Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Статьи / "Ұлт мерейін ұлықтатқан ұстаз" тақырыбындағы эссе

"Ұлт мерейін ұлықтатқан ұстаз" тақырыбындағы эссе

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Аудандық «Маңғыстаунама-2015» сайысы









Ұлт мерейін ұлықтатқан ұстаз



Ольга Ивановна Аравиди








Орындаған: Жармыш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қорғанбаева Арай Қуанышқызы














Шетпе - 2015


Ұлт мерейін ұлықтатқан ұстаз


IMG-20151016-WA0012

Ұштастырып үш тілдің де тұғырын,

Ұстаздыққа арнап алтын ғұмырын.

Қаны бөлек болғанымен жаны бір,

Дей алады «Мен қазақтың қызымын!»


Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Сондай ұстаздардың бірі, менің кейіпкерім аймағымызға танымал, сыйлы да ұлағатты ұстаз - Ольга Ивановна Аравиди.

Ольга Ивановна Аравиди 17 қыркүйекте 1960 жылы Орал облысы, Жәнібек ауданы, Калинин совхозында қарапайым еңбек адамдарының әулетінде дүниеге келді. Өмірдің ащы кезеңінің дәмін татқан ата-әжесін соғыс жылдары Новосибирскіден Қазақстанға эвакуациялайды. Бейбіт күннің қадірін білер қарттардың тәрбиесінде болған Ольга қыз жігерлілік пен ұстамдылық, мойымау мен шыдамдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына жиып өседі.Үй ішінде өз ана тілі грек тілінде сөйлегенмен, көрші-көлем, дос-жаран барлығы қазақ болғандықтан қазақ тілінде еркін сөйлейтін.

Мектеп қабырғасында үздік оқып, 1977 жылы Гурьев Педагогика Институтының тарих-филология факультетіне түседі. Еңбек жолын сол кездің талабы бойынша жолдамамен Шетпенің №2 мектебінен бастайды да, 1984 жылы Қызылтөбе елді мекеніндегі № 2 мектепте жалғастырады. Ол жазғы сауықтыру орталықтарында, мектепте орыс тілі мұғалімдерінің методикалық ұйымында және мектеп директорының орынбасарлық қызметтерін атқарған. Осы жылдарда ол орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу, меніңше, адам жанының бағбаны болу, әрі сол ұлттың мерейін ұлықтата білу деп ойлаймын. Мамандығының қыр-сырын меңгеру, қиындықтарын жеңіп, жетістігіне қуану, шәкірт көңілінің төрінен орын алу – оның педагогикалық және азаматтық ұстанымына айналғандай.

Мұғалім мамандығын иеленгеннен бері қаншама шәкіртке дәріс беріп, алған білімдерін орынды жерде қолдана білуіне жол ашып қана қоймай, ұжымындағы әріптестерінің кәсіби өсуіне ықпал етіп, әдістемелік көмек көрсетіп, қолдап-қорғап, мектептің даму жұмысына өз үлесін қосып келеді. Мектептегі кез келген іс-шара, түрлі сайыс байқауларға дайындық осы кісінің жіті бақылауынан өтеді. Оқушыларды бейімділігіне қарай сайыстарға, олимпиадаларға, ғылыми жобалар байқауларына қатыстыра білуі жоғары кәсіби шеберлігін аңдатады. Үнемі жұмыстары жемісті болып, жоғары нәтижеге таза еңбек пен табандылықтың арқасында қол жеткізіп келеді.

« Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, осы орайда Ольга ханымның тіл жанашыры, педагог, жеке тұлға ретінде қол жеткізген жетістіктерін атап өткім келеді. Жыл сайынғы дәстүрлі аудандық пәндік олимпиадада шәкірттері жүлделі орындарға ие болып, ұстаз көңілін бір серпілтіп, еңбегінің еш кетпей жатқанын дәлелдей түседі. Оқушылары облыстық, республикалық деңгейде түрлі байқауларға, презентацияларға бірнеше дүркін қатысып, жеңімпаз атанып, парасатты ұстазының ризашылығы мен мектептің алғысына бөленіп жүр.

«Кез келген оқушы үшін сынып жетекшісінің орны ерекше, жөні бөлек.

Алтын ұя мектебімді еске алсам, көз алдыма сыныптағы оқушыларының ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленіп, әдеттегідей шын жанашырлық танытып, жанарынан үміт пен сенім қоса сезіліп тұрған, білім мен тәрбиені егіздеген аяулы Ольга апайым елестейді. Сыныбымыздағы 14 ұл мен 14 қыз да жетекшімізді аса құрметтейтінбіз. Өйткені, бала болған соң ұмытшақтығы мен салғырттығынан түсініспеушілік те кездесіп қалатын. Сондай кезеңде танымал тұлғалардан қалған ұлағатты, даналық сөздерді айтатын. Бір даналық сөзді бірнеше қайталап айту арқылы да мұғалімнің ұстанымы айқындалады, үнемі «Адамдық борышың халқыңа еңбек ету», «Баланың жақсысы — қызық, жаманы — күйік», «Өсер бала өнегелі іске құмар, Өнегесіз бала торғай қуар» дейтін, бұл сөздерден әрі оқушы да өз кемшілігін түсінеді, әрі жадында қалады. Балалығымыз ғой, сынып жетекшіміздің ұлты грек болғандығын мақтана айтып, өзімізді көш ілгері сезінетінбіз»- деп еске алады ұстазының жолын қуған шәкірті Ақкүміс.

Қызмет жолын бастаған сонау 1981жылдан бастап ерен еңбегі мен табандылығының арқасында талай марапаттаулар мен жетістіктерге ие болды. Аудандық , облыстық түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып, «Өз ісінің шебері», «Мемлекеттік тіл-менің тілім» байқауларында ерекшелігімен көріне білген. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі», Ақтау қаласының, Маңғыстау облысының білім бөлімдерінің құрмет грамоталары мен Мұнайлы аудандық білім бөлімінің алғыс хаттары , ҚР Кәсіподақ Федерациясының дипломы оның қай кезде де ұлт мерейін асқақтатып, ақырын жүріп, анық басып келе жатқан өнегелі ұстаз екенін айғақтайды.

Ұжымда қандай құрметке ие болса, көрші-көлеміне де сондай сыйлы. Мәртебесі биік, беделге ие Ольга ханым олардың қуанышты сәттерінде адал ақ дастарханының төрінен табылар қонақтарының бірі. Өзі де казақтың ұлттық тағамдарын шебер әрі дәмді әзірлейді. Қазы салып, ет пісіру, бауырсақ дайындау – сүйікті ісі.

Отбасында екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана. Тағылымы мол парасатты ана тәрбиесінен болар үш перзенті де қазақ тілінде еркін сөйлейді.

Бұл отбасы үшін әлемде жеті атасын жетік білетін, қаны менен ары таза, жүрегі пәк, ешкімді жатсынбайтын, баршаның баласын бауырына басқан, алысты жақындатып, аразды татуластырған бір ұлт бар! Ол – Қазақ ұлты! Тағдыр талқысымен жер аударып келген ұлт өкілі осы мамыражай мекенді ыстық ұя етті . Адал еңбегі мен қазақ ұлтына деген сүйіспеншілігінің арқасында қасиетті жерді өз Отанына айналдырды. Қазақ еліне деген ықыласын шәкірт бойына сіңдіре алды. Сондықтан да парасаттылықтың үлгісі бола білді .

Мен қазақ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болғандықтан, ең бастысы өз оқушыларымның көкірек сарайын кәусар әдебиетімізден сусындатып, жасампаз рухтың өлмегендігін паш еткім келеді. Қазір мен өз мамандығымды мақтаныш етемін. Ұстаз алдынан өтпейтін дана жоқ, дара жоқ, бала жоқ. «Мұғалім – ұлт тәрбиешісі» деп айтқандай, ұлт ұланын тәрбиелеуге үлгі болған қаны бөлек болғанымен, жаны қазақ деп жаралған, қазақтың бар асылын бойына жинап, шәкірттеріне сол асылдан үлестірген Ольга ханым бүгінгі ұрпақтарға үлгі боларлық тұлға.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Статьи
Просмотров125
Номер материала ДВ-478974
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх