Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Әліппе- білім бастауы" ертеңгілігі 1 сынып

"Әліппе- білім бастауы" ертеңгілігі 1 сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Бейсенбаева Н.Е.

Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі




Тақырыбы: Әліппе – білім бастауы (қорытынды сабақ)

Мақсаты: Бірінші жарты жылдықта әліппеден алған білімдерін қайталау,бекіту, алған білімдерінің нәтижесін көрсету, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту ,білімге ,ана тілі оқулығына деген қызығушылықтарын арттыру,үлкенді сыйлауға , достыққа , алға қойған мақсатқа жетуге тәрбиелеу. «Қызықты әліппе», «Қызықты математика» электронды оқулықтарын, интерактивті тақтаны пайдаланып түрлі тапсырмаларды өз беттерінше орындау қабілеттерін арттыру.


Көрнекілігі: Нақыл сөздер, шарлар, гүлдер,электронды оқулық,интерактивті тақта,ертегі кейіпкерлеріне арналған маскалар,дипломдар.

Мұғалім:

7 жасар баласын

Жетпісте ата жетектеп,

Келе жатыр көшеде

Қайда әлгі мектеп ?-деп.

70 келед сүрініп, 7 келед жүгіріп

Балам, балам жақсы бол,

Міне, сенің мектебің,

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол тентегім.

7 кетті жүгіріп,

70 қалды үңіліп. (Қ. Аманжолов)


Армысыздар, қонақтар,

Бармысыздар, ұстаздар,

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр-әніміз.

(Әдемі безендірілген сыныпқа көңілді музыка әуенімен қолдарына әріптер жазылған шар ұстаған оқушылар кіреді)


Мұғалім:


Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат.

Ана тілімен достасып

Әліппемен қоштаспақ.

Ой білімі жаңғырып

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш балдырған,

Құтты болсын тойларың!

(Мектеп директорының құттықтауы)


Жақсы білім көрімдік

Болсын сізге, халайық.

Не үйреніп, не білдік

Қане, ортаға салайық.

«Мектеп» әні (хор)

Мұғалім:

-Білім кемесінің бұл белесінен де өттіңдер. Әліппе оқулығының әр бетін, әр мәтін, әр сөйлем, әр сөз, әр буын, әр дыбысын оқып тауысқан оқушылар Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар. (Осы кезде ортаға қалай болса солай киінген қолында рогаткасы бар Білмесбек шығады)

Білмесбек:

  • Мыналар неге жиналған? Менің Білмесбек деп атымды атаған қайсысың?

Мұғалім: -Сәлеметсің бе, Білмесбек! Бүгін Әліппемен қоштасу. Сен туралы айтқан мен.

Білмесбек:

-Әліппемен қоштасу? Қоштасыңдар, қоштасыңдар. Қой, мен кетейін, чао! (Ұ,А,О деген жазулары бар шарларға ұмтылады).

Білгішбек: -Тиіспе, менің шарыма. Мұнда әріп жазылған.

Білмесбек: -Әріп дейді? Қайдағы әріп? Мынау доңғалақтың суреті, ал мына біреу, мәссаған, рогатканың суретін салып қойыпты. Бұларды мен Әліппені оқымай-ақ білемін.

Білгішбек: -Ол не дегенің, Білмесбек! Бұлар О, Ұ әріптері ғой. Дыбыстардың атаулары болады. Рас, олар бір нәрсеге ұқсас болады. Мысалы:


-Қос аяққа ұқсаған,

Тізесінен тұсаған. (А)


-Қатар тұрған қос қазық,

Қол ұстасқан достасып. (Н)

-Жалғыз таяқ боп тұр,

Төбесінде доп тұр. (І)


-Көсеуіңнен аумайды,

От көсеуге болмайды. (Г)


Білгішбек-Міне, Білмесбек, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.

Білмесбек: -Ой, менен басқа да білмейтіндер бар шығар-ау?

-Жоқ, барлық балалар оқи біледі.

-Онда мен де кітап оқығым келеді.

-Өте дұрыс. Тек алдымен үсті-басыңды жөнге сал. Әліппені таза, әдепті бала ғана ұстайды.


Әділет: -Алфавиттің А тұрады басында,
Исмаил: -Әрқашан да Ә тұрады қасында.
Шыңғыс:-Байқадың ба? Б тұрады үшінші.
Бірге: -Ал осының сыры неде,түсінші?

Әділет:Ә -А деген ол-аналар ғой ардақты,
Исмаил:-Ә деген ол-әкелер ғой салмақты,
Шыңғыс:-Б деген ол-балалар ғой әдемі.


Бірге:-Біздің елде үшеуі де кәделі.
Сондықтан да,алшақ кетпей расында,
Тұрады олар алфавиттің басында
.


Ән. «Әліппе, Әліппе» хор.


Мұғалім:

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кітап тіл ашқан?


Бәрі: -Әліппе.

Амина:

-Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты болып шықты міне балаңыз!
Айғаным:

-Әліппе деген алтын жол
Апарады сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.

Дина:

-Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Амангелді:

-Әліппем менің Әліппем!
А деген бастап әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен .

Ән «Күнбағыс» (қыздар)


Нұрдәулет:

-Осылай алға аттадым,
Әр әріпті жаттадым.

Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым.


Аружан:

-Сөзімізге құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз,
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр-әніміз.

Жазира:

- Бар кітапқа бас болған
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.

Елнұр:

-Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.

Мұғалім: -Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Бәрі: Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті «Әліппе».


Аружан:

-Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі -өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Ән «Туған ел» Ахметжан Дина


Гүлжазира:

-Еркесі едім атамның,
Еркесі едім анамның,
Толдым биыл жетіге.
Мен оқушы атандым.

Ғалия:

- Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.

Томирис:

- Мынау менің әліппем,
Көгілдір туым түсіндей
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатты маған кісімдей.


Дильяра:

-Бірінші беттен елімнің,
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымын, сәнімін.

Данияр:

- Әліппе даңғыл жол ашып,
Жаңа пәнмен жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған,
Рақмет ұстазға алғашқы.


Ән «Біз балдырған баламыз»

Мұғалім:


-Әліппені бітірді балаларым

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып оқитын халге келді

Құтты болсын білімі балалардың!

Білімге жолды бастаған

Оқы деп ұран тастаған

Бәрі: Әліппе, саған мың рахмет!

Ән: «Ананың тілі»

Есіңде сақта!

-Әліппеде тізілген 42 әріп бар,

Тізілген сол ізімен өз кезінде танып қал.

Жаттап бәрін алмасаң,

Сауатты бола алмайсың.

Сауатты бола алмасаң,

Ақылың жетіп толмайсың.

Өзің де оқып аласың

Ертегіні ғажайып.

Мүмкін ғалым боларсың

Білімің әбден молайып.

Оқу келер еңбекпен,

Қиындықты жеңбекпен.

Еңбектен қашсаң әр кезде,

Кездесесің дөңбекпен.

Ерінбе! Оқы! Жалықпа!


Ән «Менің атым -Әліппе» хор


Мұғалім: Келесі кезеңде Әліппеден алған білімді тәжірибеде көрсете білейік.

Ертегілер еліне саяхат жасайық!


«Ормандағы мектеп» ертегісі:

Кірпі - Дина Көжек - Шыңғыс

Қоян – Амангелді Түлкі - Аружан

Аю - Томирис Шыбын – Данияр

Бақа – Айғаным

Қасқыр –Дильяра


Кірпі:Сәлеметсіздер ме, балалар!Қане,отырыңдар!

-Біз сабақты бастаймыз

Қайталаудан аспаймыз

Қане,көжек,ойланып

2-ге 3-ті қоса ғой.

(Көжек дірілдеп,қалтырап орнынан тұрып,былай дейді)

-Білмедім мен шешуін

Мүмкін құлап кетуім,мама

Мамасы:

Қос көрінер қорыққанға

Қорқу деген жаман іс

2-ге 3-ті қосқанда

Шықпай ма екен бес?

Кірпі:

Енді,түлкі,сен келші,

Өнеріңді көрсетші

2-ге 2-ні қосқанда

Не шығады соны айтшы?

(Түлкі дәптерін ақтарады.)

Кірпі:

-Дәптерге өйтіп қарама

Алдауға бізді бола ма?

Аспай-саспай ойланып

Шешуін тап толғанып

(Түлкі саусақпен 4 көрсетеді)

-Жақсы,түлкі,жарадың .


Кірпі:

-Енді қонжық келе ғой,

3-ке 3-ті қоса ғой.

Аю:Үшке 3-ті қосқанда «У-У-У»

Кірпі:

-Көп ойландың достым-ай

Жауабын сенің осы ма-ай?

(Шыбын орындығын айналып ызылдайды)

Кірпі шыбынға:

-Ал,шыбыным,айта ғой

4 пен 2-нің айырмасын

Дұрыс тауып бере ғой

Кірпі:

-Міне дұрыс жауап бердің,

Сұрағымды 5-ке білдің

Кірпі:

-Бақа, кезек саған келді

Шешуін айт мына өрнектің.

5 пен 3-тің айырмасын

Кәне тауып бере ғой.

(Бақа 2 рет бақылдайды)

Кірпі:

-Сен де дұрыс жауап бердің,

Асықпай-ақ тауып кеттің

Кірпі:

Қасқыр енді өзің айт

Аңдарда бар неше аяқ?

Қасқыр:

Оң аяқ пен сол аяқ

Болады міне 2 аяқ .

Оң аяқ пен сол аяқ

Болады міне 2 аяқ.

Барлығы міне 4 аяқ

Білеміз мұны айтпай-ақ.

Кірпі:

-Міне осылай тапқыр бол,

Ақылды бол достарым.

Сабақ бітті осымен ,

Сау болыңдар,достарым!


«Бір қазан сүт» ертегісі


1-ана – Ғалия: Бір қазан сүт пісіріп, суытуға қойып едім қаспағы да қалмапты

2 -ана – Жазира: Төгіліп қалып па, әлде біреу ішіп кетіп пе?

Көбелек – Елназ: Көбелек келіп «көлп» етіп, көбігін ішіп ол кетті.

Жапалақ – Айдана :Жапалақ келіп «жалп» етіп,жарымын ішіп ол кетті.

Қарға – Исмаил: Қарға келіп «қарқ» етіп, қалғанын ішіп ол кетті.

Сауысқан – Әділет:Сауысқан келіп «саңқ» етіп, сарқып ішіп ол кетті.

Қырғауыл – Аружан: Қырғауыл келіп қиқу сап, қазан түбі қаспағын қырнап ішіп ол кетті.


«Қу түлкі» ертегісі


Автор-Ғалия: Бір күні қолына таяқ ұстаған кәрі түлкі жолға шығады.Қатты шаршаған ол бір ауылға басын бұрып,алғашқы үйдің есігін қағады.

1-ші шаруа-Нұрдәулет: Бұл кім ,әй!

Түлкі-Әмина. : Мен түлкімін.Үйіңе қонуға рұқсат ет, қатты шаршап келемін

Нұрдаулет: Әрине, қона ғой,түлкі.Таяғыңды тауық қораға тастай сал.

( түлкі түнде оянып, таяғын далаға лақтырып жібереді де , қайта ұйықтауға жатады.)

Түлкі: Таяғымды қайда жібердің, енді орнына тауығыңды аламын .

(келесі күні 2-ші шаруаның үйіне келіп, есік қағады)

2-ші шаруа-Данияр: Бұл кім ,өзі!

Әмина: : Мен түлкімін.Үйіңе қонуға рұқсат ет, қатты шаршап келемін

Данияр: Әрине, қона ғой,түлкі.Тауығыңды үйрек қораға тастай сал.

(Түнде түлкі оянып тауығын жеп қояды да , ұйықтауға жатады )

Түлкі: Тауығымды қайда жібердің, енді орнына үйрегіңді аламын .

(келесі күні 3-ші шаруаның үйіне келіп, есік қағады)

3-шаруа Әділет: : Бұл кім ,өзі!

Түлкі-Әмина. : Мен түлкімін.Үйіңе қонуға рұқсат ет, қатты шаршап келемін

Әділет:

Әрине, қона ғой,түлкі,үйрегіңді қой қораға тастай сал.

( түлкі түнде оянып, үйрегін жеп алып , қайта ұйықтауға жатады.)

Түлкі: Үйрегімді қайда жібердің, енді орнына қойыңды аламын .

( Сөйтіп қу түлкі үйіне қой алып қ


Рөлге бөліп оқу : «Тоқылдақ»

Тоқылдақ-Айғаным, ағаш-Аружан


Тоқылдақ:-Тоқылдақпын тоқ,тоқ,тоқ.

Жараң бар ма?

Ағаш: -Көп, көп, көп.

Т:-Ал емдеймін –тоқ,тоқ, тоқ.

А:Тиіп жатыр дөп,дөп, дөп.

Енді ауруым жоқ, жоқ, жоқ.

Айтар алғыс көп, көп, көп.


Рөлге бөліп оқу: «Мысық»

Мысық- Шыңғыс , қыз-Томирис


Қыз: -Айтшы мысық, сен білсең

неше жасқа келдің сен?

Мысық: -Есептеуді білмеймін ,

Бірақ жаспын –ау деймін

Қыз: Есептеуді білмесең ,

Жаспын дейсің неге сен?

Мысық: Мұртымды әлі қырыққам жоқ,

Сақалым әлі шыққан жоқ!



Келесі кезеңде оқушылар электронды оқулықпен қызықты тапсырмалар орындап, интерактивті тақтада жұмыс істей алатындықтарын көрсете білді.Тапсырмалар:

«Заттың атын тап», «Қай әріп түсіп қалды?», «Кім жылдам?», «Қайсысы артық?» т.б.


Қорытынды сабақтың соңында оқушыларды тәрбие ісінің меңгерушісі Шығысова Жанат Темірғалиқызы мерекелерімен құттықтап,сауат ашу курсын бітірулеріне арналған дипломдармен марапаттады.

















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Бірінші жарты жылдықта әліппеден алған білімдерін қайталау,бекіту, алған білімдерінің нәтижесін көрсету, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту ,білімге ,ана тілі оқулығына деген қызығушылықтарын арттыру,үлкенді сыйлауға , достыққа , алға қойған мақсатқа жетуге тәрбиелеу.  «Қызықты әліппе», «Қызықты математика» электронды оқулықтарын, интерактивті тақтаны пайдаланып түрлі тапсырмаларды өз беттерінше орындау қабілеттерін арттыру.

 

 Көрнекілігі: Нақыл сөздер, шарлар, гүлдер,электронды оқулық,интерактивті      тақта,ертегі кейіпкерлеріне арналған маскалар,дипломдар. 

Автор
Дата добавления 28.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров280
Номер материала 463176
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх