Инфоурок Классному руководителю Конспекты«Әліппе- білім бастауы» ертеңгілігі

«Әліппе- білім бастауы» ертеңгілігі

Скачать материал

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

 

Сабақтың тақырыбы: Әліппе- білім бастауы

Мақсаты:

Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.

Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Мұғалім:

-Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппе – білім бастауы» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. Балаларымыздың білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Ендігі сөз кезегін 1 б сынып оқушыларына ұсынсақ!

Сахна сыртынан:    

-Ерте, ерте, ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек. Бұл елде хан мен оның ұлы өмір сүріпті (сахнаға шығады) .

Хан

Уа, халайық! Армысың,

Ағайын туған, бармысың

Жарлығымды тыңдаңдар,

Босқа қарап қалмаңдар

Мен сендерге сенемін

Ұлымды мектепке апарғанға

Ат басындай алтын беремін

Ұлы:

-Жоқ, әке!

Бұл не дегенің?

Оқымай-ақ мен бәрін білемін

Сабақ, оқу, әріп, жазу

Дәптер, кітап – ол не керек?

Ол не береді?

Мен  мықтымын, ханзадамын,

Батыр ұлдың бірімін.

Оқуыңа өзің бар,

Керек емес білімің!

Білімбек бала: Уа, тақсыр, армысыз,

                         Ханзада бармысыз?

Хан: Сен кімсің? Қайдан жүрген баласың?

Білімбек: -Менің атым Білімбек. №1 мектептің оқушысымын. Жақсы хабарым бар.

Естідім ұзынқұлақтан

Балалардың барлығы,

Келеді бүгін мектепке,

Ән салып, би билемекке.

Қоштасқалы отыр екен

Сүйікті кітап Әліппемен.

  -1 «б» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлайын деп жатыр, соны көріп ханзаданың пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.

Хан: Ойбай, ұлыма көмегі тисе, жүр, түс алға!

Ханзада: барсақ, баралық, көрсек, көрелік!

Сахнадан шығып кетеді.

 Вальс.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халайық!

2-жүргізуші: Армысыздар, ардақты әкелер мен аналар.

1-жүргізуші:

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

2-жүргізуші:

Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне қараңыз.

Ғылым, білім жолына

Енді күшті саламыз.

1-ж: Осы біздер қандаймыз?

1 – оқушы: Мың бұралған бишіміз.

2 – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз.

                   Сәл еркелеу бұзықпыз.

3-оқушы:

Біз шеберміз.Ақылдымыз!

4-оқушы:

Үлкенге ізеттіміз

Кішіге қамқоршымыз  

5-0қушы:

Көп оқимыз

Терең ойлаймыз!

6-оқушы:

Жанып тұрған шырақпыз

Толқынды су бұлақпыз.

7-оқушы:

Елімізді өркендететін

Қазақ тілін көркемдететін

8-оқушы:

 Бабаларға тағзым ететін

Аналарға бас иетін.

Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»

2-ж:

-Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені аяқтадық.

1-ж:

-Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын.

2-ж:

-Біз көп нәрсені-кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.

1-ж: Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.

Мұғалім:- Дұрыс айтасыңдар.Біз өз өнерімізді көрсетуге дайынбыз ба?

-Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші:

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен:

Болашаққа жол ашар,

Ол -сүйікті Әліппе,

Ол-сүйікті Әліппе!

Мұғалім:

Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені»  қошемет көрсетіп, ортаға шақырайық!

Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе

Әліппе ортаға шығады:

-Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

1-оқушы:

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

2-оқушы:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе!

3-оқушы:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

4-оқушы:

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.

Ән : Әліппе

Мұғалім: - Әліппе ,біздің балалар сенен әріп таныды. Сен арқылы сауаттанып, әріп үйреніп, енді өздері қосып оқып, өздері жаза алады.

Әліппе: Балалар, барлық әріпті меңгердік пе?

Хормен: Ия

Мұғалім: Әліппе, балалар барлық әріпті меңгерді. Қазір біздің Білімбек баламыз оқушылардың  сауттылығын тексеріп көрсін.Білімбек кел ,ортаға шық.Тапсырмаларың дайын ба? (Білімбекті іздеген болады).

Осы кезде сахнаға Білімбек,Хан,Ханзада шығады.

Білімбек: -Сәлеметсіздер ме? Кешіріңіздер кешігіп қалдым!Тапсырмаларды ала келдім.

Мұғалім: Сәлем бердік.Білімбек , неге кешігіп келдің?

Білімбек: Апай, мен өзіммен бірге қонақтарды ерте келдім.Оларға біздің көмек өте қажет.

Мұғалім: -Айта ғой . Біз жақсы іске әрқашанда көмек көрсетуге дайынбыз.

Солай ғой, балалар?

Білімбек : Ханзадаға көмек қажет.Ханзаданы мектепке баруға көндіру қажет.

Хан : Мен сендерге сенемін

         Ұлымды мектепке апарғанға

         Ат басындай алтын беремін.

Ханзада: Оқуыңа өзің бар,

                Керек емес білімің!

Әліппе: Ханзада, сен менің сөзіме сен. Мектеп – білім патшалығы. Сол мектептегі әр білімді бала сол патшалықтың ханы. Сенде мына балалардай боласың.

Мұғалім: - Біздің бүлдіршіндер барлық әріптерді үйренді. Таныған әріптерін еске түсіре отырып, біздің бүлдіршіндеріміз ханзадаға көмектесуге дайын тұр.Олай болса Ханзада, біздің балалардың өнерін тамашала.Сонда сенің мектепке деген көзқарасың өзгеретін шығар.

Әліппе: -Балалар қазақ тілінде қанша әріп бар? Онда барлығымыз «Әріптер» биін билесек.Келіңдер ортаға . Хан ,Ханзада келіңдер.

«Әріптер» биі. Қолдарына әріп жазылған кубиктер ұстап барлығы билейді.Билеп болған соң кубик ұстаған бала өлең оқып, кубиктерді сөз құралатындай етіп қояды.

М: Ақ мақтаны терейік

Мектепке тал егейік

Мерекелі жиында,

М ны айтып берейік.

Е: Ерлік,еңбек елдікпен,

Егеменді теңдікпен

Емендей мықтымыз

Е дыбысын білдік біз.

К: Күндей күліп өсеміз,

Көңілді кең көшеміз

«К» дыбысы көп екен,

Кітабымды көрсеңіз

Т: Төрт дегенім – төзім,

    Төзе білем өзім.

    Тоғыз деген тоқтау,

    Елдің жоғын жоқтау.

Е: Екі дегенім – елім,

Далам, тауым, көлім.

Елімнің үмітін ақтармын,

Ертең-ақ ержетіп.

П: Бала отыр партада

Оқы,үйрен шаршама

«П» дыбысы дауыссыз

Мәлім болды баршаңа

О: Он саусағым ойнасын

Бояп-бояп қоймасын

Отан,орман сөздерін,

«О» әрпімен ойлайсың,

Т:Тайға мініп шабамыз

Тау мен тасты табамыз.

Тарақ тайлақ тауықтан

«Т» дыбысын табамыз

А :Алма,алмұрт егеміз

Айға сапар шегеміз

Алақай-ау алақай

«А» дыбысын білеміз

Н: Нан-әлемнің азығы

Дастарқанның қазығы

Нан сөзінен балалар

Н дыбысын таныды

Мұғалім: (сөздерді оқыту)

-Балалар, біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық . О дыбысын өткенде Отан әнін үйрендік . Отан туралы өлең жаттадық.Ал осы Отан дегеніміз не? (оқушы ойын тыңдау)

Осы сұраққа  ән мен өлең шумақтарымен жауап беріп көрелік.

1-оқушы:

Кіндік қаным тамған жерім,

Қазақстан туған жерім.

Біздер үшін өз өмірін,

Ата - бабам қиған жерім.

2-оқушы:

Отаным менің туған жерім екен,

Таулары көкке таласқан.

Отан деген ол менің,

Кең - байтақ далам екен.

3-оқушы:

Назарбаев – басшысы,

Елі – оның қосшысы.

Тоғызыншы орын алатын,

Әлемнің ең жаршысы.

4-оқушы:

Мыңдаған халықты,

Баурап алған Қазақстан!

Бес елменен шектесіп,

Асқақтаған Қазақстан!

5-оқушы:

Жер қойнауы бай мекен,

Осындай ел бар ма екен?!

Дүниенің жүзінде,

Тату - тәтті ел екен!

«Отан» әні.

Әліппе:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп уанған,

Бұл даланы көріп алғаш қуанған.

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

-Балалар, ұлан байтақ жеріміздің, еліміздің  болашағы – ол білімді ұрпақ.Мына сендерсіңдер!

Білімбек: -Әліппе, біздің оқушылардың барлығы білімді, өнерлі, батыр балалар.Отанды қорғауға қазірден дайын.Дайынсыңдар ма,балалар?

 - Олай болса «Батырлар» биін тамашалайық!

«Батырлар» биі.

1-жүргізуші: -Біздің білім алатын ордамыз- мектеп. Мектеп –екінші үйіміз.

2-жүргізуші: -Біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді.

1-жүргізуші:  -Біз мектепке не үшін келеміз?

2-жүргізуші: - Оқу үшін. Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз.

1-жүргізуші: - Онда МЕКТЕПке арналған  тақпақтар тыңдап, ән шырқайық.

 1-оқушы:

Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

2 оқушы:

Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулисын 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

3-оқушы:

Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге,

Жамандықтан жирентіп,

Ақыл болған кім бізге!

4-оқушы:

-Әліппе оқуға,

 Үйреткен әр күні.

 -Үйретіп санауды,

 Көп еңбек сіңірген

 Мұғалім апай ғой!

5-оқушы:

Үйретіп  бізге әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді. 

Әліппе сырын ұқтырған

   Барлығы хормен:

 -Рахмет, ұстаз алғашқы!

Ән «Мұғалім ол біздің»

Әліппе: Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды арықарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар (Ана тілі оқулығын Білімбекке ұсынады).

Білімбек: - Балалар, қандай жақсы, енді біз ана тілі кітабын оқитын боламыз!

Ақыл-ойы дананың,

Ана тілі болады.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың,

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Мұғалім: - Ана тілі оқулығынан өлең –жырлар оқып, ертегілермен танысатын боламыз.

Хан мен Ханзадаға біз көмек көрсете алдық па?

Хан:- Балалар рахмет сендерге! Менің ұлым мектепке барамын деп тұр.Білімді боламын дейді.

Ханзада: - Осының барлығы Әліппенің арқасы екенін ұқтым. Біз Әліппені өз патшалығымызға шақырып тұрмыз.Бізбен жүріңіз.

Әліппе: -Жас достар, мен сендермен қимай-қимай қоштасқалы тұрмын. Амал қанша, қоштасуға тура келеді, Ханзаданың өзін және  достарын  сауаттылыққа үйрету асығып  тұрмын.

1-оқушы:

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

2-оқушы:

Қош бол, құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

3-оқушы:

Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

Ән. « Рахмет, саған, Әліппе!»

Білімбек:-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. 

-Балалар,енді мына тапсырмаларды орындап, ата-аналарымызға, қонақтарға өз білімімізді көрсетейік.

1-ші тапсырма: «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық,әрі жұмбақтың шешуін табайық.

1)Құйрығы сүйір,

Алаботаға үйір

Оның аты(Сиыр)  т.б.

-2-ші тапсырманы тыңдайық: Бұл тапсырма математика пәнінен екен.Санамақ айтып беру керек. Қане, кім келеді? Оқушылар санамақ атады.

Мұғалім: Отан туралы сұрақтар қою.

«Шешен» биі.

Білімбек: 3-тапсырма: Отан туралы,Отбасы  туралы мақал-мәтел айтып беріңдер.(Оқушылар мақал-мәтел айтады)

Мұғалім: -Ал, отбасы туралы көрініс қойып берсек.

Көрініс: « Менің отбасым»

Мұғалім: -Балалар, осы төрт ай ішінде біз көп нәрсені үйрендік. Ал оқушының басты міндетін білеміз бе? Бұл міндетті үнемі естен шығармай , орындап жүрулерің керек.Ол қандай міндеттер еді?

Оқушылар:

1Ата-ананы сыйлау-біздің парызымыз.

1. Отанымды сүюге

2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,

3. Отанымызды мақтаныш етуге;

5. Білімге ұмтылуға;

7. Табиғатты аялауға;

8. Мектеп ережесін сақтауға

9. Үлкеді құрметтеуге

10. Кішіге қамқор болуға      

Барлығы хормен: Уәде береміз!

Ән: « Бала тілегі»

1-жүргізуші: Осымен біздің  мерекелік сабағымыз аяқталды!

2-жүргізуші: Жақсы күндерде кездескенше!

 Мұғалім : Бүгінгі күн әр үйдің,

                  Той басы боп саналар,

                  Балалардың есімі Әулеттерге таралар.

                  Ырым етіп ертеңгілік соңында

                  Ақ тілекпен баршаға, Тілек айтар қонақтар!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Әліппе- білім бастауы» ертеңгілігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Әліппе- білім бастауы

Мақсаты:

Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.

Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Мұғалім:

-Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппе – білім бастауы» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. Балаларымыздың білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Ендігі сөз кезегін 1 б сынып оқушыларына ұсынсақ!

Сахна сыртынан:    

-Ерте, ерте, ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек. Бұл елде хан мен оның ұлы өмір сүріпті (сахнаға шығады) .

Хан

Уа, халайық! Армысың,

Ағайын туған, бармысың

Жарлығымды тыңдаңдар,

Босқа қарап қалмаңдар

Мен сендерге сенемін

Ұлымды мектепке апарғанға

Ат басындай алтын беремін

Ұлы:

-Жоқ, әке!

Бұл не дегенің?

Оқымай-ақ мен бәрін білемін

Сабақ, оқу, әріп, жазу

Дәптер, кітап – ол не керек?

Ол не береді?

Мен  мықтымын, ханзадамын,

Батыр ұлдың бірімін.

Оқуыңа өзің бар,

Керек емес білімің!

Білімбек бала: Уа, тақсыр, армысыз,

                         Ханзада бармысыз?

Хан: Сен кімсің? Қайдан жүрген баласың?

Білімбек: -Менің атым Білімбек. №1 мектептің оқушысымын. Жақсы хабарым бар.

Естідім ұзынқұлақтан

Балалардың барлығы,

Келеді бүгін мектепке,

Ән салып, би билемекке.

Қоштасқалы отыр екен

Сүйікті кітап Әліппемен.

  -1 «б» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлайын деп жатыр, соны көріп ханзаданың пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.

Хан: Ойбай, ұлыма көмегі тисе, жүр, түс алға!

Ханзада: барсақ, баралық, көрсек, көрелік!

Сахнадан шығып кетеді.

 Вальс.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халайық!

2-жүргізуші: Армысыздар, ардақты әкелер мен аналар.

1-жүргізуші:

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

2-жүргізуші:

Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне қараңыз.

Ғылым, білім жолына

Енді күшті саламыз.

1-ж: Осы біздер қандаймыз?

1 – оқушы: Мың бұралған бишіміз.

2 – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз.

                   Сәл еркелеу бұзықпыз.

3-оқушы:

Біз шеберміз.Ақылдымыз!

4-оқушы:

Үлкенге ізеттіміз

Кішіге қамқоршымыз  

5-0қушы:

Көп оқимыз

Терең ойлаймыз!

6-оқушы:

Жанып тұрған шырақпыз

Толқынды су бұлақпыз.

7-оқушы:

Елімізді өркендететін

Қазақ тілін көркемдететін

8-оқушы:

 Бабаларға тағзым ететін

Аналарға бас иетін.

Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»

2-ж:

-Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені аяқтадық.

1-ж:

-Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын.

2-ж:

-Біз көп нәрсені-кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.

1-ж: Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.

Мұғалім:- Дұрыс айтасыңдар.Біз өз өнерімізді көрсетуге дайынбыз ба?

-Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші:

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен:

Болашаққа жол ашар,

Ол -сүйікті Әліппе,

Ол-сүйікті Әліппе!

Мұғалім:

Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені»  қошемет көрсетіп, ортаға шақырайық!

Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе

Әліппе ортаға шығады:

-Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

1-оқушы:

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

2-оқушы:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе!

3-оқушы:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

4-оқушы:

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.

Ән : Әліппе

Мұғалім: - Әліппе ,біздің балалар сенен әріп таныды. Сен арқылы сауаттанып, әріп үйреніп, енді өздері қосып оқып, өздері жаза алады.

 

Әліппе: Балалар, барлық әріпті меңгердік пе?

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 325 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2015 966
    • DOCX 27.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Толегенова Асем Мирасиловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Толегенова Асем Мирасиловна
    Толегенова Асем Мирасиловна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 8
    • Всего просмотров: 79763
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 766 человек из 71 региона

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 26 регионов

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе