Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / Ұлт мақтанышы - Мұстафа Шоқай

Ұлт мақтанышы - Мұстафа Шоқай



  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

 Ұлт мақтанышы - Мұстафа Шоқай Түркістан идеясының рухани көсемі
Мұстафа Шоқай - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономияс...
Мұстафа Шоқайдың шежіресі Ата-бабалары көшпелі, ал Мұстафаның өз әкесі отырыр...
Ұзын Оспан Қарабалық ҚЫПШАҚ Бұлтың Торы Қитаба Түйішке Шашты Көкмұрын Айдарға...
Мұстафа – мектепте Өзін мақтағанды жақсы көретін Ол өзін басқалардан биік са...
Мұстафа Шоқайдың саясатқа араласа бастауы Мұстафа студенттік жылдарында да, с...
Алғашқы саяси сабақтар Осы жерде тұңғыш рет түрік халықтарының саяси өміріне...
Мұстафа Шоқай-саясаткер Түркістан халқының бірлігін аңсайтын. Бұл мақсатқа әк...
Журналдың алты саны шығып үлгерді 1919 жылы Кавказ елінде “Вольный горец“ жән...
Ыстамбұл қаласы 1921 жыл Мария Шоқай Мұстафаның жары
Еуропаға баруы. Мұстафаның әйелі Мария ұлты француз болатын. Мұстафа Парижге...
 Мұстафа Шоқай серіктестерімен Еуропада
Мұстафа Шоқай өмірінің тарихи тізбесі: 1890 – қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі...
1921 – ақпан айында Тбилисиге большивиктердіңкіруіне байланысты қаланы тастап...
Мұстафаны зерттеушілер Уяма Томохико,жапон ғалымы. ХХғасырдың бас шенінде Рес...
А.Я.Шульгин, саяси қайраткер. Түркістан бір күндері жаңарып, өз батырларын ес...
Мұстафа азаттық қозғалысының теориясын жасады Жалпы, Мұстафа – азаттық қозғал...
Берлиндегі Мұстафа Шоқай бейіті. Суретте: Ж.Қалыбай марқұмның аруағына құран...
1 из 20

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  Ұлт мақтанышы - Мұстафа Шоқай Түркістан идеясының рухани көсемі
Описание слайда:

Ұлт мақтанышы - Мұстафа Шоқай Түркістан идеясының рухани көсемі

№ слайда 2 Мұстафа Шоқай - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономияс
Описание слайда:

Мұстафа Шоқай - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі. Мұстафа Шоқай – Түркістан халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігі идеясын ту етіп ұстанған аса көрнекті саяси қайраткер, жалынды публицист, аудармашы, жазушы, журналист. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының ең жарқын өкілдерінің бірі. Мұстафа 1890 жылдың 25желтоқсанында қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе маңындағы Наршоқы қыстауында дүниеге келген. Атасы Торғай датқа Қоқан ханыдығында жоғары шенді әскер болумен бірге, қыпшақтың шашты руының беделді биі болған. Ол өзінің Шоқай, Қалымбет, Әліш және Осман атты төрт ұлының ішінен Мұстафаның әкесі Шоқайға ерекше үмітпен қараған. Себебі Шоқай айыпты сөзі, орнықты мінезі, тыңғылықты іс-әрекеті арқылы ағайын-туыс арасында да ерекше сыйлы болатын. Бала Мұстафа

№ слайда 3 Мұстафа Шоқайдың шежіресі Ата-бабалары көшпелі, ал Мұстафаның өз әкесі отырыр
Описание слайда:

Мұстафа Шоқайдың шежіресі Ата-бабалары көшпелі, ал Мұстафаның өз әкесі отырырықшы болған.Егіншілікпен айналысқан жұрт оны би деп атаған. Анасының әкесі әйгілі қазақ әскербасыларының бірі еді.Мұстафаныі анасы жас кезінде орыстарға қарсы соғысқа қатысып, әкесіне жәрдем еткен. Өзінің есімі – Бақт Шоқай би Торғай датқа

№ слайда 4 Ұзын Оспан Қарабалық ҚЫПШАҚ Бұлтың Торы Қитаба Түйішке Шашты Көкмұрын Айдарға
Описание слайда:

Ұзын Оспан Қарабалық ҚЫПШАҚ Бұлтың Торы Қитаба Түйішке Шашты Көкмұрын Айдарғазы Бошай Шағыр Байсары Шегір Малай Құтым Шыбық Арыс Қолдау Жанай Темір Қуатбай Шоқай Сыздық Торғай Қалымбет Әліш Көлденең Мұстафа Шоқайдың ата тегі Қара қыпшақ ТОРҒАЙ ДАТҚАНЫҢ БАЛАЛАРЫ БОШАЙ ШАШТЫ ТОРЫ ШОҚАЙ БИДІҢ БАЛАЛАРЫ Мұстафа Нұртаза

№ слайда 5 Мұстафа – мектепте Өзін мақтағанды жақсы көретін Ол өзін басқалардан биік са
Описание слайда:

Мұстафа – мектепте Өзін мақтағанды жақсы көретін Ол өзін басқалардан биік санайтын. Музыканы өте жақсы көрген. Музыка-ны өте жақсы көрген. Ақмешіт мектебіне барып жеті жасында сонда оқыған Оқу-жазуды өз анасынан үйренген.

№ слайда 6 Мұстафа Шоқайдың саясатқа араласа бастауы Мұстафа студенттік жылдарында да, с
Описание слайда:

Мұстафа Шоқайдың саясатқа араласа бастауы Мұстафа студенттік жылдарында да, саяси қызметке араласқан. Бірақ ешбір партияға мүше емес еді. Социализімнің титтей қоспасы жоқ демократ болатын. Ол көпшілікті басқару үшін саясат адамның тез шешімге келе алатын, қатал мінезді болу керектігін білетін. Бірақ оның ең үлкен кемшілігі сенгіштігі еді, осы иланғыштығының кесірінен үлкен қиындықтарға да ұшыраған.Мұстафа тар ауқымды ұлтшылдықтың дұшпаны еді. Ол бүкіл Түркістан ұлттарының бірігуі жолындағы күрескер еді. Орыстар да оны осылай танитын. Орыс ұлтшылдары орыс империясының ішінде Түркістан мен өзге орыс емес халықтарды мойындағысы келмейтін. Орыс демократиясының бұл принципі Мұстафаның намысына тиетін. Осы себепті ол 1923 жылы орыс демократиясынан мүлдем теріс айналып, орыс баспасөзінен де қол үзді.

№ слайда 7 Алғашқы саяси сабақтар Осы жерде тұңғыш рет түрік халықтарының саяси өміріне
Описание слайда:

Алғашқы саяси сабақтар Осы жерде тұңғыш рет түрік халықтарының саяси өміріне араласа бастады. Саяси қызметі 1917 жылдан басталды. Түркістан ұлттық комитетіне төраға болып сайланады. 1914 жылғы соғыс басталғанда Мемлекеттік Думаға хатшы болды. Мұстафа Шоқай Қоқанда болып өткен ұлттық құрылтайда Түркістан автономиясы жарияланды. 1918 жылы 11 ақпанда большевиктер автономиялық үкіметті құлатады. Орыстардың саясаты: “Бөлшекті де, билей бер!” 1917 жылдың 17 желтоқсанда автономия құру жайлы жоспар жасалды. Кеңестік басқураға үзілді кесілді қарсы болатын.

№ слайда 8 Мұстафа Шоқай-саясаткер Түркістан халқының бірлігін аңсайтын. Бұл мақсатқа әк
Описание слайда:

Мұстафа Шоқай-саясаткер Түркістан халқының бірлігін аңсайтын. Бұл мақсатқа әкелудің өте қиын екенін білетін. Мемлекетте жаман халық жоқ, жаман адамдар бар деп айтуға жалықпайтын. “Патшалық дәуірдегі империализм коммунистердікінің қасында баланың ойыншығы сияқты” деп жиі айтатын. Саяси істерінде барлық күш-жігерін Түркістанда әлеуметтік реформа жасауға жұмсайтын. “Біз қазір оқымасақ, ешқашан тәуелсіз бола алмаймыз, ол жолды бізге сырттан біреу әкеліп бермейді, біз өзіміз бірте-бірте мемлекет органдарын қолға алып, өзімізді өзіміз басқаруға тиіспіз”, - дейтін.

№ слайда 9 Журналдың алты саны шығып үлгерді 1919 жылы Кавказ елінде “Вольный горец“ жән
Описание слайда:

Журналдың алты саны шығып үлгерді 1919 жылы Кавказ елінде “Вольный горец“ және “Борьба” деген газетінде жұмыс істеді Өйткені большивиктер ұрыспен Кавказды басып алды Түркияға көшіп кетті “На рубеже” деген журнал шығарыла бастады. Журналдың бас редакторы болды Еуропаға қоныс аудару

№ слайда 10 Ыстамбұл қаласы 1921 жыл Мария Шоқай Мұстафаның жары
Описание слайда:

Ыстамбұл қаласы 1921 жыл Мария Шоқай Мұстафаның жары

№ слайда 11 Еуропаға баруы. Мұстафаның әйелі Мария ұлты француз болатын. Мұстафа Парижге
Описание слайда:

Еуропаға баруы. Мұстафаның әйелі Мария ұлты француз болатын. Мұстафа Парижге көшіп барғанда француз тілін үйреніп жүріп журналистермен де достасып алды. 1923 жылы Германияға көшіп барған ол елде алты ай тұрған.Кейіннен қайтадан Парижге көшіп келген. “Дни” және “Последние новости” газеттерінде корректор болып қызмет істеді. 1927 жылы Ыстамбұлда “Жаңа Түркістан” журналын ұйымдастырды өзі осы журналға редакторлық қызмет етті.Бұл журнал 1939 жылғы дуниежүзілік соғыс басталғанға дейін шығып тұрды. 1940 жылы Германия Францияны басып алды. 1941 жылы маусым айында Германия большивиктерге қарсы соғыс ашты. Орыс қоныс аударушылары тұтқындалып,“Кампиенге” жер аударылды. Бір айдан кейін оны түркістандық соғыс тұтқындарына аудармашы болу үшін Германияға жіберді. Ол 1941 жылдың желтоқсанында науқасқа шалдығып, осы айдың жиырма жетісі күні сүзектен қайтыс болады

№ слайда 12  Мұстафа Шоқай серіктестерімен Еуропада
Описание слайда:

Мұстафа Шоқай серіктестерімен Еуропада

№ слайда 13 Мұстафа Шоқай өмірінің тарихи тізбесі: 1890 – қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі
Описание слайда:

Мұстафа Шоқай өмірінің тарихи тізбесі: 1890 – қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданында Шоқай биді отбасында дүниеге келген. 1902 – Ташкенттегі ерлер гимназиясына қабылданады. 1910 - гимназияны үздік бітіріп, Петербор университетінің заң факультетіне оқуға түседі. 1914 – Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен ІV Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракциясы хатшысы қызметіне тағайындалады . 1916 – Түркістандағы автономиясы құрылып, сыртқы істер министрі болып тағайындалады.Шілде айында бірінші жалпы қазақ құрылтайына қатысып, “Алаш” партиясын құру туралы шешімге дауыс береді. 1917 – маусым айында Ташкент қаласында “Бірлік туы” газетін шығарады. 1918 – 2 қаңтарда М.Тынышпаев қызметінен кетіп, бас министр болып Мұстафа Шоқай тағайындалады. Ақпан айының басында большевиктер қару күшімен Түркістан автономиясын құлатады. 1918 – 18 сәуірде Мария Горинамен некелеседі. 1 мамыр күні жаралы жауынгер кейпінде Ташкенттен қазақ өлкесіне шығып кетеді. Қыркүйек айында Орынборға келеді. Онда алашорда , Түркістан және Башқұрт өкіметтері басшыларының жиналысы өтеді.

№ слайда 14 1921 – ақпан айында Тбилисиге большивиктердіңкіруіне байланысты қаланы тастап
Описание слайда:

1921 – ақпан айында Тбилисиге большивиктердіңкіруіне байланысты қаланы тастап, Ысамбұлға кетеді. Осы жылдың орта шенінде Францияға, Париж қаласына қоныс аударады. 1924 – Түркістан Ұлттық Одағы ұйымына мүше болады. 1927 – Украина мен Кавказ халықтарының Еуропадағы өкілдері құрған Прометей одағына кіреді. 1927-1931 – “Йени Түркістан”, “ Прометей” журналдарына мақалалар жазады. 1929-1939 – “Яш Түкістан” журналын шығарып тұрады . 1934 – шілде айында Парижде “Кавказ, Түркістан және Укпаина халықтары Достық Комитеті” деген атпен ұйым құрылып, ұйым басшысының орынбасары болып Мұстафа Шоқай сайланды. 1934 – Лондонға барып сапарында ағылшын парламентінің депутаты У.Д.Алленмен жүздеседі, Халықаралық қатынастарына жөніндегі король институтында, Азия қоғамында француз тілінде баяндама жасайды. 1935 – Парижде кеңес үкіметінің қылмысында ішкерленген “Кеңестер билігіндегі Түркістан” еңбегі жарық көреді. 1941 – тамыз айында мұсылман және түркі тектес тұтқындармен айналысатын комиссия төрағасы болып тағайындалады. 1941 – 25 желтоқсан күні Виктория Ауруханасында жұмбақ жағдайда қайтыс болады.

№ слайда 15 Мұстафаны зерттеушілер Уяма Томохико,жапон ғалымы. ХХғасырдың бас шенінде Рес
Описание слайда:

Мұстафаны зерттеушілер Уяма Томохико,жапон ғалымы. ХХғасырдың бас шенінде Ресейдің өз ішінде және оның төңірегінде көптеген мұсылман ұлы реформаторлары мен революционерлер шоғыры пайда болды. Тіпті осы жұлдыздардың ішінде Мұстафа Шоқай Бірегей орын алды. Хасан Оралтай, “ Азаттық” радиосының бұрынғы жетекшісі. Саналы өмірін қазақ халқының ған емес, бүкіл түркі тектес халықтардың бәріне бірдей қамқоршы болу жолындағы арпалыс күреспен өткізген Мұстафа Шоқайдың еңбектері мен өмір жолы-қазіргі түркі тілдес тәуелсіз республикалар басшылары үшін өнеге, үлгі болатын сара жол.

№ слайда 16 А.Я.Шульгин, саяси қайраткер. Түркістан бір күндері жаңарып, өз батырларын ес
Описание слайда:

А.Я.Шульгин, саяси қайраткер. Түркістан бір күндері жаңарып, өз батырларын еске алатынын, Мұстафаға Перовскіде, не Ташкентте ескерткіш қоятынын білмеймін. Бірақ халық оған өз жүрегінен ескерткіш орнататынына кәміл сенемін. Әнуар Әлімжанов, жазушы. Мұстафа Шоқай-сұңғыла ойшыл сарапшыл ғалым, қайыспас дара күрескер, дәулескер шешен. Ол “Ақиқаттан ардақты ештеңе жоқ” дейтін қарапайым дала заңының ұлы да ұлағатты Мизамынан қия баспаған, “жаным – арымның садағасы” дейтін азамат еді.

№ слайда 17
Описание слайда:

№ слайда 18
Описание слайда:

№ слайда 19 Мұстафа азаттық қозғалысының теориясын жасады Жалпы, Мұстафа – азаттық қозғал
Описание слайда:

Мұстафа азаттық қозғалысының теориясын жасады Жалпы, Мұстафа – азаттық қозғалысының теориясын жасаған, соны талдай білген адам.Халықты азат ету үшін не істеу керектігінің барлығын білген.

№ слайда 20 Берлиндегі Мұстафа Шоқай бейіті. Суретте: Ж.Қалыбай марқұмның аруағына құран
Описание слайда:

Берлиндегі Мұстафа Шоқай бейіті. Суретте: Ж.Қалыбай марқұмның аруағына құран бағыштап, қазақ жерінен алып барған топырағын себу үстінде. 2007 жыл.


Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров198
Номер материала ДВ-430955
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх