Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Ұлт басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан дамуының жарқын бейнесі
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Ұлт басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан дамуының жарқын бейнесі

библиотека
материалов

Тақырыбы:

Ұлт басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан дамуының жарқын бейнесі


Мақсаты:

Оқушыларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа құрмет көрсетуге, оның ел басқарған 20 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елінің ішкі және сыртқы саясатта қол жеткізген табыстарын бағалай білуге, халқына, Отанына адал қызмет еткен Елбасының жетістіктерін баяндай отырып, оқушыларды Ұлтжандылыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, бүктемелер, кітаптар, ҚР Президентінің жолдаулары


hello_html_m505caa77.gifhello_html_2f007159.jpghello_html_m2b2cb58.jpg


Әнұран орындалады.

Мұғалім:

Бүгін біз елеулі істерді қорытындылаймыз, бұл негізінен не жасалғаны, сонымен қатар, келешекте қандай маңызды істер атқару керектігі туралы ой қорытындысы. Әрине, бұл жетістіктер мен елеулі табыстар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев есімімен байланысты. Елбасы еліміз үшін күрделі және қиын кезеңде оның аяғынан тік тұрып кетіп, тұрақты дамуы үшін бар ауыр жүк пен жауапкершілікті мойнына алды. Ол бейбітшілік пен келісім, кемел даму мен тұрақтылықты арқалаған гүлдену мен табысқа қол жеткізуге асыққан тәжірибелі капитан сияқты ел кемесін тапжылмай жүргізіп келеді. Өткен 20 жыл ішінде еліміз өзге елдер жүз және жүзден астам жыл жете алмаған биік шыңдарға жетті. Осы орайда О.Сүлейменовтің «Көшпенді бар қарқынмен шауып келе жатыр, ал ғасырлар жай ғана жылжиды» дген сөздерінің елбасымызға және біздің елімізге тікелей қатысы бар.

Джонатан Айткен «Н.Назарбаев және Қазақстанның жасампаздығы» еңбегінде тарих тағдырымен қиын кезеңді бастан кешкен елбасы мен еліміз туралы «Көшпелінің киіз үйінде туып, биік шыңға қол жеткізді... Назарбаев тарихы – жоғары драматизм мен тағдырлы істерге толы жарқын жол» - дейді. Президент туралы елде ғана емес, шет елдерде де көп айтылады. Көптеген баспа материалдары пайда болып, кітаптар шығарылуда, дұрыс, өйткені ол ерекше тұлға, қызығушылықты тудырады, әрқашан көпшілік назарында.

Қазақстан дамуындағы табыстар мен таң қаларлық нәтижелер әлемдік деңгейде үнемі бағаланып, талқыға салынады. Бұл, біріншіден, біздің еліміз және Көшбасшысының әлемдік қоғамдастықтағы істердің алдыңғы қатарында тұруына байланысты.


Енді біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жайында сөз етсек.

Осындай атақты тұлға қасиетті қазақ жерінің, қай өңірінің тумасы екен?

1-оқушы:

Атақты тұлғаның туған жерін оның өсіп - өнгенін, әсіресе, қазақтар үшін генеологиялық діңгегін білу кез келген адамның қызығушылығын тудырады. Бұл, біріншіден, біздің Президентімізге қатысты. Бұл туралы көп жазылды, фильмдер көрсетілді. Әсіресе, «Балалық шағымның аспаны» фильмі өте қызықты, жан жүйеңді толғандырады. Болашақ Президент Алматы облысы Шамалған ауданы Үшқоңыр төбесіндегі киіз үйде туған. Ата – анасының ұзақ күткен ұлы, тұңғыш баласы отбасын, қуаныш пен үлкен қызыққа кенелтті. Шаңырақта бала күлкісі мен кішкентай қадамдар естілді.

Президентіміздің ең алғаш табалдырығын аттаған мектебі жайлы айтсақ.

2-оқушы:

Нұрсұлтан үшін алғашқы мектеп қоңырауы Шамалған ауылында соғылды. Бұл мектепте әртүрлі ұлт пен этнос өкілдері оқыды, сабақ берді. Мүмкін осы жерде білімге деген құштарлық пен шыдамдылық, адамдарға деген ерекше ашықтығы қалыптасқан болар.

Елбасының алған негізгі мамандығы және алғаш рет қайда жұмыс істегені туралы айтсақ.

3-оқушы:

Отбасындағы тұңғыш ұл, сондықтан мойнында аса үлкен жауапкершілік. Ата – анасына көмектесіп, уақытша өз арман – мұратын ұмытуға тура келді. Сондықтан «Ленинская смена» газетінде Бүкілодақтық комсомол құрылысы – металлургиялық комбинаттың жастарды шақыруы туралы оқып, Нұрсұлтан металлург мамандығын алу үшін сонда баруды шешті. Ата – анасы бұл шешімге қарсы болмады, оны қолдады. Алда Днепродзержинскіде болат қорытушы мамандығына оқу, кейін Теміртауда жаңадан салынған металлургиялық комбинатта мамандығы бойынша жұмыс істеу күтіп тұрды. Бұл қала мен комбинат кісілері шынымен болашақ ел президентінің өміріне зор әсерін тигізгені анық.

4-оқушы:

Н.Назарбаев «Сындарлы он жыл» кітабында былай деп жазды: «Әлі тәжірибесіз балаңдау шағымда, көмейінде от пен метал ойнақ салған алып шомбал пештің жанында тұрғанда немесе қаңылтыр қақтау станының құлақ жаратын тарсыл – гүрсілін ести жүріп жұмыс істеген кездерде, мен сайын даланың жанға дауа саумал самалын аңсайтынмын, екіндінің шырт тыныштығында ұйықтап тұрған жусан исін құныға сіміргім келетін. Әсіресе мың градуста сарқылдап қайнап жатқан металдың сенен санаулы-ақ метр жерде тұрғанын, мұндайда күрделі металургиялық процесте бола беретін, сенің аңдаусыз қимылың мен күтпеген техникалық кездейсоқтарды елестеткенде, балаң жанның баршасына тән қай-қайдағы үрей мен толқынысты сәттер есімде қалыпты».

5-оқушы:

Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті алғаш алған қазақ ұлтының менталитеті де бірден танылды. өзге ұлт өкілдеріне деген қарым – қатынастары күрт өзгерді. Бұл Қазақстанды жайлаған «орыстандыру» саясатына, қазақ этностың құрып кетуіне байланысты жойылу жолдарына қарсы жауап болды. Осының барі болды. Бұның барлығына төзімділік танытып, өз Президентіне нық сенген Қазақстан халқына тағзым етуіміз керек. Олар Елбасы идеясын қолдап, елдің аяқтан тік тұрып кетуіне ат салысты.

Енді Елбасымыздың ел билеу ісінде мемлекетіміз қандай жетістіктерге жеткені жайлы айтсақ.

6-оқушы:

Тәуелсіз қазақ елінің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетімізге, халқымызға сіңірген еңбегі өте үлкен деп бағалаймын. Өйткені, тәуелсіздік таңы атқан тұстан бастап еліміздің іргесін қалап, сол үлкен сара жолда мемлекетімізді биік белестерге жетеледі. Және де көптеген бастамалары жүзеге асып, қазір қазақ елі әлемде өзіндік орыны бар, кез келген ел санасатындай дәрежеге жетті. Бұның бәрі Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың арқасында деп ойлаймын.

Н.Назарбаев «Сындарлы он жыл» кітабында былай деп жазды: «Әлі тәжірибесіз балаңдау шағымда»

Тұңғыш Президентіміз ел басқарған 20 жылда мемлекетімізде қандай тарихи оқиғалар болды?

7-оқушы:

Президентіміз басқарған 20 жыл ішінде елімізде көптеген тарихи оқиғалар болды. Атап өтсем, президентіміздің бастамасымен тәуелсіздігіміз жарияланды, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді, БҰҰ-ға мүше болып қабылдандық, ұлттық теңгеміз айналымға енді, Конституциямыз қабылданды, Астанамыз Алматыдан Астана қаласына көшірілді, Еуропадағы Ықпалдастық және Қауіпсіздік Ұйымына төрағалық еттік, Азияда ойындарын өткіздік. Және де көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, олар жүзеге асырылды.

8-оқушы:

Мен спорт саласындағы оңды өзгерістерді айтып өтсем. Кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының көрсеткіштері спорттағы жетістіктерінен де көрінеді. Биылғы жылғы Тұманды Албиондар елінде өткен олимпиада ойындарының көрсеткіштері бойынша біздің еліміз әлем елдерінің ішінде 12-орын алуы бұрын соңды болмаған жетістік. Және Қысқы Азияда ойындарын өткізген Азиядағы төртінші мемлекетпіз. Азия ойындарында жалпы есепте азулы Қытай, Жапония елдерін артқа тастап, бірінші орын алдық. Бұның бәрі еліміздің дамуының көрсеткіштері деп бағалаймын.

Енді Президентіміздің болашаққа бастар жолда қандай мақсаттар, міндеттер жүктегені жайлы айтсақ.

9-оқушы:

Болашаққа бастар жолда Президентіміздің жастарға, халыққа артқан сенімі өте үлкен. Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылуы үшін көптеген бағдарламалар қабылданған. Соның бірі «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы. Және Елбасымыздың биылғы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауын атап өтсек болады. Білім саласында, денсаулық сақтау саласында т.б. салаларда көптеген бағдарламалар қабылданған. Болашақта осының барлығының жүзеге асуына, Қазақстанның дамыған елдер қатарынан орын алуына мен сенемін. Бұл жолда Елбасымыз жастарға, яғни бізге көп сенім артады.

Ал балалар, елмізді осындай дәрежеге көтерген, тәуелсіз қазақ елінің дамуы жолында аянбай тер төгіп келе жатқан Елбасымызға қандай үн қосамыз:

Оқушылар хормен: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жасасын!

Қорытындылау:

Ұлт көшбасшысы бұл мүлде басқа, бұл халықтың мәселесі мен ісі жанына жақын және оған таныс. Әр жеке адамның жағдайы да деуге болады. Шынын да, бұл ұлттың ар – ожданы, руханилығы мен зияткерлігі. Бұл жанның ерекше жағдайы дер едім. Менің пікірімше, еліміздің барлық саладағы толағай табыстары Н.Ә.Назарбаевтың зор рөлін түсінуге әкеледі.

Елбасы және Президент деген мәртебенің бір адамға қатысты болуы керемет нәрсе, олар ішкі консенсус негізінде бірігіп шешім қабылдайды. Н.Ә.Назарбаевқа қатысты айтарым, алғашқы мерзімге Президентті сайлай отыра, тек қоғамды нығайтудың нышаны мен кепілі ғана емес, сонымен қатар еліміздің болашағында негізгі фактор екенін танығандық, біз саналы түрде нағыз Ұлт көшбасшысын таңдадық. Уақыт бәрін көрсетті, ұлы істер нәтижесі белгілі болды. Қарапайым адамды қамқорлыққа ала отырып, дамудың осындай биік мақсаттарының бірігуі алға қойылған мақсатқа жетуге, яғни, Қазақстанды гүлденген және жетістікке жеткен елге айналдыруға жеткізетіні сөзсіз.

«Атамекен» әні хормен орындалады.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-227465

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"