Инфоурок / Логопедия / Конспекты / Логопедтік сабақ жоспары [Р] дыбысын қою

Логопедтік сабақ жоспары [Р] дыбысын қою

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

«Қосалқы мектеп - интернат» КММ

















Логопедиялық сабақ жоспары

[Р] дыбысын қою













мұғалім- логопед: Жумагалиева К.Ж.













Семей қаласы

Тақырыбы: [Р ] дыбысын қою.

Мақсаты:

  1. Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемде айжырата білуге үйрету; сөздегі [Р ] дыбысының орнын табу

  2. Есте сақтау қабілетін дамыту, қол мен саусақ бұлшық ет қимылдарының ұсақ моторикасын дамыту.


Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлереінің суреті, ойын алаңы, суреттер, [ Р ] дыбысының символы, айна, зонд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше болайын деп тұр. Сабаққа көптеген қонақтар келіп отыр. Сен оларға дұрыс және таза сөйлей алатыныңды көрсетуің керек. Олай болса, сабақты бастамас бұрын арнайы жаттығуларды жасайық.

ІІ. Тыныс алу жаттығулары.

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Алмас, бізге жедел хат келіпті. Қане, алып оқиық. – «Сәламатсың ба,Алмас! Бізді жалмауыз кемпі… ұ..лап кетті. Құтқа…а кө…Сенің сүйікті ә..іпте..ің.»

  • Қалай ойлайсың, қандай әріптерді ұрлап кеткен? Мына сөзерге қай дыбыс жетпей тұр. Дыбысты ұзағырақ айтып, артикуляциясын еске түсір. ([Р ] дыбысының артикуляциясына тоқталады.)

  • Еріннің қалпы келесі дауысты дыбысқа тәуелді;

  • Жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ;

  • Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;

  • Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;

  • Дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.

  • Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.

 

Сонымен бүгінгі сабақта Р әрпін құтқарамыз.

ІV.Артикуляциялық жаттығу

«күрекше», «ат шауып келеді», «тәтті шырын», «алтыбақан», «сылақшы», «төбешік»

V. Тыныс шығаруын дұрыстауға арналған жаттығу.

Ал енді, Р әрпін құтқаруға дайынбыз. Бізге кім көмектесер екен?

Мүмкін біз сиқыршыдан көмек сұрармыз. Сиқыршы бізге өзінің шарын ұсынып тұр. Бұл жәй шар емес, сиқырлы шар. Егер сен оны үрлейтін болсаң, ол сені жалмауыз кемпірге алып барады. (Алмаспен шарды үрлей бастайды)

VІ. Р дыбысын буында дұрыс айтуға дағдыландыру.

(шар бұтақтарға келіп тіреледі)

Бұтақтарды жалмауыз кемпір қойып кеткен болар. Бұл кедергіден өту үшін, берілген тапсырмаларды дұрыс орындауың керек, сол кезде ғана жол ашылады.

Айтылған кезекпен буындарды қайтала


Ра-ро-ру ар-ор-ур

Ру-ру-рұ ор-ур-ыр

Ро-ру-ры ыр-ұр-ыр


Р дыбысын анық айт, созып айт


Ра-ра-ра-рас Ар-ар-ар-қар

Ро-ро-ро-ром Ор-ор-ор-тор

Ры-ры-ры-рыс Ыр-ыр-ыр-отыр


VІІ. Р дыбысын сөзде айтуға машықтандыру.

(шар бөренеге келіп тіреледі)

Жалмауыз кемпір мұнда да жауыздығын жасап, бөренені жолдың бойына қойып кетіпті. Тапсырманы орынап, бөренені орынан жылжытуымыз керек.

Тапсырма: Буындардан сөз құрау:

Қо , Ра, Рау, Шан, Да, На,Ра, Зы


VІІІ. Р дыбысын сөйлемде айтуға машықтандыру.

Міне, Р әрпін ұстап тұрған жалмауыз кемпірге де жеттік. Оның айтуы бойынша, ол Р әріптері қатысты сөздерді ұмытып қалыпты, сондықтан Р әрпін ұрлап кетіпті. Оның есіне түсірсек қайтеді? Олай болса, «Мен бастаймын, сен аяқта» ойынын ойнайық. Мына сөз тіркестерін есіңе сақтай дұрыс қайтала.

  1. Рахат Рауанға тәтті ….(алмұрт берді)

  2. Раушан тосапты сары…(өріктен қайнатты)

  3. Рауан ащы……(сарымсақты турады)

  4. Ардақ піскен….(қарбыз әкелді)

ІХ. Мыстан кемпірдің риза болуы.

-Дұрыс енді, осы сөйлемдердің кестелік сызбасын құрап, Р әріптерінің орнын тап.

- Кестелік сызбаны пайдаланып, сөйлемдерді дәптеріңе жаз.

Х. Қорытынды.

ХІ. Үйге тапсырма. [Р ] дыбысы бар сөздер жазып келу.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-252605

Похожие материалы