Инфоурок Начальные классы Рабочие программыӘліппемен қоштасу 1 сынып

әліппемен қоштасу 1 сынып

Скачать материал

 

Қош бол, әйбат Әліппем

Тақырыбы: Қош бол, әйбат Әліппем!

Мақсаты:

а) Оқушылардың әліппеден алған білімдерін көрсету. Әріптерді қалай меңгергенін және өз өнерлерін көрсете білуге үйрету.

ә) Білімге, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.

б) Ақыл ойын дамыту, сөздік қорын арттыру.

Көрнекілігі: шар,

 

І. Кіріспе.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін , оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған, кіп-кішкентай жүректері бұлқына соққан балғын бүлдіршіндер еді. Қолдарына алған тұңғыш оқулықтары әліппеге тамсана қарап, оның әр бетін қызыға парақтаған болатын. Ал қазір ше? Қазір олар ойлары толысқан , әр бетін тамсана тамашалаған әліппе оқулығындағы 42 әріпті жатқа білген, кез-келген әңгіме, ертегіні өзі оқи алатын дәрежеге жеткен оқушылар.Әйбат Әліппелерімен қимай-қимай қоштасқалы тұр балғын бүлдіршіндер

 

ІІ. Мұғалім:

Тыңда, халқым, ертегі

Ертегі сыр шертеді

Бүгінгі мынау заманда

Жер шары деген ғаламда

Балаларға білім беретін

Мектеп патшалығы өмір сүріпті.

Патшалықты №18 орта мектеп деп атаған. Ол патшалықты өте білімді адам басқарыпты. Патшалықта оқу ісі меңгерушілері және балалардың тәрбиесімен айналысқан уәзірлер болыпты. Патшаның сарайында білім беру ісінде үздік саналған, өз ісінің шебері атанған көптеген ұстаздар қызмет етіпті. Мектеп патшалығында іші балаларға толы шағын сарайлар болыпты. Оқу ісін меңгеруші уәзірі ішке енуге батылдары бармай тұрған № 203 сарайға тапсырыпты. Міне, 1 қыркүйектен бастап сол сарайдағы 28 баланы алаңсыз білім алып оқып жүр.

Күндердің күнінде сол кішкентай балалар білім жолына есік ашқан әліппе оқулығын тамамдап, Ана тілі оқулығына қол созады. Сөйтіп олар әйбат Әліппелеріне алғыстарын білдіру үшін ұстаздары мен ата-аналарын мерекелік кештеріне шақырыпты.

 

Мерекелік залға сәнді киінген 1 «а» сынып оқушылары кіреді.

 

 

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп не білдік,

Қане ортаға салайық!

 

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық!

 

 

 

Муз.номер: Би

 

 

Жүргізуші: Осы біздер қандаймыз?

 2 – оқушы: Мың бұралған бишіміз

 3 – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз.

 Сәл еркелеу бұзықпыз.

 4-0 Біз шеберміз

 Ақылдымыз  

 6-0 Үлкенге ізеттіміз

 Кішіге қамқоршымыз

 7-0 Көп оқимыз

 Терең оқимыз

 8. Өнерліміз

 Жанып тұрған шырақпыз

 Толқынды су бұлақпыз

 10. Елімізді өркендетін

 Қазақ тілін көркемдететін

 11. Бабаларға тағзым ететін

 Аналарға бас иетін. 

 12. Елтаңбасымен еңселі

 Туымен тұғырлы

 Әнұранмен айбатты

Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»

 

   Мұғалім:: Балалар мен сендерге бір сұрақ қояйын.

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Балалар: Әліппе!

 

 

 

Мұғалім:

Олай болса, бәрімізге ең қымбат сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық.

Балалар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

 

 

 

 

Әліппе: Армысыңдар, жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға.

Келешегі қазақтың,

 Басталады сендерден.

 Таудай болса талабың,

 Айтары көп әріптің

 Қуанышы баланың

 Қуанышы ананың

 Жақсы білім көрімдік,

 Болсын бізге халайық.

 Не үйретіп, не білдік,

 Қане, ортаға салайық

 

Менің атым - әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып, ержеткен

Ағаң менен әпкең де.

 

Сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал енді бүгін маған өз білімдеріңді көрсетіңдер. Айтпақшы, Алматы қаласындағы мен шыққан «Атамұра» баспасынан хат келіпті. Сол хатты кім оқып береді?

 

Аружан «Амансыңдарма, балалар! Міне, 2 тоқсан артта қалып, әйбат Әліппеңмен қоштасып жатырған боларсыңдар. Біз сіздердің жақсы оқып, елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңе сенеміз. Әліппемен қалай дос болсаңдар, Ана тілі оқулығымен де солай дос болады деп сенеміз. Ана тілін ренжітпеңдер!

Сәлеммен: «Атамұра» баспасы.»

 

 

 

Жүргізуші: Балалар, «Әліппе» оқулығына әріптер мен дыбыстарды қалай меңгергенімізді және өз өнерлерімізді көрсетейікші.

 

Ән: Әліппе

 

1. Әліппем, менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

 

2. Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті әліппем.

Сенің арқаң оқып, жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім.

 

3. Білімге жолды бастаған

Әліппем саған мың алғыс

Оқы деп ұран тастаған

Әліппем саған мың алғыс!

 

4. Көлге айналған бұлақтың,

Қайнар көзін көріппең.

Том-том кітаптың

Басы болар әліппең.

 

 

5.  Әліппе деген-алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа.

 

6. Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық, тойладық.

 

7. Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды.

 

8. Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Мектебің мынау класың

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың.

 

 

9.  Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде?

Түсінші:

А деген ол - аналар ғой ардақты,

Ә деген ол - әкелер ғой салмақты,

Б деген ол - балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да, расында

Тұрады олар алфавиттің басында.

 

10. Мынау менің әліппем,

Сары алтынның түсіндей.

Ақылшы жақын досымдай

Қымбатты маған кісімдей.

 

11.  Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

 

12.  Іші толған әріпке,

Мынау әйбат әліппе.

Барлық ілім-білімнің,

Әжесі осы-әліппе.

 

13.  Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе

 

14.  Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің әліппе.

 

15.  Әліппе-білім анасы,

Әліппе- кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы.   ?

 

 

 

Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

 

 

Қыздар: Балаларға ақ тілек,

Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.

Хормен: Біздерге білім үйреткен,

Әліппе, саған рахмет.

 

 

Мұғалім:

  Балалар,біз тағы не үйрендік.Әліппеге көрсетейікші.Алғашқы Әліппені кім жазды?

 

Жұмбақ жаңылтпаш, санамақ, өлең және ән үйрендік. Енді кез-келген кітапты оқи аламыз. Ыбырай және Абай атамызбен таныстық.

 

2 оқушы: Ыбырай Алтынсарин- тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш әліппені жазды.

3оқушы: Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.

4оқушы: Абай- қазақ халқының ұлы ақыны. Біз Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ» деген өлеңдерін үйрендік.

 

5 оқушы: Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

 

 

Әліппе:

Балалар! Тамаша!Енді кім маған апта аттарын, саусақ атауларын, жеті ата қалай аталатынын айтып береді.

6 оқушы: Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі

7 оқушы : Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

8 оқушы: Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

 

 

Әліппе: Жарайсыңдар! Тағы не үйрендіңдер,соны білгім келіп тұр?

 

Әліппе: Мына сөздердің барлығына  ортақ әріпті табыңдар?

Жүзім    пияз    қарбыз    аяз     зымыран     қораз

 

Ал, мына сөздердегі қалдырылған әріптерді табыңдар?

Сағ.т      т.лкі      қ.лам    т.қта    д.птер         .ліппе

 

 

 

А-ны айтқанда дауысымыз дірілдеді,

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын білем.

Сөз оқимын, айырып әріпті енді.

 

 Әліппе – білім анасы

Әліппе –кітап данасы,

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?

 

 Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те,

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе!

 

 

Әліппем менің әліппем

Өмірді келем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет!

 

Әліппе: Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Болашақта да осылай оқыңдар.

Мен сендердің білімді, ынталы, ақылды екендеріңе көзім жетті.Қоштасатын да уақыт келді. Бірақ сендер мұңаймаңдар.Сендерге мен сыйлық жасағалы отырмын.Мұра ретінде сендерге Ана тілі деп аталатын бауырымды қалдырып кеткелі отырмын. 4жыл бойы осы Ана тілімен бірге боласыздар.

 Енді мен сендермен қоштасайын. Алдағы уақытта жақсы оқыңдар. Ата-аналарыңды, ұстаздарыңды тыңдаңдар. Менің досымды Ана тілін ренжітпеңдер, оқыңдар.

 

Муз.номер.  «Ән « Рахмет,саған әліппе»

 

Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

 Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық.

Бәріміз қол соғып.

 

 

Ана тілін қарсы алайық, (Ортаға ана тілі шығады)

 

 

 

 

 

Ана тілі: Сәлеметсіңдерме, менің жас достарым. Мен сендермен танысқаныма қатты қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Сонда ғана көп нәрсе үйренесіңдер.

 

Ана тілің – біліп қой,

Бостандығың теңдігің.

Ана тілің – біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

 

Анам алғаш осы тілде

Бесік жырын жырлаған

Ұзақ түндер анам айтқан

Ертегілер тыңдағам.

 

 

 Ана тілім менің

Әлдилеген әнім

Ана тілім-демім

Ана тілім-жаным.

 

Муз. Номер Ана тілі

 

Ана тілі: Рахмет сендерге, балалар. Ал, балалар, осы әліппеден сауаттарыңды ашқан кім? (Ұстаз)

 

Барша жұртқа сыйлаған

Ілім білім мұратын

Өмірдегі сыйлы адам

Бес әріптен тұратын

Жаны шуақ, мейірімді,

Ұстазды кім білмейді.

 

Ән: Доп

 

Жүргізуші:

   Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Сіздерге Ж, Қ, А, О, Т әріптерін береміз. Мен қойған сұрақтарға тек сіздерге берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.

-Балаңыздың аты кім?

-Балаңыздың досы кім?

-Балаңыз қандай?

-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?

-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?

 

Жүргізуші: Ойынға қатысқандарыңызға рақмет.

 

Әліппе: Бәрі жақсы, балалар

 

Ана тілі: Балалар әліппеге, ұстазға, ата-аналарға рақмет айтайық.

Жүргізуші:

 Қош болып тұр, әліппе анамдайсың

Жақсы бол деп біздерге алаңдайсың

Мен үйреткен әріптің құдіретімен

Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.

Хормен. Қош бол, Әліппе!

Әліппе: Сау болыңдар, жас достар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әліппемен қоштасу 1 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

Қош бол, әйбат Әліппем

Тақырыбы: Қош бол, әйбат Әліппем!

Мақсаты:

а) Оқушылардың әліппеден алған білімдерін көрсету. Әріптерді қалай меңгергенін және өз өнерлерін көрсете білуге үйрету.

ә) Білімге, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.

б) Ақыл ойын дамыту, сөздік қорын арттыру.

Көрнекілігі: шар,

 

І. Кіріспе.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін , оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған, кіп-кішкентай жүректері бұлқына соққан балғын бүлдіршіндер еді. Қолдарына алған тұңғыш оқулықтары әліппеге тамсана қарап, оның әр бетін қызыға парақтаған болатын. Ал қазір ше? Қазір олар ойлары толысқан , әр бетін тамсана тамашалаған әліппе оқулығындағы 42 әріпті жатқа білген, кез-келген әңгіме, ертегіні өзі оқи алатын дәрежеге жеткен оқушылар.Әйбат Әліппелерімен қимай-қимай қоштасқалы тұр балғын бүлдіршіндер

 

ІІ. Мұғалім:

Тыңда, халқым, ертегі

Ертегі сыр шертеді

Бүгінгі мынау заманда

Жер шары деген ғаламда

Балаларға білім беретін

Мектеп патшалығы өмір сүріпті.

Патшалықты №18 орта мектеп деп атаған. Ол патшалықты өте білімді адам басқарыпты. Патшалықта оқу ісі меңгерушілері және балалардың тәрбиесімен айналысқан уәзірлер болыпты. Патшаның сарайында білім беру ісінде үздік саналған, өз ісінің шебері атанған көптеген ұстаздар қызмет етіпті. Мектеп патшалығында іші балаларға толы шағын сарайлар болыпты. Оқу ісін меңгеруші уәзірі ішке енуге батылдары бармай тұрған № 203 сарайға тапсырыпты. Міне, 1 қыркүйектен бастап сол сарайдағы 28 баланы алаңсыз білім алып оқып жүр.

Күндердің күнінде сол кішкентай балалар білім жолына есік ашқан әліппе оқулығын тамамдап, Ана тілі оқулығына қол созады. Сөйтіп олар әйбат Әліппелеріне алғыстарын білдіру үшін ұстаздары мен ата-аналарын мерекелік кештеріне шақырыпты.

 

Мерекелік залға сәнді киінген 1 «а» сынып оқушылары кіреді.

 

 

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп не білдік,

Қане ортаға салайық!

 

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық!

 

 

 

Муз.номер: Би

 

 

Жүргізуші: Осы біздер қандаймыз?

 2 – оқушы: Мың бұралған бишіміз

 3 – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз.

 Сәл еркелеу бұзықпыз.

 4-0 Біз шеберміз

 Ақылдымыз 

 6-0 Үлкенге ізеттіміз

 Кішіге қамқоршымыз

 7-0 Көп оқимыз

 Терең оқимыз

 8. Өнерліміз

 Жанып тұрған шырақпыз

 Толқынды су бұлақпыз

 10. Елімізді өркендетін

 Қазақ тілін көркемдететін

 11. Бабаларға тағзым ететін

 Аналарға бас иетін. 

 12. Елтаңбасымен еңселі

 Туымен тұғырлы

 Әнұранмен айбатты

Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»

 

   Мұғалім:: Балалар мен сендерге бір сұрақ қояйын.

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Балалар: Әліппе!

 

 

 

Мұғалім:

Олай болса, бәрімізге ең қымбат сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық.

Балалар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

 

 

 

 

Әліппе: Армысыңдар, жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға.

Келешегі қазақтың,

 Басталады сендерден.

 Таудай болса талабың,

 Айтары көп әріптің

 Қуанышы баланың

 Қуанышы ананың

 Жақсы білім көрімдік,

 Болсын бізге халайық.

 Не үйретіп, не білдік,

 Қане, ортаға салайық

 

Менің атым - әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып, ержеткен

Ағаң менен әпкең де.

 

Сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал енді бүгін маған өз білімдеріңді көрсетіңдер. Айтпақшы, Алматы қаласындағы мен шыққан «Атамұра» баспасынан хат келіпті. Сол хатты кім оқып береді?

 

Аружан«Амансыңдарма, балалар! Міне, 2 тоқсан артта қалып, әйбат Әліппеңмен қоштасып жатырған боларсыңдар. Біз сіздердің жақсы оқып, елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңе сенеміз. Әліппемен қалай дос болсаңдар, Ана тілі оқулығымен де солай дос болады деп сенеміз. Ана тілін ренжітпеңдер!

Сәлеммен: «Атамұра» баспасы.»

 

 

 

Жүргізуші: Балалар, «Әліппе» оқулығына әріптер мен дыбыстарды қалай меңгергенімізді және өз өнерлерімізді көрсетейікші.

 

Ән: Әліппе

 

1. Әліппем, менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

 

2. Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті әліппем.

Сенің арқаң оқып, жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім.

 

3. Білімге жолды бастаған

Әліппем саған мың алғыс

Оқы деп ұран тастаған

Әліппем саған мың алғыс!

 

4. Көлге айналған бұлақтың,

Қайнар көзін көріппең.

Том-том кітаптың

Басы болар әліппең.

 

 

5.  Әліппе деген-алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа.

 

6. Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық, тойладық.

 

7. Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды.

 

8. Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Мектебің мынау класың

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың.

 

 

9.  Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде?

Түсінші:

А деген ол - аналар ғой ардақты,

Ә деген ол - әкелер ғой салмақты,

Б деген ол - балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да, расында

Тұрады олар алфавиттің басында.

 

10. Мынау менің әліппем,

Сары алтынның түсіндей.

Ақылшы жақын досымдай

Қымбатты маған кісімдей.

 

11.  Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

 

12.  Іші толған әріпке,

Мынау әйбат әліппе.

Барлық ілім-білімнің,

Әжесі осы-әліппе.

 

13.  Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе

 

14.  Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің әліппе.

 

15.  Әліппе-білім анасы,

Әліппе- кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы.   ?

 

 

 

Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

 

 

Қыздар: Балаларға ақ тілек,

Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.

Хормен: Біздерге білім үйреткен,

Әліппе, саған рахмет.

 

 

Мұғалім:

  Балалар,біз тағы не үйрендік.Әліппеге көрсетейікші.Алғашқы Әліппені кім жазды?

 

Жұмбақ жаңылтпаш, санамақ, өлең және ән үйрендік. Енді кез-келген кітапты оқи аламыз. Ыбырай және Абай атамызбен таныстық.

 

2 оқушы: Ыбырай Алтынсарин- тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш әліппені жазды.

3оқушы: Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.

4оқушы: Абай- қазақ халқының ұлы ақыны. Біз Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ» деген өлеңдерін үйрендік.

 

5 оқушы: Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

 

 

Әліппе:

Балалар! Тамаша!Енді кім маған апта аттарын, саусақ атауларын, жеті ата қалай аталатынын айтып береді.

6 оқушы: Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі

7 оқушы : Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

8 оқушы: Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

 

 

Әліппе: Жарайсыңдар! Тағы не үйрендіңдер,соны білгім келіп тұр?

 

Әліппе: Мына сөздердің барлығына  ортақ әріпті табыңдар?

Жүзім    пияз    қарбыз    аяз     зымыран     қораз

 

Ал, мына сөздердегі қалдырылған әріптерді табыңдар?

Сағ.т      т.лкі      қ.лам    т.қта    д.птер         .ліппе

 

 

 

А-ны айтқанда дауысымыз дірілдеді,

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын білем.

Сөз оқимын, айырып әріпті енді.

 

 Әліппе – білім анасы

Әліппе –кітап данасы,

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?

 

 Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те,

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе!

 

 

Әліппем менің әліппем

Өмірді келем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет!

 

Әліппе: Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Болашақта да осылай оқыңдар.

Мен сендердің білімді, ынталы, ақылды екендеріңе көзім жетті.Қоштасатын да уақыт келді. Бірақ сендер мұңаймаңдар.Сендерге мен сыйлық жасағалы отырмын.Мұра ретінде сендерге Ана тілі деп аталатын бауырымды қалдырып кеткелі отырмын. 4жыл бойы осы Ана тілімен бірге боласыздар.

 Енді мен сендермен қоштасайын. Алдағы уақытта жақсы оқыңдар. Ата-аналарыңды, ұстаздарыңды тыңдаңдар. Менің досымды Ана тілін ренжітпеңдер, оқыңдар.

 

Муз.номер.  «Ән « Рахмет,саған әліппе»

 

Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

 Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық.

Бәріміз қол соғып.

 

 

Ана тілін қарсы алайық, (Ортаға ана тілі шығады)

 

 

 

 

 

Ана тілі: Сәлеметсіңдерме, менің жас достарым. Мен сендермен танысқаныма қатты қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Сонда ғана көп нәрсе үйренесіңдер.

 

Ана тілің – біліп қой,

Бостандығың теңдігің.

Ана тілің – біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

 

Анам алғаш осы тілде

Бесік жырын жырлаған

Ұзақ түндер анам айтқан

Ертегілер тыңдағам.

 

 

 Ана тілім менің

Әлдилеген әнім

Ана тілім-демім

Ана тілім-жаным.

 

Муз. Номер Ана тілі

 

Ана тілі: Рахмет сендерге, балалар. Ал, балалар, осы әліппеден сауаттарыңды ашқан кім? (Ұстаз)

 

Барша жұртқа сыйлаған

Ілім білім мұратын

Өмірдегі сыйлы адам

Бес әріптен тұратын

Жаны шуақ, мейірімді,

Ұстазды кім білмейді.

 

Ән: Доп

 

Жүргізуші:

   Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Сіздерге Ж, Қ, А, О, Т әріптерін береміз. Мен қойған сұрақтарға тек сіздерге берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.

-Балаңыздың аты кім?

-Балаңыздың досы кім?

-Балаңыз қандай?

-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?

-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?

 

Жүргізуші: Ойынға қатысқандарыңызға рақмет.

 

Әліппе: Бәрі жақсы, балалар

 

Ана тілі: Балалар әліппеге, ұстазға, ата-аналарға рақмет айтайық.

Жүргізуші:

 Қош болып тұр, әліппе анамдайсың

Жақсы бол деп біздерге алаңдайсың

Мен үйреткен әріптің құдіретімен

Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.

Хормен. Қош бол, Әліппе!

Әліппе: Сау болыңдар, жас достар!

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 615 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2015 1473
    • DOCX 79 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибраева Асылтас Калиаскаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ибраева Асылтас Калиаскаровна
    Ибраева Асылтас Калиаскаровна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56061
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе