Инфоурок Информатика Конспекты"Логиканың негізгі түсініктері" (8 сынып)

"Логиканың негізгі түсініктері" (8 сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:       3-тарау.  Логика негізі және компьютердің логикалық негізі.

                                               §5  Логиканың негізгі түсініктері.

Сабақтың  мақсаты:  

           Білімділігі:   Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.

           Тәрбиелігі:  Жауапкершілікке баулу,  дәлдікке үйрету.                                                                   

           Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

 

Логиканың негізгі түсініктері.

            ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес. Логика- бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

            Ғылыми пән ретінде логиканың формальды, математикалық ықтималдықты логика  және т.б. түрлері қалыптасқан.

            Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.

            Ықтималдық логика – кездейсоқ параметрлермен  жасалатын сынақтың бірнеше серияларын қолдануға негізделген.

            Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.

            Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оның басқаша  логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет 19 ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл - дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі), информатикада жақсы меңгерілген.

            Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі екілік санау жүйесі болып табылады, өздерін білесіңдер, онда екі цифр:  0 мен 1 қолданылады, ал логикалық айнымалылардың мәндері де 2:   0 және 1.

Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Мысалы, 

«Қара –ақ», «2*2=4» деген ақиқат, ал «тау тегіс », «2*2=5» деген –жалған пікірлер.

Егер пікір айтылған ой обьектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «иттің төрт аяғы бар» пікірі кез келген ит үшін рас.

Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын пайдаланып, құрамды пікірелер арқылы беріледі.

            Логикалық жалғаулықтардың көмегімен  басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементар деп атайды.

Құрамды пікірдегі ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады.

Барлық компьютерлік бағдарламада және математикалық пайымдауда немесе жалғаулығы тек біріктіруші ролде түсініледі. Мысалы:  х=0 немесе у=0 пайымдауындағы немесе жалғаулығы не у=0 не х=0,  у=0 және  х=0 дегенді білдіреді.

ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады.

 

 Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1.Пікір дегеніміз не?

2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?

3. ЖӘНЕ жалғаулығына мысал келтіріңдер?

4.НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал келтіріңдер?

5. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді ?

6. Формалды және табиғи тілде берілетін пікірлерге мысал келтіріңіз? 

Үйге тапсырма:   §3.1. Логиканың негізгі түсініктері.

 

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.

 

Білімнің актуализациялануы

ІІ

Мұғалім өткен сабақ бойынша сұрақ қоя отырып тексереді. /флипчарт №3, шторка/

Оқушылар кезектесе отырып жауап береді.

 

Сабақтың өту барысы

ІІІ

Жаңа тақырып. Пікір-таластыру. Өмірден мысалдар келтіру

Сабақтың мақсаты:                                       Білімділігі:   Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру. Тәрбиелігі:  Жауапкершілікке баулу,  дәлдікке үйрету.                                                                    Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.                                   /флипчарт №1/

Пікір-таласқа қатысады, сұраққа жауап береді.

 

 

Сабақтың  мақсатын бекітуде ат салысады.

 

Жаңа тақырып

IV

Флипчарттың көмегімен жаңа тақырыпты түсіндіру  /флипчарт №4,5,6,7/

Логика тарихына шолу жасау                            /презентацияға сілтеме, флипчарт №9/

Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында сұраққа жауап беру, тапсырмаларды орындау.

/флипчарт № 5,6,7/

 

Сабақты бекіту

V

Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға тапсырмалар ұсынылады.  /флипчарт №10-11/

 

 

Рефлексия

VI

Сабақ қорытындысы. Не білдің, не үйрендің, нені үйренгің келеді?                                            Оқушылардың жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Сұраққа жауап береді:не білдім, не үйрендім, нені үйренгім келеді.

 

Үй жұмысы

 

Үйге тапсырма § 5 практикум 1.2.                          Әр түрлі логикалық есептер дайындау

Үй жұмысын күнделікке жазу

 

 

Сабақтың тақырыбы:      §3.2. Логикалық амалдар.

Сабақтың  мақсаты:  

           Білімділігі:   Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.

           Тәрбиелігі:  Жауапкершілікке баулу,  дәлдікке үйрету.                                                                   

           Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын тексеру).

Логикалық амалдар.

Логикалық көбейту (коньюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «және» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық көбейту немесе коньюнкция деп аталады.

Коньюнкция:

-табиғи тілде «және» жалғаулығына сәйкес келеді.

-пікірлер алгебрасында ^ немесе & белгілернің бірімен таңбаланады.

Коньюнкция – ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.

Логикалық қосу (дизьюнкция). Екі немесе  одан көп пікірлерді «немесе» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық қосу немесе дизьюнкция деп аталады.

Дизьюнкция:

-табиғи тілде «немесе» жалғаулығына сәйкес келеді.

-пікірлер алгебрасында ٧ белгісімен таңбаланады.

Дизьюнкция – ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де жалған болғанда ғана жалған мән қабылдайтын, пікірлердің ең болмағанда біреуі ақиқат болғандаа ақиқат мән қабылдайтын  күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.

Логикалық теріске шығару (инверсия) . «Емес»  жалғауының көмегімен пікірді теріске шығару амалы логикалық теріске шығару немесе инверсия деп аталады.

Инверсия:

-табиғи тілдегі «дұрыс емес», «теріске шығару»  сөздеріне және «емес» жалғауына сәйкес келеді.

-пікіпрлер алгебрасында     белгісімен таңбаланады.

Теріске шығару – ол әрбір қарапайым пікірге, негізгі пікірдің жалған екенін қорытындылайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.

 Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1.  Коньюнкция  дегеніміз не?

2.  Дизьюнкция дегеніміз не?

3.  Логикалық көбейтуді қалай түсінеміз?

4.  Логикалық қосуды қалай түсінеміз?

5. Логикалық теріске шығаруды қалай түсінеміз?

Үйге тапсырма:   §6  Логикалық амалдар.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау бағалау.

Оқушыларды бағалау.    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Логиканың негізгі түсініктері" (8 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 975 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2015 1747
    • DOCX 53.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Метхатова Саулет Метхатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Метхатова Саулет Метхатовна
    Метхатова Саулет Метхатовна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6373
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 18 регионов

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 38 регионов

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе