шулайды көл қоғалы

                                                               Дәурен өтіп жаздағы

                                                               Самал желі соғады

                                                                Алма бағын жағалай

                                                               Алмаларын қағады

                                                              Айтыңдаршы, бөбектерім,

                                                              Бұл қай кезде болады?

2 . Қанеки, берілген бес таяқшалардан «Сиқырлы Батпырауынның» суретін құрастырып көрейік.

 

 


3. «Сиқырлы Батпырауынның» дос бар.Аты-Саққұлақ. Саққұлаққа бірдей сүйектерді жинауға көмектес.

                                                                                                                                                                                            

4. Батпырауынға  мына тапсырманы шешуге көмектесші.

 Қонжық екеу, табаны нешеу?

 

                     

Сабақ №2

Мақсаты: Зейінін тұрақтау, қиялын, танымын, санау қабілеттерін  дамыту, бақшаға деген  қызығушылықтарын арттыру.

 

 

1.     «Сиқырлы батпырауын» бақшада  санамақ жаттап үйреніпті.

          Біздің бақта жүз бала

          Барлығы да сақ бала

          Барлығы да таңғы асқа

          Жеп алыпты жүз алма

        Ал, содан соң ойнапты.

             Зейін қойып сен тағы

         Жаттап  көрші  балақай!

 

2. Бақшамыздың маңында шыршалар бар ма? Келесі шыршаны таяқшадан құрастырып көр.

 

 

 

3. Қане ойлап көрейік, «Не суға батады?»

                    

 

 

 

 

4.Тиінге  бес цифры бар саңырауқұлақты тауып, бояуға көмектес.

 

 

Сабақ №3

Мақсаты: Зейінін тұрақтау, қиялын, танымын, санау қабілеттерін  дамыту,

                 қызығушылықтарын арттыру, кеңістікті бағдарлай білуге баулу,                  көлік түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

 

 

1. Таяқшалармен ойнайық. Таяқшалардан қайықта жүзіп бара жатқан сиқырлы батпырауындысал

 

2.Жұмбақты шеш.

 

Көжек жүзді қайықта,

Қонжық ұшты ұшақта

Түлкішек те кемеде

Барлығы болды қанша саяхатшы?

3.Әр суретте қанша зат бейнеленгенін сана, оларды сәйкес цифрлармен байланыстыр

4.Қоймаға астық тасыған машиаларды салыстыр, ерекше біреуін қорша, тиісті цифрды жаз.

 

 

 

Сабақ №5

Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыту, геометриялық пішіндер туалы білімдерін арттыру.

 

1.Батпырауын ормандағы досына баруға жолға шықты. Таяқшадан оның досы кірпіні сал

2.Батпырауынның тағы бір досын жұмбақты шешу арқылы тауып көр.

 

Құстай ұшады,

Құландай жортады

Қойдан да қорқады.

 

 

 

 

 

3.Робот қандай геометриялық пішіндерден құралған?

 

 


4.Кірпі бақта жинаған барлық жемістерді санап, олады боя. Не артық?

 

 

 

5.Әр рамадағы бірдей көлемдегі пішіндерді тап және боя. Пішіндерді ата.

 

 

 

Сабақ №6

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, тапқырлыққа баулу. Ойыншықтар туралы білімдерін арттыру.

 

 

1.Ойлан  сиқырлы батпырауынға қай ертегінің кейіпкерлері кездесті. Олардың саны ненеу, олар қалай ерекшеленеді.

 

2.Таяқшалардан үйлер құрастыр. Бір таяқшаның орнын ауыстырсаң үй оң жаққа қарап тұрсын.

 

 

 

3. Батпырауынның тағы бір досы Дымбілмеске ойыншықтарды жинауға көмектес.

 

4. Батпырауынның досы Дымбілмеске қолғаптарды жинауға көмектес.

 

 

Сабақ №7

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, тапқырлыққа баулу.Жануарларды сүюге, оларды күте білуге баулу.

 

1.Көжекке шеңбер де шаршы да емес бірақ ең кішкентай қызыл пішінді табуға көмектес.

 

 

 

 

2. Ребусты шеш.

         ға

 

 

 

 

 

3. Суретті сал.

Сол қолмен                                                                   оң қолмен

 

 

 

 

 

 


Сабақ №8

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, тапқырлыққа баулу.Жеміс- жидек, көкөністер туралы білімдерін арттыру.

 

 

1. Құлпынайдың ең кішкентай көлемінен ең көлеміне дейін сызықшамен қос.

 

 

 

2. Сайқмазақтарды салыстыр.

 

3.Жұлдызқұрттың  шиеге жетуіне көмектес

 

 

 

4.Қателерін тап

 

Сабақ №9

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, тапқырлыққа, зейінділікке баулу. Өсімдіктердің атауларын білуге баулу.

 

1.Көк құмырада қанша гүл болса сонша гүлден құмыраларға орналастыр.

 

 

 

 

2. Астықтан әдемі гүлдер құрастыр.

 

 

 

 

 

3. Шаршының сол жағындағы екі гүлді боя, сол жағындағы саңырауқұлақты қорша.

 

4. Суреттегі қоңыздарды сана,  айырмашылықтарын көрсет.

 

Сабақ №10

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, тапқырлыққа баулу.Туған елін сүюге баулу.

 

1. Жағалауда неше бала? Біреуі қайда? Қай санды байқап тұрсың? Астықтан бес санын жазып көр.

 

 

2. Батпырауынға біздің елде неше боталар кездесті? Оларға батпырауын қанша қарындаш сыйлады?

 

 

3.Керекті санға байланысты жал

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Логикалық ойындар "Логикалық ойлау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 989 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2016 1928
    • DOCX 1.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алматкызы Назерке Алматкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алматкызы Назерке Алматкызы
    Алматкызы Назерке Алматкызы
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20192
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Организация и содержание работы учителя-логопеда в условиях реализации ФГОС ДО

108/144 ч.

от 2500 руб. от 1250 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 317 человек

Курс повышения квалификации

Виды профессиональной деятельности педагога-психолога ДОУ и организация рабочего процесса

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 209 человек

Курс повышения квалификации

Подготовка к школе. Нейропсихологический подход

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 881 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 629 человек

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе