Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Әліппе білім бастауы 1 В сынып

Әліппе білім бастауы 1 В сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m33f46073.gifhello_html_m34334a3f.gif



Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы орта мектеп



















1 «В» сыныбы


Сынып жетекшісі: Байменова.Г.Ғ.























2014 жыл, желтоқсан.




Сабақтың тақырыбы: Әліппе – білім бастауы!

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту.
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі « Әліппе білім бастауы » атты кешімізге қош келдіңіздер.  Бүгін қуанышты күн. Міне, менің кішкентай балапандарым кеше ғана құшақтары гүлге толып мектеп табалдырығын аттаған болатын, қолдарына сүйікті де, сүйкімді Әліппе кітабын алған болатын. Сол әліппемен бүгінгі күні қимастықпен қоштасқалы отырмыз. Сіздердің алдарыңызда осы бүлдіршіндермен бүгін біз «Әліппе – білім бастауы!» атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Елімізде жылма - жыл мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған бүлдіршіндер сауатты оқушылар қатарын арттыруда. Қазақстан Республикасының гимні айтылады.
Музыка ойнап тұрады.  Сахнаға ( Есбол) хан мен оның кішкене қызы ( Аружан ) шығады. 
Хан: Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар, 
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін

Қызы: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
 Керек емес білімің

Тазша бала: (Артур) Уа, тақсыр, армысыз, 
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 «в» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!
Ханша: барсақ, баралық, көрсек, көрелік! 
1-Әли.Т Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар. 
1. Әли.Н Кешегі сәби балаңыз, 
 2. Арсен Жарады міне қараңыз. 
3.  Ақсұлтан Ғылым, білім жолына 
 4. Бексұлтан Енді қайық саламыз. 

5. Атина. Ұлдар, ұлдар тоқтаңдар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.

Үнді биі. Орындайтын қыздар тобы.
Мадияр Қазақстан Республикам дамыған

Еркіндігін бүкіл әлем таныған

Біздің елдің биіктігін көрсетті

Елтаңбасы, көк байрағы, әнұран



Жадыра   Астанам, ұлы, Астанам
                                  Ұлылыққа бастаған!
                                  Мақтан тұтар өзіңді,
                                 Кіп-кішкентай жас балаң



Нұрайна Зау-зау заңғар заңғарлар, 
                                Замандар бар, заңдар бар
                                З-да барлық заңдылық
                               Заңда з мен заң болар!
Қасымхан      Ана тілің арың бұл  
                                  Ұятың боп тұр бетте
                                    Өзге тілдің бәрін біл
                                 Өз тіліңді құрметте!
Ақниет      Қарағанды көмірі
                              Қостанайдың егіні.
                                Даласындай жомарт қой
                                Қазағымның көңілі.                

Бекзат Т            Жағасында Ертістің
                                Семей деген қалам бар
                               Туған мұнда атақты
                              Абай, Мұхтар, бабалар
Жансая        Жарақты жаумен жұлқысқан 
                                 Қылышты жаумен қырқысқан
                              Ең ежелгі астана
                                 Қасиетті Түркістан!
Нурикамал               А деген ол аналар ғой ардақты

Ә деген ол әкелер ғой салмақты

Б деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі                    
Абзал      Н дегенің нағашым

Бұған болмас таласың

Келгенде үйге нағашым

Қуанады анашым                        

Мұғалім: Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай әріп шығады екен?
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады?
Ендеше, сендер  Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар. Ендеше туған елімізге арнап «Отан» әнін шырқайық.
«Отан» хор
Қолдарына көк ту ұстайды.

Аружан: Әке! Мен мектепке барғым келеді. Онда ән де, би де үйренуге болады екен. Рахмет сізге!

Хан: Ал ендеше қолдарыңды жайыңдар. Білімнің бетін жарық ет

Келесі оқу жылына

Аман есен түгел жет

Бес болсын алар бағаңыз

Білімнен бақыт табамыз

Өнер білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз

Әумин!

Аружан: Жаңа достарыма өз өнерімді көрсетсем деп едім.

Би « Барбарики» Орындайтын Аружан

Мұғалім:
Айтыңдаршы, 
 Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол –әліппе.
Мұғалім: Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шықырайық.
(Музыка қосылып, балалар әліппені тосады)
Мұғалім: Әліппе неге кешікті екен?
Осы кезде электронды почтаға хат келіп түседі. 
Мұғалім: Балалар, жолда досын ертіп келе жатқан әліппені ҚЫС ХАНШАЙЫМЫ  ұстап алыпты. Оның бізге мынадай талабы бар екен.
Ханшайымның тапсырмаларын орындайық.

Барлық тапсырмаларын орындадық, ендеше қошеметпен қонақтарды қарсы алайық!
Әліппе ортаға шығады: 
Әйгерім
-Армысыңдар жас достар! 
 Армысыңдар, ата-ана! 
 Болашаққа жол бастар, 
 Әліппең келді ортаға. 
 Білім деген ғажаптың, 
 Әліппесін меңгерген. 
 Келешегі қазақтың, 
 Басталады сендерден. 
 Таудай болса талабың, 
 Айтары көп әріптің 
 Қуанышы баланың 
 Қуанышы ананың 
 Жақсы білім көрімдік, 
 Болсын бізге халайық. 
 Не үйретіп, не білдік, 
 Қане, ортаға салайық!

Әліппе: Менің сендерге арнаған тапсырмаларым бар , сол арқылы сендердің әліппені қалай меңгергендеріңді байқайын.

  • Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

  • Олар неге қызыл, көк, қара көйлек киіп алған?

  • Н әрпінен басталатын сөздерді кім айтады?

  • Әліппеден не үйрендіңдер? 
     Айжан Бар кітапқа бас болған,
    Әліппе-ғылым анасы.
    Әліппеден басталған
    Даналықтың данасы.
    Аян Ашыла берді алдымнан
    Кең дүние есігі
    Соғылған сомдап алтыннан
    Әліппе - білім бесігі
    Арсен Әліппе сауатыңмен санамды аштың
    Достарыммен теңдес араластым
    Үйреніп әріптер мен әңгімені
    Күн сайын алға қарай қадам бастым.

Байарыс Алғаш рет қолыма ұстадым

Әліппе сыйлаған ұстазым

Білім атты әлемге аштың жол

Рахмет саған әліппе! Қош сау бол


Гүлайхан Көмегіңмен өзіңнің әліппем

Таныстық қырық екі әріппен

Ең алғаш білімді алдық мол

Рахмет саған әліппе! Қош сау бол


Ән «Әліппе» 
Мұғалім : балалар, енді әліппемен қоштасар сәтте келіп жетті. Әліппе кітабынан әріптерді танып білдік. Ұқыпты, таза ұстадық.

Ертең алтыға толатын, 
Сендердей әпке болатын
Әліппені алып қолына
Үлгілі шәкірт болатын кішкене бүлдіршінге әліппені тапсырайық.


Әліппе: Білімнің көп қой саласы, 
Әліппе соған  жолбасшы
Ғылымның қиын жалғасын
Басқа кітаптан табарсың! 
-    Қош болыңдар, балалар! 


Мұғалім : Балалар, енді біз ана тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!
Ана тілі: Диляра
Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын,
Түсіндірем бәріңе
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігің


Мұғалім : Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз.

Атина Әріптерді үйретіп, 
Жақын болған кім бізге,
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге!

Диас Әліппе оқуға, 
 Үйреткен әр күні 
 -Үйретіп санауды, 
 Көп еңбек сіңірген 
 Мұғалім апай ғой! 
Бекзат Б Үйретіп ұстаз бізге әліппені, 
 Ақыл мен ғылымға жол салып берді. 
  Адамның ақыл-ойы, мақсаттары, 
  Оқудың сәулесімен жарық көрді. 
Бексұлтан Әліппе даңғыл жол ашты, 
 Жаңадан пәндер жалғасты. 
 Әліппе сырын ұқтырған 
   Рахмет, ұстаз алғашқы! 
Ән «Мұғалім ол біздің» 


Мұғалім: Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз: 
 Мұғалім:  Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана!  Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. 
Ән «Мама » Орындайтын Нурикамал


Әли Т Әрқашанда тыңдаймыз

Әке менен ананы

Еңбек етіп шыңдаймыз

Білім менен сананы

Біз тәртіпті баламыз

Айтқан тілді аламыз

Аман болсын әкеміз бен анамыз

Әли Н Мейірім мен шапағат

Анашымнан тарайды

Әділдік пен парасат

Әкешімнен тарайды

Ақсұлтан Ата-ананың айтқанын

Жадымызда сақтаймыз

Жарқыратып әр таңын

Сенімдерін ақтаймыз


Ән: « Әліппе» ( жаңа түрі)

Мұғалімнің қорытынды сөзі. Ата-аналарға сөз беру.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту.
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі « Әліппе білім бастауы » атты кешімізге қош келдіңіздер.  Бүгін қуанышты күн. Міне, менің кішкентай балапандарым кеше ғана құшақтары гүлге толып мектеп табалдырығын аттаған болатын, қолдарына сүйікті де, сүйкімді Әліппе кітабын алған болатын. Сол әліппемен бүгінгі күні қимастықпен қоштасқалы отырмыз. Сіздердің алдарыңызда осы бүлдіршіндермен бүгін біз «Әліппе – білім бастауы!» атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Елімізде жылма - жыл мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған бүлдіршіндер  сауатты оқушылар  қатарын арттыруда

Автор
Дата добавления 01.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров276
Номер материала 470546
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх